Файл: азастан Республикасы Оу жне Аарту министрлігі Aмoлaoблыcыны бiлiм бacapмacы жaнындaы Ккшeтay aлacы, Ж. Мycин aтындaы жoapы aзa пeдaгoгикaлы кoллeджi.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 104

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бірініші категория -ой -өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар.

Екінші категория -жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар.

Үшінші категория – дарындылық күш - қажырымен ерекшеленетін оқушылар.

Ой -өрістік қабілетімен ерте жастан көзге түскен оқушыларға сектептегі оқу кезіндегі қарқындылық тән. Кейбіреулерінің ақыл-ойы табанды түрде дамиды да өзқатарластарын басып озады. Олардың ақыл-ойының кемеңгерлігі сонша - оларды байқамау мүмкін емес. Бала дарындылығының байқалмайтын жақтарыда кездеседі. Кейде тіпті баланың есейген шағында сирек кездесетін қабілеттері көрініс тауып жатады. Бала бойындағы белгілі бір қабілеттің жарқын көрінісі ой -өріс деңгейінің жалпы дамуымен, ғылымның, өнердің арнайы бір саласын бейімделуімен сипатталады. Дарынды баланың өзгешелігі неде? Оқушы пікірінің ерекшелігі мен дербестігінде, сұрақты әр қырынан қарастыруында. Бұл қабілеттер оқушының жоғары деңгейін көрсетіп тұр, бірақ бұл қабілеттерді мектепте дамытуға жағдай жасалмаған. Баланың дарындылығын байқағанда не істеу керек? Бала дарындылығының өзіндік қырларын білген педагог оны оқыту үрдісінде тиімді пайдалануына болады. Қазір ғылыми әдебиеттерде әлемде дарынды балалардың диогностикасы туралы түрлі мағлұматтар бар. Бала дарындылығының негізгі белгілерін Ү.Б.Жексенбаева өз еңбектерінде былай көрсеткен:

- арнайы психометриялық тест;

-баланы бақылаудың түрлі тәсілдері (оқу және оқудан тыс әрекеттерінде, зертханалық жағдайларды)

- арнайы бағдарлама аясында сынақ сабақтарын өткізу;

- педагог тарапынан оқушының іс-әрекеті мен мінез -құлқын эксперттік бағалау;

- әр түрлі зияткерлік жарыстар, байқаулар, олимпиадалар т.б. өткізу;

- оқушы шығармасының туындыларын эксперттік бағалау;

- арнай психодиогностикалық тренинг; [8, 154-159б]

Дарындылық - жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Сондықтан оларға тән ортақ көрсеткіштерді белгілеу мүмкін емес. Әйтседе, Ү.Б.Жексенбаева өз еңбекетерінде дарындылықтың бірнеше көрсеткіштерін берген. Олар -психомоторлық, интеллекутуалдық, академиялық, шығармашылық және әлекметтік дарындылық.

Дарындылықты анықтау сауалнамалары балаланың қабілеттеріне жасалған ұзақ уақыт бойғы бақылаулардың нәтижесін растай түсу үшін, сондай-ақ күшті және әлсіз пстхологиялық сапаларын дәлірек анықтау мен қажетті психо-педагогикалық көмекті ұймдастыру үшін қажет. Психоөлшеу сауалнамалары бала бойындағы қөайсыбір дарынның байқалуы мен өзгеру қозғалыстарын зерделеуде септігін тигізеді. Дарындылық табиғатының ғылыми тұжырымдамаларының ішіндегі ең маңыздысы динамикалық тұжырым болып табылады. Ол қабілетті балалар диогностикасы туралы қалыптасқан, яғни дарынды балаларды «бір сәттік» іріктеу сатысынан оларды жетілдіру мен оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескере отырып, ұзақ мерзімді диогностикалау сатысына дейінгі кезең туралы бір жақты пікірді түбегейлі өзгертеді. Дарынды балалар диогностикасын ұйымдастырудың маңызды шарттарының бірі-теориялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейлерден тұратын диогностика моделін шығару болып табылады. Демек, дарынды балаларды анықтау-арнайы бағдарлама мен білікті мамандардың қатысуын қажет ететін өте күрделі мәселе және дарынды балалармен жұмыс істеудегі қажетті кезең болып табылады. Оқушының дамуы мен тәрбиелілік деңгейін диогностикалаудың барлық түрлері сияқты бала дарынын анықтауда бала оқитын сыныптың сынып жетекшісімен және психологпен ата-ана пікірлерін ескеріп, мүмкіндігінше педагогикалық кеңестер жүргізген дұрыс.


Дарынды баланы анықтауға қажет әдістер.

Дарындылықты анықтау әдістемелері баланың қабілеттеріне жасалған ұзақ уақыт бойғы бақылаулардың нәтижесін растай түсу үшін, сондай-ақ күшті және әлсіз психологиялық сапаларын дәлірек анықтаумен қажетті психо-педагогикалық көмекті ұйымдастыру үшін қажет. Дарынды баланың психикасын анықтауда кең ауқымды түрлі әдістер қолданылады:

-арнайы психологиялық сұрақнама, әдістемелер;

-баланың іс-әрекетін мұғалімдер, ата-аналар, психологтар тарапынан экспертті бағалау;

-балалардың шығармашылық жұмысының нақты нәтижелерін мамандар тарапынан сараптау;

-түрлі танымдық әрі пәндік олимпиадалар, конференциялар, спорт жарыстарын, шығармашылық байқаулар, фестивальдар және т.б, ұйымдастыру;

-белгілі дарын түрін талдау міндеттеріне байланысты түрлі әдістерді пайдалана отырып, психодиогностикалық зерттеу жүргізу.

I. Бірінші бөлімде, танымдық процестерге байланысты әдістемелерді қолдандым. Олар:

- Джонс креативтілік сұрақнамасы. Мұнда баланың шығармашылық ойлау деңгейін зерттеу қарастырылған;

- Көру арқылы есте сақтау;

- Есту арқылы есте сақтау;

- «Оперативті ес » әдістемесі;

- Зейінді анықтауға арналған «Қызыл-қара таблицалар » әдістемесі;

- Зейінді анықтауға арналған «Мюнстенберг » әдістемесі;

- Ақпараттықабылдауәдістемесі;

II. Екінші бөлімде, бала қабілетін анықтауға байланысты алты тапсырма орындау және қосымша тест, тренингтер. [9,242б]

1 - тапсырма: «Жаттығулар»

2 - тапсырма: «Жағдайаттар»

3 - тапсырма: «Қанаттысөздер»

4 - тапсырма: «Обьект құрлымын өзгерте алу қабілеттілігі»

5 - тапсырма: «Сөздік пайымдық қабіліттерді» зерттеу;

6 - тапсырма: «Бақылау»

«Вербальды қиял» әдістемесі;

III. Үшінші бөлімде, іріктеліп шыққан баланың ата-анасына, сынып жетекшісіне психологқа арналған әдістемелер қолданылады. Олар:

1.Мұғалімдер мен ата-анаға арналған дарындылық диогностикасының әдістемесі;

2. Мұғалімдерге арналған «Ой-өрістік портрет» әдістемесі;

3. Психолог пен мұғалімге арналған «Оқушы сипаттамасы».


1.2 Талантты және дарынды балаларды оқыту. Дарынды балалармен жұмыс жасаудың басты бағыттары.

Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Қазіргі уақытта білім беру саласында жоғарғы жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын бірқатар өңірлік, ұлттық, халықаралық сайыстар мен бағдарламалар жүргізіледі. Алайда мұндай сайыстар құрылымдар талант пен қабілетті өрістетудің, барлық балалар әлеуетін дамытудың жалғыз тәсілі болып табылмайтыны туралы пікірлер баршылық. Осы бағдарлама аясында талантты және дарынды балаларды оқытуды дамыту үшін анағұрлым инклюзивті тәсіл пайдаланатын болады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі мәселе ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етеді. Тәжірибе жасалынған талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделендіре отырып, бастауыш буын деңгейінде «жалпы мектептік саясат» және орта буын деңгейінде «кеңейтілген» мектеп тәсілін құрған жағдайда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетті.[10,122б]

Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жатыр. Аталған тақырып оқушылардың қажеттілігін түсінуге қарасты ой-пікірлерді, барлық оқушыларды кеңінен оқытуға ықпал ететін оқу бағдарламаларын кеңейту және барлық оқушылардың осындай қажеттілігін қанағаттандыратын оқыту мен оқудың сараланған стратегияларын таңдау жөніндегі идеяларды қамтиды.[11, 145-149б]

Когнитивтік даму - баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті.

Зияткерлік қабілеттер ойлау үдерісінің сипатына және жасына карай олардың өзгеру ықтиалдығы туралы маңызды ақпараты бар когнитивті даму теориясы шеңберінде сипатталады.[12, 10-25б]

Бұл модуль осының алдынғы талантты және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен тығызбайланысты, себебі екі модуль де оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты болып тұр. Алайда бұл модуль балалар дамуының оқудың қол жетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты және де «Оқытумен оқудағы жаңа тәсілдер» модулімен өзара байланысты. Мәселен, түрлі жастағы балаларда байқалатын метасана деңгейі, балалардың жас шамасында бейімделген сындарды диалогты ынталандыру стратегиясы
, әр жастагы балалар мүмкіндігіне сай беріледі. Сондай-ақ, аталған модульдің өзгеге ұқсас модульдермен байланысы да бар, мысалы, әртүрлі жас шамасында өзін-өзі бағалауға жауапкершілікті зерделеуді жүзеге асыратын «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі. Сонымен қатар Қазақстанның жекелеген ауылдық өңірлерінде кездесетін жас шамасы әртүрлі сыныптарда тиімді оқыту және оқу стратегияларын іске асыру жолдарды да қарастыратын болады.

Оқытуды басқару және көшбасшылық

Мұғалімдердің пайдаға асырылмаған зор әлеуетін олардың кәсіби өсуіне бірлескен кәсіби білім құруларына ықпал ететіндей қолдау білдірген жағдайда ғана көрсете алады деген пікірталасқа негізделеді.

Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилік түсінудің нақты тәсілі талап етіледі. Белгілі бір тағайындалған стандартқа сәйкес әрекет етеміз. Оньің орнына кәсібилікке бағытталған ұжымдық және кешенді тәсіл қажет. Осы тәсілдің шеңберіңде қоғамдастықтың бір бөлігі - көшбасшы мұғалім.

Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мумкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Бағдарламаның негізгі идеясы сыни турғыдан бағалау, өзгерту және тәжірбие мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде езгерістердің іске асырылатына непзделеді. "Көшбасшыпық Бағдарламаның өн бойында мұғалім енгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады. Сондықтан мұғалім көшбасшылығын әр деңгей қырынан қарастыру мақсатында Бағдарламада жеке модуль ретінде белгіленген.

Осы модуль, әсіресе 3-деңгейдегі, айтылған көшбасшылық тәсілі «Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жөніндегі жұмыстар» қағидатына негізделген. Осы тұрғыдан қарастырар болсақ, мұғалімдер Бағдарламада қарастырылатын идеялар аспектілері аясында өз тәжірбиелерінің жекелеген тұстарын анықтайды, зерттейді, бағалайды және дамытады. Бұл модуль мұғалімнің сыни тұрғыда ойлана білу қабілетімен және «Сыни тұрғыда ойлауға үйрету» модулімен тығыз байланысты.[13]

1.3 Дарынды балалармен жұмыс істеудің ерекшелігі.

Қазіргі кезде балалармен жұмыс істейтін педагогтарға үлкен жауапкершілік жүктеледі: топтағы психологиялық ахуал, қандай да бір іс-әрекет жасауда балалардың эмоциялық қолайлылығы мен жетістіктері соған байланысты. Ерекше проблема – шығармашыл, дарынды тұлғаның қалыптасуы. Бұндай балалар үшін оқыту ерекше, дербес, оның мүмкіндіктері мен дамуын шектемейтін болуы, әлеуетін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Дарындылығын сақтау үшін, бала кезінен бастап жағдайлар жасалуы тиіс. Бұндай оқушыларды анықтау үшін баланың ерекшелігіне назар аудару қажет, өйткені шынайы дарындылық көбінесе оқудағы, қатарластары және ересектермен қарым-қатынастағы проблемалармен қатар көрініс табады. Дарынды балалармен жұмыс істеу сан қырлы. Отбасында да, мектепте де баланың жарқын қабілеттерін дер кезінде тану, әр оқушының тұлға ретінде қалыптасуына қолайлы жағдайлар жасау, бұл үдерісті оң эмоциялармен сүйемелдеуге тырысу маңызды. Ол үшін білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығының күш-жігерін біріктірген жөн. Дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша мұғалімдерге арналған ұсынымдар: Баланың дербес ерекшелігін зерделеңіз. Білім қорын емес, қабілеттерін дамыту жүйесін жетілдіріңіз. Сабақтарда және сабақтан тыс уақытта оқытуды саралап бөліңіз, кестедегі жүктемені азайтыңыз және жеке қызығушылығын ескере отырып, үйірмелік жұмыстарға сағаттар санын көбірек бөліңіз. Сабақтарда және сабақтан тыс қызметтерде проблемалық-зерттеу әдісін белсенді түрде қолданыңыз, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытыңыз. Өз бетінше белсенді ойлау әрекеті оқушылардың алдында проблема туындаған кезде басталатыны белгілі. Оқыту репродуктивті емес, шығармашылық сипатта болуы тиіс. Шығармашылық машығын, әсерін, қиялын дамытатын біртума тапсырмалар беріңіз. Жасөспірімнің қабілетін дамытуда, оның танымдық белсенділігінің жоғары болуы маңызды, бұл ретте машықтарды кез келген қызмет емес, тек эмоция арқылы қабылданғандары ғана дамыта алады. Сабақтар игілікті ортада өтуі тиіс. Оқушыларға күрделі ақыл-ой жүктемесі қажет. Ойлау дербестігі, мұғалімге, өз-өзіне сұрақтар қою – сабақтардың табысты болуының міндетті құрамдас бөліктері. Оқытудың жаңа әдістемелерін пайдаланыңыз. Бұндай оқушылар принципті түрдегі өзгеше дайындықты талап етеді, өйткені олар қайта тексеруге, «өзі үшін түсінуге», эксперименттеуге деген ғажайып ұмтылысымен ерекшеленеді. Педагогтың дарынды балалармен жұмыс істеудегі басты міндеті – салмақты шығармашылық жұмысқа деген талғамға баулу. Өзіңізде әзіл-оспақты түсіне білу сезімін дамытыңыз. Дегенмен ерекше балалардың өте намысқой және нәзік болатынын ұмытпау қажет. Балалармен жұмыс істеу кезінде игілікті орта құрыңыз. Мейірімді болыңыз. Дарынды оқушылар неғұрлым алғыр болып келеді. Ынталандырыңыз, мақтаңыз, төмен баллдан гөрі бір балл жоғары баға қоюға қорықпаңыз.


Балаларға өздерін еркін ұстауға және сұрақтар қоюына мүмкіндік беріңіз. Егер бір нәрсеге қызықса, яғни ол ойланады, ал ойланса мұғалімнің қандай да бір жетістікке қол жеткізгені. Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін мұғалімге қажетті қасиеттер:  Оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ұға білу, олардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеру. Оқыту үдерісін баланы диагностикалық зерттеудің нәтижелеріне сәйкес құру қабілеті. Өзінің мақсаттары мен міндеттерін жете зерделей білуі, кең білімді және оқытудың әдістері мен стратегияларын қолдану тәжірибесін меңгеруі қажет. Эмоциялық тұрғыдан бір қалыпты, яғни жинақы және өз көңіл күйі мен сезімдерін игере алуы тиіс. Зияткерлік деңгейі жоғары, қызығушылығы мен машықтарының аясы кең болуы, үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы тиіс. Дарынды балалармен жұмысқа және арнайы білімдер алуға дайын болуы тиіс. Табандылық, мақсаттылық, байыптылық таныта білуі қажет.

Оқушыларды аналитикалық қабілеттерін дамытуға ынталандыруы тиіс. Дарынды оқушылардың оқу қызметінде өздерін көрсету ерекшеліктері Оқуда, оны өзін өзі мәжбүрлеу деп қабылдамастан табыстарға жетуге және білім алуға ұмтылады.  Өз бетінше әрекет етуге қабілеті бар. Айналадағы ақиқатты сыни бағалай алады және заттар мен құбылыстардың мәнін ұғына біледі. Өмір мен өлім, дін және әлем болмысы мәселелеріне қатысты философиялық проблемаларға шомады. Оның қатарластарына жеткілікті көрінетін үстіртін түсініктерге қанағаттанбайды. Үнемі өзін-өзі дамытуға ұмтылады және барлығын жақсы жасауға тырысады. Нәтижесінде – биік мақсаттар қояды және оларға қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда ауыр күйзеледі. Кез келген «кедергілерді» баса отырып, назарын толық шоғырландыра және проблемаға бойлай алады. Өз тәжірибесін бекітуге және оны экстремалдық жағдайда жедел пайдалана білуге қабілетті. Сабақ, егер онда іздестіру және зерттеу жағдайлары, импровизациялар мен парадокстар орын алған жағдайда, олар үшін ерекше қызықты. Қазіргі кезде өзін-өзі көрсетуге қажетті, проблемадағы және өмірдегі басты нәрсені ажырата алады. Құбылыстар мен болмыс арасындағы қатынастарды ашуға, логикалық операцияларды пайдалануға, материалды жүйелеуге және сыныптауға өз қатарластарына қарағанда ерекше қабілетті. Моральдық-адамгершілік нормалар мен қарым-қатынастар бұзылған жағдайда, әділетсіздікке қатты күйзеледі. Дарынды балалардың жағымсыз қасиеттеріне мыналар жатады: Менмендік және басқа адамның, әсіресе егер ол адам зияткерлік жағынан әлсіздеу болса, көзқарасын бөлісе алмайды. Егер оқу бағдарламасы іш пысарлық және қызықсыз болса, мектепке деген жиреніші болады.