ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.01.2024
Просмотров: 2265
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Сабақтың тақырыбы
Сиқырлы доп. (4-тоқсан, 8-тарау). 125-сабақ
Дағды
Айтылым мен тыңдалым
Оқыту мақсаттары
4.2.4.1 Жоспар\жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау
4.2.5.1 *Шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім
бойынша, ... оның пікірінше, ... оның айтуынша, ... кейбір адамдардың ойынша,...) салыстыра отырып бағалау
4.1.4.1 Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын
(кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау
Лексикалық минимум
Сұйық, атқару жаңа сөздерін үйреніп,
«Не? Не үшін? Қандай?» сұрақтарына жауап бере білуге үйрету. Сын есім.
Алдыңғы білім
Заманауи көлік
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, өнер
Сабақтың барысы
С.кезеңі
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурс- тары
Кіріспе
-
Балалар, бүгінгі сабағымыз кәдімгі доп туралы болмақ. Ал доптың түрлері бола ма? Қандай доп түрлерін білесіңдер? -
Иә, сол доптардың бірі – футбол добы туралы сөз қозғаймыз. Футбол добын білеміз бе? Ол қандай болады? Оны теуіп ойнап көрдіңдер ме? Оның басқа доптардан қандай ерекшеліктері бар? -
Сонымен бүгінгі сабақ «Сиқырлы доп» деп аталады. Ал, балалар, сабақ не үшін сиқырлы доп деп аталып отыр, қалай ойлайсыңдар? Әңгіме доптың қандай сиқыры туралы болмақ деп ойлайсыңдар?
«Болжау» стратегиясы жүзеге асырылады.
2 мин
Мұғалім-сынып
Айтылым
Келесі «Көрсетейік және айтайық» тапсырмасында тақтада ұшқыш мәшине ішінде 5 адам отырғаны, олардың төртеуі төмен қарап тұрғаны сөз бұлттары арқылы беріліп, кейіпкерлер арқылы оқушыларды сөйлесім дағдысына алып келеді. Онда оқушылар көрген суреттері арқылы оқиғаны болжайды және «Балалар қайда бара жатыр? Олар не нәрсеге таңғалуы мүмкін?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы өз
болжамдарын жасайды.
3 мин
Топтық жұмыс
Тақта
Негізгі бөлім
Келесі «Жаңа сөз үйренейік» тапсырмасында манағы оқушылар болжамдарында кездескен жаңа сөздер еске түсіріліп, Бұл не?сұрақтарына жауап алынып, мұғалім тарапынан сөз мағыналары түсіндіріледі. Оған ішінде су (сұйықтық) бар әртүрлі пішінді ыдыс,
сусын түрлері т.б. суреттерін көрсетуге болады. Бұлардың бәрі сұйықтық болып табылады деп анықтамасын қоса түсіндіреді. Өйткені сұйық нәрсе сұйықтық деп аталады.
5 мин
Жеке
Оқулық/ сөздер
жазылған жолақша- лар
-
-
Келесі «Жаттығайық» тапсырмасында сиқырлы доп оқушыларға жаңылтпаштар оқытып және өз беттерінше жаңылтпаш шығара
алуларына мүмкіндік туғызады. Оған кейіпкерлердің бірі Тілеуханның аузынан бұлт сөздерін көрсете отырып, жаңылтпаштарды мысалға келтіреді. Мысалы:
Мен суық су іштім.Сен сұйық су іштің.Екеуміздесуіштік.
Сұйықсудыкөпіштік.
Әрі қарай оқушы фантазиясына қарай жаңа жаңылтпаштар туындап, оқушы дүниетанымы, ой-өрісі кеңи түседі.
5 мин
Мұғалім-сынып
Айтылым Сиқырлы доп
Келесі сиқырлы доп тапсырмасы «Тыңдайық» деп аталады. Онда оқушылар Самғат атты кейіпкердің аузынан шыққан бұлт сөзінен футбол добы туралы және оның ішінде болатын сұйық зат туралы мәтінін оқып, бұл футбол добының ерекшеліктері мен құпия сырларына тоқталады. Оқушылар тыңдау және жүргізіп оқу арқылы бүгінгі тақырып не үшін сиқырлы доп деп аталғанын түсініп, өзге ғаламшардағы болашақ футбол добының сиқырына қанық болады.
Тыңдалым мәтіні:
Тыңда және жүргізіп оқы. Түсінгеніңді айт.
Мынау – доп. Бұл доптың ішінде сұйықтық бар. Балалар доп ойнағанкезде олқаттызатқаайналады.Балалар футболойнапболғансоң,допты ашып, қатты затты ішінен алып шығады.Мынау зат жарыққаайналып,қараңғы бөлмеде шырақ/лампа/ шам қызметін атқара алады.Бұл– энергияүнемдеуүшінөтетиімдінәрсе.
3 мин
Мұғалім-сынып
Тыңда- лым
Сиқырлы доптың «Тыңдайық және жауап берейік» тапсырмасы мәтінді тыңдауға құрылған және берілген кестедегі сөйлемдерді оқыған мәтін мазмұнына сай сәйкестендіріп, «Дұрыс» немесе «бұрыс» жауапты анықтайды. Стикермен белгілейді.
Оқушылар бір-бірін «Шапалақтау» арқылы бағалайды.
5 мин
Жеке ж. Жұпт. ж.
Стикер
Келесі сиқырлы доп тапсырмасы «Сөйлесейік» тапсырмасы болып келеді.
Мұнда :
-Балалардың болашаққа саяхаты қалай өтіп жатыр? Сендер онда
болсаңдар нені көрер едіңдер? – деген сұрақтар алға тартылады және оқушы жауаптары:
... көрер едім/...көретін едім
... барар едім/ ...баратын едім
... сұрар едім/ ...сұрайтын едім деген түрде берілуі талап етіледі.
Мұғалім оқушыларды «Жарайсың!», «Бәрекелді!», «Өте жақсы!»,
«Жақсы!» деген мадақтау сөздермен бағалап отырады.
7 мин
Жұптық жұмыс Сынып
Сергіту сәті: Осы тұста оқушыларды бір шеңберге тұрғызып, мұғалім сиқырлы доптың шұғыл сұрақтарын қою арқылы бүгінгі сабақты
пысықтап бекіте алады.
5 мин
Жеке,топ-
тық, жұп- тық
-
Шешім: Сиқырлы доп бізге қандай жаңа сөздерді үйретті? Еске түсірейік. Мұнда мұғалім оқушылардан «Ұшты- ұшты» ойыны арқылы жаңа сөздерді қайталатады.
Мыс: Ұшты-ұшты – мәшине ұшты, ұшты-ұшты – сұйықтық ұшты, т.б.
2 мин
Жеке ж.
Жұптық жұмыс
Доп
Қор. бөлім
Сабақ «Екіжақты күнделік» стратегиясымен қорытындыланады.
«Екіжақты күнделік» стратегиясы
3 мин
Сынып- мұғалім
Жаңа сабаққа дейін білгенім
Жаңа сабақтан кейін
білгенім
Қосымша ақпарат
Бағалау критерийлері-
Жоспар\жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау -
Шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша, ... оның пікірінше,
... оның айтуынша, ... кейбір адамдардың ойынша,...) салыстыра отырып бағалау-
Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп- салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен
анықтау
Дескриптор-
Мәтіннің мазмұнын жоспарға сүйеніп айтып бере алады. -
Шығарманың кейіпкеріне баға береді. -
Мұғалімнің жетелеуімен оқиғаның себебін анықтайды.
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?
-
1 ... 125 126 127 128 129 130 131 132 ... 139
-
Сабақтың тақырыбы
Ақылды үй. (4-тоқсан, 8-тарау). 126-сабақ
Дағды
Оқылым мен айтылым
Оқыту мақсаттары
4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
4.3.1.1 Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып\ шолып\белгі
қойып оқу
Тілдік міндеттер
Даму,келесі,әсіресежаңа сөздерін үйреніп,
Қалай?сұрағына жауап бере білуге үйрету.
Алдыңғы білім
Сиқырлы доп
Сабақтың барысы
-
С.кезеңі
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурс- тары
Кіріспе
– Балалар, бүгінгі сабақты біздер Тілеухан атты кейіпкерімізбен бірге өткізетін боламыз. Тақтада – Тілеуханның суреті. Бұлт сөздері арқылы бізге: – Самғат мені өз үйіне қонаққа шақырды. Мені алда тағы қандай қызықтар күтіп тұр деп ойлайсыңдар? – деп балаларды болашақты болжау үшін сөзге тартады.
2 мин
Мұғалім-сынып
«Болжау страте- гиясы»
Келесі тапсырмада Тілеухан болашақтағы Самғаттың көп қабатты үйінің суретін көрсетеді. Ол суретте әр кескін, әр зат атауын нөмірленген бағыттаушы белгілермен нұсқап отырады. Және оқушылардың назарын суретке аудартып, «Көп қабатты тұрғын үй туралы не айта аласың?» деген сауал қояды. Бұл 4.2.3.1 мақсатын жүзеге асыруды көздейді. Оқушылар ол көп қабатты үйдің артықшылықтарына ерекше мән беріп байқайды, таңғалады. Осы ретте оқушы ойларын толықтыру мақсатында келесі тапсырмаға ойысады.
3 мин
Топтық жұмыс
Сурет
Негізгі бөлім
Келесі «Оқиық» тапсырмасында «Ақылды үй» мәтінін түсініп оқу мақсат етіледі. Мәтінде ерекшеленген сөздерге мән беріліп, мағынасы ашылады. Және қолданысы ескеріледі. Жаңа сөздерді қайталап оқиды, жаттығады, естеріне сақтайды.
Мұғалім бұл тапсырманы тереңдету туралы ойланатын болса, осы оқылым мәтіні негізінде жаңа сөздерді кейіпкер сөзін үшінші жақта
баяндап айту не жазу жұмыстарын ұйымдастыра алады.
5 мин
Жеке
Оқулық
-
«Оқы және жауап берейік» тапсырмасы бойынша мәтіндегі үй туралы қандай ақпарат саған айрықша ұнады? Мәтіннің ұнаған тұсын оқып бер – деген сұрақтарға оқушыларды тарту арқылы неліктен мәтін ақылды үй аталғанын мұғалім түсіндіріп кетеді. Себебі:
Үлгі: Әр қабаттағы балкон үлкен алаңға ұқсас. Бұған ашық алаңқайғаұшатынкөліктеркеліпқонады.Бұндаәртұсескерілген.Сондықтанақылдыүй деп аталады.
Мұғалім оқушылардан материалды түсінгенін немесе түсінбегенін (мұғалім қандай да болмасын ұғым, ұстаным, үдеріс туралы түсіндіру барысында және т.б.) білдіретін белгіні көрсетуін сұрайды.
Мұғалім оқушылармен бұл белгілерді қолдану туралы алдын ала келісіп алуы тиіс:-
Мен түсінемінжәне түсіндіре аламын (қолдың үлкен саусағы жоғары бағытталған) -
Мен әлі де түсінбей отырмын(қолдың үлкен саусағы
жанға қарай бағытталған)-
Мен сенімді емеспін(қолды бұлғау)
Мұғалім белгілерге қарап, әр топтың оқушыларынан сұрайды. Алынған жауаптардың қорытындысы бойынша мұғалім тақырыпты қайталап оқыту, бекіту немесе бағдарлама бойынша материалды қайта оқытуды жалғастыру туралы шешім қабылдайды.
Мұғалім оқушыларды «Жарайсың!», «Бәрекелді!», «Өте жақсы!»,
«Жақсы!» деген мадақтау сөздерімен бағалап отырады.
5 мин
Мұғалім-сынып
Оқулық
Келесі «Ойланайық» тапсырмасында манағы мәтіндегі сары түспен ерекшеленген сөздермен берілген сөйлемдерді сәйкестендіру көзделеді. Мұнда жаңа сөздердің қолданыстағы орнын оқушылардың анықтай алуы ескерілген.
3 мин
Мұғалім- сынып
Келесі«Сенбілесіңбе?»тапсырмасындаоқушылардыңбүгінгіалғанбілімдерінеосыайдарменқосымшатыңмәліметтербереотырып,оқушылардыңбілімқорынмолайтужүзегеасады.Бұндаақылдыүйқазірдіңөзіндееліміздебарекеніжәнеолартөтеншежағдайлардыңалдыналуғақауқарлыекенін мұғалімбасатүсіндіріп кетеді.
5 мин
Жеке жұмыс Жұптық жұм.
Сынып
«Назар аударайық» айдарында «фантастикалық әңгіме дегеніміз – ойдан шығарылған шығарма» деген анықтама оқушыларға түсіндіріліп беріледі. Сөздіктермен жұмыс жасалады.
7 мин
жұптық Жұпт.ж.
Сынып
Сөздік- термен жұмыс
«Кел, сөйлесейік» айдарында оқушылар жұптаса көршілерімен диалог құрады. Онда арнайы дайындалған бір топ сұрақтар легіне жауап беріп, сұрақ-жауап орын алады.
Оқушылар бір-бірін смайликтер ұсыну арқылы бағалайды.
5 мин
Жеке, топ- тық, жұптық
жұмыс
-