Файл: азастан Республикасы Оу жне Аарту министрлігі Aмoлaoблыcыны бiлiм бacapмacы жaнындaы Ккшeтay aлacы, Ж. Мycин aтындaы жoapы aзa пeдaгoгикaлы кoллeджi.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 101
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасы Оқу және Ағарту министрлігі
Aқмoлaoблыcының бiлiм бacқapмacы жaнындaғы
«Көкшeтay қaлacы, Ж.Мycин aтындaғы жoғapы қaзaқ пeдaгoгикaлық кoллeджi» МКҚК
Ағылшын кaфeдpacы
(кaфeдpa aтayы)
Курстық жұмыc
«Дарынды оқушылар жіне оларды анықтау жолдары»
Мaмaндық aтayы: 0111000 «Негізгі орта білім беру»
Бiлiктiлiгi: 0111093 «Ағылшын тілі мұғaлiмi»
Пәнi: Педагогика
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі:
Курстық жұмысты қорғаған бағасы __________________
Кафедра меңгерушісі_________________
Хаттама №______ _____ _____________ 20___ж.
Көкшетау, 2022ж
МAЗМҰНЫ
| КIPICПE | 3 |
I. | Дарынды балалармен жұмыс жасаудың тиімді жолдарын жетілдіру арқылы дарындылықты дамыту | 6 |
| 1.1 Мектепте талантты және дарынды балалармен жеке-дара жұмыс жүргізудің маңызы | 6 |
| 1.2 Дарынды балаларды оқыту. Дарынды балалармен жұмыс жасаудың басты бағыттары | 10 |
| 1.3 Дарынды балалармен жұмыс істеудің ерекшелігі | 12 |
II. | Қабілетті және дарынды білім алушылардың жеке дамуы үшін педагогикалық жағдайлар | 15 |
| 2.1 Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану | 19 |
| 2.2 Компьютерлік оқыту технологиясы арқылы-Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру. | 22 |
| ҚOPЫТЫНДЫ | 29 |
| ҚOЛДAНЫЛҒAН ӘДEБИEТТEP ТIЗIМI | 30 |
КІРІСПЕ
Дарынды балалармен жұмыс көптеген мемлкеттерде ХХ ғасырдың ІІ – жартысында басталды. (АҚШ, Жапония т.б.) Бұл саладағы зерттеулерді реттеу үшін дарынды және талантты балалар бойынша халықаралық кеңес пен Европалық ассоциация құрылған. Шығармашылық психологиясы (С.Л.Рубинштейн, А.В.Брушлинский, Я.А.Понамарев) жалпы және арнайы қабілеттер (Н.С.Лейтес, Б.М.Теплов, В.А.Крутецкий) жеке ерекшеліктер мен қабілеттер психологиясы, профилактикасы, генетикалық алғы шарттары мәселелері бойынша түпкілікті зерттеулер орындаған. Ғалымдардың дарындылық жөніндегі қарама – қайшылықтары бар болғанымен, бұл феноменнің негізгі психологиялық құрылымдары (Б.Г.Ананьев, В.Н.Мясищев, П.А.Рудик) арнайы жалпы дарындылықтың спецификалық ерекшеліктерінің (А.Т.Ковалев, В.А.Крутецкий) негізі белгіленді. [1, 13б]
Орта Азия мен Қазақстанда жеке тұлғаның қабілеттері сұрақтары Әл – Фарабидің, Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың, С.Торайғыровтың, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың еңбектерінде қарастырылған.
Қазіргі таңда республикалық дарындылық мәселесі бойынша математиканы оқыту процесі барысында дарынды балалардың интелектуалды мүмкіндіктерін анықтау мен дамыту негіздері бойынша (Г.С.Байтуреев, Ж.О.Умбетова); мектеп жасына дейінгі балаларды шығармашылық ерекшеліктерінің даму психологиясы мен педагогикасы (О.А.Жумадиллаевна); Қазақстан Республикасындағы дарынды балалармен жұмыс жүйесін басқарудың ғылыми педагогикалық негізі (У.Б.Жексенбаева); дарынды балалармен жұмысқа болашақ мұғалімдерді дайындауды ғылыми – практикалық негіздері (Л.М.Нарикбаева) бойынша және тағы басқа ғылыми зерттеулер жүргізілген.[2, 17б]
Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасында (3 – тарау, 18 – бап, 6 тармақ) «Ерекше дарынды білім алушылардың әлеуметті мүмкіндіктерін мейлінше толық дамыту үшін дарынды балаларға арнап мамандандырылыған мектептерде іске асырылатын білім беру бағдарламалары әзірленеді» деп берілсе, ҚРеспубликасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: «шығармашыл, дарынды жастармен жұмыс істеуді түбірінен жақсартуды және оларға барынша қолдау көрсетуді ескере отырып, жоғары оқу орындарының құрылымында гуманитарлық бағыттағы лицейлер, гимназиялар, колледждер құру ісін жалғастыру» делінген. [3, 28б]
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Дарынды балалар үшін мектептерді мемлекеттік қолдау мен дамыту» бұйрығына сәйкес 1996 жылы «жас таланттарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы құрылған». Бұл кезден республикада дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау, оқыту, қолдау көрсету жөнінде бағытталған жұмыс жүзеге асырылады. Қазасқатн Республикасы Үкіметінің қаулысымен (N256, 1998 жылы 24 наурыз) білім беру комитетінің тұсында «дарын» республикалық ғылыми – практикалық зерттеу орталығы ашылды. Оның құрылуымен дарынды балаларды іріктеумен оқыту, олардың әлеуметтік қозғалуы мен республиканың интеллектуалды негізін өсіру жөніндегі білім беру мекмелері мен басқару құрылымдарының интегративті қызметіне шынайы жағдай пайда болды. [4,18-37б]
«Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталық дарынды балалармен жұмысты жетілдірудің бір қатар критерилар мен көрсеткіштері бойынша іс - әрекет нәтижелері бұл категориядағы балалармен және жастармен белгілі жұмыс жүйесінің құрылуын дәлелдейді.
1999 жылдан Қазақстан – дарындылық пен талант жөніндегі Халықаралық Кеңестің мүшесінің болуы, Елбасымыз өзінің 2004 жылғы халыққа арналған жолдауында «Әлкемдік білім беру кеңстігіне толығымен кіргізу, білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз» деп атап көрсеткендей, жас ұрпақ бойындағы қабілет, қасиеттерін дамытып, оқыту, тәрбие үрдісінде тиімді қолдана білсек, білім беру жүйесін қажетті деңгейге көтеруге үлес қосқан болар едік. [5,5-17б]
Зерттеу мақсаты: Психологтың дарынды балалармен жұмыс ерекшеліктерін теориялық дәлелдеу мен дарынды балалармен жұмыс әдістемесінің мазсұны мен әдістерін тәжірибе жүзінде қолдану.
Зерттеу нысаны: Дарынды бала
Зерттеу болжамы: Дарынды балалрмен психологиялық жұмыста толық педагогикалық процесс заңдылықтарының қызмет етуін ескеру басшылыққа алынса, бұл тек оның дамуна ғана емес, сонымен қатар дарынды балаларды реабилитациялау мен әлеуметтендірудің бүкіл жүйесін жетілдіруге барлық жағдай жасалуына ықпал етеді. Себебі бұл категориядағы балалармен жұмыс игерілетіннің мазмұнына сәйкес жүйелі комплексті көзқарас тұрғысынан оның процесуалды және мазмұнды аспектілер бірлігінде жүзеге асырылады.
Зерттеу міндеттері:
-
Психологтың дарынды балалармен жұмыс ерекшеліктерін анықтау, «дарындылық», «дарынды бала», «қабілет», талант», «данышпандылық» ұғымдарын ашу; -
Дарынды балалармен жұмыстың моделін құру мен оны экспериментальды түрде тексеру; -
Дарынды балалармен нәтижелі жұмыстың әлеуметтік жағдайын анықтау; -
Дарынды балалармен психологтың жұмыс жүйесі мен әдістемесін құру және оны экспериментальды тексеру.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізін тәрбие процесінің, тұлға мәнінің әлеуметтік шарттылығы, «тән еместікке» қатынасты қалыптастырудағы сананың, эмоция, сезімдер мен мотивтердің ролі жөнінде философия мен психологияның нақты қағидалары, іс - әрекет, әлеумееттену комплексті көзқарас теорияларын құрайды.
Зерттеудің жетекші идеясы: Әлеуметтік педагогтың дарынды балалармен жұмысы, олардың қоғамда бейімделуі туралы жүйелі комплексті көзқарастың болуы мен толыққанды әлеуметтік орта қызмет етуінің заңдылықтары ескерілген жағдайда ғана мүмкін болатындығында жатыр.
Зерттеудің көздері: Зерттелетін тақырып бойынша зерттеушілердің, философтардың, педагогтартыдың, психологтардың зерттеулері; фундаментальды еңбектері; Қазақстан Республикасындағы дарынды балалар; білім беру мен тәрбие туралы құжаттары әлеуметтік педагогика; тұлға мен оның дарындылығының даму мәселелері жөніндегі жұмыстар; Қазақстан Республикасының дарынды балалармен жұмыс тәжірибесін қорытындылайтын материалдар; диссертанттың тәжірибе – педагоикалық жұмыстары.
Зерттеу әдістері: Ғылыми, философиялық әдебиеттерді зерттеу және талдау, эмприкалық материалдар синтезі, интерьвю, анкеталау, тестлеу, әңгімелесу, әлеуметтік – психологиядлық жұмыс. Эмприкалық деңгейдегі жетекші әдістер: әңгіме, бақылау негізіндегі мінез – құлық анализі, сауалнама, анықтаушы және қалыптастырушы эксперименттер, түрлі педагогикалық жағдаяттарды талдау, іс - әрекет нәтижесін зерттеу, практикалық тапсырмалар, психологиялық жұмыстар, психологиялық тапсырмалар, әлеуметтік – педагогикалық жұмыстар, диагностика, педагогикалық, психологиялық әдістер.
І ТАРАУ. Дарынды балалармен жұмыс жасаудың тиімді жолдарын жетілдіру арқылы дарындылықты дамыту.
1.1 Мектепте талантты және дарынды балалармен жеке-дара жұмыс жүргізудің маңызы.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында мемлекеттік саясат негізінде «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдың дамуы мен жеке адамның дарындылығын дамыту мәселелері енгізілген.
Ертедегі Қытайда дарынды балаларды «Шэнь тон», яғни киелі бала деп атаған. Расында дарынды балаларды киелі бала деп атауға болады. Бірақ осы дарынды балаларды дер кезінде байқап, оларға дұрыс жол сілтеу қажет.
Жалпы педагогика-психология ғылымында «дарындылық» мәселесіне қазіргі таңда көп көңіл бөлінуде. Дарынды бала-ол өзі жаңа болжамдар мен идеяларды, теорияларды, схема, зерттеулер жасай білетін қабілеті бар болуы шарт. Басқа сөзбен айтқанда, дарындылық-ол жоғары потенциялы бар, шығармашыл тұлға; өзінің алдына ғылыми-техникалық мәселелерді қойып және оны өздігінен шеше білетін -адам.
И.С.Лейтес қабілетті балалардың үш категориясын көрсетті. Олар:
1. Ақыл –ой деңгейінің жоғарлығы ерте кезден байқлатын балалар.
2. Мектептің жекеленген пәндеріне және әр түрлі іс-әрекетіне қабілетті балалар.
3. Қабілеттері айқындалмаған потенциалды балалар.
Дарынды баланың дарынды ересектен ерекшелігі -ол әлі толық қалыптаспаған тұлға, оның болашағы анықталмаған. Оның қабілеттерін дамыту қажет. Платон, А.Кастлер, Ф.Гамильтон сияқты ғалымдар дарындылық туа біткен қасиет деген.
Декорт, Гообс, Локк сияқты ғалымдар дарындылық адам баласының даму барысында тәрбиеге байланысты дейді. Сонымен дарынды бала -ол кім?
Психологиялық педагогикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша дарынды баланың бейнесі анықталды.
1. Интеллектуалды және ақыл-ой белсенділігі бар бала сөйлеу белсенділігінің жоғарлығымен, ойының ұшқырлығымен, байқағыштығымен, мәселені шешуде жан-жақты жолды қарастырумен, тәуелсіздігімен, құрбыларының арасында көсем болумен, есте сақтауының беріктігімен т.с.с қасиеттерімен ерекшеленеді.
2. Бейнелеу өнері бар бала -сурет салуға көп уақыт бөлінуінен, көргенін есте сақтауымен, сурет сабағын жақсы көретіндігімен ерекшеленеді.
3. Әнге қабілеті бар балалар -ән сабақтарына аса қызығушылықпен қарайды, ритмикалық бөліктерді оңай қайталайды, таныс әуендерді бірінші дыбыстан таниды.
4. Қозғалыстың белсенділігі бар бала жаттығуларды орындауда тепе-теңдік сақтайтын, қозғалысты жақсы көретін, өзінің жасына дене күші күшті болып келеді. [6, 3-10б]
Дарындылықты анықтауда сан түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Оқушы бойындағы дарындылықты анықтау үшін психологиялық диагностикалар, (әдістемелер тесттер, сауалнамалар, эксперимент зерттеуі) т.б.қажет.
Дарындылық диагностикасы балалардың қабілеттілігін бағалауға негіз бола отырып, оларды саралауға мүмкіндік беретін қызметті атқарады. Сондықтан балалар дарындылығының диагностикасында әдістерді таңдау мен қолдануда педагогикалық жағынан аса мұқият болған жөн. Диагностика үрдісін жүзеге асырушы педагогтар мен психологтарға ғылыми принциптерді жетекшілікке алып, балалар дарындылығын бағалау құралдарын өте мұқият таңдау қажет. Біздің бала қабілеттілігін диагностикалау жұмысымыз оның ішкі қабілеттілігін бағалауға арналған.
Сонымен қатар, дарындылықтың толық күйде ашылуы үшін тек қана педагогтардан, олардың жетекшілерінен құралған емес, өзінің құрбыларынан құралған креативті орта да қажет екендігін ескерген де жөн. Дарынды бала үшін креативті ортаның пайда болуы өзіндей балалардың бірлестігі ретінде өте қажет. Бұл кезеңде баланың дарындылығы қай салада ашылғандығы маңызды емес, бала өзін жақсы сезінетін бірлестік маңызды.
Бұл міндетті шешу барысында дарынды баланың өзге балалармен өзара қарым – қатынасы да біршама мәнді болып келеді. Табиғи теңдік заңдылықтарының бірі ортаның дарынды және талантты балаға тең бағытта әсер етуін, керісінше талантты баланың ортаға тең бағытта әсерін сипаттайды. Нақ осы әр алуан ортаның өзара әсерлесуі барлық шығармашылық әлеуетінің ашылуын қамтамасыз ете отырып, таланттың бір орында қалып қоймай, әрі дамуына көмектесетін шығармашылық ойдың сыни жүйесін дамытады. Дарынды баланың өз - өзін тануы рухани сезінуді және өз-өзін жоғары бағалауды қамтиды (4-кесте). [7, 128б]
Дарынды балаларды анықтау және зерттеу
Дарынды балалар қандай? Олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен бірден көзге түседі. Дарынды балаларды қалай тануға болады? Белгілі зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың 3 котегориясын анықтап берді.