Файл: Саба крнекілігі ауіпсіздік ережесі жазылан плакаттар. Слайд шоу.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 1512
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды. Бір ғана ақпаратты әр түрлі әдістермен ұсынуға болады. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Мектепте 962 оқушы бар дегенді әртүрлі: араб, рим цифрларын қолданып, сөзбен т.с.с. жазуға болады. Мұнда ақпарат өзгермейді, тек оның жазылуы өзгереді.Ақпаратты ұсыну, сақату, қабылдау және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың кодтау түріне байланысты. Ақпаратты кодталуы оның кері кодталу (декодталу) процесіне байланысты. Себебі кодтауға қолданған символдар неғұрлым аз болса, кері кодтау соғұрлым жеңіл болады. Ақпаратты кодтауға Морзе әліппесін қолданып ақпарат ұысну мысал бола алады. Бұл ХІХ ғасырда телеграф көмегімен ақпарат жібергенде қолданды. Мұнда әріптер сызықшалар мен нүктелер арқылы кодталады. Екілік алфавит 0 және 1 таңбасынан тұрады. Ағылшынша екілік таңбаны бит деп атайды. Сондықтан біз 0 немесе 1-ді бит деп атйтын боламыз. Ақпаратты осы екі таңбамен кодтау оларды сақтау мен жеткізу құрылғыларының конструкциясын мейлінше жеңілдетеді. Екілік таңбаның қарапайымдылығы оның есепетуіш техникада кең тарауына себеп болды. Екілік алфавит көмегімен, яғни 0 және 1 таңбаларының көмегімен ақпаратты қалай таңбалауға болады? Ойлап қараған кісіге о және 1 таңбаларының көмегімен тек 4 символды ғана кодтауға болады. 00, 01, 10, 11. Ал бұл өте аз. Тек қазақ тілінің әріптерін кодтау үшін тыныс белгілерін қоспағанда 42 символ керек. Ал кез келген мәтінді кодтау үшін 200-де символ қажет. Сондықтан 0 мен 1 арқылы көп символды кодтау үшін 8 биттен, яғни 8 екілік таңбадан тұратын тіркесті (сегіз 0 мен 1-ден тұрады) қолдану қабылданған. 8 биттен тұратын кодты байт деп атайды.Сегіз 0 мен 1-лердің көмегімен 256 символды кодтауға болады. 00000000, 00000001, 00000010, ..., 11111111.
ASCII коды.Есептеуіш техникада ең көп қолданылатын код – ASCII американдық ақпарат алмасудың стандартты коды. (Кесте тақтаға ілініп қойылады) Кесте 16 жол 16 бағаннан тұрады. Кестедегі символдың орны он алтылық коды арқылы анықталады.Ол екі бөліктен тұрады: стандартты және баламалы.Стандартты бөліктегі – бірінші 128 символдар, 0-ден 127- ге дейінгі кодтар: цифрлар, датын алфавитінің әріптері мен компьютер жұмысын басқаратын арнайы символдар.Баламалы бөліктегі – екінші 128 символ, 128-ден 255-ке дейінгі кодтар, бұлар ұлттық алфавиттер әріптерін (орыс, қазақ, т.б.), псевдографикалық және кейбір арнайы символдарды орналастыруға арналған. Ондық, екілік, он алтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі кітаптарыңда 2-суретте келтірілген.Осы кесте негізінде жұмыс жасап көрейік. Алдымен он алтылық жүйеде сандарды жазу үшін, 16 цифр қажет екендігіне көңіл аударайық. Оның бірінші он цифры ондық жүйе цифрлары да қалғандары латын алфавитінің әріптері. «ПАРТА» сөзін кодтап көрейік. Ол үшін ASCII кестесінен әр әріпке сәйкес кодтарды табамыз. П – 8Ғ, А – 80, Р – 90, Т – 92, А – 80.ПАРТА сөзінің коды 8Ғ80909280.Ал 2-ші кесте бойынша. 8Ғ – 10001111, 80 – 10000000, 90 – 10010000, 92 – 10010010Бұларды тізбектеп жазсақ:10001111 10000000 10010000 10010010 10000000Сонымен, мәтіндік ақпаратты сегіз разрядты екілік кодта жазу үшін:
Сигнал – ақпарат тасуыш. Ақпарат жіберу – сигналдар тізбегін жеткізу.Сигналдар аналогты (үздіксіз) және дискретті (үзілісті) болуы мүмкін. Аналогты сигналдар: температура, кернеу, ток, яғни уақыт аралығында үздіксіз өзгеретін процесс. Кез келген аналогтық ақпаратты дискретті түрде ұсынуға болады. Мысалы электр тогы кернеуінің (U) уақыт (t) бойынша өзгеруі үздіксіз процесс. Бұл аналогтық процесті U-дың t-дан тәуелді өзгеру мәндерінің сәйкес жиынтығы сияқты, дикретті түрде ұсынуға болады.Керісінше дискретті процесті аналогтық түрде ұсынуға болады. Мұндай айналдырудың маңызы зор, себебі адам сезім мүшелері арқылы сигнадарды аналогтық түрде қабылдайды, ал ЕТ-лары негізінде дискретті сигналдармен жұмыс істейді. Аналогты сигналдармен жұмыс жасайтын машиналарды аналогтық машиналар, ал дискретті сигналдармен жұмыс жасайтын машиналар цифрлық деп аталады. Аналогтық процесті дискретті түрге, және керісінше айналдыруға тақтаға тапсырма ілінеді.Тақырыпты бекітуге сұрақтар:
Тақырыбы: Ақпарат және оны бағалау.Сабақ мақсаты: а) Оқушылардың ақпарат түсінігіне адамның және техникалық көзқарасы бойынша қанадй мән берілетінімен таныстыру.Б) Ақпаратты бағалай алу мен оның көлемін есептеуге үйрету. Ақпараттың өлшем бірліктерін үйрету.В) Ойларын ашық айту мен ақпаратты бағалай білуге үйрету.Сабақ көрнекілігі: Өлшем бірліктері жазылған плакаттар, ASCII коды кестесіСабақ түрі: Дәстүрлі сабақСабақ әдісі: Пікірлесіп-түсіндіру.Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағыСабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңіҮй тапсырмасын тексеруЖаңа сабақ түсіндіруЖаңа сабақты бекітуге сұрақтар беруҮйге тапсырмаСабақты қорытындылауСәләматсыңдар мА
Ал ең күрделісі – ақпаратты саны жағынан бағалау мәселесі. Ақпаратты техникалық жағынан өлшеуге болады. Себебі, ақпараттың қанша мөлшері хабар жіберу жүйесі арқылы өтетінін, алдыңғы ақпарат жадыдан қанша орын алғанын, келесі ақпаратқа жадыдан қанша орын бөлінуі керек екенін анықтап отыру керек. Техникада ақпаратты мағынасы жағынан бағаламай, оын тек сандық жағынан бағалайды.Техникада сақталатын, өңделетін немесе жіберілетін таңбалар, символдар тізбегі ақпарат деп саналады. Бұл ретте берілетін ақпарат көлемі нақты хабардағы символдар санын санау арқылы анықталады.Демек хабардың ақпараттық көлемі деп – хабардың ұзындығын, яғни хабарды жазу үшін пайдаланылған символдар санын айтады.Есептеуіш техникада кез келген хабар екілік алфавитте жазылады. Ендеше сндағы сақталатын, берілетін ақпарат көлемі ондағы екілік таңбалар санына тең. Осылай қарастырғанда хабардың ең кіші өлшемі бір екілік разрядқа немесе 1 битке тең болады. Одан үлкен өлшем бірлігі – 1 байт. Ол 8 битке тең. Сонымен хабардың ақпараттық көлемі бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.Сонымен бірге мынадай үлкен өлшем бірліктері де қолданылады.1 байт 8 бит1 Кбайт (килобайт) = 1024 байт1 Мбайт (мегабайт) = 1024 Кбайт1 Гбайт (гигабайт) = 1024 МбайтМектеп білім бұлағы. Қанша символ, қанша байт, қанша бит бар.Мысалы осы оқулықта 200-дей бет бар, бір бетте 38 жол, ал жолда 68 символ бар делік, егер мұнда сурет жоқ деп есептесек, онда кітапта 200*38*68 = 440800 символ болғаны, яғни 440800 байт немесе 441 Кбайт ақпарат бар. Ақпаратты өлшеу бірлігі белгілі болғаннан кейін, ол қандай жылдамдықпен берілетінін, яғни бір секундта ақпараттың қандай көлемі берілетінін анықтауға болады. Ақпараттың жылдамдығыБит/сек, байт/сек, Кбайт/сек, Мбайт/сек, Гбайт/сек өлшем бірліктерінің біреуімен өлшенеді.Тақырыпты бекіту сұрақтары:
ASCII коды.Есептеуіш техникада ең көп қолданылатын код – ASCII американдық ақпарат алмасудың стандартты коды. (Кесте тақтаға ілініп қойылады) Кесте 16 жол 16 бағаннан тұрады. Кестедегі символдың орны он алтылық коды арқылы анықталады.Ол екі бөліктен тұрады: стандартты және баламалы.Стандартты бөліктегі – бірінші 128 символдар, 0-ден 127- ге дейінгі кодтар: цифрлар, датын алфавитінің әріптері мен компьютер жұмысын басқаратын арнайы символдар.Баламалы бөліктегі – екінші 128 символ, 128-ден 255-ке дейінгі кодтар, бұлар ұлттық алфавиттер әріптерін (орыс, қазақ, т.б.), псевдографикалық және кейбір арнайы символдарды орналастыруға арналған. Ондық, екілік, он алтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі кітаптарыңда 2-суретте келтірілген.Осы кесте негізінде жұмыс жасап көрейік. Алдымен он алтылық жүйеде сандарды жазу үшін, 16 цифр қажет екендігіне көңіл аударайық. Оның бірінші он цифры ондық жүйе цифрлары да қалғандары латын алфавитінің әріптері. «ПАРТА» сөзін кодтап көрейік. Ол үшін ASCII кестесінен әр әріпке сәйкес кодтарды табамыз. П – 8Ғ, А – 80, Р – 90, Т – 92, А – 80.ПАРТА сөзінің коды 8Ғ80909280.Ал 2-ші кесте бойынша. 8Ғ – 10001111, 80 – 10000000, 90 – 10010000, 92 – 10010010Бұларды тізбектеп жазсақ:10001111 10000000 10010000 10010010 10000000Сонымен, мәтіндік ақпаратты сегіз разрядты екілік кодта жазу үшін:
-
Мәтіннің әр символының кодын ASCII кестесінен табу керек. Оның коды екі он алтылық сан, біріншісі осы символ орналасқан жол номерін, екіншісі баған номерін көрсетеді. -
Алынған он алтылық кодта сәйкестендіру кестесі бойынша санның он алтылық жүйеде көрсетілуін оның екілік жүйеде ұсынылуына ауыстыру керек.
Сигнал – ақпарат тасуыш. Ақпарат жіберу – сигналдар тізбегін жеткізу.Сигналдар аналогты (үздіксіз) және дискретті (үзілісті) болуы мүмкін. Аналогты сигналдар: температура, кернеу, ток, яғни уақыт аралығында үздіксіз өзгеретін процесс. Кез келген аналогтық ақпаратты дискретті түрде ұсынуға болады. Мысалы электр тогы кернеуінің (U) уақыт (t) бойынша өзгеруі үздіксіз процесс. Бұл аналогтық процесті U-дың t-дан тәуелді өзгеру мәндерінің сәйкес жиынтығы сияқты, дикретті түрде ұсынуға болады.Керісінше дискретті процесті аналогтық түрде ұсынуға болады. Мұндай айналдырудың маңызы зор, себебі адам сезім мүшелері арқылы сигнадарды аналогтық түрде қабылдайды, ал ЕТ-лары негізінде дискретті сигналдармен жұмыс істейді. Аналогты сигналдармен жұмыс жасайтын машиналарды аналогтық машиналар, ал дискретті сигналдармен жұмыс жасайтын машиналар цифрлық деп аталады. Аналогтық процесті дискретті түрге, және керісінше айналдыруға тақтаға тапсырма ілінеді.Тақырыпты бекітуге сұрақтар:
-
Бит, байт деген не? -
8 0 мен 1-лердің көмегімен неше символы кодтауға болады? -
Кодтау мен кері кодтау деген не? -
Сигнал дегеніміз не? -
Аналогтық сиганлдарға мысал келтір. -
Цифрлық техника дегеніміз не?
| Топ : | | | | |
| Күні: | | | | |
Біз өткен сабақта ақпаратты кодтау және ASCII кодымен таныстық. Үй тапсырмасы бойынша мынадай сұрақтарға кім жауап береді?
-
Бит, байт деген не? -
8 0 мен 1-лердің көмегімен неше символы кодтауға болады? -
Кодтау мен кері кодтау деген не? -
Сигнал дегеніміз не? -
Аналогтық сиганлдарға мысал келтір. -
Цифрлық техника дегеніміз не? -
Енді ASCII кодымен мәтінді кодтау тәсілі қандай? -
Ток сөзін кім кодтап береді?
| Ертең математикадан бақылау жұмысы болады. | Периодтық жүйедегі элементтің номері оның ядросындағы протондардың санына тең. | Әлемдегі ақпарат мөлшері әр он жыл сайын екі есе өсіп отырады. |
| Жаңа жыл 1 қаңтарда келеді. | Түнде кенет суық түсуі күтіледі. | Үздік оқушылар емтиханнан босатылады. |
| Шілдеде орташа температура 5-10 градус | Тісті екі рет жуу керек – таңертең және кешке | Пингвиндер Антарктидада өмір сүреді. |
| Жұма күні сабақтан кейін 7а мен 7в сыныптары арасында футбол ойыны болады. | HGJFGH GHGHFF TYT | Егер бір жерде біреу жоқ болса, онда біреу бір жерде бар болғаны. Бірақ бұл біреу қайда және ол қайда кіріп кетуі мүмкін. |
| Кешенді сандардың анықтамасына олармен жүргізілетін операцияларға қатысты келісімдер де кіреді. | Помпей – бұл Италияның ең құнарлы әрі әсем бөлігі, ежелгі Кампанияның көптеген қалаларының бірі. | Ағылшын тіліндегі мәтін |
Ал ең күрделісі – ақпаратты саны жағынан бағалау мәселесі. Ақпаратты техникалық жағынан өлшеуге болады. Себебі, ақпараттың қанша мөлшері хабар жіберу жүйесі арқылы өтетінін, алдыңғы ақпарат жадыдан қанша орын алғанын, келесі ақпаратқа жадыдан қанша орын бөлінуі керек екенін анықтап отыру керек. Техникада ақпаратты мағынасы жағынан бағаламай, оын тек сандық жағынан бағалайды.Техникада сақталатын, өңделетін немесе жіберілетін таңбалар, символдар тізбегі ақпарат деп саналады. Бұл ретте берілетін ақпарат көлемі нақты хабардағы символдар санын санау арқылы анықталады.Демек хабардың ақпараттық көлемі деп – хабардың ұзындығын, яғни хабарды жазу үшін пайдаланылған символдар санын айтады.Есептеуіш техникада кез келген хабар екілік алфавитте жазылады. Ендеше сндағы сақталатын, берілетін ақпарат көлемі ондағы екілік таңбалар санына тең. Осылай қарастырғанда хабардың ең кіші өлшемі бір екілік разрядқа немесе 1 битке тең болады. Одан үлкен өлшем бірлігі – 1 байт. Ол 8 битке тең. Сонымен хабардың ақпараттық көлемі бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.Сонымен бірге мынадай үлкен өлшем бірліктері де қолданылады.1 байт 8 бит1 Кбайт (килобайт) = 1024 байт1 Мбайт (мегабайт) = 1024 Кбайт1 Гбайт (гигабайт) = 1024 МбайтМектеп білім бұлағы. Қанша символ, қанша байт, қанша бит бар.Мысалы осы оқулықта 200-дей бет бар, бір бетте 38 жол, ал жолда 68 символ бар делік, егер мұнда сурет жоқ деп есептесек, онда кітапта 200*38*68 = 440800 символ болғаны, яғни 440800 байт немесе 441 Кбайт ақпарат бар. Ақпаратты өлшеу бірлігі белгілі болғаннан кейін, ол қандай жылдамдықпен берілетінін, яғни бір секундта ақпараттың қандай көлемі берілетінін анықтауға болады. Ақпараттың жылдамдығыБит/сек, байт/сек, Кбайт/сек, Мбайт/сек, Гбайт/сек өлшем бірліктерінің біреуімен өлшенеді.Тақырыпты бекіту сұрақтары:
-
Алынған хабарды қай кезде ақпарат деп есептеуге болады? -
Ақпараттың қандай қасиеттері бар? -
Ақпараттың көлемі деп нені айтады? -
Ақпарат көлемінің өлшем бірліктері қандай? -
Ақпараттың берілу жылдамдығының өлшем бірліктері қандай?