Файл: азастан Республикасы Оу жне Аарту министрлігі Aмoлaoблыcыны бiлiм бacapмacы жaнындaы Ккшeтay aлacы, Ж. Мycин aтындaы жoapы aзa пeдaгoгикaлы кoллeджi.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 106
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2.1 Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану
Мектеп мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан жүйесі оның құрылымын, ұйымдастырылуын, мектеп практикасымен және білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістерімен өзара байланысын кайта қарауды талап етеді.
Бұл жоғары оқу орныңда мамаңдар даярлаудың сапасын арттыруда мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды және оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану көзделеді.
Технологияны педагогикалық іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тимді пайдалану оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге септігін тигізеді.
Бүгінгі таңда педагогикалық технология мәселесі теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр.
Теориялық тұрғыдан алып қарағанда, педагогикалық технология - педагогиканың категориясы ретінде қарастырылады оның мәні мен құрылымы айқындалады, педагогикалық іс-әрекеттіңәртүрлі саласындағы (дидактика, тәрбие, білім беруді басқару) педагогикалық технологияның ғылыми негіздерін оқып-үйренеді, педагогикалық технологияны жобалаудың әдіснамасы мен теориясы зерттеледі және педагогикалық технология теориясының негіздері ашып көрсетіледі.
Ғылыми-педагогикалық зеріттеулерге жасалынған талдау жаңа педагогикалық технологиялардың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді.
Енді солардың ішінен жоғары оқу орындарының оқу үрдісінде қолдануға ұсынылатын бірқатарына тоқталайық.
Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық саласында, оның ішінде мектепте оқыту мазмұны мен оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасының "Білім түралы" заңында (1999) білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі - жеке адамды қалыптастыруға бағытталған рөлі және педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, олардың жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі қарастырылған.
Дәстүрлі оқыту технологиясының білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрініс табуда.
Осыған орай оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің қазіргі технологияларын жетілдіріп, мектепте сабақ беруде қолдану арқылы білім сапасын жақсартуға болатындығына басым бағыт берілуде.
Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес.
Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.
Бастауыш сатыда "Математика" пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретіндеп деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады.
Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады.
Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.
Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс-әрекеттік - компетенттік тәсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі білім алуға тәрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді.
Әртүрлі әдістерді қолдану және оқушылар бірін-бірі тексеру арқылы есептің дұрыстығына көз жеткізулеріне болады, дамыта оқыту технологиясы (Л.С.Выготеский, Л.В.Занков, Д.Б.Элькокин, В.В.Давыдов) дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапалармен сәйкестікте жан-жақты дамытуға бағытталған, оқытудың модульдік технологиясы (В.ММонахов) оқу үрдісін мақсатты жобалап, құруға болады. [8.10]
Оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету, проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов) теория және практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема, тірек-конспект түрінде берілген теориялық, материалдарды сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре басқарып - оза оқыту (С.Н.Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын-ала оқыту, деңгейлеп саралап оқыту текнологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру және т.б.
Республикадағы ауыл мектептерінің оқу-тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқыту технологиясы (Ж.Д.Қараев) жүйелік негізде оқыту технологиясы (Г.Г.Ғалиев), шоғырландырып-қарқынды оқыту технологиясы (Қ.А.Әбдіғәлиев., Н.Н.Нурахметов), блоктық-модульдық технологиясы (М.Н.Жанпеисова) қолдау табуда. Ғалымдардың пікірінше шағын комплектілі мектептер жағдайында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда жүйелік негізде оқыту мен шоғырландырып оқыту технологияларының оқыту сапасын арттыруда дидактикалық мүмкіндіктері мол.
Қазіргі ғаламдану және техниканың қарқынды даму кезінде оқу-тәрбие үрдісінде өзекті ізгілендіру өзекті мәселелердің бірі болып табылуда.
Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру - жеке тұлғаның еркін дамуы үшін оның бойында жалпы азаматтық құндылықтардың қалыптасуын қамтамасыз ететін дидактикалық ұстаным ретінде басшылыққа алынуы тиіс.
Мектептің бастауыш сатысында оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың өзара іс-әрекетпен мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасын дұрыс ұйымдастыру арқылы оқушының ойлау белсенділігін арттыруға, сабақта интеративтік әдісті тиімдіпайдалануға болады.
Мұнда негізгі және жетекші үрдіс - іс-әрекеттегі оқытуды ұйымдастыру. Бұл технологияның ерекшелігі-оқушылардың өздері ақпараттар жинап, өздері жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп, жауабын тауып, өзінің көзқарасын логикалык, түрде дәлелдейді.
Ол өз пікірін бір-біріне топта, сынып алдыңда айта алады. Мұнда жеке тұлғаның рухын тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысын қалыптастыруға басты назар аударылуы тиіс.
Білім мазмұнын меңгеруде оқушылардың жаңа процессуальдық біліктілігіне, ақпаратты алдын-ала болжау қабілеттерін және қойылған міндетті шығармашылықпен дамытуға көңіл бөлінеді.
Математика сабағында оқушылардың оқу біліктілігімен қатар ойлауы, іс-әрекеті, өзара қарым-қатынасы және өзінің сана-сезімі дамып, қарапайым ойлау операциялары (анализ, синтез, салыстыру, сұрыптау) және шығармашылық іс-әрекеті қалыптасады.
Қазіргі нарықтық экономиканың сұраныстарын қанағаттандыруға және экономиканың, өндіріс салаларының дамуына сай жастарды компонентті тұлға ретінде қалыптастыру үшін мұғалімдер оқытудың қазіргі технологияларын пайдаланып, оны одан әрі заман талабына сай жетілдіруі қажет.
Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені тәуелсіз Қазақстанның дамыған бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарында терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесі қойылып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Жалпы технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақтылығы және білімі қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Білім және Ғылым қызметкерлерінің III сьезінде: "Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнімен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін жаңа фармацияның педагогі қажет" деген болатын.
Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан тұлғаны жан-жақты дамыту.
Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы. орындаушы болып келсе, ал қазіргі өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз.[20, 210б]
2.2 Компьютерлік оқыту технологиясы арқылы Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы дамыған 50 елдің қатарына қосылуы түралы алға қойып отырған игі мақсаты - еліміздің әрбір азаматының, әрбір сала маманыңың киелі міндеті де болып саналады.
Ал білім беру саласына қатысты айтатын болсақ, бұл мәселе тіптен өзекті бола түспек өйткені, жоғары тиімділікпен білім беру арқылы ғана болашақ азаматтарымыздыңдиежүзілік жоғары даму көрсеткіштеріне ие болып отырған елдердің деңгейіне өсуге деген ынтасы мен ықыласын қалыптастыра, жетілдіре аламыз.
Қазіргі кезде өмірдің барлық дерлік деңгейі мен саласында болып жатқан динамикалықөзгерістердің тубі адамның жағдайын әлеуметтік-экономикалық жағынан жақсартуға бағытталған.
Мектепте білім беру жүйесінде жасалып жатқан өзгерістер мен күтіліп отырған 12 жылдық білім беру мәселесі де - қазақстандық жас ұрпақтың болашақ, ел тұтқасын қастерлеп ұстап азамат дәрежесіне жетуіне көмектесетін жақсылық нышаны деп танылып отыр.
Қазақстан Республикасының білім беру саясатының барлық азаматтардың білім алудағы теңдігі, дарынды тұлғаларға деген үкімет тарапынан қамқорлық болуы, білім берудің гуманиетік және дамытушылық сипатта келуі, білім беруді ақпараттандыру сияқты оң бағыттары кеңестік дәуірден қалған догмалық-жаттанды білім беруді біртіндеп ығыстырып бара жатыр. [20, 215-218б]
Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінің негізгі міндеті - оқушыны ұлттық және жалпы адамзаттық адамгершілік құндылықтарды игерген жеке тұлға дәрежесіне көтеру, ғылым мен техниқаның жетістіктерінен абетракциялық білім алып қоймай, өзінің өмірінде қолдана білуге дағдыландыру.
Мұндай үлкен міндеттерді шешу үшін, дәстүрлі оқыту жүйесінен біртіндеп қарқынды даму шеңберіне жеткізе алатын жаңа оқыту технологияларын қолдану керек және жаңа тұрғыдан оқыту барысында білім мазмуны ғана негізгі мақсат болмай, адамгершілікпен гуманиетік бағыт басты нысан ретінде ұсталынуы керек.
Жаңа оқыту технологияларын, көп жағдайда, дәстүрлі оқыту жүйесіне қарама-қарсы қойып сипаттау әдісі орын алып жур. Бұл дурыс па? Өйткені, "дәстүрлі оқыту" дегеннің өзі - ғылыми термин болып ғылыми ойлау айналымына енді ме? Ал "жаңа оқыту технологиясы" дегенде "ескі оқыту технологиясы" дегеннің орныңа келген жаңа нәрсе тусінілетін сияқты.
"Жаңа оқыту технологиясы" түралы ізденістерде Коменскийдің, Песталоццидің, Алтынсариннің оқыту жүйелері сол педагогикалық технологиялардың бастауы сияқты алынып жүргенін көру қиын емес. Ал "дәстүрлі оқыту жүйесі сынып-сабақтық жүйе" -Коменскийден келе жатқан мұра жолы емес пе?
Сонда "дәстүрлі оқыту" деп жүргеніміз - Кеңес оқыту жүйесі екенін анық та ашық айтып, әр мемлекеттің өз қоғамында өмір сүріп отырған мектебіне өзінің сұранысына қажетті қоғам мүшесін даярлауды тапсыратыны түралы неге айтылмайды?
Социалистік қоғам азаматын тәрбиелеуде жаттанды білімнің қажет болуының өзіндік бір реті бар ғой.
Оны болашақ тарихи тұрғыдан танырмыз. Бірақ "жаңа оқыту технологияләры" деген ғылыми ұғымды тек дәстүрлімен салыстыру арқылы тану біржақты түсінікке әкетіп бара жатқаның көру қиын емес, Жаңа оқыту технологияларын бұрынғы оқыту әдістемелерінің орныңа келген жаңа түсінік деп те қабылдамау керек.[20, 221-227б]
Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру жолдары:
1. Дарынды балаларды анықтау: баланың табыстары мен жетістіктеріне талдау. Балалардың әлеуеттік мүмкіндіктерін диагностикалау. Бақылау, сараптамалық бағалау әдістерін қолдану. Психологиялық тестілер (ата-аналар мен педагогтарға арналған А. И. Савенковтың «Дарындылық картасы» әдістері; В. Шебеко, А. Булахтың ата-аналарға арналған сауалнамалары; Торренс және басқалардың креативтілік тестілері) қолдану.
2. Мектеп жасындағы дарынды балаларды психологиялық- педагогикалық қолдау:
- баланы дербес дамыту жоспарын құру;
- дарынды балалардың жан-жақты, эмоциялық және әлеуметтік дамуына көмектесетін қолайлы заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру;
- мектепке дейінгі жастағы дарынды балалардың шығармашылық бағыттарын: дербес шығармашылық тапсырмаларды іске асыруына көмек беру;
- зияткерлік ойындарға, конкурстарға қатысу;
- дарынды балаларды ынталандыру: әртүрлі конкурстарға қатысқаны үшін дипломдармен, грамоталармен марапаттау.
3. Дарынды балалардың ата-аналарымен жұмыс: дарынды баламен, ата- анамен және тәрбиешімен бірлескен практикалық әрекеттер. Әңгімелер, тренингтер, мектепке дейінгі ұйымдардың мамандарымен жеке кеңестер. Талантты балалардың ата-аналарына қолдау жасау және ынталандыру (ата- аналар жиналыстарында грамоталар мен алғыс хаттар тапсыру). Ата-аналарға дарындылық тақырыбында психологиялық дайындық жасау.