Файл: Httpsoky m rublogorta gasyrdagy qazaqstan tarikhy zhajly derekter2016122564.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 255
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Әз Тәукенің «Жеті Жарғысына» теориялық-ғылыми тұғырдан қарасақ, онын әрбір бабы, талаптары мен реттеу функциялары сол заманның тарихи жағдайларына дәлме-дәл сәйкес келетінін байқаймыз.Бұл құқықтық құжат қазақ халқының ұлттық бірлігін нығайтуға, рулар арасында алауыздықты,тежеуге,жонғар шапқыншылығына қарсы елді бір тудың астына топтастыруда өлшеусіз роль атқарды.
4. Қазақстан тарихына байланысты статистикалық деректер
«Статистика» ұғымы ХVIII ғасырдың екінші жартысында пайда болып, алғаш рет Германия университетінде пән ретінде қолданылады. Ол кездерде статистика мемлекеттің жетістіктерін, ерекшеліктерін көрсететін таным ретінде бағаланған еді. Жалпы «статистика» ұғымы латын тілінің «Status» деген сөзінен шығып, белгілі бір заттардың жағдайы, күйі дегенді білдіреді.
Қазіргі ғылымда оған мынадай анықтама берілген: Статистика дегеніміз – қоғамдық өзгермелі құбылыстардың сандық жағын (сапасымен байланыстыра отырып) арнайы тәсілдерді Қолдану арқылы зерттеп, олардың сандық жағын бейнелейтін, сандық жағынжағы заңдылықтарды ашатын ғылым саласы.
Келтіріліп отынған анықтамадан статистиканы қарапайым және күрделі мағыналарда түсінуге болады. Қарапайым немесе тар мағынада статистика – қоғамға кең таралған қоғамдық құбылыстардың сандық жағын зерртейтін таным түрі. Ал күрделі немесе кең мағынада статистика – кез келген салаға жататын қоғамдық құбылыстарды бір жиынтыққа жатқызып, арнайы белгіленген әдістерді қолдана отырып, олардың сандық заңдылықтарын ашатын таным немесе ғылым саласы.
Статистика – қоғамның, қоғамдық құбылыыстардың бет-бейнесі, айнасы ғана емес, қоғамдағы кейбір заңдылықтарды ашуға тәсіл көрсете алатын құрал немесе таным түрі. Оның әдістері арқылы өзге ғылымдар өз міндеттерін тиімді іске асыра алады. Статистика – қоғамдағы құбылыстарды нақты бір уақытқа және кеңістікке қарай сандық жағын зерттейтін ғылым саласы. Оның басты мақсаты – сол құбылыс туралы сандық мәліметтерді шығарып, қоғамдық осы тұрғыдағы қажеттілігін қамтамассыз ету. Яғни, мемлекетті статистикалық мәліметтермен қамтамасыз ету және ол құбылыстардың сандық жағынан дұрыстығын, заңдылығын ашып беру. Демек, статистика сапа мен санды қатар қолданады. Ол өзінің міндетін математикада дайындалған, сонда пайдаланатын есептеу тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асырады. Нәтижесінде математиканы емес, қоғамдық құбылыстардың белгілі бір уақыттағы және кеңістіктегі сандық мәліметін жариялайды, оның өзге құбылыстармен қатыстылық деңгейін анықтайды.
Кез келген мемлекет өз аумағындағы барлық салаға есеп жүргізеді және сол есептің көрсеткіштеріне қарай ол салаларға байланысты алдағы міндеттерін анықтап, сол құбылыстардың нәтижесі туралы саясатын белгілейді. Яғни, статистика – қажеттілікпен пайда болған, барлық ғылымдарға ортақ сала.
Жалпы, «статистика» сөзі көп мағыналы. Деректану ғылымының өзінде ол үшін мағынада кездеседі, оларды нақты айыра білу қажет. Біріншіден, статистика деп (статистикалық ақпарат) – статистикалық өңдеуге ұшыраған кез келген қайталанатын мәліметтерді айтады. Екіншіден, түрлі ғылымдда, сандық зерттеулерде қолданылатын математикалық әдістің ғылыми түрін атайды. Үшіншіден, ол – тарихи дерекктің бір түрі.
Бұл тарихи деректің есепке алынатын, тіркелетін құжаттардан айырмашылығы, статистикалық мәліметтер кез келген басқарманың шешімі үшін, кез келген аймақтағы ұзақ уақытқа жоспарланған саясаттың шешімі үшін де, қоғамдық процестердың даму үрдістерін анықтау үшін де маңызы зор. Ол мәліметтер ең алдымен өзіндік әдіс-тәсілдермен жинақталады,и кейінен арнайы маман статистиктер арқылы өңдеуден өткізіледі де кез кедген салада нақты шешім қабылдауға көмектеседі. Өйткені, осы деректер арқылы кез келге аймақтағы түрлі саланың (ауыл шаруашылығы, демография, әлеуметтік-экономикалық) сандық дамуы айқындалып, оның жағдайы төмен, орташа немесе жоғары екендігні анықталып, соған сай шешімдер мқабылданады.
Статистикалық деректердің басты құндылығы – олар зерттеушіге кең көлемде (массовый) мәлімет береді. Оларды әр салада дұрыс пайдалана білу зерттеушіге тарихи құбылыстардың бірегейлігін, сабақтастығын ерекшелігін оларға тән тарих ғылымының дамуындағы заңдылықтарды анықтауға көмектеседі.
Статистикалық деректерге статистикалық зерттеудің барлық сатысында пайда болған мұрағат деректері мен жарияланған материалдар жатқызылады.
Мұндай материалданға тек қана жариялданған статистикалық еңбектер мен алғашқы өңделмеген статистикалық мәліметтер ғана емес, оған сол статистикалық зерттеудің арнайы зерттеу бағдарламасы, зерттеуге қатысты нұсқеулар (инструкция) мен ағымдағы тіркеуге байланысты құжаттар, алғашқы тіркеу құжаттары (оған тіркеу карточкасы, бланкілер, анкета, формулярлар, ведомосттер, түрлі есептер мен бухгелтерлық есептер, схемалар және т.б. құжаттар жатқызылады). Статистикалық зерттеудің мақсатын және мәлімети алу әдіс-тәсілін анықтайтын бағдарламалар, арнайы нұсқаулар және т.б. құжаттар стртистикалық зерттеудің дерегі бола алады. Өйткені, барлық статистикалық зерттеулердің мақсат-мінтерттері, нәтижелері мен соңғы қорытыдысы, басылып, жарияланған статистикалық жинақтардың сапасы осы құжаттардың мазмұнына тікелей тәуелді болады.
Статистикалық зерттеулер алдын ала ұйымдастырылады. Оның ең алдымен арнайы бағдларламасы қабылданады. Бұл бағдарламада зерттеудің мақсаты мен міндеті, зерттеуге қажет обьектілер нақты мәселе нетіндеқойылады. Осы бағдарламаға негізделіп арнайы сауалнамалар, анкеталар, карточкалар жасалды. Зерттеу жұмысына қатысатын топтың құрамы анықталып, схета бойынша олардың жалақылары бекітіледі. Осы жұмыстардан кейін арнайы топ статистикалық мәліметтерді жинақтап, өңдеп, жариялап, қажетінше пайдалаып отырады. Міне, осы статистикалық зерттеулердің негізінде статистикалық деректер пайда болады. Әрине, бұл деректердің мазмұны, белгілерген мақсат-мүддесі, міндеті де әртүрлі болатыны хақ.
Ресей империясының статистикалық негізі ХVIII-ХIХ ғ. I-жартысында қаланды. Бірақ ол кездердегі статистиканың өрісі тар еді, өйткені, мемлекеттік басқармалар тек мемлекеттің мүддесіне қажетті дегн құбыластарды ғана зерттеу нысаны етіп алды. Тек 1860 жылдан бастап Орталық статистикалық комитеттің құрылуы, статистиканың жаңа сатыға көтерілуіне жағдай жасады. Осыдан кейін халық санағы, өнеркәсіп, ауылшаруашылық санақтар жүргізіліп, онда жинақталған ақпараттар баспадан жарық көріп отырды. Статистикамен тек қана мемлекеттік мекемелер мен земство ған емес, неді онымен акционерлық қоғамдар мен кәсіпорын ұйымдары айналысты.
Ресейдің мемлекеттік статистикасының құрылысы кең болды. Тиісті материалдарды жинақтап өңдейтін әр мекеменің статистикалық бюросы болды. Ішкі істер министрлігінде орталық комитет жұмыс істеді, провинциядағы ұйымдарға губерниялық, облыстық статистикалық комитеттер қызмет етті. Белгілі статистик маман А.А.Кауфман осы кезеңдегі статистиканы 3 түрге бөлді: мемлекеттік, жеке және земстоволық. Оның ішінде мемлекеттік статистика халық санағын жүргізді. Жеке статистика жеке бір адамның ұйымдастырған мтатистикалық зерттеуіән құрады. Мұндай статистиканың ерекшелігі терең зерттеу жұмыстарынжүргізе алғанымен, кең аумақты аудандарға немесе әлеуметтік көпшілікке өз қызметін көрсете алмайды. Алземстволық статистикада осы екеуінің зерттеу әдісін белгілерін өз бойында сақтап, мемлекеттік статистика сияқты нақты зерттеулер жүргізе алды.
Статистикалық ақпараттарды жинау ме өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру тәсіліне қарай статистиканы 4 топқа бөлуге болады: бөлек ведомсвалармен жинақталатын статистика: Орталық статистикалық комиттетің статистикасы: земство статистикасы
; ғылыми мекемелердің ғылыми мақсатта жинайтын статистикасы:
1864 жылы земство реформасы жүргізілді, осыдан бастап жергілікті өзін өзі басқару органдары – земстволар құрыла бастады. Олардың басты міндеті шаруалардың экономикалық жағдайын терең зерттеу болды. 1871 жылдан бастап земствода статистикалық мекемелер дерлік статистикалық органдар құрырды. Земстволық статистиканың ең маңызды міндеті – жылжымайтын мүлікті бағалау және ең алдымен жерді бағалау болды. Әрбір земстволық статистикалық мекеме кішігірім ауданды зерттреу нысаны ретінде алғанымен, ол бүкіл Ресей бойынша материалдар бере алды.
ХIХ ғ-дың 70-жылдарыда земстволық статистика 2-ге бөлінді: негізгі және ағымдағы. Негізгі статистикалық зерттеулер белгілі бір уақытта жүргізілді. Ал ағымдағы статистикалық зерттеу күнделікті жүргізілді. Неігзгі статистикалық зерттеулер экспедиция әдісімен жүзеге асырылды. Ал ағымдағы зерттеу анкеталар мен сауалнамаларды жан- жақа жітеру арқылы мәліметтер жинақтады. Әрине, бұл ретте мәліметтердің сапасы, шынайылығы жағынан негізгі статистикалық зерттеу жұмысының маңызы зор еді. Өйткені, олар арнайы экспедиция арқылы, сол зерттеленетін аймақта болып, жұмыстың бюасынан соңына дейін сонда мәлімет жинаумен айналысады. Және ол зерттеулерді арнайы топогарфтан, статистиктер, ауылшаруашылық жұмыстармен шұғылданатын адамдар. тілмаштар, тіркеушілер бірлесе отырып зерттеу жүргізеді.
Земстволық статистиканың материалдары - ХIХ ғ-дың II жартысы мен ХХ ғ-дың басында тарихтың көптеген мәселелері үшін құнды дерек көзі болып табылады. Оларға әлеуметтік-экономикалық және мәдени тарихқа байланысты құнды мәліметтер баршылық. Олардың құндылығы да сапасы да жоғары. Жарты ғасырдың ішінде земстволық статистикалық органдар 100-ден аса түрлі зерттеулер жүргізіп, 1000- нан аса зерттеу материалдарын жариялады. Бірақ бұл бай материалдар әлі күнге дейін мұрағат сөрелерінде, жарияланған кітаптарда шаң-тозаңда құрып жатыр. Әрине, бұл келеңсіздік осындай көпкөлемді мәліметтермен жұмыс істеудің қиындығынан туындап отырғандығы сөзсіз. Сондықтан да мұндай деректердің ерекшелігінен шыға отырып, арнайы зерттеу әдіс-тәсілі мен оларды тарихизерттрулерде пайдалау әдісін жасау қажет.
Статистиканың әдістері дегеніміз - әлеуметтік –қоғамдық құбылыстардың сандық жағы туралы қорытылған, қойылған мақсатқа сәйкес сандық көрсеткіштерді алу үшін, міндетті түрде жүргізілетін осы саладағы ерекше қызмет жүйесі. Ол 3 түрлі кезеңнен тұрады:
1. Жаппай бақылау;
2. Мәліметтерді жинақтау және тортастыру;
3. Топтастырылған немесе өңделген мәліметтердің көрсеткіштеріне талдау жасау;
ХIХ ғ. II жартысы мен ХХ ғ. басында патшалық Ресей империясының тарапынан көптеген санақтар мен стптистикалық зерттеулер жүргізілді. Бұл зерттнулердің нәтижесінде сол кезеңдегі қоғамдық өмірдің сан қырына байланысты көлемді статистикалық мәліметтер жинақталды. Олар арнайы өңделіп, біразы жинақ ретінде басылып шығарылды. Мәселен, Жер және мемлекеттік мүлік министрлігі тарапынан 1896-1903 ж. Қазақстанның Далалық 3 облысына Ф.А. Щербина бастаған. 1907-1909 ж. Ақмола облысына В. Кузнецов бастаған. 1906-1913 жж. Сыр-Дария болыстарына В. С. Скрыплев бастаған. 1904 жылы ТОрғай-Орал обдлыстарына П. Хворостанский бастаған зерттну экспедициялары ұйымдастырылды. Олардың ортақ мақсаты келімсектерді қазақ жерінен «артық» деп табылған жерлеріне қоныстандыру арқылы патша үкіметінің отарлау саясатын жүзеге асыру болатын. Бұл зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қазақтардың жер пайдалануы, шаруашылығы, мал саны, адам саны, егіндік-шабындық жерлері туралы бай статистикалық материалдар жинақталып, олар кітап ретінде жарық көрді. Олардың мәліметтері әлі күнге дейін арнайы, ұлттық тұрғыда деректанулыфқ талдаудан өтпей, тарихи зерттеулерде де көп пайдаланып жүрген жоқ.
Осы тұста біз «Қырғыздардың (қазақтардың.) жер пайдалану материалдары...» (Бұдан былай «Қазақтардың жер пайдалану материалдары...» Т.Н.) атты статистикалық мәліметтерді құнды дерек көзі ретінде пайдалану үшін деректанулық талдаудан өткіземіз.
Кез келген тарихи жазба деректі пайдалану үшін оны сыни тұрғыда бағалау қажет, яғни, оның пайда болуын сынау (қашан, қайда, кім, қандай мақсатта және қандай деректердің негізінде жасалғандығын) анықтау; шынайылығын анықтау (дерек түпнұсқа ма, көшірме ме немесе жасанды бұрмалаған ба); мазмұнын талдау (деректе қандай мәселелер қарастырылған, қандай фактілер кездеседі, олардың шындыққа жақындығы мен интерпретациялау). Осындай деректанулық талдаудан кейін ғана деректің жарамдылығы мен тарихи зерттеулерге пайдалануға болатындығы анықталды. Осы процестердан кейін ғана зерттеуші деректердегі мәліметтерді талдауға, осы мәліметтерде көрініс тапқан фактілер мен құбылыстарды тнориялық жағынан меңгеруге бағыт алады. Енді осы зерттеу схемасын статистикалық деректерге пайдаланып көрейік.
Статистикалық деректерді пайдалануда зерттеуші ең алдымен жарияланған статистикалық жинақтарға көңіл аударады