Файл: Httpsoky m rublogorta gasyrdagy qazaqstan tarikhy zhajly derekter2016122564.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 249

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Араб Тамим ибн Бахрдың солтүстік-шығыс Қазақстандағы Ертіс анға-рында жатқан кимектер елі арқылы Тоғыз-ғұз кағанының астанасына уақыты жағынан алғандағы алғашқы саясаты IX ғасырдың бірінші жартысына жатады. Тамим ибн Бахр саясатының сипаты белгісіз, оның сапары әлдебір дипломатиялық тапсырмаларға байланысты болуы мүмкін. Тамим ибн Бахр кимектердің орналасуы, шаруашылығы туралы мәліметтер келтіреді, Тараздан (казіргі Жамбыл) кимектер патшасының ордасына барған жолын да айтып өтеді. Нак сол IX ғасырда араб тілді географиялық. шығармаларда да Қазақстан аумағында мекендеген тайпалар туралы хабарлар пайда болады. Байла-ныс және хабар беру кызметінің бастығы Ибн Хордадбехтің «Жолдар мен мемлекеттер кітабы» (Китаб әлмасалик уә-л- мамалик) деген әкімшілік географиялық анықтамалығы сақталып калған әлгіндей шығармалардын ен ертедегісі болып табылады. Ол сауда жолдарын сипаттап, әр түрлі елді мекендер арасындағы кашықтықты көрсеткен, Онтустік Қазақстан мен Жетісу аркылы өтетін Ұлы жол бойында орналасқан қалалар мен қоныстарды тізіп келтірген. Ибн Хордадбехтің еңбегі көп жағынан халифаттың байланыс, почта қызметінің архивтеріне негізделген. Сірә, оның түріктер туралы айқын мәліметтерінің көбі, соның ішінде түрік тайпаларының жиі-жиі дәйексөз келтірілетін тізімі де (тоғыз-ғұздар, оғыздар, карлұктар, кимектер, кыпшақтар, азкиштер, түргештер және басқалары) VIII ғасырға жататын болса керек. Әл-Якуби (IX ғ.) мен Кудама ибн Жафардың (X ғ.) шығармалары жанры жағынан Ибн Хордадбехтің еңбегіне жақын.

Тарихшы әрі географ Әл-Якубидің «Елдер кітабы» (Китаб әл-бұлдан) деген географиялық шығармасында Қазақстан түріктері туралы аукымды тарихи-этнографиялық материал бар. Онын кең хабардарлығы мен хабарларының дәлдігі біршама жоғары екенін атап өткен жөн. Әл-Якубидің оғыз-дар, карлұктар, кимектер, тоғыз-ғұздар мемлекеттілігі туралы мәліметтері ерекше маңызды. Араб географы және филологы Кудама ибн Жафар «Харадж және хатшы әнері туралы кітап» (Китаб әл-харадж уә санъат әл-кита-ба) деген географиялық-әкімшілік шығарма жазған. Ол арамей болатын, Басрада тұрып, почта бастығынын жоғары кызметін аткарған. Ол өз шығармасын жазған кезде өзі колына түсіре алған ресми күжаттарды кеңінен пай-даланған. Онда халифаттың әкімшілік бөлінісі, аса маңызды калалар,таулар, әзендер, жеті климат (белдеу) туралы мәліметтер бар. Байланыс жол-дарына және жерге орналасуы мен алынатын салықтар туралы деректер келтіріледі, провинцияларды суреттеуге едәуір көніл бөлген. Онда мұсылман елдерімен кәршілес жерлер туралы да кұнды мәліметтер келтірілген; мәселен, түрік тайпалары: қарлұктар, кимектер, оғыздар, Оңтүстік Қазақ-стан мен Жетісу шегіндегі сауда жолдары туралы, маршруттар, калалар, коныстар және олардын аракашықтығы туралы нақтылы материал бар.


Қарастырылып отырған деректемелер кешені арасында араб географы Ибн әл-Факихтін (IX ғасырдың аяғы — X ғасырдың басы) «Елдер туралы әңгімелер кітабын» (Китаб ахбар әл-бұлдан) да атап еткен жөн. Ол өз кітабын кебінесе өзінен бұрынғы авторлардың (әл- Жахиз, Ибн Хордадбех, әл-Жейхани) шығармаларын негізге ала отырып, 903 жылдар шамасында құрастырған. Онда Азия мен Шығыс Европаның көптеген елдері туралы тарихи-географиялық материалдар жеткілікті. Түріктер туралы тарау ерекше назар аударарлық, онда түрік тайпалары (карлұқтар, кимектер, қыпшактар, оғыздар, тоғыз-ғұздар және баскалар) туралы, олардың елдері, калалары, сауда жолдары, орналасуы, шаруашылық және мәдени қызметі туралы кұнды мәліметтер келтіріледі. Ибн Русте көп томды энциклопедиялық шығарма-сын Ибн әл-Факихпен бір мезгідде жазды деуге болады. Бұл еңбектен климат тарихи-географиялық тұрғыдан суреттелетін бір томы ғана сақталған. Ибн Рустенің «Қымбат тұратын алқа туралы кітап» (Китаб әл-алак ән-на-сифа) деген шығармасы түгелдей кітап деректемелеріне негізделген. Автор түрлі саяхатшылар мен географтардың туындыларынан құнды фактілерді

Орыс жылнамаларынан мәліметтері. Қазақстанның ортағасырлық тарихын зерттеуде Н.А.Аристовтың түркі тайпалары мен халықтары туралы кеңінен мәлім еңбектері ерекше орын алады. Н. А. Аристов арнаулы білімі бар шығыстанушы болған жок, бірак оның «... Этникалық күрамы туралы заметкалары», аса көрнекті ғалым В. В. Бартольдтін сөзімен айткан-да, «біздің шығыстану жөніндегі әдебиетіміздегі ең куанышты күбылыста-рдың бірі» болып табылады. Н. А. Аристовтың ғылыми еңбектерінің лайыкты жағы мынада: олар зерттеліп отырған такырып бойынша кең көлемді деректемелер мен әдебиет негізінде жазылған. Сонын нәтижесінде ол түрік тайпалары мен халықтарынын этникалық құрамы туралы материалдардың мейлінше толық жинағын жасай білді. Ол казак халқын бәрінен де толык карастырды, өйткені казактар «түрік халыктарының бәрінен гөрі мал шару-ашылық және көшпелі емір салты мен рулық тұрмысты көбірек сақтап калған, сондықтан рулык және тайпалық беліністер мен олардын есімдерін олар барынша күшті және айкын үстанады». Қазақтың үш жүзінің этникалык күрамын анықтаған ол ежелгі түрік тайпаларының атауларын өз заманындағы рулар мен тайпалардың атауларымен салыстырады; батыс түріктердің дулу тайпалық бірлестігін Ұлы жүздін дулаттарымен байланыстырады; казактардың кұрылуына каңлылар мен қыпшақтар барынша көп қатысқан деп атап көрсетеді; ғұндар империясын ежелгі түрік мемлекеті ретінде қарастырады, мүның езі жалпы алғанда ғүн федерациясының ішінде ежелгі түрік тілдерінде сөйлесетін тайпалардың басым болғандығы туралы қазіргі ғылыми әдебиетте орныккан пікірмен үйлеседі.



Тарих ғылымының Орталык Азия халыктарынын, өткенін қатан ғылыми түрғыда зерттеуді көбінесе Ресейдегі ғылым өкілдерінен күтуге күкығы бар еді, өйткені олар үшін Қазақстан мен Орта Азия тарихынын барысын анық-таудың таза теориялық мәні болып кана койған жок. Петербургте аймақтың тарихы жөніндегі колжазба деректемелердің аса бай жинағының шоғырландырылуы кездейсок емес еді. Алайда, В. В. Бартольдтің бағалауынша, Қазақстан мен Орта Азияның ертедегі тарихы мен алдыңғы орта ғасырлары женінен ғылыми талаптарды қанағатгандыратын монографиялар XIX ғасырдың аяғына дейін болған жоқ. В. В. Бартольдтің езіне осы елеулі кемшіліктің орнын толтыруға тура келді.

В. В. Бартольдтің ортағасырлық Казакстанныңтарихы жөніндегі зерттеулерінін тендесі жоқ ғылыми маңызы бар. Оның еңбектері отандык және дүниежүзілік шығыстануда тарих түпнұсқа деректемелер бойынша тарихи сынның катаңталаптарынасәйкес зерттелген алғашқы еңбектер болды.

Ол кимектер, кыпшактар, карлүқуар, оғыздар туралы аса маңызды деректеме — Гардизидің «Зайн әл-ахбар» деген еңбегінің түріктер туралы тарауларының түсініктеме берілген аудармасын да жариялауға еңбек сіңіріп, алдынғы ортағасырлық Қазақстанның тарихы үшін маңызды «Худуд әл-алам» сияқты деректемені түсінікті етті, сондай-ақ Орталык Азия тарихы жөніндегі аса бағалы деректеме — Махмуд Қашғари шығармасының географиялык, этнографиялық және тарихи деректерін мүкият пайдаланды.

В. В. Бартольд Қазакстан тақырыбына тамаша ескерткіш — оғыздардың «Китаб дәдәм Қоркуд» батырлық эпосын аударуға байланысты ынта койған еді. Оғыздардың эпикалык аңызын тарихи және фольклорлык түрғыдан түсіндіру барысында В. В. Бартольд Сырдарияның алдыңғы ортағасырлык түркі тіддес халкынан мүра етіп алған Қоркыт туралы оғыз (түрікмен) және қазак аңыздарының ортақ кезі туралы елеулі тұжырым жасады.

Оның 1898 жылы Верныйда (казіргі Алматы) бірінші рет жарияланған «Жетісу тарихының очерктері» деген кітабы Казақстан тарихын зерттеуге косылған бағалы ғылыми үлес болды

 

3. ХҮІІ-ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойныша заң құжаттары

 

Қазақ Ордасының ең алғашқы Заң жинағы – Қасым ханның «Қасқа жолы» қабылданды. 1511 жылдаршамасы жаңа Заң жүйесі Есім ханның «Ескі жолы» орнықтырды. Қазақ Ордасының Астанасы Түркістанға көшірілді (1599 ж.). Жаңа құқықтық жүйе «Жеті Жарғы» төрелер өкілерінің құқықтары шектелді. Басқару істер билерге жүк салынды (ХҮІІІ ғ. аяғы). «Жеті Жарғының» өмірге келуінің бір қатар себептері болды: бүліне бастаған қоғамдық құрылысты заңдылық реттеуге ұмтылу.


ХҮІІІ ғасырларда Қзақастанның хандық билік жүйесіне Ресей империясы саяси құрылым институттарының әсері біліне бастады. Басқарудың орта және төменгі түйіні ұмымдастырылып, сұлтандар мен басқармалардың жаңа құқықтық институттары құрылды. Одан басқа болыстық басқармалар мен ауылдық институттары құрылды.

Қазақ даласының көсемі Ш.Уәлиханов қазақтардың материалдық тұрмысын көтеруге жағдай жасайтын түбейгейлі реформа жасау жағында болды, әр ол халықтың өзін-өзі басқару арқылы әкімшілік басқару жүйесін ұсынды.

Әкімшілік басқару өте әскери сипатта болып, қазақ даласындағы әкімшілік құрылымының тұтастай принциптері жаңа реформа бойынша әскери және әкімшілік биліктің бірігуі принципі болды.

ХІХ ғасырдың негізгі заңдылық құжаттар:

1. 1822 ж. – Сібір қазақтарын басқару Ережесі – «Сібір қырғыздарының Жарғысы» Орта жүзде хан билігін жойылды. Қазақтардың саяси тәуелсіздігінің жоюға бағытталған патша саясаты. Территориялық-әкімшілік реформа, округтерді құру.

2. 1824 ж. – Орынбор қазақтарын басқару Ережесі – кіші жүзге хан билігін жойды.

ХІХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы Қазқстандағы әкімшілік реформалар: «Далалық облыстарды басқару туралы уақытша Ереже (1868 ж.)». йТүркістан өлкесі басқару туралы Ереже (1 маусым 1886 ж.)». Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстары басқару туралы Ереже, шаруаларды көшіру туралы «Уақытша Ереже». (Болыста 10-11 ауыл болуы қажет, олар округтерге біріккен) округте жалпы 15-20-ға дейін болыс болады.

Солар арқылы ХХ ғ. басына шейін Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы және территориялық-әкімшілік құрылысындағы өзгерістер жүріп отырды.

 «Есім ханның ескі жолы» -  өзіндік Конституция Қасым хан кодексіне қосымша ретінде қабылданды. Бұл құқықтық актіде ханның, билердің, батырлардың өкілеттіліктері және өзара міндеттері мен құқықтары анықталды.

Бұрынғысынша жоғары заңды билік ретінде маслихат қала берді. Оның құрамына қазақ қоғамының барлық өкілдері мен ықпалды сұлтандар кірді. Маслихаттың әр мәжілісін мол халық жиналды, сондықтан оны деректемелер кейде халық жиналысы деп атайды, ол    өте дұрыс емес. Маслихат жылына бір рет, көбінесе күзде Ұлытауда, Түркістанда немесе Ташкент түбінде өткен.

Маслихат өкілеттілігіне ең маңызды мәселелерді шешу кірген, соғыс немесе бейбітшілік мәселелерін шешу, жайлау мен суаттарды бөлу, хан сайлау секілді.


ХҮІІ ғасырдың басындағы реформа нәтижесінде хан өкілеттілігі біраз қысқартылған. Ол бас қолбасшы әр жоғары судья болып қала бергенімен, бірқатар құқықтардан айырылған. Бейбітшілік немесе соғыс жариялау, елшілік жіберуді ол тек маслихат келісімен іске асырған. Әр ханның өлім жазасын кесуге құқығы болмаған.

Саяси жүйеде ханның ролінің әлсіреуі ханды сайлау принципінің өзгеруіне әкеліп соқты. Бірақ, меритократия принципі ресми күшінде қалғанымен, іс жүзінде қазақтар хан атағына мүрагерлікке ХҮІІІ ғасырдың басына дейін көшкен.

Әкімшілік құрылыстың өзгеруіне байланысты хан бүкіл территорияға жарлық беру құқығын жоғалтып, олар билерге көшті.

ХҮІІ ғасырдың басында ұлыстық жүйе орнына жүздік ендірілді, онда бүкіл қазақтар жері үшеу арасында шаруашылық-территориялық бірлестіктер – жүздерге бөлінді. Жүздің басында күшті және саны көп қоғамдық топтың жетекшілері билер тұрды. Іс жүзінде барлық билік жүздер билерінің қолдарында болды. Олар хан билігін шектейтін, билер кеңесін құрды. Билер билігі тек  жеке беделге байланысты болып, соларға тәуелді хан  ана немесе мына биді орнынан қозғауға ықпал ете алмады.

Сұлтандар іс жүзінде мемлекетті басқарудан толық шеттетілген және оның үстіне хан орнына талас сайлапуына қатысу мүмкіндіктерінен айырылған, тек мәртебелік жағдайлары жасалған, билер соты оларға жүрмей, барлық міндеттерден (жауынгерліктен басқа) босатылған.

Ғылыми әдебиетте Заң «Жеті Жарғы»  «Тауке ханның Ережесі» немесе  «Тауке ханның Заңдары» деп аталады. Деректемелерде «Ереженің» авторы кім болғаны жөніңде мәліметтер жоқ. Тарихи аңыздарға қарағанда, оны жасаушы Тауке хан делінеді. Ол Күлтөбе деген жерде үш жүздің басты билерінің басын қосқан, сөйтіп олар «Қасым мен Есім хандардың ескі әдет-ғұрыптарын»  Жеті Жарғы деп аталатын нормаға біріктірген деседі.

Жеті Жарғыға әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық, құқық нормалары, сондай-ақ, салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер еңгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтары қамтылған.

 «Жеті Жарғының» әрбір бабы қазақ халқының әлеуметтік практикасының жемісі, ұлтты қорғау үшін , көшпелі қоғамдық қатынастарды тиімді реттеуге қабылданған және талқылау барысында идеялық пікірталас, билердің данагөйлігінің қорытындысы.

 «Жеті Жарғыны» тұнғыш болып зерттеген шығыстанушы ғалым Н.Өсеров оны 1680 жылы қабылдады деген пікір айтады (Нуралы Усеров. Исследование правового памятника «Жеті Жарғы». Автореферат диссертации кандидата юридических наук.Алматы,1976. с.16)