Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2316

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.







«Ән салайық» айдарында оқушылар Бота Бейсенованың «Жаңбыр» атты әнін 2 рет тыңдайды. Тыңдамас бұрын мұғалім оқушыларға әнді мұқият тыңдау керектігі туралы кеңес береді. Тыңдап болған соң, тыңдалым бойынша тапсырма орындайтындарын түсіндіріп айтады. Оқушылар мұғаліммен бірге ән салады.

Тыңдалым мәтіні:

а) Ән салайық

Әні мен сөзі: Бота Бейсенованікі Келді, міне, көктемім,

Жердің жүзі көктеді. Ақ жаңбырды сыйлады, Ақша бұлттар көктегі.

Қайырмасы

Жау-жау, жаңбыр, жау, жаңбыр! Мөлдіреген тамшыларың.

Жау-жау, жаңбыр, жау, жаңбыр! Табиғаттың сәні.
Жау-жау, жаңбыр, жау, жаңбыр! Мөлдіреген тамшыларың.

Жау-жау, жаңбыр, жау, жаңбыр! Табиғаттың әні.
Жаушы жаңбыр тағы да, Күттік сені сағына.

Кірсін жердің сәні де, Топырақтың нәрі де.

Осы тапсырманы орындау арқылы тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің нұсқауымен анықтау мақсатын жүзеге асырады.

10 мин

Жұптық жұмыс

Әннің сөзі жазылған парақшалар





«Тыңдайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар тыңдалым материалын 2 рет тыңдайды. Радио тілшісімен болған сұхбатты тыңдап болған соң, тыңдалым бойынша сұрақтарға жауап береді. тапсырма топта орындалады. Әр топ сұрақтарға жауап береді. Тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға бағытталған.

  1. Сөйлеп тұрған адамдардың есімдерін анықта.

  2. Жаңбырды кім ұнатады немесе ұнатпайды?

  3. Ұнайтын себебі немесе ұнамайтын себебін біл. Осы тапсырма аясында 4.1.4.1 тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлықбайланысын(кейіпкерлер,оқиға)жәненегізгіойдымұғалімніңқолдауыменанықтауоқумақсатыжүзегеасады,ал4.2.5.1шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді(менің түсінігім бойынша,...оныңпікірінше,...оныңайтуынша,...кейбірадамдардыңойынша,...)салыстыраотырып бағалау оқу мақсаты қосымша жүзеге асады.

Тыңдалым мәтіні:

ә) Мәтіндерді тыңда.

  1. Сөйлеп тұрған адамдардың есімдерін анықта.

  2. Жаңбырды кім ұнатады немесе ұнатпайды?

  3. Ұнайтын себебі немесе ұнамайтын себебін біл. Радио тілшісімен болған сұхбатты оқы.

  • Сәлем, Зейнеп.

  • Қайырлы күн. Есіміңіз кім?

  • Менің атым Майра.

  • Майра, бүгінгі күн райы ұнай ма саған?

  • Иә, мен жаңбырды жақсы көремін. Қазір көшеде жүрмін.

  • Қандай ән сұрайсыз?

  • «Жау-жау, жаңбыр» әнін сұраймын.

***

  • Алло, мені естіп тұрсыз ба?

  • Иә, Зейнеп. Қайырлы күн! Жолда тұрмыз. Бағдаршамда...

  • Жаңбырды ұнатасың ба?

  • Жоқ, жаңбырды ұнатпаймын. Күн бұлыңғыр болады. Айнала дұрыс көрінбейді. Көңіл күйім түседі.

  • Жарайды, сенің көңіліңді көтерейін, «Cарыарқа» әні бір өзіңе арналады.

***

  • Зейнеп әпке, сәлем. Мен Алтынаймын.

  • Сәлем Алтынай. Көшеде жүрсің бе?

  • Иә, мектептен келе жатырмын. Күн жаңбыр.

  • Қолшатырың бар ма?

  • Иә, бар. Менің ағам, Ержан алысқа кетіп еді. Менен сәлем айтыңызшы. Ол үнемі радио тыңдайды. Көңілді ән қойыңызшы.

  • Жақсы.

***

  • Сәлеметсіз бе, мені естисіз бе? 257

  • Айналайын,бұл– Тұрар ағаң, мен жаңбыр жауғаны жақсы дегім

келеді.

Егін шығады, бау-бақша өседі, дала гүлдейді.




Топтық жұмыс

Тыңдалым материалы

Аудиодиск










«Тыңдайық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар сұрақтарға «иә», «жоқ» деп жауап береді.

  1. Майра жаңбырды ұнатады. Ол жаңбырлы күні сыртқа шығады.

  2. Әсия жаңбырды ұнатпайды. Жаңбырлы күнде оның көңіл күйі түседі.

  3. Алтынай көңілсіз. Оның ағасы оқуға кетті. Ол оны қатты сағыныпты.

  4. Тұрар аға жаңбырды ұнатпайды. Одан Зейнеп толық жауап ала алмады.

Тыңдалым мәтіні бойынша иә/жоқ тапсырмасын орындау арқылы оқушылардың сұхбатты қаншалықты көңіл қойып тыңдағандығын, түсінгендігін көруге болады. Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды. 4.1.5.1 тыңдаған оқиға/әңгіме бөліктерініңжалғасынболжауда оқумақсаты орындалады.

5 мин




Иә/жоқ кестесі




Сабақты қорыту мақсатында оқушылар оқулықтағы «Жазайық» айдарында берілген тапсырманы орындайды. Оқушылар тыңдағандары бойынша мәтінді толықтырып жазады. Тапсырма жазбаша, жеке орындалады.

Студияға бірінші болып ... телефон соқты. Оған ... ауа райы ұнамайды.

Өйткені ол ... жақсы көреді. Оның сұрауы бойынша, ... әні қойылды.

«Алмаағашы» әдісі. Жасыл түсті алма: «Мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл күйім көтеріңкі». Қызыл түсті алма: «Мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ».

5 мин

Жеке жұмыс

Оқулық
Рефлексия

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері

байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау криерийі

4.1.4.1 Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп- салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің нұсқауымен анықтау

4.2.5.1 Шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша,... оның пікірінше,... оның айтуынша,... кейбір адамдардың ойынша,...) салыстыра отырып бағалау

Дескрипторы

  • Тыңдалым мәтінінідегі оқиғаның себебін анықтай алады.

  • Кейіпкерлере мінездеме береді.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?








Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?





Сабақтың тақырыбы

Дауылдан қорықтым. (3-тоқсан, 5-тарау). 79-сабақ

Дағды

Оқылым

Оқыту мақсаттары

4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

4.3.4.1 Мұғалімнің нұсқауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (Неліктен? Не үшін?) құрастыру және оған

жауап беру

Лексикалық минимум

Дауыл, қатты қорқу, толқын, жағажай, теңіз, жартас

Алдыңғы білім

Жау-жау, жаңбыр

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

«Ойланайық» айдарының тапсырмалары. Мұғалім оқушыларға интерактивті тақтадан жаңа сабаққа кіріспе ретінде теңіз жағалауларының, демалыс орындарының суреттерін көрсетеді. Мұндай мүмкіндік болмаса оқулықтың алғашқы тапсырмасындағы суреттер қолданылады. Оқушылар не көріп тұрғандарын өз сөздерімен айтады. Оқушылар теңіздің әсемдігін, ауасын, салқындығын, демалыс туралы өз ойларымен бөліседі. Осы тапсырманы түрлендіру, тереңдету мақсатында оқушылар оқулықта берілген сөздерді кестеге бөліп орналастырады (сәйкестендіреді).

Бұйра, теңіз, жағажай, құм, сүңгуір, кеме, таза, қайық, жартас,толқын,сегізаяқ, ағаш, арал

8 мин

Мұғалім-сынып

Жаңа сөзді меңгертуге қажетті суреттер




жағажай

капитан

дельфин

таяз

қайық























Негізгі бөлім

«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада оқушыларға сұрақтар қойылады. Оқушылар сұрақтарға жұпта отырып талқылап, жауап береді.

  1. Саған теңіз ұнай ма?

  2. Сенің аймағыңда теңіз бар ма?

  3. Теңіз жағасында жиі демаласың ба?

  4. Аралда тұрғың келе ме?

Бұл тапсырма ауызша орындалады, тапсырманы орындау арқылы оқушылардың сыни ойлауы қалыптасады.

5 мин

Жұптық жұмыс

Сурет

«Оқиық» айдарындағы тапсырмада оқушылар мәтінді шолып оқиды. Тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға бағытталған. Мәтінді бірінші мұғалім оқиды, содан соң оқушылар оқиды. Оқушылар мәтінді оқып болған соң, мәтіннен не түсінгендерін қысқаша айтып береді. Мұғалім оқушыларға кері байланыс орнатады, мадақтайды, толықтырады.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу мақсатын жүзеге асырады.

7 мин

Топтық жұмыс

Оқулық




«Жауап берейік» айдарында оқушылар мәтін бойынша сұраққа жауап береді. Тапсырманы «Кім жылдам?» әдісі арқылы өткізуге болады. Оқушылар қолдарындағы бағдаршам белгісін көтеру арқылы сұраққа дайын екенін білдіреді.

  1. Ринат қайда демалды?

  2. Демалыс орнының табиғаты қандай?

  3. Теңіздің айналасында не бар?

  4. Жел тұрғанда теңізде не пайда болды?

  5. Ринат соңғы күндері неліктен жағажайға бармады?

  6. Соңғы уақытта жағажай не себепті бос болды?

  7. Ринат неден қатты қорықты?

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар мұғалімнің нұсқауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (Неліктен? Не үшін?) құрастыру және оған жауап беру мақсатын жүзеге асырады.

5 мин

Жұптық жұмыс

Сұрақтар жазылған

парақшалар, бағдаршам белгісі