Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2315

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.







Сабақты қорыту мақсатында оқушылар оқулықтағы «Жазайық» айдарында берілген тапсырманы орындайды. Олар ұсынылған жоспарды және үлгіні басшылыққа ала отырып, өз демалысы туралы жазады. Тапсырма оқушылардың айтылым дағдыларын, сыни ойлауын, қиялын дамытуға бағытталған.

Үлгі:

Мен биыл шілде айында Алакөлде демалдым. Ол жердің табиғаты өте сұлу. Ол жерде бар. Аймақтың ауа райы да жағымды. Таңертең

күн жылы, түсте өте ыстық. Ол жерде ағаш көп. ...

Алмаағаш» әдісі. Жасыл түсті алма: «Мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл күйім көтеріңкі». Қызыл түсті алма:

«Мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ».

15 мин

Жеке жұмыс

Оқулық

Жоспар, бағалау

критерийлері Рефлексия

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері

байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері

байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

  1. Мұғалімнің нұсқауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (Неліктен? Не үшін?) құрастыру және оған жауап беру

Дескрипторы

  • Демалыс орнының табиғаты туралы сөйлесе алады.

  • Демалыс орнын сипаттап жазады.

  • Оқиға кейіперіне баға береді.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?



1

Демалыс мезгілі қай уақытта болды?

2

Демалған жер көрікті болды ма?

3

Аймақтың күн райы қандай?

4

Не ұнады /ұнамады?

5

Не білдің/көрдің?







Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?



Сабақтың тақырыбы

Қауіпті мекен. (3-тоқсан, 5-тарау). 80-сабақ

Дағды

Айтылым

Оқыту мақсаттары

4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

4.3.4.1 Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (Неліктен? Не үшін?) құрастыру және оған

жауап беру

Лексикалық минимум

Қауіпті, жанартау, жылан, көне тайпа, құпия

Алдыңғы білім

Дауылдан қорықтым

Пәнаралық байланыс

Дүнеитану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

«Ойланайық» айдарының тапсырмасында мұғалім оқушыларға жаңа сабаққа кіріспе ретінде аралдың суреттерін көрсетеді. Оқушыларға сұрақ қояды: «Қалай ойлайсыңдар, бұл не? Аралда не бар деп ойлайсыңдар, тізімін жасаңдар», деп тапсырма береді. Оқушылар ойланып, аралда бар нәрселердің тізімін жасайды. Сондай-ақ оқушылар Аралда қандай жабайы жануарлар болуы мүмкін екенін де айтып шығады.

Мұғалім тізімді қарап тексереді, толықтырады.

Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту мақсатында жыланның, жанартаудың, тайпаның, орманды алқаптың суреттері көрсетіледі. Мұғалім оқушылардан суреттерді сөздермен сәйкестендіруін сұрайды. Оқушылар білгендерінше сөздерді суреттермен сәйкестендіреді. Жаңа

сөздермен сөз тіркестерін құрастырады.

7 мин

Мұғалім-сынып

Жаңа сөзді меңгертуге

қажетті суреттер

Негізгі бөлім

«Оқиық» айдарындағы тапсырманы орындау мақсатында оқушылардың назары оқулықтағы аралдар туралы мәтіндерге аударылады. Оқушылар мәтінді оқып болған соң, қауіпті/қауіпсіз аралдарды анықтайды. Тапсырма топта орындалады. Топтар өз беттерінше оқулықтағы мәтіндерді оқиды. Тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға бағытталған және оқушылардың қызығушылығын тудырады.

Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну мақсатын жүзеге асырады.

8 мин

Топтық жұмыс

Сурет




«Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар оқулықта берілген сөйлемдерді оқып, қай мәтінге тиісті екенін

анықтайды.

Қай мәтінге тиісті екенін айт.

  1. Жабайы табиғат сақталған.

  2. Мұнда жанартау бар деп ойлайды.

  3. Ол жер айрықша қорғалады.

  4. 150-ден астам балық түрін көресіз.

Келесі тапсырмада оқушылар сөздік қорын молайту мақсатында берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырады. Әр топқа әртүрлі сөздер

беріледі. Саралау тапсырмасы ретінде білім деңгейі жоғары оқушыларға сөйлемдер құруға тапсырма беруге болады. Мұғалім оқушыларды

тыңдайды, кері байланыс орнатады.

10 мин

Топтық жұмыс

Оқулық




«Сөйлесейік» айдарында оқушылар үлгіні басшылыққа ала отырып Не қауіпті?/Не қауіпсіз? екендігі жайлы сөйлеседі. Оқушылар өз ойларымен бөліседі, ойларын дәлелдейді. Осы тапсырманы орындауда оқушылармен «Пікірлер сызығы» ойынын өткізуге болады. Ортаға қызыл лента қойылады. Оқушылар лентаның екі жағына бөлініп тұрады. Олар екі топқа бөлініп, өз ойларын айтады: Не үшін келіседі? Немесе келіспейді?

10 мин

Жұптық жұмыс

Не қауіпті/ Не қауіпсіз? Қызыл таспа




Сабақты қорыту мақсатында оқушылар бір минут ішінде бүгінгі танысқан ақпарат жайлы айтып береді. Тапсырманы жүзеге асыру үшін

«Бір минут» әдісін пайдалануға болады.

Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Мұғалім сабақ соңында оқушының өзін қалай бағалауын байқау мақсатында кеменің суретін таратып береді.

  • Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, кемеңді жасыл түске боя.

  • Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірсең, кемеңді сары түске боя.

Егер сен сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, кемеңді қызыл түске боя.

5 мин

Жеке жұмыс


«Білім кемесі»

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері

байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

  2. Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған

Дескриптры

  • Демалыс орнын сипаттап жаза білуге үйренеді.

  • Кейіпкерге баға береді.





сұрақтар (Неліктен? Не үшін?) құрастыру және оған

жауап беру




Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?


Сабақтың тақырыбы

Жасанды мұхит. (3-тоқсан, 5-тарау). 81-сабақ

Дағды

Айтылым, оқылым

Оқыту мақсаттары

4.2.6.1 Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту

4.3.2.1 Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

Лексикалық минимум

Тұз, су перісі, мұхит, жасанды, қоңыр

Алдыңғы білім

Қауіпті мекен

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары





Кіріспе

Мұғалім оқушыларға жаңа сабаққа кіріспе ретінде «Сөйлесейік» айдарындағы тапсырмаларды орындатады. Оқушылар сұрақтарды оқып, жұбымен талқылайды. Оқушылар сұрақтарды қалай талқылаймын десе де өз еріктерінде. Мұғалім оқушыларға осы сұрақтарды талқылау үшін уақыт белгілеп, А4 парағын, түрлі түсті маркерлер үлестіріп береді. Оқушылар өз қалаулары бойынша (кесте, сурет, сөз, сөйлем) сұрақтарды талқылайды. Мұғалім оқушылардың сұрақтарды талқылауын тыңдайды, кері байланыс орнатады.

-Мұхит дегеніміз не?

-Мұхиттың теңізден қандай айырмашылығы бар?

-Мұхиттың суы қандай болады? Оны ішуге бола ма?

-Мұхит астынан не көруге болады?

-Жасанды мұхит жасауға бола ма? Қалай?

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну мақсатын жүзеге асырады.

7 мин

Мұғалім-сынып

Жаңа сөзді меңгертуге қажетті суреттер, А4 парағы, түрлі түсті маркерлер

Негізгі бөлім

«Есте сақтайық» айдарындағы тапсырманы орындауда оқушылар есептік сан есімдер ережесімен танысады. Мұғалім оқушыларға мысалдар келтіру арқылы есептік сан есімдерді қолданыстық тұрғыда түсіндіреді.

3 мин

Топтық жұмыс

Ереже

«Жаттығайық» айдарындағы тапсырманы орындауда оқушыларға сөйлемдер беріледі. Оқушылар сөйлемдердегі асты сызылған сөздерге сұрақ қояды.

Сұрақ қою арқылы сан есім туралы білімдері кеңейеді, мұғалім осы тапсырманы орындату арқылы сан есімді қаншалықты түсінгендігін байқайды.

  1. Мұхиттан салмағы алпыс килограмм акуланы ұстады.

  2. Осы аймақта тоқсанекі кит өмір сүреді.

  3. Мына акуланың баласы тек біреу.

  4. Су перісінің қолы екеу болады емес пе?

5 мин

Топтық жұмыс

Оқулық




«Ойнайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар кестеде орналасқан суреттерді сипаттап айтып береді. Тапсырма ауызша орындалады. Тапсырма оқушылардың сан есім туралы білімдерін жетілдіруге бағытталған. Оқушылар тапсырманы жұпта бір-біріне суретті жапсыру арқылы ойнайды. Оқулықтағы үлгіні басшылыққа алады.

Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау мақсатын жүзеге асырады.

10 мин

Жұптық жұмыс

Суреттер