Файл: азастан Республикасы Оу жне Аарту министрлігі Aмoлaoблыcыны бiлiм бacapмacы жaнындaы Ккшeтay aлacы, Ж. Мycин aтындaы жoapы aзa пeдaгoгикaлы кoллeджi.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 105
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
4. Педагогикалық ұжыммен жұмыс: дарынды балалармен жұмыс бойынша педагогтардың кәсіби және тұлғалық жетілуіне ықпал ету, дарынды балалармен жұмыс мәселелері бойынша «Мектеп жасында дарынды балалар: теориясы, мәселелері және оларды ертерек анықтау» тақырыбында оқыту семинары, «Дарындылық бала тұлғасының даму факторы ретінде», «Кіріктірілген оқыту әдістерін қолданудың вариативтілігі» тақырыптарында кеңестер. Кітапхана қорына өз білімін көтеруге қажетті әдебиеттер жинақтау және іріктеу, жаңадан түскен әдебиеттерге жүйелі шолу, Ғаламтор мүмкіндіктерін пайдалану. Мектеп жасында кезеңінде алғашқы бейімділіктері айқындалғаннан бастап бала қабілеттерінің жарқырап гүлденуіне, дарындылыққа дейінгі аралықта дарынды бала тәрбиеленетін балабақшада және отбасында қолайлы жағдай құрылып, бірлескен жұмыстар үйлесімінде мүмкін болады.
Мектеп жасында шығармашыл баланы тәрбиелеу үшін тәрбиешіге инновациялық тәсілдер қажет болады:
- стандарттан тыс , креативті жұмыс істеуге ынтасы;
- ізденіс белсенділігі, ізденімпаздық;
- Мектеп жасында бала психологиясы мен дарынды балалар психологиясынан білімі.
Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бағдарламасы бойынша тәрбиелеу үдерісі заттық-кеңістіктік дамытушы ортада жүзеге асырылады, және тәрбие мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық және оқыту міндеттерінің бірлігі қамтамасыз етіледі.
Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша Бағдарлама мазмұны: «Таным», «Шығармашылық» білім беру салаларына негізделеді, балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың жан-жақты дамуына бағдарланған.
Оқушылардың арасында дарынды балаларды тәрбиелеу-оқыту жұмыстарын ұйымдастыру үшін мынадай жағдайлар жасалады:
• дарынды балалармен жұмыс істейтін арнайы дайындалған жоғары біліктілігі бар тәрбиешілер мен педагогтардың болуы;
• бай заттық-кеңістіктік дамытушы ортаның болуы;
• балаға қамқор және мейірімді қарым-қатынастағы ахуал құру;
• жұмыс жоспарының болуы. Біз өз жұмысымызда мына ұстанымдарды басшылыққа аламыз:
• тәрбиешілердің, педагогтардың және ата-аналардың ынтымақтастық үдерісі жүзеге асырылатын, сабақтастық;
• әр балаға жеке қарым-қатынас жасау; • таңдау мүмкіндігі;
• кешенді қарым-қатынас;
• баланың жеке және ұжымдық әрекеттерінің, арнайы ҰОІӘ көлемі мен жалпы дамыту көлемінің тиімді ара қатынасын сақтау;
• метктептің қосымша білім беру, мәдениет ұйымдарымен өзара байланысы және ынтымақтастығы.
Мектеп оқушыларының ұйымдастырылған секциялардың, студиялардың, үйірмелердің дарындылық белгілері бар балалардың қабілеттерін ашатын және жүзеге асыратын мүмкіндіктері бар.
Соңғы уақытта дарындылықты ерте айқындау және дамыту мәселелерінің өзектілігі мен маңыздылығы арта түсуде.
Оқушы кезеңінде дарындылықты дамытудың маңызды және қолайлы кезеңі болып табылады.
Әдеттегі мектеп жағдайында балалар дарындылығын дамыту барлық педагогикалық ұжымнан осы бағыттағы педагогикалық басқарудың біртұтас жүйесін әзірлеуді және енгізуді талап етеді. Мектептегі педагогикалық ұжымның балалар дарындылығын дамыту бойынша әрекеттері жүйелілік, тұлғаға-бағдарлану, тұлғалық-әрекет тәсілдеріне негізеліп құрылады.
Білім беру ұйымдары көлемінде балалар дарындылығын дамыту бойынша жұмыстар мазмұны мынадай блоктарды қамтиды:
- педагогтармен жұмыс;
- балалармен жұмыс;
- балалардың ата-аналарымен жұмыс;
- психологтармен жұмыс.
Мектеп оқушыларын тәрбиелеу - оқыту үдерісінде тәрбиелеудің заманауи технологиялары мен балалар дарындылығын дамытудың ерекше әдістері қолданылады.
Дарынды балалардың писихологиялық ерекшеліктері Дарынды балаларға тән оза дамудың мынадай ерекшеліктері бар:
- қабылдауының ауқымдылығымен ерекшеленетін балалар;
- есте сақтауы жоғары деңгейдегі балалар; - тілі ерте дамыған, бай сөздік қорға ие балалар;
- зейін қоюы жоғары деңгейдегі балалар;
Дарынды балалардың мінез-құлқында шыншылдық сезімдері жоғары, жақсы әзілқой сезімдерге ие, сонымен қатар тез өзгеретін, шыдамсыз,үнемі назарда болғанды ұнататын қасиеттерін байқатады, оларға қорқыныш, жоғары сезімталдық тән.
Бала тұлғасы мен дарындылығының дамуына ықпал ететін табиғи факторлар мен мақсатқа бағытталған тәрбие және оқытудың ролі мен үлесін қаншама қарастырсақ та, отбасының маңызы, соның ішінде ата-ананың жоғары деңгейде көңіл бөлуі шешуші роль атқарады. Осындай балалардың дарындылығын дамыту ата-аналардың өзініңде жоғары танымдық қызығушылықтарын тудыруға ықпал етеді. Ата-аналардың бала тәрбиесінде әрқашанда тұрмыстық мәселелер аясынан тысқары, олардың қарым-қатынасы – ортақ ойындар, компьютердегі бірлескен жұмыстар, күрделі міндеттер мен мәселелерді талқылаулар түріндегі бірлескен танымдық әрекеттер болуы қажет. Жалпы жасы мен ақылының шапшаң қарқынмен дамуы байқалатын жалпы танымдық қызығушылығы негізінде ата-аналар мен балалар бірігуі тиіс. Дарынды балалар даралап оқытуды қажет ететін балалар тобының ерекше бөлігін құрайды. Педагогикалық үдерістің субъектісі бала болып табылатын ұжымдық оқытуды ұйымдастыру мектепке дейінгі дарынды балаларға арналған оқытудың неғұрлым тиімді түрі болып табылады. Қатал түрде емес, еркін жүйеде ұйымдастырылған әрекеттер әр балаға өз бетімен ізденуге және бағытты дербес таңдауда жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Шығармашылықты, кәсіби құзіреттілікті меңгерген педагогтың тәрбиелеу мен оқытудағы ролі ерекше. Дарындылық дегеніміз – «даралықты қажет етеді» және әр балаға жеке қарым-қатынас жасайтын дербес тәсіл табу екенін есте сақтау маңызды. Қазіргі кезеңде балалар дарындылығы, оларды анықтау мүмкіндіктері және дарынды балаларға арналған ерекше білім беру бағдарламаларын құру мәселелеріне көптеген психологтар мен педагогтар назар аударып отыр. Сондықтан, дарындылықты диагностикалау және дарынды балалармен жұмыс − арнайы жүргізілген зерттеу мәліметтеріне сүйенеді. Екіншіден, баланың неғұрлым қолайлы өмір сүру жағдайын айғақтайтын жақсы үйренген балалардан дарынды балаларды ажырату үнемі мүмкін бола бермейді. Қабілеттері бірдей, бірақ жоғары әлеуметтік – экономикалық мәртебедегі отбасы балаларының белгілі бір әрекеттердегі жетістіктері жағдайы жасалмаған балаларға қарағанда салыстырмалы түрде жоғары болатыны айтпаса да түсінікті. Нақты баланың дарындылығы белгілі бір шамадағы шартты сипаттама.
Баланың ең тамаша қабілеттерінің өзі оның болашақта жететін табыстарының тура және жеткілікті көрсеткіштері бола алмайды. Балалық шақта айқындалған дарындылық белгілерінің біртіндеп дамуы да немесе шапшаң жоғалуы да мүмкін екендігін естен шығармау қажет. Осы мүмкіндікті дарынды балалармен практикалық жұмыс барысында ескерген дұрыс. Дарындылық – өзінің сипатына қарай сан қырлы құбылыс.Тәжірибе үшін – бұл мүмкіндіктер және сонымен қатар нақты бала дарындылығына тән неғұрлым жан-жақты көзқарастардың қажеттілігі болып табылады.
Мектепке келген баланы, Мұқағали Мақатаеетың сөзімен айтар болсақ "Тарыдай боп кіресің.
Таудай болып шығасың" деген идеямен оқытып-тәрбиелеу - оқыту технологиясын білдіреді. Тарыдай балаға "таудай" болу мақсаты, мұғаліміне тарыдай баланы "тау-дай" қылу мақсаты - күтілетін нәтиже болып қойылады.
Бұл жерде "тары" мен "тау" - антоним ретінде де. біртіндеп өсу барысында қол жеткізетін нәтиже ретінде де көрінеді.
Ендігі міндет - оқушыны тән мен жан түрғысынан қатар дамыту. Ол міндетті шешу үшін, мұғалім білім берудің гуманиетік принциптері деп не танылатының айқын түсінуі керек.
Адамгершілік - адам баласының өзін-өзі түсініп, өз-өзін сыйлауынан, өзін өмірден бага жетпес құндылық деп түсінуінен туындайтын қасиет деп ойлаймыз. Өйткені өзінің. өмірінің. өз тәнінің, өз жаныңын, қасиетін түсінін бағалаған адам ғана басқа адамның да дәл өзіндей құнды екенін тусінуі мүмкін.
Мүмкін біздің бұл ойымыз Сократтың Адам, алдымен сен өзіңді-өзің таны" деген қағидасынан туындаған шығар.
Қалай десек те, білім берудің қазіргі кезде жеке бастың қамын ойлауға, жеке басының баюына қажетті білім мазмуның іздеуге, ана тілінен енді ағылшын немесе қытай тілін жоғары қоятын бағыыттарға бет бұрып бара жатқаны гуманиетік идеяның білім беру барысында бел ала алмай отырғаның көрсететін сияқты.
Жаңа оқыту технологияларымыз қазіргі кезде көп түрінің түпкі ұстанатын-концептуалдық негізі, бастауы - адамгершілік философиясы. Оны Г.Селевконың кітабынан да, ресейлік көптеген ғалымдар кітаптарынан да көреміз.
Жаңа оқыту технологияларының ішінде компьютермен оқыту технологиясының орны ерекше болады.
Барлық, дерлік оқыту технологияларының көздеген мақсаты - оқушылардың өз бетімен білім алу. білім іздеу дағдыларының қалыптасуы десек, компьютерлік оқыту технологиясының талайы осы мақсатқа лайықталғаның көру қиын емес.
Осы компьютерлік оқыту технологиясының философиялық негіздемесін гуманиетік деп анықтаймыз.
Осы жерде компьютерді сабақта көп қолдану оқушыны басқа адам түгілі, өзінен, өзінің нақты, рсалды өмірінен де алыстатып, виртуалды өмірге әкетеді деген көзқарастар пайда болуы мүмкін.
Бірақ, кибернетика ғылымының негізін қалаған Винер компьютердің қанша дамыған түрі болса да, адамның миына еш жете алмайтының айтқаның есте сақтау керек.
Адам компьютерді келесі адамға қарсы екі түрлі жағдайда қолданады: бірі - компьютердің "тілін" білнегенде, екіншісі -гуманиетік идеядан мулде түсінігі жоқ, адамгершіліктен ада болғанда. Осы айтылғандар компьютерді оқу-тәрбие процесіне қарқынмен енгізудің қажет екенін көрсетеді.
Компьютерді оқу барысында оқушының қолдануы дегеніміз - оқушының жеке басына көп байланысты болатын ерекше психофизиологиялық процестің өтілуі. [21, 119б]
Компьютердің жүздеген мүмкіншіліктерін қажетті тетіктер арқылы басып үйренген оқушы, бір жағынан, қәазақ тілінен белгілі бір білім мазмұның игеріп жатады десек, екінші жағыман, жасанды интеллектімен "тіл табысып" жататыны анық.
Ал түпкі мәнінде, мұғалімнің итермелеуі немесе жөнсіз жетелеуіне иек артпай, оқушының өө бетімен жұмыс жасау дағдылары жетіледі.
Компьютермен оқыту технологиясының тұжырымдамасын былай деп анықтап аламыз.
Компьютермен оқыту - оқушыны субьект дәрежесіне көтеретін, жеке тұлға ретінде дамытуға игі ықпал ететін, оқушының өз бетімен білім іздеуіне мол мүмкіншіліктер табатым білім беру әрекеті (деятелыносты).
Компьютермен оқыту технологиясындағы мұғалімнің оқыту қызметін, негізінен, мынадай деп қарастыруға болады:
- талдау-болжау қызметі;
- жобалау қызметі;
- коммуникатиетік қызметі;
- дидактикалық қызметі;
- бақылау-түзету қызметі;
- психологиялық демеу болу қызметі; ұйымдастырушылық қызметі.
Компьютермен оқыту техиологиясында оқушының өз бетімен білім іздей алатын болуы - көзделетін негізгі нысан ретінде қойылады. Комльютермен оқыту барысында білім алудың жасанды сипатын барынша табиғи қылуға жағдай жасалынады.
Сол табиғилықтың өзі компьютермен оқытудың гуманиетік сипатын көрсетеді.
Компьютермен оқыту технологиясында үлкен үш кезең анықталады. Ол кезеңдер іштей кіші кезеңдерге бөлінеді. Сол модель сызба түрінде көрсетілді.
Мектептерде компьютерлік технологияны қолданудың негізгі жолдарына баға бере отырып, «Жас балаларға компьютердің қанша қажеті бар»?деген сұрақты айналып өту еш мүмкінемес.
Осы мәселе бойынша пікірлер алуан түрлі.Бірқатар педагогтер кіші сыныптардағы компьютер тек балалардың назарын басқаға аударады деп санайды. Ал екіншілері компьютерді тұрақты пайдалану бара-бара оқушылардың, егер компьютер қастарында болмаса, екі санды қоса алмайтын , қарапайым мәтінді оқи алмайтын жағдайға жеткізеді деп негізі бір қауіп білдіреді.[19]