Файл: Httpsoky m rublogorta gasyrdagy qazaqstan tarikhy zhajly derekter2016122564.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 252
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
С. П. Толстовтың ғылыми кызметі де нак сол 40—50-жылдарға жатады, Қазақстанның тарих ғылымының дамуына ол да елеуі үлес косты. Хорезмнің археологиясы мен этнографиясын түрлі бағыттарда тереңдете зерттеуге байланысты оның еңбектерінде ежелгі дәуір мен орта ғасырлардағы Батыс және Онтүстік Қазақстан халкының қоғамдық құрылысы мен мәдени-тұрмыстық укладына терен талдау жасалған. С. П. Толстовтың этнографияяың түрлі қырлары бойьігіша, атап айтканда, әдістемелік проблемалар бойынша зерттеулері этнографияның дамуындағы маңызды кезең болып табылды.
С. П. Толстов Сырдария оғыздары туралы үлкен тарихи-археологиялық материалды ғылыми айналымға енгізудің абыройына бөленді. Бұл орайда ол Сырдария атырауындағы оғыз коныстарының сипатын анықтауға, X ғасыр мен XIғасырдын басындағы оғыздардың шығу тегіне өзінің кезкарасын белгілеуге әрекет жасады. Онын енбектері Қазақстан мен Орта Азия халықтары мәдениетінің ертедегі және ерекше бастауларын анықтауға мүмкіндік берді.
В. Ф. Минорскийдің іргелі еңбектері зор манызға ие болды. Оның парсының географиялық анонимі «Худуд әл-аламды» зерттеу еңбегі тарихи-деректеметану турғысынан сәтті орындалған. Туріктің ягма, карлұк, жікіл, тухси, оғыз, печенег, кыпшак тайпаларының мекендері салаларына каты-сты аукымды түсіндірмелердің дербес манызы бар. Араб тілді автор әл-Марвазидің (XII ғ.) еңбегі В. Ф. Минорский түріктер, Қытай және Үндістан туралы тарауды ағылшын тіліне аудармасын косып, егжей-тегжейлі түсінікте-мелер беріп жарияланғаннан кейін ғана ғылымда колданыла бастады. Бұл шығарма түрік тайпалары туралы бірегей этнографиялық мәліметтерінін аркасында тарихи жағынан өте құнды болып табылады. Түрік тайпаларының Батыс бағытында орасан зор көшіп-конуының тізбегін туғызып, тайпалардың Ішкі Азиядан коныс аударуы туралы мәліметтер ерекше маңызды. Оның Тамим ибн Бахрдың (IX ғ.) Ішкі Азияға саяхаты туралы мақаласының әдістемелік жағынан маңызы зор.
Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихының деректік базасының жалпы жағдайы Қазақстандағы тарихи-шығыстанушылық зерттеулердің бастапкы кезеңі А. П. Чулошниковтың, С. Ж. Асфендияровтың есімдерімен байланысты. А. П.Чулошниковтың ғылыми ізденістері жаңа деректемелер тартуға, казақтардың және оларды кұрайтын этникалық компоненттердің тарихын баска да түрік халықтарының тағдырларымен байланыстыруға әрекет жасауға бағытталды. С. Ж. Асфендияров тарихтың және мәдениет тарихының көптегей түбегейлі проблемаларын — қазақтардың этногенезін, қазақ эпосын зерттеді, Қазақстан аумағында феодалдық кұрылыс қалыптасуының күрделі және сонымен бірге әлі де аз зерттелген үрдісін ой елегінен өткізіп, корытуға елеулі әрекет жасады". Ру тарихын тану бұрынғысынша көкейтесті проблема болып қала берді. М. Тынышбаев қазақтардың негізгі тайпалары мен руларының генеалогиясын кысқаша баяндап, тарихи түсініктемелер жасады".
Б. Я. Владимирцовтың кітабы тарих білімінің дамуындағы маңызды қадам болды. Онда монғолдардың ХІ-ХҮІІІ ғасырлар бойындағы қоғамдық катынастарының сипатына ауқымды нақтылы материалдар негізінде талдау жасалады. Б. Я. Владимирцовтың монографиясы монғолтанудың үдемелі қарқынмен ілгерілеуінде ғана емес, сонымен қатар түрік халықтарының тарихнамасында да зор рөл аткарды. Осыған байланысты белгілі салжүқтанушы В. А. Гордлевскийдің мына ескертпесін көрсете кеткен жөн: «Түрік халықтарының тарихын дұрыс түсіну үшін монғолдарды зерттеу кажет; ол. түріктердің рулық кұрылысы мен олардың әлеуметтік-экономикалық жағынан ұйымдасуын да түсіндіруге тиіс». Сондықтан Б. Я. Владимирцовтың кешпелі мал шаруашылығына негізделген монғолдар қоғамына арналған еңбегінің көшпелі және жартылай көшпелі түрік халықтарының тарихын зерттеумен шүғылданушы көптеген зерттеушілерге ыкпал жасауы кездей-соқ емес. 30-жылдары Шығыс қоғамдарының әлеуметтік-экономикалық жаратылысы мен азиаттық өндіріс әдісі туралы өрістетілген пікірсайыстар тарихи танымның әрістеуі үшін көп нәрсе берді.
Бұл жылдарда да жазбаша ескерткіштердің материалдарын анықтау және нарративтік деректемелердің жинақтарын басып шығару женіндегі манызды жаңа кезең байкдлады. Мәселен, Қазақстан тарихы бойынша «Қазақстанның өткені деректемелер мен материалдарда» деген жинақ жарыққа шықты (Алматы, 1935—1936, т. 1—2), онда түрі мен мазмұны жөнінен әртүрлі ертедегі және ортағасырлық: көне грек, латын, византия, кытай, араб-парсы жазбаша ескерткіштерінін кешені болды. «Түрікмендер мен Түрікменстан тарихы жөніндегі материалдар» деген жинақтың шығарылуы елеулі деректемелік базаға айналды, оның негізгі мазмұны араб, парсы және түрік тілдерінде жазылған, VIIғасырдан XIX ғасырға дейінгі кезенді камтитын шығармалардан алынған үзінділердің аудармаларынан кұралды"! Жинақ ортағасырлық Казақстан тарихын зерттеушілерге орта және төменгі Сырдария бойында, Арал еңірінде мекендеген оғыздар туралы көлемді де жан-жақты деректер береді.
Сонымен бірге, 30-жылдары «Авестаны» зерттеу жұмысы жандана түсті (Э. Бенвенист, X. Нюберг, Э. Херцфельд). Осы бір ежелгі ескерткішті одан әрі талдау барысында С. П. Толстов, В. И. Абаев, Г. Виденгрен, И. М. Дья-конов, В. А. Лившиц деректеметанушылық талдау мен текстерді түсіндіруге елеулі үлес қосты. «Авеста» әр түрлі уаісытта жасалған, бәлкім, түрлі аймақтарда жасалған да болар, сондықтан оны нақты тарихи зерттеулерге пайдаланғанда белгілі бір дәрежеде сақтық жасалады.
40 және 50-жылдарда Қазақстан жерінде мемлекеттіліктің пайда болу және даму тарихының проблемалары зерттелді. Қазақстан жерінде мемлекеттіліктің біршама кейініректе пайда болғаны туралы бұрын жалпы жұрт қабылдаған көзқарас қайта қаралды. Тарихшылардың зерттеулері Жетісу мен Қазақстаннын оңтүстігінін сонау ертедегі тұрғындары - усундер мен кангюйлердің біздің заманымыздың шебіндегі саяси кұрылысының сипаты және мемлекеттік элементтердің пайда болуы туралы мәселе қоюға мүмкіндік берді.
Қазақ КСР-інің ежелгі заманнан 2-ші дүниежүзілік соғыска дейінгі тарихы жөніндегі 1949 жылы шыккан бірегей ұжымдық еңбек Қазақстан тарихы жөніндегі оның алдындағы барлық еңбектерден принципті түрде ерекше болды. Сонымен бірге мұндай еңбектің жасалуы түйінді тарихи проблемалар бойынша монографиялар шыққанға дейін жүзеге асырылды.
Соғыстан кейінгі жылдардың өзінде-ақ шығыстанушылардың Мәскеу мен Ленинградтың ғылыми мектептерінде калыптаскан ұлттык қазақ кадрлары бірқатар ғылыми зерттеулерді жүзеге асырды. Ә. X. Марғұлан солардың катарына жататын. Ә. X. Марғұланның еңбектеріне тақырыптардың алуан түрлі және зерттелетін ескерткіштердің хронологиялық аукымының кең болуы тән. Көшпелілер мен егіншілердің өзара іс-қимылы, отырықшы қоныстары мен калалардың калыптасуындағы кешпелілердің рөлі, ертедегі және орта ғасырлардағы тайпалардың орналасу мәселелерін аныктау, ежелгі керуен жолдарын зерттеу сияқты проблемаларды талдау табысты болып шықты. Кеп жылдық еңбектің корытындысы - «Орталық Қазақстанның ертедегі мәдениеті» деген монография Орталық Қазақстанның ежелгі заманын зерттеудегі маңызды кезең болып табылады.
50-жылдардын басында ежелгі парсы жазбаларының мейлінше толық басылымы жүзеге асырылды (Р. Кент). Ескерткіштерді деректеметану-текстологиялық жағынан зерттеу ісі кенейтілді; Орта Азия халықтарының тарихындағы тұңғыш рет дәл белгіленген мерзім - массагеттердің Кир әскерін талкандауы (б. з. б. 530 ж.) анықталып; ежелгі парсы жазбаларын антик авторларының деректерімен теңеп салғастыру жұмысы жүргізілді. Алайда ежелгі парсы және антик деректемелердегі тайпаларды Қазақстан мен Орта Азияның казіргі картасына орналастыруы туралы мәселе шешіл-меді. Сақ-скиф тайпаларының орналасу географиясы жөнінде әр түрлі кезкарас айтылды (К. В. Тревер, В. В. Струве, В. И. Абаев, С. И. Руденко, М. А. Дандамаев, С. С. Черников, И. В. Пьянков, Б. А. Литвинский, К. А. Акышев, М. Қ. Қадырбаев және баскалар).
50-жылдар мен 60-жылдардың басында ертедегі және ортағасырлық Қазақстанның этно-саяси тарихынын проблемалары бойынша зерттеулер неғұрлым кең өрістетілді. Олар негізгі екі бағытта, Шығыс деректемелерінің аудармаларын жариялау және манызды тарихнамалық проблемаларды зерттеу бағыттарында жүргізілді.
2. Ортағасырлық авторлар түркі тайпалары мен Оңтүстік-Шығыс халықтары туралы
IX—XVII ғасырлардағы араб деректерінің Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихы бойынша маңыздылығы мен сипаты. Деректеметануда IX—XVII ғасырлардағы араб, парсы және түрік әдебиеті ерекше орын алады, онда Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихы бойынша маңыздылығы мен сипаты жөнінен едәуір құнды материалдар бар.
Араб халифаты дәуірінде арабтардың Шығысты жаулап алуы, синкретикалық мұсылман мәдениеті мен ислам дінінің ықпал өрісін кеңейту ісіндегі белсенділігі, мұсылман дүниесінің саяси шекарасынан тыс жаткан алыс аймақтармен сауданың дамуы арабтарды Шығыс Европа мен Орталық Азияның көршілес елдерімен және алыстағы халықтар мен тайпалар туралы акпарат жинауға құлшындырды. Арабтардың орта ғасырларындағы тарихнамасының Қазақстан аймағына ерекше ден қоюы олардың Орта Азиядағы жаулап алған жерлерін нығайту және Қазақстанның жауынгер көшпелі тайпа-ларынан сыртқы қауіпсіздікті камтамасыз ету кажеттігімен де байланысты бодды.
Қазақстан тұрғындары туралы ең ертедегі мәліметтер арабтардың классикалық тарихи шығармаларында кездеседі. Мәселен, әл-Балазур (IX ғ.) мен ат-Табаридін (IX ғ.) туындыларында VII-VIII ғасырлардың орта шенінде араб шапқыншылығына қарсы күресте Орта Азия халықтарына елеулі көмек көрсеткен Жетісу мен Онтүстік Қазақстанның түркі халықтары туралы маңызды мәліметтер бар. Оңтүстік Қазақстанның жекелеген аудандарына арабтардың басқыншылық жорықтары туралы деректер келтірілген. Арабтың аса ірі тарихшысы, парсы текті әл-Балазур Орталық Азия тарихы жөніндегі кұнды деректемелердің бірі «Елдерді жаулап алу Кітабы» (Китаб футух әл-булдан) деген шығарманың авторы болып табылады, «Пайғамбар мен патшалар тарихы» (Тарих әр-русул уә-л- мулук) деген елеулі еңбек жазған ат-Табари да парсылық, болатын. Ат-Табари халифаттьщ әр түрлі қалаларын аралап, көп саяхат жасады, сонан соң Бағдатқа орын тепті де, өмірінің ақырына дейін сонда тұрып, өз өмірін ғылымға арнады. Оның бізге қысқартылған редакциясында жеткен еңбегінде арабтардың алдында болған халықтар туралы мәліметтер келтіріліп, халифат тарихы жылнама ретінде баяндалады. Ат-Табаридің замандасы, Бағдатта туған, энциклопедиялық білімі бар адам - әл-Жахиз (IX ғ.) «Түріктердің қасиеттері» (Манакиб әл трак) деген кітабында Қазақстанның көшпелі түрік тайпаларын тұңғыш рет этно-графиялық тұрғыдан суреттеп берді. Әл-Жахиз Аббас халифтары үланы-ның түрік гулямдарымен жакын таныс араб окырмандарына оның әр түрлі себептермен ерекше қызықты болған тақырыптарды іріктеп алған. Ол түріктердің әскери касиеттерін, олардың калада тұратын арабтың көзіне әдеттен тыс ерекшелігімен айрықша көрінген немесе халифтардың саяси теңірегіндегілерге маңызды болған әдет-ғұрпын суреттейді, өйткені Аббас халифатының уәзірлеріне «түрік істерімен» едәуір жиі кездесуіне тура келетін еді.