ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 29
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жүсіп Баласағұни
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (шамамен 1017/1021–1075) – ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Туған жері- Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласы. Бұрын бұл қаланы «Күз Орда» деп атаған.
Жүсіптің әкесі де ақын, өнерпаз кісі болған. Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласында хан сарайында өлең айтып, күй шерткен. Кейін ол іске баласын да тартып, Жүсіп әкесімен бірге хан сарайында қызмет еткен. Онда жүріп қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарынан білім алады. Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Замандастары мен өзінен кейінгі ұрпақтарға дарынды ақын ғана емес, ғалым ретінде де танымал болған. Философия, математика, медицина, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, т. б. ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидың есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құдадғу біліг» («Құтты білік») дастаны арқылы қалды. Ол бұл дастанды хижра есебімен 462 жылы, қазіргі жыл санау бойынша 1070 жылы жазып бітірген. Дастанды «хандардың ханы» — Қарахандар әулеті мемлекетінің негізін салушы Сатұқ Қара Бұғра ханға тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұнға «хас хажиб» — «бас уәзір» немесе «ұлы кеңесші» деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш көшірме нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласында 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14-ғасырдың бірінші жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманган қаласынан табылған үшінші нұсқасы 12-ғасырларда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсқаның әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, «Құтты білік» дастанының ғылыми негізделген толық мәтінін жасап шықты. Дастанның көне қолжазбасы табылғанын әлемге тұңғыш рет хабарлап, 1823 жылы «Азия» журналында (Париж) Вена нұсқасынан үзінді жариялаған француз ғалымы Жауберт Амадес еді. Венгер ғалымы Германи Вамбери «Құтты біліктің» бірнеше тарауын неміс тіліне тәржіма жасап, 1870 жылы Инсбрук қаласында жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғылыми мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В. Радлов жиырма жыл бойы үзбей айналысты. «Құтты білік» дастанын К. Каримов өзбек тіліне, Н. Гребнев пен С. Иванов орыс тіліне, А. Егеубаев қазақ тіліне, бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады. Дастанның әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан ғылыми мәні ерекше. Бұл шығарма бертін келе қазақ халқының этникалық құрамын қалыптастырған ру-тайпалардың орта ғасырлардағы тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, әдет-ғұрпын, сөз өнерін, тілін зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды мұра. «Құтты білік» поэмасы түркі тіліндегі энциклопедиялық шығарма. Оны жазуда автор саяси сарынды басшылыққа алғандығын аңғару қиын емес. Ол Қарахандар жоғары дамыған Мәуреннахр, Шығыс Түркістан тәрізді аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. Шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады. Сонымен бірге
Баласағұни философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда да болды. Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. Шығармада шамандық түсініктер көрініс тауып, исламдық идеология да елеулі орын алады. Бұл жайында А. Романов пен С. Иванов: «Жүсіп Баласағұнидің „Құтты білік“ поэмасы ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма», — деп баға береді. Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері де енген.
Ақын „Құтты білікте» қандай адам, ұлы хас хажиб» болып істеуі мүмкін деген сауал қойып, оған өзі егжей- тегжейлі жауап айтады. Ұлы Хас Хажиб — әмірші-патшаның көрер көзі, естір құлағы, ол мемлекет заңдары мен сол елдің әдет-ғұрпының дұрыс орындалуын қадағалап отырады. Ал ұлы уәзір — қазына ісін басқарушы адамға, сарайда қызмет ететін хат көшірушілер мен қол өнершілерге патша атынан әмір береді, елшілерді қабылдап, шығарып салып отырады, ресми түрдегі салтанатты жиындардың заңға сәйкес өтуін қадағалайды, әрі кедейлер мен жетім-жесірлердің арызын тыңдап, оны эликбекке, яғни Табғаш Қара Бограханға жеткізіп отыруы тиіс. Бүған қарап, Жүсіп Баласағұнның патша сарайында қандай қызмет атқарғанын ғана емес, сонымен бірге ақын „Құтты білікте» өзіне өте жақсы таныс мәселелерді мейлінше терең біліп барып жазғанын да аңғарамыз.
Құтты білік» дастаны жөнінде тұңғыш рет баспасөз бетінде хабар беріп, оның нұсқасының бір бөлігін 1823 жылы „Азия журналында» бастырып шығарған ғалым француз Жауберт Амадес болды.
„Құтты білік» дастанының басты идеясы төрт принципке негізделіп жазылған.
Б і р і н ш і с і, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды, нақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді.
Е к і н ш і с і, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі дастанда патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.
Ү ш і н ш і с і, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық рөлі уәзірдің баласы Үғдулміш бейнесінде жырланады.
Т ө р т і н ш і с і, қанағат-ынсап мәселесі. Бүл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Одгурміш бейнесі арқылы әңгіме болады.
Ақын уәзір мен әскербасы қандай адамдар болу керектігін сипаттап береді. Мәселен, ақын елші болатын адамдарға өте жоғары талаптар қояды:
Елші ерекше, барлық елдің сарасы,
Артық біткен білім, ақыл-санасы.
Құдайдын ең асыл құлы — елшілер,
Ізгілерде ақылды, ұлы — елшілер!
Талай ізгі істі солар тындырар,
Ақылымен жауыздықты сындырар.
Жасқау керек қиялымен жасынды,
Тілге шешен, болу керек ақылды.
Зерек біліп, сөздің тысын, ішін де,
Түзей алса, елдің бұзық ісін де.
Мейірімді болсын көңілі, көзі тоқ,
Қылқы жақсы, мірдей үшқыр, сөзі
Сүқ көзділер көзін ашып қарамас,
Ондай пенде елшілікке жарамас!
Көзі тоқ ер кедейлігін білдірмес,
Сабырымен сараңдарға ілдірмес.
Кітапты оқып, сөздің мәнін түсінсе,
Өлеңді ұғып, ойды өлеңге түсірсе.
Жұлдыз танып, жори білсе түсті де,
Сөзі дәл кеп, емдесе оның үстіне.
Аңшы болса, ат құлағында ойнаса,
Құралайды көзден атып, қоймаса.
Тілін ашса-ақ, сайрап кетсе сан тілді,
Жазбаларды, білсе әріпті сан түрлі.
Елші ердің төрт құбылысы тең болсын,
Елде — кісі, сыртта бүтін ел болсын!
Ақынның білімді қаншалықты жоғары бағалайтынын дастанның атынан-ақ аңғару қиын емес. Жүсіп Баласағүн өз шығармасын „Құтты білік» (немесе „Бақытқа бастаушы білім», „Берекелі білім», „Нұрлы білім» деп аударуға да болар еді) деп тегін қоймаса керек. Дастанда оқу-білім, ғылым мәселелеріне арналған арнайы тараулар бар. Сонымен бірге, ақын мемлекет, қоғам, ел басқарған әкімдер, мораль, этика, т. б. мәселелерге арналған тараулары да білімнің күш-қүдіретін ардақтап, ғалымдарды көкке көтере мадақтайды. Мысалы:
Ақыл — шырақ, қара түнді ашатын,
Білім — жарық, нүрын саған шашатын.
Ақыл болса, асыл болар — болса ер,
Білім кімде болса, бектік қылар — қылса ер.
Кісі үланы қара жерге қол салды,
Көтерді бәрін, білімін ол қолданды.
Ақылымен кісі асыл атанар,
Бекке ел ісі білімімен жасалар.
Талай ізгі іс, атқарылды ақылмен,
Мың рахмет ақыл-еске асыл кен!
Пайдасы көп, аз ақылды аз деме,
Қадыры көп, аз білімді аз деме!
Жұпарға үқсап білім де тез таралар,
Сақтап болмас басқалардан даралап.
Жасырсаң жұпар, оны иісі білдірер,
Жасырсаң білім, тілің айтып бүлдірер.
Білім — байлық, азаймас һәм жоғалмас,
Еш қарақшы, ұрыға да тоналмас!
Ақыл, білім бейне кісен кісіге,
Кісенді ашып бармас қылмыс ісіне.
Ғалымдар — қалың бұқараны ақыл-парасатымен басқаруы керек.
Жақсы мінез-қүлық, әдептілік, кішіпейілдік ең алды- мен адамның тәлім-тәрбиесіне байланысты деп түйеді. Сондықтан жас нәресте өмірге келісімен-ақ оны тиісінше тәрбиелей бастау — әке-шешенің қасиетті борышы екенін айтады. Ақын, әсіресе, жастарды өркөкірек, тәкаб- бар, қуыс кеуде болудан көбірек сақтандырады. Кішіпейілділік — үлкенге де, кішіге де бірдей жарасатын қымбат қасиет екенін ескертеді:
Кісілік қымбат емес, кішілік қымбат.
Ұлық болсаң, кіші бол.
Жүсіп Баласағұн әдептіліктің сан түрін жырлай келіп,солардың ішіндегі ең бастысы — тіл әдептілігі деген қорытынды жасайды. Дастанның бір тарауы, дәлірек айтсақ, жетінші тарауы түгелдей осы мәселеге — тіл әдептілігіне, яғни мәнерлі, мәнді, сыпайы сөйлей білу өнеріне арналған. Автор оқушысын абайлап, ойланып- толғанып барып сөйлеуге, тілге сақ болуға шақырады. Қысқаша әрі мазмұнды сөйлей білу — әдептіліктің басы деген пікір айтады.
Енді Жүсіп Баласағүнның сөз өнері туралы жыр жолдарынан бірнеше мысал келтірейік:
Тілімнен көп жапа жектім, есебім:
Бас кесілмес үшін тілді кесемін!
Біліп айтқан сөз — білікті саналар,
Біліксіз сөз басыңды жеп, табалар.
Көрген емен көбік сөзбен оңғанды,
Тобықтай түй тоқсан ауыз толғамды!
Сөз кісіні үлы қылар, бек қылар,
Көп сөз басты қара жерге кеп тығар.
Көп сөйлесең, „Езбесің»— деп жек көрер, Сөйлемесең, „Мылқау»— екен деп сөгер!
Бұлай болса, тең ортасы — керегің,
Тілге үстамды болсаң, өсер беделің!
Тіліңді бақ, басың аман болады,
Сөзді қысқа айт, жасың ұзақ болады.
Қалар мүра — сөз, кісіден кісіге.
Сөзді мүра түтсаң, пайда ісіңе.
Мұндай мысалдарды дастаннан көптеп келтіруге болар еді.
Абай атындағы үш тілде оқытатын ДБА мектебі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Жүсіп Баласағұни
Сыныбы: 6 «З»
Орындаған: Мамытбек Аяжан