Файл: 2022 ж Алтын кз! атты бастауыш сыныптар арасында тілген мектепішілік ісшараны сценари Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 87

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Біржан Исаилов атындағы ЖОББМ» КММБастауыш сыныптар арасындағы сыныптан тыс іс- шараТақырыбы: « Алтын күз!» Жастар іс- тәжірбиесіндежүрген ұстаздар: Лекерова Э.ТСемейханова М.Ш2022 ж« Алтын күз!» атты бастауыш сыныптар арасында өтілген мектепішілік іс-шараның сценариМақсаты:Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүюге,сақтауға үйрету.Көрнекілігі: Сахнада күз көріністері, түрлі- түсті қағаздар, бояулар, Қатысушылар:  мектепалды даярлық тобы , 1-4 сынып оқушылары.Іс-шара барысы:Жүргізуші: Армысыздар Қымбатты ата-аналар мен оқушылар Қайырлы күн, Ұлағатты ұстаздар, жалынды да жігерлі достар. Берекелі де мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!Күз ханзадасы:Қуандырып біздердіМерекелі күз келдіКел жемісті алтын күзКемелденсін халқымызКүз ханшайымы:Береке, бақ дарығанЖомарт көңіл, жарқын жаз,Сары алтынға малынған,Жетті міне алтын күз!Жүргізуші: Иә, біз сізді байлық, молшылық, дархан алтын күз деп білеміз. Күз ханзадасы мен Күз ханшайымы, оқушыларымызбен бірге болып, сайысымызды ары қарай жалғастырамыз.Күз ханзадасы:Уа, халайық, халайық!Мұнда назар салайық.Мерекесі халықтың,Алтын күзді бастайықКүз ханшайымы: Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін, әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.Әділ қазылар алқасы:

  1. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Нурлан Балхашұлы

  2. Тәлімгер:

  3. Биология пәнінің мұғалімі:
Күз ханзадасы: Қайсысы әнші, кім биші, Талабына қарайық. Кімдер зерек, кім жылдам, Таланттарын табайық! – деп, жиналған қауымды бүгінгі сайысымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейік.Күз ханшайымы:Байқау бағдарламасы:

  1. кезең: Таныстыру

  2. кезең: Сұрақ-бізден,жауап-сізден

  3. кезең: «Сиамдық егіздер» (қағаздан белгілі бір өрнекті қию)

  4. кезең: «Сегіз қырлы, бір сырлы» (өз өнерлерін көрсету)

(Күзгі тағам


Күзгі көрініс (Жапсыру әдісімен)Сән үлгісі«Күздің әдемі бояулары» сурет салу)Күз ханзадасы: Сайысымызды бастамай тұрып сөз кезегін жыл мезгіліне арналған өлең шұмақтарына берейік, ортада мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндері.


Жігер:

Алтын, сары, қызыл, көк, Алуан – алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап
Алихан:

Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды,

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды.
Айару:

Ұшты талдан жапырақ

Сары көбелек секілді

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы жерге секір

Әлішер:

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді,

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз
Мирас:

Жүзім, алма жинаймыз,

Алтын мақта тереміз,

Үлкендерді сыйлаймыз,

Көмектесе береміз.
Мансұр:

Күз сыйы бәрі де,

Табиғат дәулеті.

Туған жер әрі де,

Күзбенен сәулетті



1-кезең «Таныстыру»
Күз ханзадасы:

  • Ақыл – көрік бойларында жетер дейміз, Әлі талай сынақтардан өтер дейміз. Сайысқа келген топтар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер дейміз, — дей келе, топтардың таныстыруына кезек берейік. (Топтар өздерін аныстырады2-кезең: « Сұрақ бізден, жауап сізден»Күз ханшайымы:

  • Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер, Келді кезек тапқырлықты танытар. Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей, Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп 
« Сұрақ бізден, жауап сізден» - деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз.Шарты: Әр топқа 5 - сұрақтан қойылады, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан.Сұрақтарды дұрыс, мұқият тыңдап, жауабын беріңіздер.Сұрақтар:Күз ханзадасы:1 – топ

  1. Жанды,жансыз заттарды тап. Шырша,ит,тас,су,қоңыз,асықтар.

  2. Өсімдіктер қандай топқа бөлінеді? (ағаш,бұта,шөп).

  3. Артық сөзді тап. Емен,мамыргүл,алма ағашы,қарағай. (мамыргүл).

  4. Шыршаны қашан сәндейді?

  5. Қазір қай ай?

Күз ханшайымы:2 – топ

  1. Бір сөзбен ата. Шырша,емен,қайың. (ағаш)

  2. Алтын түстес жыл мезгілі?

  3. Ең еңбексүйгіш жәндік.

  4. Қай жануарда қалта бар?

  5. Өсімдік бөліктерін ата.(тамыр,сабақ,жапырақ,гүл,жеміс,тұқым).
Күз ханзадасы:3- топ

  1. 7 мысықтың неше құйрығы бар?

  2. 1 жылда неше ай бар?

  3. Қазір жылдың қай мезгілі?

  4. Мына нәрселерді басқаша қалай атауға болады? Сәбіз, жуа, қызылша, қызанақ

  5. Өсімдік гүлінің орнында не болады? (жеміс
Күз ханшайымы:4- топ

  1. Жыл мезгілдері нешеу?

  2. Қысы, жазы бір түсте тұратын ағаш?

  3. Оны қыста қолға киеміз

  4. Жылататын көкөніс

  5. Көп киімді көкөніс
Күз ханзадасы:3-кезең «Сиамдық егіздер»(қағаздан белгілі бір өрнекті қию) түрлі- түсті қағаздардан әр турлі ою – өрнектерін қиып,және де оның қандай ою-өрнек екенін айтып түсіндіру.4- кезеңКүз ханшайымы:Еңбек деген байлық бар,Ерінбеген алатын.Жадырап жан сарайын,Демалып бір қалатын – дей келе,«Сегіз қырлы, бір сырлы» (өз өнерлерін көрсету) Әр топ жеребе таңдау арқылы өздеріне берілген тапсырманы жеке-жеке орындайды. Әр топ өзіне берілген тапсырманы қорғайды. Әр топқа тапсырманы орындауға 10 мин уақыт беріледі. ( Әр топ жеребе арқылы тапсырманы таңдайды)Күз ханзадасы: Теңіздей тербетіле көл бетіне,Бишілер билеп кетті тербетіле.Аққудай қалықтаған теңіздегі,Бишілеріміз өнерлерін көрсетуде. Би: 2 сынып оқушыларын қарсы алыңыздар(2 сынып би билейді)Ән: 3 сынып қыздарының орындауындағы әнді қарсы алыңыздар!(Ән аяқталғанан кейін сайысты қортынедылайды)Сайыс аяқталғанан кейін. Әр топ өзіне берілген тапсырманы қорғайды.Күз ханзадасы:Көрсетіп өнер әр салада сайысып,Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.Меркелік ас мәзірін сәндепӘкелді күзгі тағам әзірлеп. «Күзгі тағам»  Топ өз тағамын қорғайды:Күз ханшайымы:Ал, халайық, ықыласпен демелік,Топтардың сән үлгісін көрелік.Сырыменен сымбатына қарап біз,Әділдікпен бағаларын берелік«Сән үлгісі» топ сән үлгісін көрсетеді.Күз ханзадасы: Алтын, сары, қызыл, көк,Алуан – алуан жапырақ.Күзгі бақта күлімдеп,Көз тартады атырап, кезекті күзгі композицияға берейік.
Күз ханшайымы: Сап - сары ғып даланы,Бояпты ғой күз деген.Құстар қанат қағады,Қоштасқандай бізбенен дей отыра кезекті «Күздің әдемі бояуларына» берейік.Күз ханзадасы: Сайыстың барлық кезеңдерін аяқтадық. Әділқазылар әділ шешімін шығарғанша,Шалқытып «Алтын күзде» ән салайық,Өнерпаз, өрендерге тамсанайық,Ән-шашуын біздерге алып келген,Әншімізді ортаға шақырайық.дей келе, 1 сынып оқушыларының «Алтын күз » әнін қабыл алыңыздар.Күз ханшайымы:Келешекте әрі талай сайыстар бар, Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар Өнерлілер көбейсін күннен –күнге Өмір күрес әлі талай жарыстырар - дей отырып, «Алтын күз» мерекесіне арналған сайысымыздың жеңімпаз тобын жариялау үшін ортаға әділ қазылар алқасын шақырамыз.Күз ханзадасы: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.Қош болып тұрыңыздар көріскеншеОсымен мерекеміз аяқталды. Сыныптан тыс іс - шаралар