Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым министрлігі Ббек лтты ылымипрактикалы білім беру жне сауытыру орталыы Таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 40

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жалпы алғанда құндылықтар, оның ішінде сүйіспеншілік бұл эмоция емес, Сүйіспеншілік бастан болмаса ауыздан шықпайды , ол жүректен. Ол дүниені өзгертуге бейім,өмір беруші жане демеуші қуатты энергия. Ал мен Сүйіспеншілік энергиясын өткізгішпін, таратушымын менің шәкіртерімде сол жолмен жүрмек. Жалпыадамзаттық құндылықтар табиғи және жүре пайда болған құндылықтарды да қамтиды.

Ақиқат-ойдағы Сүйіспеншілік .

Дұрыс әрекет –іс әрекеттігі Сүйіспеншілік.

Ішкі тыныштық –сезімдегі сүйіспеншілік.

Қиянат жасамау –түсінісудегі Сүйіспеншілік

Жалпыадамзаттық мәнгілік құндылықтар бір тұтас, өзара тығыз байланыста болады, бір-бірімен ынтымақтаса отырып, адамның руханилығы мен мәдениетінің негізін құрайды.

Жалпыадамзаттық құндылық дегеніміз -белгілі адам үшін емес,бүкіл адамзат қауымы үшін маңызды құндылықтар. Сүйіспеншілік- дүниені өзгертуге бейім,өмір беруші және демеуші қуатты энергия.

Сүйіспеншіліктен сүйіспеншілік пайда болары анық, адам бойындағы осы бір пәк таза құндылықты қастерлей отырып оны тек өзі тәріздес нәзітікпен, тазалықпен қоректендірсе бойымыздан жоғары құндылықтар бой көресетер еді. Бәріміз бірдей сезіне алмауымыз мүмкін бірақ шынайы ниет болса, бойымыздағы осы құндылық үшін бүкіл дүниеден бас тартуға болар еді.

«Махаббатта астар көп. Бұлардың әрқайсысының өз жарығы, өз мұңы, өз бақыты, өз рақаты бар» К.Г.Паустовский. Сондықтан сүйіспеншіліктен туындаған мұңның өзіннен жоғары адамгершілікті байқауға болады. Құндылықтар көкжиегі бқл сүйіспеншілік. Сүйіспеншілікбар ортада күн шуағы төр түстанда шашып тұр десек болады. Мен өзім үшін арқалап келе жатқан аманатым үшін. Төрт жағы төрт құбыла, кемелкелешектің кілтін табыстар ұрпақ үшін айтарып. Сүйіспеншілік ол сен. Ол сенің ішіңде сенің жан дүнииңде тек оны сүйіспеншілікпен ғана коректердірсең сүйіспеншілік тулады. Айналаңа сүйіспеншілікпен қара, бүкіл әлем сенннен үміт күтіп тұрғандай сезін. Барлық әлемге сүйіспеншілікті өткізгіш күш екеніңді ұмытпа. Себебі бұл қазыналы құндылығымыздың аманат жүгі. Адамзатты жаратқан махаббатпен Абай атамыздың сөзі. Біздің болмысымызды ол сүйіспеншіліктен. Сондықтан мен ұстаз ретінде шәкірттеріме тек сүйіспеншілік таратамын. Оларда отбасыларына ал отбасылары айналарасына және мен өз ортама осылайша мен аманат жүгін баршаға таратамын. Біз өткізгішұлы көшпіз. Көшіпізге жеткен аманатты жоғалтып алмай махаббатты, жылуды қайдан іздеу керегін ұрпаққа дұрыс жеткізейік. Бәрінің бастауы сүйіспеншілік!


Қорытынды
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасының авторы С.А. Назарбаева: «Ғасырлар тоғысында біз ойда-жоқта тәрбиенің басты мақсаты – бала компьютер тетіктерін басып, ағылшынша былдырлап сөйлей білсе жеткілікті деп шештік. Міне ол дап-дайын – жаңа формация адамы! Ал сол баланың мейірімділік пен зұлымдықтың айырмашылығын ажырата алмайтыны, жақынының ауыртпалығын бөліспейтіні бізді ойландырмайды да... Мен балалардың жастайынан салауатты және бақытты болу өнерін меңгергенін, өмір даналығын бойына сіңіріп, адамзатқа риясыз қызмет ету арқылы бақытқа бөленуді үйреніп өскенін қалаймын. Өздерінің кім екенін, не үшін өмір сүретінін, неге ұмтылатынын терең түсінуі керек. Әр адамның өзін-өзі тануы қажет». Сондықтан да жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеуде менің яғни өзін өзі тану пәні мұғалімдерінің орны ерекше деп білемін. Мұғалім өз сабағын сүймесе, әр баланы жақсы көре алмаса, оларды сүйіспеншілік нәрімен сусындата алмайтыны анық. Білім берудің шынайы мақсаты – адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана емес, сондай-ақ сүйіспеншілікпен оның рухани, адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамыту.

Қазіргі балаларға рухани-адамгершілік жағынан  қолдау ауадай қажет. Себебі: заман өзгерісіне қарай балалардың өмірге деген көзқарастары басқаша. Сондықтан да әрбір ұстаз, әрбір ата-ана бала бойына осы жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіре білу керек. Оларға үнемі ұлы ғұламалардың нақыл сөздерімен, мақал-мәтелдер айту арқылы бойына жақсы қасиеттерді сіңіруге қолдау көрсетіп отыру керек деп ойлаймын.

Әсіресе өмірмен тікелей байланысты жағдайларды үнемі есіне түсіріп, дәлелдеп, қайталап айту арқылы санасына жеткізу керек деп ойлаймын. Сондықтан адамдар бір-бірін сүю, құрметтеу, жақсы көру сезімін жетілдіру қазіргі заманда ауадай қажет. Яғни, бүгінгі күнде қоғамға рухани байлықты, адамгершілікті, ойы, ісі, сөзі бір жерден шығатын ізгі адамдарды тәрбиелеу керекпіз деп ойлаймын.

Жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген білім беру адамдармен және айналамен бір мезгілде үйлесімділік тудырып, бибітшілік пен жетістікке жеткізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  2. Өзін – өзі тану № 9, 2012 ж

  3. Абай. Қара сөз. – Алматы. 1993.