Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым министрлігі Ббек лтты ылымипрактикалы білім беру жне сауытыру орталыы Таырыбы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 39
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы
Тақырыбы: Сүйіспеншілік
Орындаған: Кабакова Жайна
Мектеп: «№6 жалпы білім беру орта мектебі» КММ -і
Мұнайлы ауданы
Жоспар
Кіріспе
I Негізгі бөлім
1. Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік
2. Жалпыадамзаттық құндылықтың ішіндегі сүйіспеншіліктің менің өмірімдегі орны
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жалпыадамзаттық құндылықтар – бұл барлық кезеңдегі адамдар үшін маңызды, аса қажетті, қалаулы өтініші емес, жынысына, ұлтына, нәсіліне, азаматтығына, әлеуметтік жағдайына, діни сеніміне және т.б. байланыссыз әр адам үшін іс жүзінде мағынасы зор құндылықтар.
Жалпыадамзаттық құндылықтар қазіргі таңда адамдардың бірлігі үшін, қоғамға қажеттіліктері, адамзаттың қызығушылықтары мен мұқтаждықтары-на жауап беретін кез келген мемлекет үшін маңызы өте зор.
Бүгінгі күнде, әлемдік білім беру кеңістігінде жастардың бойына көптүрлі мәдениетті құрметтеуге, тәрбиелеуге, рухани-адамгершілік қызығушылық-тарын оята отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік белсенділігін дамыту бары-сында қоғам үлкен жауапкершілікпен баса назар аударып отыр. Сонымен қоса, еліміз білім беру жүйесін адамгершілік пен руханилықты дамытуға бағыттауда.
Қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Атап айтар болсақ: тастанды бала, қарттар үйі, қатыгездік, табиғатты ластау, ағашты кесу, алдап соғу, жемқорлық, өлтіріп кету, өз- өзіне қол салу, т. б. толып жатыр. Адамзаттың ең асылы –«адам» деп қарайтын болсақ, онда адамның азғындауына не себеп? Әлде заман кінәлі ме?-деген сұрақтар туындайды. Көпшілігі «Заманына қарай адамы... » деген принциппен өмір суруде. Ал, заманды құрайтын адам емес пе? Міне, сонда барлығы қайтадан адамға келіп тіреледі. Сондықтан күллі әлемді сақтап қалатын бірден- бір жол рухани адамгершілік білім екені даусыз. Ал, адамның жүрегіне нұр құятын, риясыз сүйіспеншілікпен рухани бастауға жетелейтін, ол – ұстаз. Рухани- адамгершілік білімнің негізі болып табылатын «Өзін- өзі тану» жобасының авторы С. А. Назарбаева «Өмір әдебі» деген кітабында: «Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті. Сонымен қатар: «Алланың алдында бәріміз бірдейміз. Әрқайсысымыздың жолымыз, өмірлік міндетіміз бар, бірақ бәрімізге ортақ міндет – жан дүниеміздегі махаббаттың сөнбейтін шырағын жаға отырып, Адам боп қалу!» деп адамшылықты бірінші орынға қояды. Бүгінгі таңдағы жас ұрпаққа беріліп жатқан тәрбиенің түрлерін алып қарайтын болсақ, ақыл- ой тәрбиесін математика сабағы, дене тәрбиесін дене шынықтыру сабағы дамытатын болса, патриоттық тәрбиені тарих сабағында, эстетикалық тәрбие музыка, әдеп сабақтарында беріледі. Ал адамгершілік тәрбиесі тек сынып сағатымен шектеліп қалды. Ал, түсінген кісіге жас ұрпақ тәрбиесі үшін, жалпыадамзат үшін «Өзін –өзі тану» пәнінің алатын орны ерекше. Рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап жаңа нарықтық қоғам салты пайда болды. Бұл жағдайлар адамдардың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы мен оларды жүзеге асыруға түрткі болатын құндылықтарды зерттеу қажеттіліктерін туғызды. Осындай жағдайларда қоғамдық мұраттар мен адамдардың тәлімдік үдерістері өзгерді, сондықтан да білім мазмұнын түбегейлі жаңғырту, әдістерді жаңарту және жастарды оқыту мен тәрбие беру технологияларын жетілдіру қажеттілігі туындады.
Қоғамның осындай қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі жобасының авторы, еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы тұңғыш рет мемлекеттік деңгейдегі өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық құндылықтарға үйрету мәселесін көтерді. Жоба авторы «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасының мәнін ешкімге еліктемей, өзіндік тұлғасын сақтап қалу; өз мүмкіндіктерін, дарынын дамыта білу; міндетті түрде «жақсы» мен «жаманды» ажырата білу; өзінің ниетіне, сөзіне және іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау; өзімен және қоршаған ортамен жарасымды өмір сүру; адамдарға әрқашан қолынан келгенше көмектесу; өзінің ішкі «Менін» жоғалтпай, ар-ұжданымен өмір сүру; қоғамның игілігі үшін еңбек ету, үнемі кемелденіп отыру деп түсінеді. Мұның барлығы – үйлесімді дамыған адамның негізгі өмірлік ұстанымдары, яғни «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасы болып табылады.
I Негізгі бөлім
I . 1. Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік
Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына тумасынан берілген сый яғни, жалпыадамзаттық құндылықтар-адамның ішкі жан-дүние қасиетінің өлшемі, адамның жақсылыққа ұмтылуы, басқаларға жанашарлық білдіруі, айналадағы адамдарға қайырымдылығы, өзін-өзі танып, өзін-өзі бағалау арқылы дүниені, әлемді тануы деп түсінеміз.
Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен нормалар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Адам өзін қоршаған затты және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Сондықтан да дамып келе жатқан адамға қандай құндылық қажет деген сұрақ туындайды.
Табиғи құндылық –бұл адамның табиғи күші мен жан дүниесінің қабілеттілігі құндылықтары, яғни ақыл-ой, сезім, күш-жігер т.б.
Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар, яғни әдептілік, сыпайылық, сыйластық, жанашырлық т.б.
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар - ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.
Дұрыс әрекет- жүректен шығып, сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс-жүзінде қолданылатын құндылық. Ондағы сүйіспеншілік – ақиқат, істегі сүйіспеншілік – дұрыс әрекет.Дұрыс әрекет – әрекеттегі Сүйіспеншілік.
Ақиқаттан туындағанның барлығы – дұрыс әрекет.Дұрыс әркет - өмір негізі.
Адам баласы өзінің таза жүрегінде, бұзылмаған ар-ұжданына бір сәт назар аударса, оның бастауы тәрбиеге деген бейімділік екенін ұғады. Бала көзін ашқаннан бері жан-жағындағы барлық жаратылыстың адамға қызмет етіп тұрғанын және айналасындағы әр түрлі ғажайып істердің атқарылып жатқанын таза жүрекпен, кірленбеген ар-ұжданмен сезінуі тәрбие бастауының дұрыстығынан. Рухани-адамгершілік білім берудегі дұрыс әрекетке үйретудің мақсаты – рухани-адамгершілік құндылықтарға бағытталған, ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын, жетілген мінезі бар адамды қалыптастыру.
Рухани-адамгершілік сана-сезімі оянған адам ғана мәңгі құндылықтарды уақытша құндылықтардан, шынайылылықты жалғандықтан ажыратып, бақытты болып, өзгелерді бақытты етеді. Осындай білім беру адамның жетілуін қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан, данышпан Абайдың нақыл сөздерін естен шығармау керек, ол өз заманында былай жазған еді: «Адамның мінезі – ақыл мен білімді сақтайтын ыдыс. Білімдер сақтайтын ыдыс мықты болмаса, оқудан пайда болмайды».
Күнделікті өмірде мәңгі жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлана отырып, рухани тұрғыдан кемелдену қажет. Руханилық – бұл үлкен адамгершіліктік! Руханилық – бұл адамдардың шынайы және достық өзара қатынастарында көрінетін шыншылдық, данышпандық, риясыз махаббат. Заманауи қоғам жүрегі ашық, қоғамға қызмет ететін білімді адамдарды қажет етеді.
Ойды өзгерту. Білімді жетілдіру, өмір сүруді жеңілдету және барлық істерді сәтті тыңдыру үшін тек қана адамның өз ойларын дұрыс басқару қабілетінен басқа ештеңе қолайлы жағдай туғызбайды. Ақыл- парасатты меңгеру ісінде осы ойларды билеу мен бағындырудан асқан қиын нәрсе жоқ та шығар. Адамның ақылы әрқашан еркін және өзіне кездесетін алуан түрлі нысандармен байланысқа түсуге дайын болып, оған сол сәтінде қажетті саналатын мөлшерде ғана зейінін бөлуге тиіс.
Әлемде кеңінен тараған келеңсіз жағдайды ескере отырып, қазіргі таңда қоғамға жетіспейтін риясыз махаббатты ояту керек. Біз қазір жеке эгоистік қызығушылық қасиеттер үстемдік ететін ғасырда өмір сүреміз.
Өзімшілдік – адамның қасиеті, риясыздық – рухани – міне осы ақиқат адамның рухани байлығы мен тектілігін көрсетеді. Ол адамзаттың бүкіл жақсылығының қайнар көзі.
Сократтың айтуы бойынша ұстаздың негізгі міндеті –оқушының мықты рухани күштерін ояту. Сократ тәрбиелудің жолдарын-өзін-өзі сараптаудан, өзін-өзі жетілдіруден көреді. Тәрбиелеудің мақсаты-өзін-өзі тану.
- Әр адамның бойында бар Ар – ұждан дауысын ажырата және ести білу қабілеттерін ояту.
-Күнделікті өмірде дұрыс әрекет ету дағдысын және жүзеге асыратын ойларын, сөздерін және іс-амалдарын бекіту.
Ақиқат жолымен жүргенде дұрыс әрекет туындайды, оның қағидаты-өзіңе де, өзгеге де, табиғатқа да еш зиян келтірмеу. Ол үшін табиғаттың, моральдың және мемлекеттің заңдылықтарын білу, құрметтеу және орындау қажет.
Бақытты адам:
-өзге адамдардың өзі туралы не ойлайтынын уайымдамайды;
-Барлығынан жақсылық көруге тырысады.
Бүгінгі күн керемет, бірақ мен оны көре алмаймын.
Ежелгі Қытай ойшылы Конфуцийдің айтуы бойынша жан-жақты толысқан, адамгершілік қасиеттері мол «жетілген адамның бойында» негізінен екі қасиет болуы қажет, олар: адамгершілік пен парыз сезімі. Басты қасиет парыз сезімі керек. Парыз – бұл моральдық міндет болып саналады. Парызды сезіне білудің өзі білім мен жоғарғы принципке, жалпы алғанда, адам бойындағы ізгі қасиеттерге тікелей байланысты болып келеді.
Конфуцийдің ойынша адамгершілігі мол кісіде мына бес қасиет болу керек:
Кісіге шын құрмет, кеңпейілділік, шыншылдық, зеректік, мейірбандық.
Конфуцийдің «Өзіңе не тілемесең, басқаға да сонны тілеме» деген ойы философия тарихында «адамгершіліктің алтын ережесі» деп аталды».
2. Жалпыадамзаттық құндылықтың ішіндегі сүйіспеншіліктің менің өмірімдегі орны
Сүйіспеншілік менің өмірімде...
«Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктіретін болса,ол кемел ұстаз»
К.Д.Ушинский
Сүйіспеншілік тіршіліктің негізгі тірегі.Сүйіспеншілік –тіршіліктің өзекті нұры әрі ең басты қуат көзі. Жарық дүниедегі жауыздық, кедергілердіде жоятын күш осы сүйіспеншілік.Көңілі сүйіспеншіліктің түбіндегі әрбір тасын санап алуға болатын кәусар бұлағынан мейірім қандырған жанның рухы кемелділік көгінде қырандай қалқып,мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Тіршіліктің бастауы анадан кіндігіміз ажыраған сәттен бастап аллах қалауымен біздің жүрегімізге сүйіспеншілік құндылығы құйыла бастайды. Ал оны әрі қарай жалғастырып өмір жолында, қызметте іске жарату ол әрбір пенденің өмір жолындағы ізі. Абай атамыздың қара сөзінде «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.» дейді. Қарап отырсақ біз айналамызда көргенімізден тәжрибе аламыз. Ал өзіміздің қаншалықты көрген болуымыз ол біздің іс –әрекет нәтижеміз. Сондықтан көрегенділіктің бір ұшында естілік бар. Естілердің қатарында болу үшін біз рухани бай болуымыз керек. Әрине айналамыз жақындарымыздың арасындада кемшіл тұстар болуы мүмкін. Бірақ біз оларға көз жұма қарап «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» дегенге салатын болсақ. Сол көргенімізді жасырып екі еселеп құндылығымызды қуаттауға бейім болуымыз керек. Біздің қоғам мен өмір сүріп отырған орта, ол, болашаққа менің салар соқпағым ал, ол менің ұрпағым жүрер сара жол. Мен өзіме үлкен жүк артамын бқл жолда мен құлауым мүмкін бірақ қайта тұрып жүгірерім хақ, мені құлатуы мүмкін мен алға ұмтылудан жалықпауым керек, менде қиындықтар болуы мүмкін мені әнгүдіккеде балауы мүмкін бірақ бұл мен таңдаған жол. Ол жолда өтірікке, қиянатқа, ішітарлыққа, көре алмаушылыққа жол жоқ.
Бұл маған ата –анамнан, біз үшін үңгірде өмір сүріп тек сүйіспеншілік ғана көргісі келген Шәкәрім атамыздан, шындыққа шырылдап бауырларымен тартысып еліне қорған болған Абай атамнан, білім беру жолында ұлы еңбек сіңірген Ыбырай атамнан , *Мен жастарға сенемін* деп жырлаған Мағжан атамнан қалған аманат. Ал бұл қастерлі құндылықты одан әрі ұрпаққа жеткізу менің борышым. Бұл жолда тынбай еңбек ету арқылы құндылықтар галактикасында Ақиқат, Дұрыс әрекет , Ішкі тыныштық , Қиянат жасамау және Сүйіспеншілік шоқ жұлдыздарының сақшысы болмаққа бет алдым. Мақсатып айқын міндеттерім көп. Мен жалғыз емеспін мен аманаттың қорғаушысы келер ұрпаққа сара жолды насихаттаушымын. Ол қадамды дұрыс жасау үшін мен таңдаған мамандықта дәл келеді. Мен мұғалім бола отырып құндылықтың күре тамырын бала бойына дарытуға мектептемін. Құндылықтарды өмір жолымен сабақта пайдалану арқылы баланы әрбір жүрген ізден құндылық көруге бейім болары сөзсіз. Сондықтан сабақ бала өмірімен айналасымен байланысты болуы әбден міндетті. Әрбір сабақта ең бірінші бала үшін үлгіні іс –әрекеттер нәтижесімен көрсеуім міндет. Сабақ барысында сыныпта әртүрлі оқуышмен кездесеміз. Рухани —адамгершілік білім—бұл ішкі жан дүниедегі оқиға.Адамның жан дүниесі сүйіспеншілікке ғана ашылады.Сондықтан әрбір іс –әрекетім сүйіспеншілікпен жалғасады. Өткен тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылай отырып мынаны ескермін: Талап етуден көрі көмектесу үйретуден бұрын сүю маңызды.Сабақты сүйіспеншілікпен жүргізу үдерісі нәтижеден де маңызды.Мать Тереза «ұлы нәрсе іздемеңдер,алайда кішкентай істі ұлы сүйіспеншілікпен жасаңдар» істейтін ісіміз болар болмас болған сайын сүйіспеншілігіміз шексіздікке жалғасуы тиіс. «Егер кімде-кім балалардағы үйлесімді тәрбиелегісі келсе,олар ды сүйюге үйретсін» Ш.А.Аманашвили. Ендеше сабақтың қорытындысы олардан нені байқаймын бірінші жәудіреген көздер, бәрі білім теңізіне ұлы сүйіспенлікпен саяхатқа шықты. Бұл нәтиже бұл жолда кедергілер көп бірақ бәрін сүйсіпеншілікпен шешу маңызды. Шығыстың ұлы ғалымы әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды ай-тып берейін» деген екен. Мен тәрбиелеген жас ұрпаққа сенім білдіре отырып олардың бойларынан ұлы сүйіспеншіліктің ұшқынын көре оытрып мақсатыма жетер шақтағы жолымның болғанын сезінеміз. Олрға мен сүйсіпеншіліктің өткізгіштігін сыйладым, оларда оын әлемге таратуды.
Мақсат бір, міндет айқын іс –әрекетте жоғары құндылықтарды пайдалансақ ескегімізді бірдей есіп жағаға келер сәтте алыс емес. Ол сәттен мен білім берген ұрпақ ұлы аманатқа ие екенін сезіне білу керек. Себебі ол амантты өз ұрпағына жеткізу арқылы біз әлемді сақтап қаламыз.