ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 14.11.2019

Просмотров: 243

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

18-19 ғасырдағы философиялық-ағартушылық ой-пікір:

1.Ш.Уәлихановтың философиялық көзқарастары.

2. Абайдың философиялық көзқарастары.

3. Ш.Құдайбердиевтің философиясы.

Шоқан Уәлиханов - XIX ғасырдағы қазақ философиясының көрнекті өкілі. Тарихшы, саяхатшы, аз болса да өте мәнді өмір сүріп, қазақ халқының тарихында ерекше із қалдырды. Оның негізгі еңбектерінің ішінде «Бақсылық туралы», «Сот реформасы туралы», «Даладағы мұсылмандық туралы» деген дүниетанымдық, қоғамдық мәселелерді зерттейтін еңбектері бар.

Уәлиханов саяси және құқықтық теорияларды жақсы білді. Оның пікірінше, саясат – бұл билік және оны орнату тәсілдері. Билік мемлекеттің негізгі функциясы, оның құрылымы және іс - әрекетінің мағынасы үстемдік ететін күштерге байланысты.

Шоқанның ғылыми зерттеулерінің негізгі тақыптары халқының тарихы, тұрмысы және адамгершілік мәселелері.

2. Абай Құнанбаевтың философиялық ойлары терең және жан-жақты. Оның шығармашылығындағы дүниетанымдық сұрақтар құдай мен табиғаттың, құдай мен адамның, жан мен тәннің, өлім мен өмірдің арасындағы қатынастар мәселесі болып табылады. Абайдың пікірінше, құдай - әлемнің алғашқы себебі немесе түпнегізі. Құдай әлемді жаратты, сонан соң ол оның дамуына араласпайды, яғни әлем өзіндік заңдарына сүйеніп дамиды.

3. Қазақ философиясының көрнекті өкілі – Шәкәрім Құдайбердиев. Ол арнайы философиялық трактат «Үш анықты» жазған. Өзінің рухани ұстаздары Шоқан, Абай, Ыбырайға қарағанда грек, европа философиясының тарихын тереңірек біліп, оған баға беріп, өзіндік ой қорытты. Шәкәрім өте білімді адам. Ол Батыс пен Шығыстың мәдениетін жетік білген.

«Үш анықта» белгілі, белгісіз көптеген ғалымдардың аттары келтірілген. Бұл ғалымның іздену аясының кеңдігін дәлелдейді.

Шәкәрім философия тарихында маңызды екі бағыт, екі түрлі дүниетанымдық ұстаным бар екенін дұрыс түсінген. Мұның өзі үлкен жетістік.

19-20 ғасыр орыс философиясы. Славянофильдер мен батысшылдар:

Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен рөлін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі.Орыс философиясы қалыптасуының бастапқы кезеңі – XI - XVII ғасырлар, өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік философиямен байланыстылығымен сипатталады, бірақ сонымен қатар оның төлтумалылығын да теріске шығаруға болмайды. Ол Киев Русінде пайда болады және 988 жылы Русьтің шоқынуынан басталған христиандандыру үдерісімен байланысты болды. Өзінің пайда болуында ол, бір жағынан, славяндық пұтқа табынушылық дүниетанымының бірқатар белгілері мен бейнелерін қабылдаса, екінші жағынан, христиандықты қабылдау нәтижесінде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы антик философия-сының көптеген идеяларын бойына сіңірді. Мұнан өзге Византиямен қатынас Ресейге шығыстық христиандық философия тұжырымдамаларының бекітілуіне ықпал етті. Осылайша орыс философиясы философиялық ой дамуының негізгі бағытына сай дами отырып, христиандандырылған күйінде болса да антиктік, византиялық, ертеболгар дүниетанымы идеяларын бойынасіңірді. Оның үстіне орыс философиясы IX ғасырда Кирилл мен Мефодий қалыптастырған өзінің жеке жазба тілін әуел бастан қолданды.Философиялық білім дүниетанымдық функциямен қатар данышпандық қызметті де атқарады, ал Ертедегі Русьтің рухани өмірі монастырларда (ғибадатханаларда) шоғырланғандықтан, бұл философиялық ілімнің сипатына өз әсерін тигізді. Жалпы алғанда, философиялық және тарихи ой христиандық принципіке негізделді. Адамзат пен орыс халқы тағдырларын философиялық пайымдауда әуел бастан-ақ патриотизм мен тарихи тереңдік орын алады. Ең алғашқы орыс философы - киевтік митрополит Илларион (XI ғасыр) «Заң және береке туралы» сөзінде-ақ «орыс жерінің» қасиетті дүние құдіретінің жалпыәлемдік үдерісіне енуін дінтанулық тарихи тұрғыда негіздейді. Оның жұмысында Ресейдің тағдыры және орыс халқы мен орыс мемлекетінің әлемдегі мәні мен мақсаты туралы терең пайымдаулар кездеседі. Сонымен орыс философиясындағы ой «орыс идеясы» ағымында қалыптасты. Ресейдің ерекше тағдыры мен орны туралы идея XVI ғасырда қалыптасып, орыс халқының ұлттық өзіндік санасының алғашқы идеологиялық құралы болды. Орыс идеясы мұнан әрі қарай отандық философияның XIX ғасыры мен XX ғасырдың бастапқы кезеңдерінде қалыптасты. Бұл кезеңдегі оның негізін салаушылар П.Я.Чаадаев, Ф.М.Достоевский, Н.И.Бердяевтер болды. «Орыс идеясы» әлем халықтарын бүтіндей біртұтастыққа біріктіретін жалпыадамзаттық идеяның терең көрінісі болды. Бұл идея бойынша тек Ресей ғана христиандық негізінде бүкіл адамзаттық өркениеттік қозғалыстың басында болуы тиіс.Орыс философиялық ойындағы қызықты ізденістер XVI— XVIII ғасырлар бойында жалғасын тапты және екі үрдістің қарама-қайшылығы негізінде өтті.

Абай Құнанбаевтың философиялық ойлары:

терең және жан-жақты. Оның шығармашылығындағы дүниетанымдық сұрақтар құдай мен табиғаттың, құдай мен адамның, жан мен тәннің, өлім мен өмірдің арасындағы қатынастар мәселесі болып табылады. Абайдың пікірінше, құдай - әлемнің алғашқы себебі немесе түпнегізі. Құдай әлемді жаратты, сонан соң ол оның дамуына араласпайды, яғни әлем өзіндік заңдарына сүйеніп дамиды.

Құдай адамды да жаратты. Бірақ ол күнделікті ісіне араласпайды. Адамның белсенділігін көрсете отырып, Абай құдай адамды ақылды немесе ақымақ, мейірімді немесе қатал, бай немесе кедей еткен жоқ. Бәрі адамның өзіне, оның ақылына және қоршаған ортасына байланысты.

Абай дүниетанымының өзегі, күре тамыры – адам. Адам Абай үшін оның организмін, іс - әрекетінің мақсатын және үйлесімділігін, талап – тілегі мен қызығушылығын зерттегенде физиологиялық – психологиялық нысан, ал таным процесінің мәнін түсіндіргенде – философиялық нысан, жақсылық пен жамандықтың мағынасын алып, «Адам бол» этикалық принципін негіздеген уақытта этикалық нысан болып табылады.

Таным, Абайдың пікірінше, - адам тіршілігінің маңызды мақсаты, адам жанының бірден – бір қажеттілігі.

Табиғат пен қоғам ұдайы өзгерісте, дамуда. Қоғам дегеніміз – ұрпақтың үнемі ауысып отыруы.

«Адам бол» деген Абай принципінің мәні адамды, оның ролін жоғары бағалауында. Ойшылдың пікірінше, әр адам еңбекқор, әділетті және гуманды, адал, мейірімді болуы керек

Ағартушылық философия 18ғ.француз маериализмі:

Ағартушылық таза философиялық ілім емес, оның құрамында қалыптасып келе жатқан буржуазияның идеялық және саяси өзіндік санасының мұраттары да көрініс тапты.

Англияда, Францияда ағартушылық қайраткерлері ақыл – ойлы негізгі культке айналдырды. Феодалдық қоғамның қалдықтарын сынға алды, ғылыми – философиялық ойлаудың, көркемөнер шығармашылықтың адамдардың пікірі айту қабілетінің еркіндігін жақтады.

Француз ағартушылығының көрнекті өкілдері – Франсуа Вольтер (1694-1778), Жан Жак Руссо (1712-1778), Дени Дидро (1713-1784), Жан Батист Д`Аламбер (1717-1783), Жюльен Ламетри (1709-1751), Клод Гельвеций (1715-1771), Поль Гольбах (1712-1789).

Вольтердің негізгі еңбектерінің бірі – «Метафизикалық трактат». Ол ағылшын философтары Ф.Бэкон мен Т.Гоббстың шығармашылығын жоғары бағалап, эмпиризмнің ықпалында болады. Көп уақытқа дейін Декарт идеяларына самарқаулық танытады. Вольтер тәжірибенің танымдық маңызын анықтап, оның теорияға қатынасын түсіндіруге тырысады.

Вольтер философиялық еңбектерінде адамдардың теңдігі туралы да мәселе қойылған. Ол саяси теңдік, заң мен құқық алдындағы теңдікке ерекше көңіл аударған.

Қоғамда заңның үстемдігі мен билікті болу идеялары Ш.Монтескьенің болашағы мол өскелең ойлары болып табылады.

Жан Жак Руссо (1712-1778) – кедей ортаның өкілі, оның әкесі сағат жөндеуші және биді үйретуші болған. Руссоның шығармашылығы жан-жақты, театр шығармашылығынан басқа ол ғылым мен өркениетті сынаумен, экономикалық, әлеуметтік – саяси мәселелермен айналысқан. Оның «Эмиль немесе тәрбие туралы» және «Жаңа Элоиза» шығармалары жетілген, табиғи моральдың жобалары болып табылады.

Руссоны қызықтырғанең маңызды мәселе – адамдар арасындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі.

Дени Дидро (1713-1784) ғылым, өнер және қолөнер энциклопедиясын жасауды ұсынды.


Адамдардың іс әрекеті мен қоғамдық қатынастары:

Қоғамдағы адамдар арасындағы өзара қарым – қатынас жалпы қоғамдық қарым – қатынастардан өзгеше. Ол – жеке адамдардың өздерінің арасында қалыптасатын қатынастар. Олар этикалық өлшемдерге негізделеді, өйткені адам өзінің жеке өмірі қарым – қатынастарын адамгершілік талаптарына сүйеніп, құрады. Өзіне көңілі жақын адамдардың ұлтына, кәсібіне, әлеуметтік статусына онша мән бермейді. Өйткені, тұрмыстық қажеттіліктер мен уақытты бірге өткізу мүмкіндігі қызықтырады. Бұл жағдайда адамдардың рухани – мәдени деңгейлері маңызды роль атқарады. Қоғам деңгейінде бір – бірімен әрекеттесетін пенделердің саны әр түрлі, көпжақты болады. Осы екі үлкен топты біріктіретін маңызды фактор – олардың қоғамдағы әлеуметтік топтар мен таптар қарым – қатынасынан тысқары, алшақ өмір сүру жағдайы. Жастар әлі қоғамның негізгі әлеуметтік өміріне белсене араласа қоймаған, ал қариялар қоғамдық өмір қатынастарынан ығыстырылу жағдайында тіршілік етеді. Сондықтан, осы екі топта жеке адам аралық қатынас кеңінен орын алады. Түптеп келгенде, қоғамдық қатынастардан адамаралық қатынастарды бөлектеу салыстырмалы сипатта болады. Өйткені, кез – келген, адамаралық қатынас қоғамдық қатынас болып табылады.

Ақын - жыраулардың философиялық ізденістері:

XV-XVIII ғасырлар аралығында қазақ философиясы негізгі үш бағытта дамыған.

Бірінші, көрнекті бағыт жыраулар философиясы, екінші – билер, ал үшінші – зар заман философиясы.

Жыраулар философиясы Асан Қайғы, Қазтуған (XV ғ.), Доспамбет, Шалкиіз (XVI), Ақтамберді, Тәтіқара (XVIII), Үмбетей, Бұқар есімдерімен белгілі.

Жырау кім? Белгілі хандардың ақылшысы, қоғам қайраткері, қолбасшы, әскербасы, батыр, сонымен қатар, табиғи дарынының арқасында суырып салма ақын да болған ерекше тұлғалар.

Жыраулар поэтикалық сипаттағы толғауларды дүниеге келтірген. Олардың шығуына себеп болған маңызды оқиғалар – ұлт – азаттық қозғалыс, саяси жаңару, қоғамның даму жолдары, өмір туралы ізденістер. Толғаулардың тақырыптары - өмір, ел, адам, туған жер, азаттық, адамгершілік мәселелері.

Жыраулар – жаратылыс философиясының сырын ұғып, өмір тұтқасына дер кезінде жармасып, озбырлармен арбасып, тарихпен сырласып, өз халқының мұңын мұндаған даналар. Олар өз толғауларында өткенді саралап, бүгінгіні даралап, болашақты болжаған. Сондықтан да олардың суырып салма шешендігі көсемдікке ұласып отырған.

Жыраулар шығармашылығында ерекше мән берілген мәселе – бар нәрсеге ризашылық қанағат сезімі.

Асан Қайғы заманыңды, арғымағыңды, тұйғыныңды, иіс мойылды көңінді, әкіміңді, өз барыңды, ақтоныңды, қарияларыңды жамандама, ешкімге ұрыспа, бұрынғыны қуыспа, тәуір көретін кісіңмен жалған айтып суыспа, ешкімді өзіңнен кем сана ма, достарыңмен санаспа, кеңессіз сөз бастама деп үйретті.

Қазтуған жырау (XV ғ.) – сахара эпосін жасаушылардың бірі, ерлік жырларын шығарушы жорық жырауы. Ол өмір, атамекен, туған ел жайлы және әскери тақырыптардағы сан алуан мол мұра қалдырған. Оның «Мадақ жыры», «Туған жермен қоштасу» шығармалары көне поэзияның таңдаулы нұсқасы бола отырып, қазақ халқының өмірге көзқарасын, ой толғамын бейнелеген.

Жыраулардың толғауларында адамның көңілін қалдырмау үшін, не нәрседен бас тарту қажет деген мәселе қойылған.

Бұқар жырау адам қаншалықты қиыншылықты көріп, жаны қиыншылыққа ілініп, шаршап, қалжырап, көңілі – қарайып, көзі қарауытып тұрса да үмітін үзбейді деп ой қорытады.

Бұқар өз заманының мән – мағынасын түсінді, оның аумалы төкпелі болмысын заңды объективті процесс деп санады.

Араб мұсылман ортағасыр философиясы:

Арабтық-мұсылмандық философияның мәдени-әлеуметтік және рухани контексті. Исламдық мәдениет және философияның негізгі бағыттарының қалыптасуы. Мәдениеттің исламдық дүниесіндегі рационалистік дәстүрлі «Фәлсәфәнің» іргелі идеялары мен принциптері. Араб тілдес перипатетизмнің энциклопедизмі, универсализмі: Әл-Кинди, Әл-Фараби Ибн Сина, Ибн Рушд. Ең маңызды дүниетанымдық сауалдарды жасақтаудағы рационалдық дәстүр ғұламаларының үлесі.«Құрандағы» білім тұғырнамасы. «Құран» және рационалдық құдайлық ілім. Дүниенің исламдық моделі. Адам орны және оның өмірді құрудағы негізгі максималары. Орта ғасырлардағы араб тілді философия мен мәдениеттің бүкіл дүние жүзілік рухани даму процесінде алатын орны ерекше.Мұхаммед (570-632) көшпелі араб тайпаларын біріктіруге тырысты. Арабтардың рухани қуаты молая түсті. VII ғасырдың ортасына таман араб хилифаты бұрынғы Рим империясынан да үлкен құрылымға айналды. Оның бірнеше рухани орталықтары болды.Меккедегі Кааба храмы халифаттың діни орталығына, Шығыста – Багдад, Батыста, Кордова білім мен өнердің ошағына айналды. Араб – мұсылман философиясын қызықтырған объектінің көп және кең болғанына қарамастан, оларды ерекше толғандырған бірнеше мәселелерді арнайы атап өткен жөн: Құдайдың мәні және оның жердегі өмірге қатынасы, мән мен құбылыстың, жалпы мен жекенің, о дүниедегі өмірдің құпиялары. Жан, ақыл, материя ұғымдары да мұқият зерттелді.

Әлеуметтік жорамалдау,оның ғылы-ми өлшемі:

Болжау ұғымы (гректің алдын ала болжау, айту деген сөзінен шыққан) қайсы бір табиғат не қоғам қүбы-лыстарының болшақта болатьш-болмашыны жайыңца ықтимал пікір айтуды білдірещ Әлеуметгік өмір саласыңца ғылыми көрегеңцік білдірудің бір формасы ретіңце болжау алдына мақсат қоя білуге, жоспарлай білуге тығыз байланысты. Басқаруға көнбейтін қүбылыстарды (өсіресе табигат қүбылыстарын) алдьш ала болжау ол қүбылыстардың теріс нөтижелерін (мөселен, жердің сілкінуінен, күшті дауылдардан т.б.) сақтануға мүм-кіндік береді. Алайда көп жағдайда (әсіресе әлеуметгік болжау-ларда) адамның қарсы қодданған іс-әрекеті тиісгі нәтиже бермеуі былай түрсын, оқиғаны асқыңдырып жіберуі мүмкін. Айтальіқ, табысқа жету мүмкшдігін болжау адамды рухтандырып, іс-әрекетке жүмыддырса, апатгы жағдайды алдын ала болжау білімсіз адамдарды үрейлендіріп, дүрбелеңге салса, білімді адамды ол дүрбеленді болдырмау үшін оған қарсы амал іздеуге, шара қолдануға итермелеуі мүмкін.

Тар мағынада алғаңда,болжам қайсыбір қүбьшыстардың дамуібарысына сан жөне сапа жағьшан баға беру мақсатывда арнаулы ғылыми зерттеуді білдір^ді^ Мысалы, еңбек өнімділігіне техникалық прогрестің тигізетін әсері немесе жүмыссыздықтың деңгейі мен қьшмыс жасау деңгейінің арақатынасы т.б. арнайы социологиллық зертгеулер жүргізу арқьшы анықталады.

Әлеуметтік болжамды бірнеше ғылымдар түрғысынан интеграциялық жолмен зерттемейінше, яғни қоғамның экономикалық, демографиялық дамуының, ғылыми-техникалық прогресс, мәдени және халықаралық қатынастар дамуьшың болашағьш жан-жақты есепке алмайынша дәледді әлеуметгік болжам жасау мүмкін емес. Түптеп келгенде, қоғам болашағын болжау жаратылыстану-ғылыми, техникалық білімдер мен қоғамдық ғылымдарды біріктіре қолданғанда ғана жемісті нәтиже береді.

Әлеуметтік болжам мен өлеуметтік прогресс үғымдары іштей бірлікте, өйткені біріншісін мойындау екіншісін мойыңдауды міндетгейді. Әлеуметгік прогресс идеясы - қазіргі тарихи прогресс түсында туған жаңалық емес. Оның түп тамыры, негізі өте ертеде жатыр: адамзат алғашқы қауымдық тобырдан қазірге дейін, тас қашаудан атом қуатын пайдалануға дейін, аса түрпайы мифологиялық түсініктен қазіргі терең ғылыми дүниетанымға дейін әлеуметтік прогрестің үзақ ой-шүқырлы жолын бастан кешірді. Осы дамудың барысында адамзатқа болашақ не өкеледі, бақытгы өмір ме, әлде қайғы-қасіретке толы бақытсыздық па? — деген сүрақтарға жауап іздеуде адамдар не тарихи оптимизмді немесе тарихи пессимизмді жақтады.

Тарихи прогресс идеясына сенетін Протагор, Демокрит, Лукреций Кар сияқты кейбір ойшылдар болғанына қарамас-тан, жалпы алғанда ертедегі дүниеге тән тарихи пессимизм христиан діншің тарихывда философия мен ңдеологияда үстем болды. Мүвда тарихи пессимизм христиан дінінің ақыр заман жайындағы, адамның о бастан-ақ күнәлі екеңдігі, ол күнәні қүдайдың кешпейтіндігі т.б. жайындағы ілімінен көрінді.

Тарихи прогрестің оптимистік идеялары Қайта өрлеу

дәуірінде ғылымның, өнердің жетістіктеріне, бүкіл қоғам өмірінің қайта жаңцануьша байланысты дамыды. Өмірге жаңа келе бастаған буржуазияның қоғамдық ой-пікірлері тарихи оптимизмнің жарқын болашағына байланысты туды. Тарихи оптимизмнің өзегі ретінде адамзаттың ақьш-парасатының салтанат құратыны жайьщца идея үсынылды. Бүл идея XVIII-XIX ғғ. ағартушылары шығармаларының туына айналды.

Марксистік философияға дейін тарихи прогресс пробле-малары Гегельдің философиясында ерекше орын алды. Ол тарихты біртүтас занды тарихи прогресс ретіңде қарастырып, овда әрбір тарихи дөуір біртүтас адамзат тарихының өз ерек-шеліктері бар қажетгі сатысы деп түсіңдірді. Бірақ ол біртүтас дүниежүзілік тарих процесінің критерийі ретівде идеяны алды.

Әлеуметтік прогрестің ғылыми үғымын түжырымдау тарихтың материалистік үғымының негізінде ғана мүмкін бодды, өйткені бүл үғым адамзат дамуының қозғаушы күші-мен бірге оның бағытын да, критерийін де ашып беоді. Әлеу-меттік прогресс жайындағы бүрынғы түсініктердің кемші-ліктерін орынды сынай отырып, марксизм прогресті, біріншіден, дамудың түп-түзу даңғыл жолы деп жөне , екін-шіден, ескіні жай қайталай беретін айнамалы қозғалыс деп түсінбей, қалтарыс-бүлтарысы көп, кейде Ііпті кейін шегінісі, яғни регрессиші қозғалысы бар аса күрделі әлеуметтік процесс деп түсінді. Тарихи прогресс біркелкі емес, өркелкі дамитын, іштей қайшылықты прогресс, бірақ соған қарамай ол, жалпы алғанда, төменгіден жоғарыға қарай, бүрынғьщан ілгеріге қарай дамитын занды прогресс болып табылады.

ӘЛ-ФАРАБИ:

Әл – Кинди идеяларын одан әрі дамытушы әл – Фараби. Оның даңқы әлемге тарап, көзінің тірі кезінде-ақ Аристотельден кейінгі екінші ұзтаз атанған. Антикалық, орта ғасырлық білімді терең түсініп, шығармашылық деңгейге көтеруге көп еңбек еткен әл – Фараби Платон мен Аристотель еңбектеріндегі көптеген философиялық ойларды дамытты.

Аристотельден негізгі айырмашылығы әл – Фараби, ең алдымен, әлемнің пайда болуы, әсіресе адамның пайда болуы, иерархиялық болмыстағы адамның ролі мен орнын анықтауға тырысты. Әл – Фараби өзінің космологиясындағы негізгі көптүрді Аристотельден алды және оны әрі қарай жалғастырды.Аристотельдікі сияқты әл – Фараби космосында да жоғары құбылыс - аспан аяқталған, ал төменгі құбылыс – жер аяқталмаған. Аспан денелерінен төмен тұрған болмыс өмір сүру сатысы бойынша әлі аяқталмаған.Фарабидің пікірінше, әлемнің жоғарғы, төмен, оңды - солды бөліктері өзара бір зат, нәрсе арқылы немесе күш жәрдемімен байланысады. Бөліну кезінде пайда болатын орта бөлік осындай күш болып табылады. Әлемді бір - бірін жалғап, басын қосып тұрған әлемдік күш бар. Ойшыл күшті бірнеше топқа бөледі.Әл – Фарабидің пікірі бойынша, бірінші болмыс – Құдай. Ол екінші болмыс пен белсенді интеллектің негізгі себебі болып табылады. Екінші болмыс аспан денелерінің пайда болуының себебі. Жеке аспан денелерінің қалыптасуы екінші болмысқа тәуелді. Дәрежесі бойынша ең жоғарғы екінші және ең төменгі сфераларда өмір сүретін екінші болмыстан жеке сфералар қалыптасады. Екінші болмыстың саны аспан денелерінің санына сәйкес келеді. Екінші болмыс деп біз жаны бар заттар мен періштелерді және тағы басқаларды айтамыз. Фарабидің әлемдік ақылы өзін өзі бейнелеп қана қоймай, тануға да жетелейді. Оның өзіндік болмысын қамтамасыз ететін бірінші әрекеті, екінші ақылды тудырады. Екінші ақыл материя мен форманың бірлігі болып табылатын жанды тудырады.Осыған ұқсас эманация процесі одан әрі жалғасып, қозғалысқа келтіріп, жан бітіретін өзіндік күштері бар Сатурн, Күн, Шолпан, тағы басқа планеталар дүниеге келеді. Ай астындағы соңғы сфераның ақылын әл – Фараби әрекетшіл ақыл деп бағалайды. Өйткені, ол әлемдік ақылды да, жеке адамның ақылын да тудырады.Сонымен қатар, ол аспан денелерінің көмегімен адамдар, жануарлар, өсімдіктер, минералдар құралатын төрт жер стихиясын қозғалысқа келтіреді.Әл – Фараби адам жанының тәннен басқа мәні бар екенін айтады. Бірақ бұл мәселеде Шығыс елдерінде өте ықпалды болған неоплатонизм дәстүрін қолдамайды. Ол жанның тәннен бұрын немесе кейін өмір сүретінін мойындамайды. Жанның қызметтерін анықтауда оған «Бірінші ұстаз» Аристотельдің әсері тисе керек, өйткені ол жан мен тәннің өзара байланысын атап көрсетеді. Адамның өсімдіктен, жануардан айырмашылығы оның жанының рухани қызметтерінде.

Батыс ортағасыр философиясы. Теоцентризм. Реализм және номинализм арасындағы шиеленіс:

. Европада орта ғасырдағы батыс философиясы үлкен тарихи дәуірді қамтиды. Оның ең басты сипаты – христиан дінімен тығыз байланыстығы. Философия негізгі діни қағидаларды есепке ала отырып дамыған Бұл кезде білім мен рухани мәдениеттің негізгі ошағы рөлін шіркеу атқарған. Ал философия діни догматтарды негіздейтін және түсіндіретін білім саласы болған.

Жалпы ұғымдар ойлау әрекетінің туындысы, яғни екінші қатардағы реалдық немесе ол бірінші, өздігінен пайда болған, жеке дербес өмір сүретін құбылыс. Осы сұраққа жауап беру барысында бір – біріне қарама – қарсы екі бағыт қалыптасты – реализм және номинализм.Реализмнің өкілдері жалпы ұғымдар табиғаттың жеке заттарынан тыс, дербес және олардан бұрын өмір сүреді деп пайымдайды.Номинализмнің өкілдері – жалпы ұғымдар жай ғана есімдер, заттардың аттары деп есептейді.

Болмыс философиясы:

Материалдык дүние алуан түрлі заттар, құбылыстар мен процестер түрінде өмір сүретіні белгілі. Дара затты, құбылысты, процесті бөлек деп қарастыруға болады. Әрбір бөлектің (немесе айырымнын) тек өзіне ғана тән, кайталанбайтын белгілері, байланыстары мен қасиеттері болады. Мәселен, накты студентті (мысалы, Жылқыбаев, Асқарова) басқалармен шатастырмаймыз, онынөзіндік қабілеті, бет-бейнесі, т.б. ерекшеліктері бар. Заттың, кұбылыстың, процестің өзіне ғана тән, қайталанбайтын ерекшеліктері жекешедеген ұғымды білдіреді. Әрине, әрбір бөлек құбылыс (зат, процесс) жеке қасиеттерімен, байланыста-рымен, белгілерімен даралана отырып, материалдык, дүниенің құрам-дас белігі, онын өмір сүру әдісінің белгілі бір түрі болып табылады. Себебі езге дүниеден окшау калған, байланыстан, қозғалыстан, түтас-тықтан тыскары түрған ештеңе де жоқ. Жоғарыдағы студент жеке-дара окшаулықта өмір сүріп жатқан жоқ. Ол баскалармен бірге білім алады, өмір сүреді, тандаған мамандығына дайындык, жасайды. Олай болса, бүл нақты студенттің басқа студенттермен ортақ қасиеттері, белгілері, арман-тілегі, өмір салты бар. Ендеше, көпше дегеніміз — белгілі бір қүбылыстар тобына ортақ маңызы үксас белгілер жиын-тығы. Көпшеніңаукымы мен кдрымы әр деңгейде болып келеді. Қамту ауқымы өте кең келемді көпшені жалпы деп атайды. Сонда бөлек дегеніміз — тұтас зат, қүбылыс, процесс есебінде жекеше мен көпшенің бірлігі, оған жекеше және өзгелермен ортақ, үқсас көпше белгілер де тән. Өзгеше деген категория жекеше мен көпшенің арасындағы диа-лектикалық байланысты білдіре отырып, осы екеуінің арасындағы дәнекерлік қызметті аткдрады. Өзгешенің мәні мынада. Ол жекешеге карағанда кепше, ал одан ауқымды әрі кең, көпшемен салыстырғанда жекешенің міндетін атқарады. Мысалы, «Жылкыбаев — студент, ол Қазақстан Республикасынын азаматы» дейтін болсақ, мұнда Жылқы-баев — жекеше, студент — өзгеше, ал Қазакстан Республикасының азаматы — жалпы болып табылады.

Болмыстың детерминациялық байланыстары себеп пен салдар кездейсоқ және қажеттілік:

Қысқаша айтсақ, барлық бар нәрсе – болмыс, яғни ол заттар мен руханилық әлемі, өтпелі мен мәңгілік. Философиядағы бұл ұғым өте кең мағынада қолданылады, ол пайда болған, әлі де пайда болатын барлық құбылыстарды білдіреді. Біріншіден, табиғат болмысы – оның күллі заттары, құбылыстары, процестері. Ғылыми көзқарас бойынша, табиғат адамнан тыс, тәуелсіз, мәңгі өмір сүреді. Ол барлық жерде, тіпті адамның өзінде де бар.

Табиғатты өзгерту нәтижесінде адам күрделі де жан – жақты екінші табиғатты, яғни жасанды заттар, қатынастар, процестер әлемін немесе мәдениетті тудырды.Мәдениет – адам іс - әрекетінің жиынтығы, оның өмірінің жаңа әлемі.Екіншіден, бұл тәні бар ерекше тірі жан – адам болмысы. Табиғат дамуының жемісі мен жеңісі бола отырып, адам - өзіндік таптырмайтын ерекше рухани әлемнің иесі. Гетенің «әр адам бұл фәниден аттанғанда, онымен бірге бүкіл адамзат тарихы да өледі» дегенінің мәні осыда.Үшіншіден, бұл – адамдардың рухани іс - әрекетінің өзара қарым – қатынасының әлемі болып табылатын қоғамдық болмыс. Қоғам адамның ойы мен еркі әрекет ететін сфера, мұның өзі оған ерекше тыныс береді. Әрине, қоғам ең алдымен, өз заңдылықтарымен өмір сүреді (саясат, экономика, т.б.). Сонымен қатар, ол табиғатпен де етене байланыста.

Төртіншіден, бұл – руханилық әлемі. Руханилық - өзіндік ерекшілігі бар реалдылық. Ол көзге түспейді, қолға ұсталмайды, бірақ адам іс - әрекетінің бәрінде көрініс табады. Бұл – адамдардың практикалық іс - әрекетінде орын тепкен сезім мен идеялардың, эмоция мен образдардың, ұғымдар мен түсініктердің әлемі. Руханилық болмысына жеке сана да кіреді. Мұнда З.Фрейд адам психикасының қара күштері – деп бағалаған бейсаналық та орын тепкен.

Руханилық – бұл дін, мораль, өнер, ғылым, құқық формасында өмір сүретін қоғамдық сана. Болмыстың барлық түрі өзіндік заңдарына сүйенеді. Физика, биология, антропология, социологияның зерттеу объектілері бола отырып, бір – бірімен тығыз байланыста болады.

Болмыс – адам өмір сүретін әлем. Оның тылсым сыры танымның ғылыми және ғылымнан тыс әдістерінің көмегімен ашыла береді.

Болмыстың құрылымдық байланыстары бүтін және бөлік,мазмүн және форма, құрылым және элемент:

Материя – ұғымы философиялық материализмнің негізгі іргетасы. Ол әлем мен адамды табиғи себептерге сүйене отырып зерттеудің ұзақ тәжірибесінен туындаған.Материя жөніндегі алғашқы пікірлер дүниенің біртұтас негізін түсіндіре бастаған көне дүние философтарының балаң ізденістерінде кездесіп отырды. Мәселен, Фалес дүниенің негізін – су, Гераклит – от, Демокрит – атом деп қарастырған. Ал Эмпедокл әлемнің түп негізі – төрт элементтен – судан, жерден, ауадан және оттан тұрады деген.Аристотельдің пайымдауынша, материя – бұл мүмкіндіктегі болмыс. Нақты заттар осы болмысқа форманың әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Материяның басқа жағдайға көшуін Аристотель – қозғалыс, процесс («кинесис») деп атаған.Платон материяны болмыстың төмендегі сатысы деген. Ол идеяны жүзеге асырудағы құрылыс материалдары іспеттес. Орта ғасырлар философиясы бойынша материалды әлем жаратушының белгілі бір тәртібіне бағынышта. Табиғат – әлемнің төменгі деңгейі. Онда жан да, еркіндік те жоқ. Жеке нәрселердің пайда болуы, жаралуы құдайға байланысты. Заттардың құдайдың ақыл – ойындағы идеялық болмысы мәңгі, ал шындықтағы болмысы өткінші ғана сипатта болады.Қайта өркендеу дәуірінде материя физикалық денелердің жиынтығы деп қаралып, онда заттардың әртүрі жекелендірілді. XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында жаратылыстануда ірі жетістіктерге қол жеткізілді.

Ғылымның осындай ірі жетістіктері әлемнің механикалық үлгісінің іргесін босатты. Материя туралы білімнің аясы одан да кеңи түсті.Яғни, материя дегеніміз – біздің сана – сезімізден тыс өмір суретін реалдылық. Ол адамнан, адамзаттан тыс өмір сүреді. Әлемді ешкім жасаған жоқ, ол болған және бола бермек. Әлем шексіз, шетсіз, ол көпжақты, көп қырлы, оның әр түрлі қасиеттері, ерекшеліктері бар. Әлемнің шексіздігі – ондағы процестер мен құбылыстардың ешқашан аяқталмайтынын білдіреді. Материалдық әлемнің басы, соңы жоқ, ол ұдайы даму, ұдайы өзгеру, ұдайы қалыптасу үстінде.

Адам, оның өмірі – басы мен аяғы жоқ, шексіз де шетсіз әлемнің тарихындағы бір ғана сәт немесе өте кішкене әлем.

Материяға – біртұтастық, яғни бүтіндік және құрылымдылық, біркелкілік тән. Әлемнің әртүрлі бөліктері мен қырлары - өзара тікелей немесе бір – бірі арқылы байланысқан – табиғат пен қоғам, тұлға мен топ. Материяның өмір сүру тәсілі – қозғалыс. Қозғалыс дегеніміз кез келген өзгеріс. Қозғалыс объективті, абсолютті, салыстырмалы, мәңгі. Қозғалыс көп түрде болады. Ф.Энгельс қозғалыстың негізгі бес түрін көрсетіп, жүйелеген. Олар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік деп аталған. Қозғалыстың ең қарапайым түрі механикалық қозғалыс, ол заттар мен құбылыстардың кеңістікте орын алмастыруын білдіреді. Ал, әлеуметтік қозғалыс қоғам өміріндегі шым – шытырық құбылыстар мен процестерді бейнелейді.


Глобалды мәселелер:

мәселелер Жаһандану дәуірінің адамы үшін әлемді игеру, өмір сүрудің мәні мен мағынасы, рухани әлемді игеру, таңдау еркіндігі, қоғам мен тұлға қарым – қатынасы мәселері маңызды екені даусыз нәрсе. Жаһандану дегеніміз - бір-бірімен тыгыз экономикалық, гылыми-техникалық, саяси, мэдени байланыстағы біртүтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол - біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп жатқан үрдіс. Мысалы, бүгінгі Қазақстан қоғамы басқа елдермен экономикалық сауда-саттық қарым-қатынасқа түсіп, дамып келеді. Алысқа бармай-ақ, өзіңіз бен өз үйіңізге қараңызшы. Үстіңізде Еуропа елдерінің бірінде тігілген костюм, аяғыңызда Турциядан экелген туфли, астыңызда Германия, немесе Амери-кадан шыққан жеңіл мэшине, үйіңізде Ресейдің тоңазытқышы, Оңтүстік Кореядан шыққан шаңсорғыш, Жапонияда шыгарылған магнитофон, арабтардың тоқыған кілемі, ас дайындайтын бөлме-ңізде Үндістан елінен келген шай, Мароккодан келген апельсин, Ираннан әкелінген финиктер, АҚШ-тан келген тауықтың аяқтары, Қытайдан экелінген ыдыс-аяқ т.с.с. Мүндай мысалдарды шексіз келтіре беруге болады. Сонымен қатар біз басқа елдерге мүнай бен газды, жүн мен мақтаны, қара жэне түрлі түсті металдар мен тас-көмірді т.с.с. жіберіп жатқан жайымыз бар.

Бұл сауда-саттықтың құрылымына қарағанда, эрине^ көкірегі ояу азаматқа неше түрлі ауыр ойлар келеді. Мүмкін, біз, шынында да, «жаңа бодандық» ауруына шалдыққан болармыз? Алайда ондай түжырымға келуге эрі ертерек сияқты. Өйткені біздің дербестік алып, дамып жатқанымызға басы-аяғы он жылдан сәл аргық қана уақыт болды ғой. Бүгінгі өкімет неше түрлі инновациялық бағдарламалар қабылдап, «үлттық қаржы қорын» жасап, өндірісті дамытуға бел байлап, сол жүмыстарға нақтылы кірісіп жатқан жайы бар. Оған халқымыз да дайын.

Енді саяси салаға келер болсақ, Қазақ елі бүкіл дүниежүзілік қауымдастықпен терезесі тең қарам-қатынас орнатуда. Біздің ел дербес мемлекет ретінде мойындалды. Саяси салаға «көп партия-лық», «адам құқтары», «кұқтық мемлекет» т.с.с. ұғымдар кіріп, езгеріске ұшырап жатыр. Біз тек қана Б¥¥-ға ғана кіріп қоймай, басқа да халықаралық үйымдардың толыққанды мүшесіне айналып жатырмыз.

Бүгінгі таңда Қазақ елі өз төл мэдениетімен біршама халықтарды таныстырып, солардың қошеметіне ие болды. Сонымен қатар «бұқара мәдениеті» деген үғым сөздігімізге кіріп қана қоймай, соның «отандық үлгілері» жасалуда.

Жоғарыда келтірілген Қазақ елі өмірінен алынған деректердің бэрі де Жер бетінде жүріп жатқан жаһандану үрдістерімен байла-нысты екенін бір қарағанда-ақ байқауға болады.

Қоғамды материалистік тұрғыдан қарау методологиясының > тұрғысынан алып қарағанда, жаһандану үрдісінің негізінде ғылыми-техникалық революция жетістіктерін пайдалану арқылы өндіргіш күштердің күрт дамуы (тек XX ғ. өндіргіш күштердің дамуы өткен 5000 жылдан асып түсті!), млрд. тонна тауарлардың бір елден екінші елге өтуі, байланыс жүйелерінің жетілуі т.с.с. құбылыстар жатыр. Екінші жағынан, табиғи ресурстардың Жер бетінде әртүрлі шоғырлануы, сондықтан елдердің бір-бірімен осы байлықты бөлісу, алмасу мэселелері де жаһандану үрдісіне өз ықпалын тигізбей коймайды.

Ғылым білім жүйесі менрухани өндірістік түрі ретінде:

Ғылым қоғамды алдымен экономикалық, саяси, социологиялық, методологиялық, эстетикалық және этикалық жағынан зерттейді. Біз этика мен ғылым арасындағы байланыс бар. Ғылым дәрежесі- жаңадан қалыптасып келе жатқан келешкгі зор кешенді өрелі бағыт. Ол ғылыми зерттеулердің әлеуметтік- этикалық және гуманистікпроблемаларын талдап зерттейді. Ғылым- адамның ойлау күшінің, қабілетінің, ізгілігінің, адамгершілігінің көрінісі. Ол адам мақсатына қызымет етеді, өйткені дүниені қоғамдық мақсатқа сай дамыту үшін оның заңдарын білу керек. Ғылым бүкіл дүние жүзілік, экологиялық және басқада проблемаларды шешуде үлкен үрел атқарады.Ғалым ғылымға таза, адал, шыншыл, әділ пиғылмен еңбек етуге тиіс. Ғылымда да ғылымға қойылатын басты талап- оның имандылығы. Имансыз адамның ғалым болуы- қоғамға қауыпты құбылыс. Бірақ, өкінішке қарай, кейде басқа пиғылдар да кездеседі. Мәселен, ғылымға ұрлық жасап, басқалардың еңбектерін иеленбек болудың бір көрнісін ХІХ ғасырда Е. Дюрйнгтен көрген болсақ, кеңес дәуірінде опасыз, арам пиғылдықты Т. Д. Лыценко көрсетті.

Ғалымның даму жолы қашанда оңфй болған жоқ, қиын, соқпақты. Өйткені оның мақсаты белгілі- қалыптасқан қағидаларды талдау, көнергендерін өзгерту, керек десе оған қарсы тұру, жаналық ендіру. Бұл оңай дүние емес. Ғалым сондықтан да табанды, батыл, күрескер болуға тиіс. Сол жолда қуғынада ұшыраған, ашқан жаналықтарына қолдау таппай қиналған. Жаңалық үйреншікті болмағандықтан бірден қолдау таппауы да мүмкін. Бірақ өмірдің өзі нағыз ғалымды жаңалыққа жетелейді. Даму үйреншікті дағдыны бұзу арқылы жасалды. Онсыз алға басу жоқ.

Ғылым дегеніміз:

Адамзат қоғамның калыптасып, одан әрі өсіп- еркендеуінде, тарихи сатылармен ілгерілеуінде ғылымның атқаратын ролі айрықша екені белгілі. Екінші жағынан алғаңда, ғыльш — қоғамның озі дүниеге келтірген, еркевдеуіне жағдай қубылыс. Біз ғылымның, өркендеуіне жағдай туғызған құбылыс. Біз ғылымның дүниені танып, игерудің, данышпандық пен зерделіліктің қайнар көзі екенін жақсы білеміз. Сонда гылым деген не? Ғылым және білім деген тусініктер бір мағынада ма?

Адамның айналадағы дуниені танып-білуі күрделі қайшылыкка толы, ұзақкз созылатын екені және де оның адамның жаңа әрі тың білімді игерумен байланысты екені алғашқы тараулардан мәлім. Білім дегеніміз — материапдық және рухани қубылыстар туралы шынайы әрі иақты мәліметтер жиынтығы, олардьщ адам санасында дұрыс, объективті бейнеленуі. Жалпы білім қорын ғылымға дейінгі, яғни күнделікті өмірде туындаған қарапайым білім және ғылыми білім деп екіге ажыратуға болады. Ғылымға дейінгі қарапайым білім тіршілік барысында, іс-әрекет үстінде, тәжірибе ауқымында жинақталады. Ол бар болғаны кұбылысты сипаттайды, оқиғаның қалай өтіп жатқанын пайымдайды. Ал ғылыми білім терең де мазмүнды. Ол қүбылысты, оқиғаны жай сипаттаумен ғана шектелмейді. Қүбылыс неге мүндай, оқиға неліктен дәл осылайша, басқаша емес өтіп жатыр, себебі бар ма, алда не күтіп тұр деген сурақтарға дәйекті жауап қайтарады. Басқаша айтканда, ғылыми білім оқиғаларды, қүбылыстар мен фактілерді бейнелету сырттай сипаттап қана қоймайды сонымен қатар оларды түсіндіреді, ішкі табиғатын, мәнді жақтары мен мацызды байланыстарын ашып көрсетеді, яғни даму завдылық-тарын айқындап түйіндейді. Осы негізде ғыльши білім оқиғалардың, күбылыстардың бүдан былайғы даму бағдарларына болжам жасайды. Ғылыми білім рухани дүниенің қүрамдас бөлігі есебінде қашанда жүйелілігімен, логикалық түрғыдан үйымдаскандығымен жөне теориялық сипатымен ерекшеленеді. Ғылыми білім ғылыми кдындық-тары мен қайшылыкгары мол ізденістің, шығармашылық іс-өрекеттің барысында туындап, жжинақталып, жүйелене-ді. Ол таным процесінін мақсаты әрі күрделі нәтижесі больш табылады. Сейтіп, шлым дегеніміз — затгардъщ, күбылыстар мен процестердің ішкі болмысын, табигатын ашып көрсететін, олардың даму зандылықтарын даралап түжырымдайтын шынайы, акикат білім жүйесі. Тарихи түрғыда ғылым адамзат қоғамы дамуының белгілі бір\ сатысында, езі туғызатын кажеттіліктерге байланысты, ой еңбегі мен дене еңбегі бөлініп, кауымдық қоғам ыдырап, таптық коғам калыптаса бастаған кезенде пайда болған. Алғашкы ғылыми жүйелі ой-пікірлер мен түжырымдар ертедегі

Ғьмыми таным мен ғылымның пайда болуына әлеуметгік және логикалық факторлар да әсер етгі. Пракгикалық кызмет, қоғамдық қатынастар, коғамдық еңбек бөлісінің өндірістік, техникалық талаптары — әлеуметтік ғылымдардың өмірге келуіне түрткі болған факторға, ал ғылыми таным дамуының ішкі логикасының қажетгері - логикалық ғылымдарды талап ететін факторға жатады. Ғылымның өлеуметтік мәнін, негізгі ерекше-

ліктері мен зандылықтарын ашуда әлеуметтік және логикальіқ факторлардың бірлігі қажет. Осы түрғыдан алғанда гылым дегеніміз қоғамдық-тарихи практика дамуыньщ белгілі бір сатысында пайда болатын айрықша әлеуметтік институт, адамның танымдық қызметінің ерекше формасы, адамзат мәдениетінің бір саласы.

Ғыльшның негізгі ерекшеліктеріне тоқталайық. Табиғат пен қоғамның объективті, адам санасынан тәуелсіз заңдарын ашу — ғылымның негізгі мақсаты. Ғылым тарихи-заттық дүниенің объективті зандарьщ ашу және қарастырылып отырған қүбылыстарды солардың негізінде түсіндіріп, жаңа процестерді болжай білу қүралы. Осыған орай мысалдарға жүгінейік.


Диалектика әмбебап байланыстар мен даму туралы ілім ретінде:

Диалектика зерттейтін маңызды сұрақтардың қатарына: «даму дегеніміз не?», «Ол неліктен болады», «Даму қалай іске асып отырады», «Даму қайда бағытталған» сияқты маңызды проблемалар жатады. Осылар төңірегіндегі ізденістер мен ойлар иірімдері материалдық әлемнің терең қабаттарын ашып, оның даму тетіктерінің мәнін зерттеуге мүмкіндік береді.

Диалектика да грек сөзі. Ол бірден даму теориясына айналмаған. Грек мәдениеті аясында диалектика сұрақ – жауап арқылы пікір таластыру қабілетін, ұғымдарды саралау түрі мен шыққан тегіне қарай ажырату өнерін білдірген. Сонымен қатар, оның қайшылықтар туралы ілім деген анықтамасы да болған. Көрнекті грек философы Аристотель диалектиканы ықтимал пікірлер туралы ғылым деп есептеген.

Бірте – бірте диалектика даму туралы ілімге айналды.

Қарапайым диалектика антикалық философияда қалыптасты. Ол көне гректердің табиғатты қарапайым пайымдауынан туындайды. Диалектикалық дәстүрлің бастауы – негізі Гераклит ілімі деп есептелінеді. Табиғатты бөлінбейтін біртұтастық дей отырып, Гераклит «от» , «әлемдік өрт», «космос» ұғымдары арқылы ондағы ұдайы болып тұратын өзгерістерді түсіндіруге тырысты. Әлемдегі барлық нәрсе өзгермелі, қатып, семіп қалған еш нәрсе жоқ. Барлығы бір – біріне қарама – қарсы жақтардан тұрады. Олар бір – бірімен әрекеттеседі. Қарама – қарсылықтардың өзара күресі әлем дамуының қозғаушы күші және негізгі заңдылығы.

Дүниетаным ұғымы,оның мәні және құрылымы.Дүнетанымның тарихи типтері:мифология,дін,философия:

Дүниетаным немесе дүниеге көзқарас, адамның сыртқы дүние қоршаған ортаға, өзіне - өзінің, басқаларға қарым – қатынасы туралы мәліметтердің жиынтығы. Сонымен қатар, ол адамның бағыт бағдарын, сенімі мен идеалдарын, принциптерін, ұмтылыстарын білдіреді.

Дүниетаным адамның өзі және қоршаған орта туралы білімдерімен ғана шектелмейді. Өйткені, ол дүниенің бейнесі ғана емес, ең алдымен, дүниеге деген қатынас. Сөйтіп, әлем, табиғат, адам, олардың бірлігі мен адамның дүниедегі орны, болмыс пен болашақ туралы түсініктер қалыптаса бастайды. Дүниетаным - өзін өзі, айналадағы ортаны өзгертетін адамның практикалық іс - әрекетінің тірегі.

Дүниетаным – құрылымы жағынан күрделі жүйе. Оның бастапқы және өзекті элементі – білім. Ол қарапайым және ғылыми болып бөлінеді. Білім – керемет күш, оның көмегімен белгісіз құбылысты ашып, игеруге болады. Бұл процесс тереңдеген сайын дүниетаным да екшеленіп, жүйеленіп, тұрақтылық сипатқа ие болады. Білім адамның көкірегіне еніп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналады. Сенім дегеніміз – дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген ісіне деген беріктігі. Сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын.

Дүниетанымның құрылымдық жүйесіне адамның негізгі принциптері мен рухани құндылықтары да кіреді.

Дүниетаным дегеніміз – дүниені түйсіну, түсіну арқылы адамның өзіне өзінің, сыртқы дүниеге қарым – қатынасын анықтаудың өзегі, күре тамыры.

Жалпы, дүниетаным адамның тану функциясын орындайды. Бұл оның мәнінен туындайтын негізгі ролі. Сөйтіп, дүниетанымның әр түрлі түрі, қыры, типі бар.

Мифологоиялық дүниетанымның негізі – қиял, ойдан шығару. Г.Гегель миф дегеніміз – адам ақылының әлем алдындағы әлсіздігінің көрінісі деп жазған. Мифология ауқымды әрі жан – жақты құбылыс, ол әлем халықтарына түгел қатысты адамзат санасының өте ерекше қабаты.

Миф - алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші, бөлінбеген формасы. Азамзаттың мифтері әлемнің қалыптасуы мен дамуы табиғи құбылыстардың мәні, адамның тағдыры, өмірі, өлімі, іс - әрекеті, табыстары, адамгершілік, этикалық ұғымдар тәрізді аса маңызды сұрақтарды қамтыды.

Діни дүниетаным құдыретті күшке, яғни құдайға сеніп, соған табынуға құрылған. Діннің дүниетанымдық принципі негізінде адам мен дүниенің жаратылуы туралы наным жатыр.

Ғылыми дүниетанымның негізін адамның өзі және сыртқы әлем туралы білімдерінің жиынтығы құрайды. Ол үшін ешқандай керемет жоқ, тек қана танылмаған құбылыстар бар. Алғашқы қарапайым ғылыми білімдер антикалық дәуірде пайда болған, алайда жүйелі ғылым XVII ғасырдан бастап қана қалыптаса бастады, ол адамзаттың (ойлау) даму тарихына ерекше әсер етті.

Ғылым, ең алдымен, ұғымдық дүниетаным болып табылады. Қарапайым дүниетаным адамдардың өзі және қоршаған дүние туралы күнделікті іс - әрекетінде пайда болып тұратын жекелеген білімдеріне негізделеді. Ол әркімнің жеке өмірлік тәжірибесінде көрініс табады. Қарапайым дүниетаным халық даналығына сүйенеді.

Философия ерекше дүниетаным және адамның рухани іс - әрекетінің көрнекті саласы ретінде аталған дүниетаным түрлерінің өзара қабысуының нәтижесінде қалыптасты.Философия адамның дүниені тану тәжірибесін жинақтау, әлемнің біртұтас теориялық үлгісін жасау, әлемге қарым – қатынасты білдіру қажеттігінен туындаған ерекше феномен.

Дүниетанымның тарихи типтері (миф,дін,философия) 1 сұрақққа қара!!!

ДІН ФИЛОСОФИЯСЫ:

Ғылым мен техниканың дамуына, адамзаттың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына толыққанды жағдай жасаған ХХ ғасыр да тарих қойнауына енді. Өте ерте заманда-ақ пайда болған дін әлі күнге өз позициясын адамзат санасының басқа түрлерінің алдында бермей келеді. ХХІ ғасырда түрлі конфессиялар мен діни ұйымдар ойдағыдай әрекеттесуші институттар ретінде өркениеттің бір саласы болып өмір сүре бермек. Діннің тұрақты сақталып келе жатқаны факт болып табылады.Діннің әлемдік деңгейдегі адамзатқа тән ойлау жүйесінен шет қалмайтындығын қазіргі заман болмысы айқын аңғартып отыр, себебі дінсіз қоғам болмайды. Қоғамда діни сана үнемі болып келді. Дін мен қоғам бір-бірінен ажырамайтын феномендер. Өркениетті деп саналатын батыс елдерінде де, бізде де дін мемлекеттен бөлінген, бірақ, ол қоғамнан ажыратылмайды. Дін қоғамдық құбылыс, ал қоғам мемлекеттің субстанциясы.Исламды саясаттандыру төңірегіндегі әрекеттер исламның қазіргі қоғамдағы орнын даулы проблемаға айландыруға себепші болып отыр. Негізінде дін мен саясат екі бөлек феномендер. Дін адамның ұятында, арында, яғни оның иманында. Иудей – христиандық ойлаудың үш мың жылдық тарихы, шығыс діндерінің өткен тарихы біздің санамызда қасиетті бір ғажап тілекті оятады, ол тілек – жаңа адам , жаңа қоғам құру .Азиялық діндер: конфуцийшілдік, синтоизм, зороастризм және басқалар ақиқатты іздеушілерден рухтың соңынан еру және онымен шектелмеуді талап етсе, ислам ақиқатты Құраннан іздеуді ұсынады. Ислам интеллектуалды пайымдауды жетілдіруді жалғастырып, адамның өзін-өзі мейлінше жетілдірумен айналысуын ұсынады. Иудей – христиан дәстүрі адамға өмірдің мәнін іздеп, ақиқатты, Құдайды іздеп, кәдімгі күресудің орнына: “Құдай өзі адамды табады” деген ақиқатты ұран етіп тастады. Әлемдік өркениеттегі “Қасиетті жазулар” діндеріне үңілсек , екі парадигманы байқаймыз: “Мұса парадигмасы” (Батыс) және “Вьяса парадигмасы” (Шығыс). Мұса – Құранның да, Библияның да, Танах (Моше) кітабының кейіпкері. Вьяса – Махаббхарата текстін құдайларға жеткізген данышпан. О.Шпенглердің топтастыруы бойынша , “Мұса парадигмасы” Византия, араб, батыс Европа және жартылай грек-рим, вавилон мәдениеттерінің негізін қалаған. “Вьяса парадигмасы” буддалық-брахмандық дәстүрлер негізін қалаған. Буддизм әдебиеті “Трипитаканың” көмегімен монғол, жапон, корей және де басқа Азия аймақтарына әсерін тигізді. “Мұса” антропологиясының маңызды нышандары жүрек, құрсақ, тыныс алу, оларға сәйкес келетін күйлер – күйзелу, үрей, үміт.

Дін – бұл “жүрек” туралы ілім. Үнді елінде мұндай қатынас “бахти” (құдайшылдық) деп аталады. Исламда – “абд” (көнгіштік), батыста – “агейп” (құдайға деген махаббат) деп аталады. Мұндай құдайшылдық ғылыми компетенцияның шекарасын ары жылжытады. Дінді ғылыми зерттеу (теология, эгзегетика түрінде), қасиетті тексттерді түсіндіру (философиялық, дінтану, этнография тұрғысынан) – бұл кәдімгі ақылға сыйымды, мүддеге сай қарапайым объектілерден асып түсетін құбылыстарды рационалды түсінуге ұмтылу. Егер ғалым өз зерттеулерін құдайға сыйынып болған соң бастаса, онда оның ғылым және құдаймен сұхбаттасу арасындағы шекараны аттап өте бастағаны. Дінге рухани өмірдің жанды құбылысы ретінде қарау қажет.

Діни сананың ерекшелік мәні.Діннің әлеуметтік гнеосологиялық және психологиялық тамырлары:

Діни және атеистік сана. Дін объективті ақикдтты адам ойында түбегейлі өзгертіп, қиялишылдык түрде бейнелейді. Діни қагидаларга қарағанда, дүниедегі кез келген құбылыстьщ тікелей тірегі, қозгаушысы — ол өмірден тыс түрған жэне оны жаратушы күш (қүдірет), Қандай діннің болса да басты мақсаты — адамды құдіреттің күшіне иландыру. Олай болса, дін дегеніміз ~ жаратылыстан тыс түрған Құдірет, періште, жын-шайтан, ана дүниенің бар екеніне, жанның мөңгі өлмейтіндігіне сену, Дін мен идеализм арасында тығыз байланыс бар. Идсалистік философия ғылымға ұқсас болып жасалған, өте нөзіқ дінге жатады. Діндердің еқ жоғарш сатысы — таптык қоғамдарда пайда болып, содан бері келе жатқан монотеистік сенім. Оған жататындар — буддизм, христиан, ислам, иудайзм діндері.

Діннің пайда болуы ертедегі қауы^иық адамдардың дұниетаным кабілетінің ете төмен болып, табиғи құбылыстардың сырьш түсіне алмай, түрлі жагдайлардың себещерін күш-құдіретке балағанын көрсетеді. Сол кездегі Күнді жаратушы дец түсінген тайпалар дінін монотеизм-нің бастамасы деуге де болады. Діннің гносеологиялық (танымдық) түп-тамырлары да бар. Оның әлеуметтік түп-негізіне адамдардын таптық-антагонистік қоғамдарда еркінен айрылып, әбден езіліп біткені жатады. Сондықтан сол езілгендер бүл дүниеден әділеттік таба алмаған соң, теңсіздіктен кезі ашылмагандыктан, олар о дүниеге, белгісіз күшке сеніп, соған сүйеніп, содан қуат-тірек күтетін болған. Езілгендердің бұл арманын үстем таптар өз мүдделеріне пайдаланған, дінді езілгендердің рухани арман-тірегінен езушілердің үстемдік, жәй адамдарды тізгіндеп иландыру қүралына айналдырған. Ал діннің гносеологиялық түптамырында дүниені білудің, танудың, қиын, қайшылықтарға толы екендігі жатыр. Діннің туына дүниені танудың қиындығы, табиғаттың кептеген қүбылыстарының құпиясын аша білмеу себепші болған.

3,Дінде апологетика басым, танымдық жағы жоқтың қасында. Дін тек илану — сенуді қажет етеді. Сондықтан ол дүниені өзгертуге, дамытуға әсер ете алмайды. Бірақ ол ғылыми-техникалық прогреске сәйкес үдайы бейімделіп, өзгеріп отырады. "Қүдай" деген ұғымның өзі дінде түрліше түсіндіріледі. Кейде ол адам тәрізді (көретін, сезетін, ойлайтын) ұғындырылатын болса, енді бірде ол бүкіл әлем, ғалам төрізді, белгілі заңдылықтар сияқты уағыздалады. Оны Гегель болмыстың саналылығы деп те тұжырымдаған болатын. Дінді бекерге шығаруды атеизм дейді. Бүл ертедегі гректердің "а" - жоқ, "теа" - құдай, деген сөзінен құралған. Ғылым мен техниканың дамуына, адамзаттың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына толыққанды жағдай жасаған ХХ ғасыр да тарих қойнауына енді. Өте ерте заманда-ақ пайда болған дін әлі күнге өз позициясын адамзат санасының басқа түрлерінің алдында бермей келеді. ХХІ ғасырда түрлі конфессиялар мен діни ұйымдар ойдағыдай әрекеттесуші институттар ретінде өркениеттің бір саласы болып өмір сүре бермек. Діннің тұрақты сақталып келе жатқаны факт болып табылады.

Діннің әлемдік деңгейдегі адамзатқа тән ойлау жүйесінен шет қалмайтындығын қазіргі заман болмысы айқын аңғартып отыр, себебі дінсіз қоғам болмайды. Қоғамда діни сана үнемі болып келді. Дін мен қоғам бір-бірінен ажырамайтын феномендер. Өркениетті деп саналатын батыс елдерінде де, бізде де дін мемлекеттен бөлінген, бірақ, ол қоғамнан ажыратылмайды. Дін қоғамдық құбылыс, ал қоғам мемлекеттің субстанциясы.

Дінде дүниеге көзқарастық тұстар басым. Дін адамның табиғатпен және қоғаммен байланысын әдіс тауып, шебер айқындап бере алады, осы байланыстардың күрделі бейнесін түзе алды. Бұл суреттемеде адам мен әлем қатынастары мәселесінің мәңгі сұрақтары шешу тапты. Діннің қоғамнан алатын күрделі орынын түсіну үшін оны шындық дүниенің бір бөлігі ретінде қарап, жердегі негіздерін жалпы методологиялық принципке сүйене отырып айқындау керек. Дін – бұл дүниені рухани игеру процесіндегі тарихи қалыптасқан компонент, қоғамның әлеуметтік ой-санасының, жәдігерінің бір бөлігі.

ЕЖЕЛГІ ГРЕК ФИЛОСОФИЯСЫ:

Көне грек философиясының тағы да бір маңызды ерекшелігі – оның онтологиялық сипаты. Грек ойшылдары табиғаттың, бүкіл әлемнің мәнін білуге тырысты. Алғашқы бастаулар, түпнегіздер сияқты қарапайым ізденістерден бастап, жалпы болмыс мәселесіне көтеріледі.Антикалық философияға әлемді біртұтастық тұрғысынан пайымдау тән.Антикалық философ – ол дана, оның таным процесіндегі жалғыз қаруы өзінің ақылы, ал құралы – байқау. Осыдан келіп оның пайымдау және жалпылау сияқты сипаттары туындайды.Антикалық философияның дамуында бірнеше кезеңді бөлуге болады. Бұл мәселеде әртүрлі көзқарастар бар. Біз ұсынған дәуірлер екі маңызды факторға сүйенеді: біріншіден, көне грек қоғамның өзіндік дамуы, екіншіден философиялық мәселелердің өзгеріп отыруы.

  1. натурфилософиялық кезең.

  2. гуманистік кезең.

  3. классикалық кезең.

  4. эллиндік кезең.

  5. римдік кезең.

Антикалық философияның натурфилософиялық дәуірі шамамен біздің дәуірімізден бұрынғы VII ғасыр мен IV ғасырлар аралығын қамтиды. Натурфилософияға милет мектебінің өкілдерінің, Гераклиттің, элеаттардың, атомистердің, пифагоршылдардың ілімдерін жатқызуға болады. Бұл кезеңдегі философиялық ілімдердің мәнін түсіну үшін мынадай іргелі ұғымдарды игеру керек:

  1. түпнегіз – барлық заттардың негізі

  2. апейрон – шексіз, мәңгі, белгісіз, ұдайы қозғалыста болады

  3. «логос» - жалпы заң, Гераклит философиясындағы қажеттілік, сөз, сонымен қатар, ақыл, заң дегенді білдіреді.

  4. апория – шешім табудың қиындығы, тығырыққа тірелгендік деген мағынада қолданылады

  5. атом – Демокрит философиясында өте кішкене, бөлінбейтін бөлшек.

Милет мектебі - антика философиясындағы ең алғашқы мектептердің бірі. Оның өкілдері – Фалес, Анаксимен, Анаксимандр.Фалес әлемнің түпнегізі су деп есептеген. Бәрі судан пайда болады, бәрі суға айналады. Фалестің шәкірті Анаксимен әлемнің негізі ауа, ал Гераклит от деп есептеді. Анаксимандр барлық заттар мен құбылыстар шексіз, шетсіз апейроннан пайда болған деді.Эмпедокл әлемнің негізі ретінде төрт затты, яғни отты, суды, ауаны және жерді алды.Аталған философтардың бәрі дүниенің негізі материалдық субстанция деп есептеді. Субстанция дегеніміз түпнегіз, ол өзінің басқа арқылы түсіндірілуін қажет етпейді. Атомистік ілімнің негізін Демокрит қалаған. Атом – дегеніміз бүтін, бөлінбейтін кішкене бөлшек. Оның бірігуінен және бөлуінен бүкіл әлемдегі заттар мен құбылыстар құралады. Олар бос кеңістікте үнемі қозғалады.Адам да атомдардың бірлігі, бірақ оның жаны бар. Жан дегеніміз де зат, ол ерекше атомдардан, яғни жеңіл және тез қозғалуға бейім атомдардан құралады.Демокрит осы принципімен таным процесінде түсіндіреді. Таным дегеніміз заттардың бетінде ағып жүретін атомдарды қабылдау.


Ерте түрік мәдениетіндегі философиялық идеялар:

Көне гректердің айтқанындай, философия дүниеге таңғалудан басталады. Ал оның өз өмірдегі күнбе- күн кездесетін айқын да түсінікті құблыстардан туындамайтынығы түсінікті. Көне түріктердің түсінігі бойынша , бұл дүние жоқтан пайда болмайды. Оны ұстаға ұқсайтын жаратқан жаратқан. Дүние, негізінен, жер, су, ауа, оттан тұрады. Ол неше түрлі қайшылыққа толы: жер мен күн, өмір мен өлім, адам мен табиғат, бақ, құт пен зардап, жарық пен қараңғы, жылы мен суық т.с.с. Сонымен қатар көне түріктердің нанымында ерекше орынға ие болған Әйел құдайы- Ұмай болды. Ол үйдің, шаңырақтың, ошақтың қамқоршысы, балалардың сүйеніші, содан кейін өнердің қолдаушысы болған. Ежелгі түріктер үшін қайырымды рухтар- ата- бабалар рухы болды. Оларға сиынып, ақ мүйізді, аша тұяқ сирды, ақ сарыбас қошқарды, ақ қойды және табандағы алғашқы төл басын құрбандыққа шалды. Егер адам өлсе, оның аруағына арнап, арнайы 40 күн от жағылды, Өлікті жерлегенде онымен бірге үй заттарын, тағамды бірге жерледі. Ежелгі түріктер жеріне су, тау не орман болсын, табиғаттың әрбір бөлшегінде киелі күштер бар деп есептеді. Түріктердің бүгінгі күнге дейін ағашқа, басқа да нәрселерге жыртыс байлауы, ‘киелі, қасиетті жер’ деп санауы ислам дінінің ғұрпына жатпайды, Бұл- сонау көне заманнан келе жатқан орхайзмдер. Аңшылар мен малшылар әлемін әрқилы аңдар, жан- жануарлар, хайуанаттар жайлап, әр түрлі заттар мен өсімдіктерге, жануарлар құдіретіне тәңірдей сиынған . Түріктер өзінің тотемиі ретінде қасқырды ең жоғарғы орынға қойған.

Жаңа дауір философиясы. Рационолизм және эмпризм:

Жаңа дәуір философиясы XVII-XVIII ғасырлар аралығын қамтиды. Бұл -философиядан бөілініп шыққан жаратылыстану ғылымдарының қалыптасу және даму кезеңі. Физика, химия, астрономия, математика, механика дербес ғылымдарға айналды. Сондықтан танымның жалпы әдісін анықтау, жаратылыстану ғылымдарының мәліметтері мен табыстарын түсіндіру және жалпылау мәселесі туындайды. Мұның өзі жаңа дәуір философиясына жаңа міндеттер жүктейді.

Жаңа дәуір философиясыныңі негізгі мәселесі – таным теориясы, барлық ғылымдарға қажетті ғылыми таным әдістерін жасау. Осы мәселемен Ф.Бэкон, Р.Декарт, Дж.Локк, Г.В.Лейбниц айналысқан. Олар мүмкіндігі жоғары ойлау заңдылықтарын іздестірген. Бірақ адам ақылы нақты өмірде кейбір қате идеялармен, ұғымдармен тұманданған, көмескіленген. Осы тұманнан идолдан (Ф.Бэкон) босаған, тазартылған таза ақыл ғана құбылыстың мәнін аша алады. Яғни, таза ақылды табу керек. Сонымен қатар, ыңғайлы, пәрменді таным әдістерін ойластыру да өте қажет.

Жаңа дәуір философиясына тән бірнеше маңызды ұстанымдар бар:

  1. Ғылымның діннен толық ажыратылуы. Сенімнің ақылмен, ғылымның дінмен бірігуі мүмкін емес.

  2. Ғылымның адамзаттың маңызды іс - әрекеті дәрежесіне көтерілуі. Тек ғылым ғана адамзатты байытады, қайғы мен қасіреттен босатады, қоғамды дамудың жаңа сатысына көтереді, қоғамдық прогресті қамтамасыз етеді.

  3. Ғылымның дамуы мен адамның табиғатты игеруі барлық ғылымдарға ортақ негізгі әдістерді анықтаған жағдайда ғана мүмкін болады.

Жаңа дәуір философиясындағы эмпиризм – бұл тәжірибелік, сезімдік білімді нағыз шынайы ақиқат білім деп мойындау.

Рационалистік бағыт адамның ақыл – ойын әдістің негізі етіп алады.

Эмпиризм де, рационализм де бір жақтылыққа ұрынды. Шын мәнінде таным процесінде сезімдік мүмкіндіктердің және ақыл – ой, парасаттың өзіндік орны бар, оларды бір – біріне қарама – қарсы қоймай, бір тұтастықта қарастыру ақиқатқа әлдеқайда жақын еді.

Ибн-Сина:

(980-1037) – ғалым – философ, дәрігер, Шығыс перипатепизмінің көрнекті өкілі. «Сауықтыру кітабы» және «Құтқару кітабы» деп аталатын екі атақты шығарманың авторы. Ойшылдың бұл кітаптарында осы дәуірдің көрнекті дәрігерінің этикалық ізденістері көрініс тапқан.

Ибн Сина барлық ғылымдарды теориялық және практикалық деп екіге бөлген. Этиканы жеке адамның тәртібі туралы ілім, экономиканы үй жұмыстарын басқару ғылымы, саясатты халықты, мемлекетті басқару және ұйымдастыру туралы ілім деп анықтаған. Бұл ғылымдардың бәрі практикалық сипатта, өйткені олар адамның іс - әрекетімен тығыз байланыста.Теориялық ғылымдарға метафизика, математика, физика жатқызылған.Авиценаның ғылым теориясы әлемнің танылатына негізделген. Ғалым өзінің күшімен адам дүниені тани алатынына сенген.Авиценна логиканы жоғары бағалаған. Аристотель сияқты ол да логиканы теориялық ғылымдардың қатарына қоспаған, бірақ барлық негізгі философиялық еңбектерінде оны философияға кіріспе ретінде алған. «Даниш – намеде» ибн – Сина логиканы «ғылым - өлшемі» деп атаған. Өйткені кез келген білімнің нақтылығы, танымдық деңгейі логика арқылы белгілі болады.Метафизика болмыс туралы жалпы ілім деп анықталады.Метафизика зерттейтін төрт түрлі болмыс бар. Біріншіден, ешқандай денелік белгісі жоқ, таза рухани құбылыстар, оның ішіндегі маңыздысы – Құдай. Екіншіден, материямен тығыз байланысты болмыс, мысалы, аспан денелері. Үшіншіден, кейде тәнмен бірге, кейде одан тыс өмір сүретін заттар, мысалы, субстанция, сана, қажеттілік, мүмкіндік. Төртіншіден, метафизика материалдық заттарды және олармен біте қайнасқан ұғымдарды зерттейді.Ибн Синаның пікірінше, әлем құдайдың эманациясы арқылы қажеттілік негізінде қалыптасты. Құдай бейтарап, әлем материалды, құдай сияқты ол да мәңгі. Табиғи заттар бір – бірімен себеп салдарлы байланысқан, онда табиғи заңдылықтар үстемдік жасайды.Араб перипатетизмнің шыңы – ибн Рушд немесе Аверроэс, мұсылмандық Испанияның орталығы Кордовада өмір сүрген. Аристотельдің ізімен ол да барлық адамдарға ортақ бейтарап әлемдік ақыл деп пайымдады, оның философиясы материалистік сипатта дамыды., ол алдыңғы қатарлы араб ойшылдарының және Аристотель ілімдерін синтездеу нәтижесінде схоластика мен католицимзге қарсы бағытталған ілімді жасады.Осыған сәйкес жеке адамның жанының мәңгілік тегін теріске шығарды, бірақ бүкіл адамзат мәңгілік деп есептеді.

Классикалық неміс философиясы:

Классикалық неміс философиясы ойлау, таным, рух, табиғат, тарих проблемаларын терең зерттеді; жалпы даму заңдарын ашып, диалектиканы даму жөніндегі жан-жақты және дәйекті ілімге айналдырды; философиялық методтар мен категориялар жүйесін, таным, ойлау, рух жөніндегі ілімдерді құрды. Сөйтіп, Кант, Гегель және басқалары философияны ғылым, логика, методология, гносеология, диалектика ретінде дамытты. Ғылым дәрежесіне жеткен философиянын мүмкіндіктерін ашып берді.

Классикалық неміс философиясы жалпы алғанда – идеалистік философия және мұнда идеализмнің екі түрі де дамып жетілген. ( V бъективтік идеализм ретінде Кант пен Фихтенің, ал объективтік идеализм ретінде Шеллинг пен Гегель ілімдерін қарастыруға болады. Сонымен, классикалық неміс философиясы - классикалық идеалистік философия.

Классикалық неміс философиясының елеулі жетістігі диалектиканы теория, метод және философиялық көзқарас ретінде жан-жақты дамытқаны. Бұрын айтканымыздай, диалектикасыз философия шынайы, өткір, сыншыл, пәрменді ғылым бола алмайды. Немістер диалектаканы теориялық тұрғыда негіздеп қоймай, таным процесінде шебер қолдана білді, жүзеге асырды. Диалектиканы дамыта отырып, Кант, Фихте, Гегель метафизикалық ойлау тәсілінін тайыздығын, сыңаржактылығын ашып, бұл көзкарасқа катты сокқы берді.

Неміс философтары философия меи ғылым үшін маңызы өте зор таным мен ойлаудың белсенділігі идеясын ұсынып, іс жүзінде оны негіздеп берді.

Таным мәселесіне айтарлықтай өз әсерін тигізген ол классикалық неміс философиясының өкілі Иммануил Кант. Кант философияда таным теориясында шынында да өзі айтқандай «Коперниктік төңкеріс» жасады.Одан кейін философияда таным туралы көзқарыс мүлде өзгерді. Материалистер таным процесін сыртқы дүниенің заттардың адам санасандағы жай бинеленеді деп түсінді. Кант материалистік таным теориясын сынай отырып, танымның, ойлаудың, субъиектің белсенділігін баса көрсетеді.

Гегель неміс класикалық философияның негізгі өкілі

Германияның Штугарт қаласында лауазымды отбасында дүниеге келген. Гимназияны үздік бітірген 1788-1793 жылы Тюбинген теологиялық институтында оүһқыған 1801 ж бастап Иена университетінде ғылыми – педогогикалық жұмыс атқара бастайды.Негізгі еңһібектері Логика ғылымы Рухтың феноменологиясы Философиялық ғылымдардың энциклопедиясы.т.с.с

Гегель неміс класикалық философияның негізгі өкілі1170-1831ж Германияның Штудгартд қаласында лауазымды биік шен иесінің отбасында дүниеге келген. Гимназияны үздік бітірген 1788-1793 ж Тюбинген теологиялық институнда оқиды 1801 ж бастап Иенеи унииерситетінде ғылыми –педогогикалық жұмыс атқара бастайды.

Негізгі еңбектері Құқ философиясы.Логика ғылымы. Философиялық ғылымдардың энцеклопедисы

Көне Қытай философиясының негізгі ағымдары:

Көне Қытай философиясы білім мен ізігілік мәселесін қатар қояды.

Ізгілік жолы оңай емес. Ізгілік өте нәзік, оны көріп бағалау әркімнің қолынан келе бермейді. Ол да үлкен адамшылықты қажет етеді. Өзіңе сын көзіңмен қарап, өз интеллектіннің өрісін білу өте маңызды. Даосизм ілімнің негізін қалаған Лао – цзы осыған үлкен мән берген.

Біздің эрамызғa дейінгі IV-III ғасырларда жасалған «Дао және дэ туралы ілім» деген трактатта: «Білімі бар бола тұрып, білмеймін деп есептейтін адам дана. Білімі жоқ бола тұрып білетін сияқты түр көрсететін адам ақымақ. Шын дана өзін ешқашан да ұлымын деп есептемейді, сондықтан да ол ұлы бола алады» делінген.

Адамның дамуына үлкен кесілін тигізетін кедергі өзі жөніндегі көтеріңкі пікірі мен өзін - өзі дәріптеушілігі болып табылады. Атақ құмарлық, менмендік сияқты ұсақ, кемшіліктерді жеңе білу – шын мәніндегі даналыққа апаратын алғашқы қадам.

Даосизм ілімінің негізгі ұғымы – дао. Дао табиғат пен адам арасындағы жарастықты, тылсым байланысты ерекше дәйектейді. Ғаламның шексіздігін, мәңгілігін еске алсақ, адамдар әлжуаз, көзге ілінер – ілінбес қана тіршілік иелері.

Адамдар табиғат ананың шексіз қуатымен жарастықта бола алмаса, ұзақ өмір сүре алмайды. Даосизмнің басшылыққа алар негізгі желісі осы. Табиғаттың шектелуді білмейтін алып құдіреті – Дао болып табылады.

Қытай мәдениетінің көрнекті білгірі А.С.Мартиновтың пікірі бойынша, конфуцийлік тұлға өзінің мән – мағынасын табиғаттан алады. Сондықтан мемлекеттік аппарат оны табиғаттың сиы, ерекше дары деп бағалаған.

Даолық жолдың мәні – оның табиғылығынды.

Адам жерге тартады, жер аспанға, аспан – даоға, ал дао - өзіне тартады. Қытай халқына тән ойлау мәдениеті туралы К.Г.Юнг былай жазады: «Біз кездейсоқтық деп анықтаған құбылыс, осы бір ерекше ойлау типі үшін, негізгі принцип дәрежесіне көтеріліп, ал біздер себеп салдарлық байланыс деп соншалықты дәріптейтін құбылыс олар үшін ешқандай мағынасы жоқ нәрсеге айналады».

Оларды салдарлы себеп туындататын гипотетикалық себептерден бұрын бақылау сәтінде бірден көзге түсетін әртүрлі кездейсоқ оқиғалардың өзара байланысы көбірек қызықтырады.

Батыс ойлау мәдениеті әрнәрсені саралап, салыстырып, теріп алып, жүйелеп, бөлектейді, ал қытайлықтар бір сәтке көре алатын бір кішкентай бөлшекке, құбылысқа мән береді. Өйткені, оны осы бір кішкентай құбылыс немесе бөлшектің өзі емес, осы бақылауда болып тұрған сәт көбірек қызықтырады.

Дао - дегеніміз барлық әлемнің негізі. Дэ – бұл күш пен энергия. Ол даомен байланысқан, оның көрінісі.

Ци – бұл әмбебап ғарыштық субстанция (энергия). Ци тек тәнді ғана емес, ойды да тудырады. Ци әлемнің материалды күші ретінде өмірді тудыра отырып, конструктивті, ал сонымен қатар, жолындағының бәрін жаппай, құрта отырып, деструктивті роль атқарады.

Пайда болумен, туындаумен және жоғалумен, құрдымға кетумен, байланыстының бәрі ци ұғымының тікелей мәнін түсіндіреді.

Қытай философиясының тағы да бір көрнекті ағымы – конфуцийшілдік. Оның негізін – Конфуций қалаған.

Кунь-Цю (551-479 ж. б.э.д.) Еуропа тілдерінде Конфуций басқаша айтқанда «Ұстаз Кун» Лу провинциясында Цюй фу деген кішкентай қалашықта дүниеге келген, әкесінен ерте айырылып, анасының тәрбиесінде болды. Жеті жасында мектепке барып, он жыл бойы аса үлкен ыждаһаттылықпен оқыған. Ол рәсімдер мен әртүрлі рәміздерге көп көңіл аударған.

19 жасында үйленіп, астық амбарларының күзетшісі болған. 66 жасқа дейін Қытайдың барлық жерлерін аралап көрген. Сонан соң өзінің туған қаласына оралған. Оның ілімі тез арада тарап, көп ізбасарлары пайда болған. Өмірінің ақырында оның 3 мыңға жуық оқушылары болған.

Көне үнді философиясы:

1.Ведалық дәуір біздің дәуірімізге дейінгі XV-VII ғасырларды қамтиды. Ведалық әдебиеттің төрт түрін көрсетуге болады: самхиттер – гимндер жинағы; брахмандар – ведалық текстерге түсініктеме және ритуалдарды баяндау; араньяктар («орман кітаптары» орман кезіп, өмір сүретін дервиштерге арналған жинақ); упанишадтар – жартылай поэтикалық, жартылай философиялық трактаттар.

2.Эпикалық дәуір. Біздің дәуірімізден бұрынғы VI ғасыр мен біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырлардың аралығын қамтиды. Осы тарихи уақытта ірі поэмалар Рамаяна мен Махабхарата дүниеге келген. Бұл дәуірдегі философияның дамуын үш сатыға бөлуге болады:

А) Ведалардың беделін мойындамайтын мектептер – джайнизм, буддизм және чарвака – локаята материалистік мектебі, б.э.д. VI ғ.

Б) Бхагавадгита мен кейінгі упанишадтарды теологиялық тұрғыдан реконструкциялау б.з.б. V – IV ғ.

В) Веданың беделін мойындайтын және оған сүйенетін мектептер – санкхья, йога, миманса, веданта, ньяя, вайшешика, біздің заманымызға дейінгі III және біздің заманымызға дейінгі II ғасыр аралығында дамыған.

Бұл мектептерле классикалық үнді философиясының жүйелері қалыптаса бастады.

3.Философиялық сутралар және оған түсініктемелер дәуірі. Осы уақытқа дейінгі жиналған материалдарды қысқарту және жинақтау уақыты болды.

Үнді философиясының дәстүрінде бәрі мойындайтын және пайдаланатын іргелі ұғымдар бар. Ең алдымен, бұл карма ұғымы. Карма – жазмыш заңдылығы, тағдыр адамға істеген әрекетінің табиғатына қарай несібе сыйлайды. Егер адам өзінің эгоистік пиғылдағы әрекетінен тазарып, тек жоғары құндылықтарға ұмтылып отырса, онда ол карманың кәріне ұшырамайды. Карма ұғымы сансара туралы іліммен тікелей байланысты.

Сансара дегеніміз – жанның жай таппай жиһан кезуі, бір денеден екінші денеге ұдайы ауысып отыруы туралы ілім.

Қайтадан туу қатары үзіліп, сансарадан азат болуды мокша деп атайды.Ведалар – бұл магиялық дұғалар мен салтанатты әуендердің, қасиетті әндер мен құрбан шалу формаларының жиынтығы.Екінші веда, Самаведа, негізінен Ригведаның гимндерін қайталайтын самхит.Үшінші – Яджурведа, әртүрлі мектептерге лайық самхиттердің бірнеше варианттарын ұсынады.Атхарваведа – төртінші және соңғы самхит.Ведалық әдебиет ұзақ уақытта және алғашқы мемлекеттің қалыптасуының қиыншылықтары жағдайында пісіп – жетілген. Көшпенді, мал бағатын арийлердің алғашқы тайпалары бірте – бірте өзгеріске ұшырап, жіктелген таптарға айналып, дамыған жер өңдеуші, сауда, қолөнері бар қоғам қалыптасты. Мұнда негізгі сословие пайда болды.

Брахмандар – дінбасылары мен монахтар.Кшатрийлер - әскерлер мен бұрынғы тайпа көсемдері, вайшилер жер өңдеушілер, қолөнершілер және саудагерлер.Ведалық культтің негізі - өз міндеттерін бұлжытпай орындап отыруын сұрап, құдайға жалбарынып, құрбан шалып отыру.

Брахманизм діни философиялық көзқарастар мен рәсімдік – культтік практика ретінде ведалық әдебиеттің тікелей мұрагері болып табылады. Онда әлемнің пайда болуы мен дамуы туралы пікірлер бар. Кейбір жерлерінде әлемнің түпкі субстанциясы су деген пікір де кездеседі.

Брахмандар дегеніміз - ең алдымен, ведалық рәсімдерді орындауға бағытталған практикалық нұсқаулар.Брахман – абыздар төрт негізгі принципті есепке алуға міндетті: шыққан тегі бархмандық болуы және соған лайықты өмір сүруі, білім алуы және білімділігімен көзге түсуі бірден – бір қажеттілік. Олар адамдарға көмектесіп, солар үшін құрбан шалуы тиіс.

қазақ философиясы:

Қазақ хандығы дәуіріндегі философия, ,хv-xvIII ғасырлар аралығын қамтиды,үш бағытта дамыды;а)жыраулар философиясы;ә)билер философиясы;б)''зар заман философиясы ''.XIX-Ғасырдағы Ағартушылық философиясы;Шоқан Уалиханов ,Ыбырай Алтынсарин,Абай Құнанбаев философиясы-антропоцентристік және экзистенциалистік сипатқа ие. XX-ғасырдың 20-40жылдарындағы қазақ философиясы. негізінен саяси философия болды: Ә.Бекйханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов,. Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев. Қазақ философиясы дұниенің құбылыстарына дұниеге таңғалудан басталады.дұниеге таңқалатын нәрсе көп,сонын бірі әлем,екіншісі адам.қазақ халқыда осы аталған екі дұниеніңсырын ашуға ұмтылды,аспан дұниелерінің қозғалысына таң қалғандықтан өздерінше ойтұиіндеп тұжырым жасады.аспанның сырын ашуға талпынды,жұлдызды әлемнің жұмбақтарын ашыуды арманетті.осылардын нәтежесінде дұние туралы тұсінігі көзқарасы қалыптасты,адам боиындағы небір тілсім кұштерді тануға ұмтылды.қазақ халқының дұние сезімі дұние танымының ерекшеліктері өзі өмірсұрген ортамен баиланысты. 1-ден қазақ халқы басқа еуропа халықтары сяқты тәбиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуді мағсат етіп қоймаған керісінше табиғатқа бейімделіп онымен гормониялық қатынас орнатуды мақсат тұтқан қазіргі заман тілімен айтқанда көшпенді қазақтардың экологиялық санасы биік болған 2-ден қазақ дүние танымының ерекшелігі еркіндікпен бостандық сүйгіштігі.3-ден қазақ тендікпен әділеттілік мәселесіне үлкен назар аударған,4-ден теңдікке негізделген әділеттілікпен әлеуметтік айырмашылықтарымен әлеуметтік топтану аз болған ,5-ден байлыққа жетуден гөрі ар намысты жоғары ұстау халықтың қанына сіңген үлкен құндылық ,6-дан ұжымдық мүддені жеке мүддеден жоғары ұстауы ол көшпенділік өмір салтынан шыққан құндылық. 7-ден көшіп қону барысында әр қилы қиындықтарды қауіп қатерлерді бастан кешірген ол ерлікті батырлықты қасиеттеуді талап етті,8-ден көшпенділердің өмірі қауіп қатерден соғыстардан тұрғанын кейін олар өмірді бағалап бабалардың өсиеттеріне көңіл аударады .9-дан қазақ халқының көңілінің ашықтығы ризашылығы халықтың керемет қасиетінің бірі боп саналады,әрине халықтың мыңдаған жылдар шеңберінде бойына жинаған көп қадір қасиетінің негізгілерін көрсеттік.

Қазақ зиялыларының қоғамдық-ұлттық идеялары: Байтұрсынов, Жұмабаев, Дулатов, Аймаутов:

XX ғасырдың басындағы аласапыран заманда Ресей импсриясы терең күйзеліске ұшырап, оның құрамындағы халықтардың ұлттық сана-сезімі өсіп, олар өзіндік мемлекет құру, төл мәдениеті мен тілін, әдет-ғұрпын сақтап қалу мәселелерін күн тәртібіме қоя бастады. Бұл көштен қазақ зиялылары да қалысқан жоқ. Қазақ халқы XX ғ. басында өз ішінен талай-талай дарынды, өз халқыш.ш бостандығын армандаған, сол үшін жан-тәнін берген азаматгарцы тудырды. Солардың ішінен ерекше тұлғалар ретінде Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Х.Досмұқанбетов, М.Жұмабаевты атап өтуге болар еді. Аталған тұлғалардып көбі өз талпынысының арқасында жан-жақты білім алып, орыс және басқа тілдерді меңгеріп, шын шығармашылық деңгейге көтеріле білді, ал кейбіреулері Ресей жоғары оқу орындарын бітірді (Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов т.с.с.).

қамсыз беріліп қызмететуінен т.с.с. себептерден көрді. Олай болса, көп уақыт «ұйқыда жатқан» халықты ояту керек, ол үшін басқа амал болмаса, оны «маса» сияқты шағу керек, ал М.Дулатовқа келсек, ол тіпті «Оян қазақ» деген ашық ұран тастаған болатьш.

Мұндай жағдайда хальгқтың бостандыққа жетуі - алыста жатқан, стратегиялық мақсат-мұрат, ал сол кездегі нақтылы-тарихи жағдайға байланысты Ресей мемлекетінің шеңберінде Қазақстан-ның автономиялық дэрежесіне, өзін-өзі басқару мүмкіндігіне жетіп, халықты ағарту, мэдениетті жаңарту арқылы кегттен бері созылған халықтың ауруы қараңғылық пен еріншектік, енжар-лықтан қутқару мақсатын қойды.

А.Байтұрсынүлының ойынша, ондай жаңару жолына жетудің негізгі жольт - демократиялық үрдісті дамыту, адам қүқтарын сақтау, «Мемлекеттің Думаның» мүмкіншіліктері қандай шолақ болса да, бәрін заңды жетілдіру арқылы жету деп есептеді. «Тағы да халық соты жөнінде» деген «Қазақ» газетінде 1911 ж. жарық көр-ген еңбегінде ол «Сайлау» деген ұғымның мэн-мағынасын егжей-тегжейлі талдайды: ол рулардың, я болмаса қалталылардың ара-сындағы тартыс емес. Өкінішке карай, қарапайым халық дэл солай деп ойлайды. Соның нэтижесінде билікке тайыз, арсыз адамдар өтіп кетеді де, ойларына не келсе соны істеп, пара алып, жемқорлық жолына түседі. «Сондықтан халық сотына сайлаганда білімді, таза, әділетті, халыққа адал қызмет ететін адамдарды таңдай білу керек», - деп қорытады үлы ойшыл. Бүл ойдың біздің қазіргі өмірімізге де тікелей қатынасы барын оқырман айтпай да түсінетін болар.

Қазақ жерін қазынаға өткізіп, одан жері жоқ орыс шаруалары-на жер беруге байланысты, соның нәтижесінде әлеуметтік-саяси ахуал шиеленісе түсті. Ол ахуалды улы жыршы Мағжан: «Бар жерді күннен-күнге алып жатыр, Біреулер алып қала салып жатыр. Қырылысып өзді-өзіне қазақ сорлы,

Жерінен аузын ашып қалып жатыр», - деп ашына толғаған болатын. А.Байтұрсынүлы жерді тартып алу, халық бостандығыньщ жойылу себептеріне тоқтала келіп, көп жағдайда халықтың зардап шегуі оның надандығы мен заңдағы белгіленген өз қүқтарын қорғай алмауында деген тұжырымға келеді. Сондықтан ол «Қазақ жерлерін алу тәртібі» заңын егжей-тегжейлі талдап, халыққа өз қүқтарының қандай екенін, жерлерін заңды жолмен қалай сақтап қалуға болатыны жөнінде айтады. «Жерді жалға алу жөнінде» деген мақаласында ойшыл қазақтардың қ^қтық надандыгы мен келте-

лігінің нэтижесінде өз жерлерінен айырылып жатқаны жөнінде қамыға, қиналып жазады. Әрине, мүндай ағарту жүмыстары халық-тың оянуына, саяси-құқтық санасының өсуіне өзінің пайдасын тигізді.

Қазақ жерін отарлау барысында, мал жайылымы тарылса да, бұрынғыдай көшіп-қонып, мал бағып емір сүргісі келген адамдарға ол жаңа ахуал өмірге келгенін, сондықтан жаңа шаруашылық түрлерін игеру керек екенін айтады. Қазақтар өмір-бақи мал баққаннан кейін, кейбіреулер біз оны жақсы білеміз, басқалар ол жөнінде бізге не айтады деп лепіреді, - дейді ойшыл. «Шынына келгенде, мал шаруашылығы өте төмен деңгейде, ол тек қана үлкен жайылым бар жерлерге икемделген. Жер көлемі қысқарған сайын, оның мүмкіндігі сарқыла түсуде», - деп қорытады ойшыл (қараңыз: Ақ жол. Алматы, Жалын,1991, 237-238-6.6.). А.Байтұрсынұлының бүл ойы осы уақытқа шейін өз маңызын жойған жоқ. Қазақ өмір салтының күрт өзгеру барысында халықты аман сақтап қалу, оның саны мен күш-қуатын өсіру мэселесін талдаған да осы ағартушылар болды. М.Жүмабаев, М.Дулатов сияқты зия-лылар оның тетігін қазақ эйелдерінің эмансипациясымен (теңді-гімен) тығыз байланыстырады. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», М.Ду-латовтың «Бақытсыз Жамал» романдарында, М.Жүмабаевтың көп-теген өлеңдерінде қазақ әйелінің аянышты жағдайы шынайы да нанымды суреттелген. Әрине, бүгінгі таңда қазақ әйелі - шынайы теңқүқты қоғамның мүшесі. Сонымен қатар «үлттық дэстүрді» сақтап, «мұсылмандық жолына» түсіп, еркектерге көп эйел алуға заңды жол ашу керек деп лепірген надандар да біздің қоғамда жоқ емес.

А.Байтұрсынүлы халықты сақтап қалу мен оның санын өсіру-дің негізгі жолдарының бірі - сайын далада кең етек жайған жүқпалы аурулармен күрес деп біледі. «Ол үшін ғылыми білімі бар кэсіби дәрігерлердің көмегі қажет, неше түрлі халықты алдайтын бақсы-балгерлерден бас тарту керек. Қоғам өмірінде кең тараған аурулар жөнінде қызықты да қысқа көлемді кітапшалар жазылып, халық арасында таратылуы қажет», - дейді ұлы ойшыл. Бүгінгі өтпелі қоғамдағы халықтың ауыр жағдайына байланысты туберкулез, бруцеллез т.с.с. жүқпалы аурулар тағы да бас көтерген жағдайда, демократиялық үрдісті пайдаланып, медицина жөнінде күңгірт «білімі» бар мыңдаған жаңа бақсы-балгерлер пайда болды емес пе? Ол алға жылжу ма, элде кері кетушілік пе, оны оқырман өзі-ақ шешер.

ұлттық демократия бағытын үстаған ойшылдар қоғам жаңа-руы, түлеуінің қайнар көзін үлттық интеллигенциядан (зиялылардан) көрді. Сондықтан А.Байтұрсынүлы зиялыларды бірлікке, олардың білімі мен жалпы мәдениет деңгейін көтеруге шақырады. Қазақтардың үғымында адамның екі тілсіз жауы бар, ол - от пенен су, - дейді ойшыл. Үшінші жау, оның ойынша, зиялылардың арасында кең тараған-«менмендік», «көреалмаушылық», «алыс-тартыс», «бірліктің жоқтығы», «сатқындық» т.с.с. Шенді қуып, патша қызметшісінің жарқыраған түйме мен жапсырмасына ие болуға тырысу, өз халқына тәкаппарлықпен қарау, пара алу сияқты жоғарыдағылардың теріс қылықтарын ақын қатты сынға алады (Ақ жол., 213-6.)- Ол зиялыларды халық мүддесіне жан аямай, ізгі ниетпен адал қызмет етуге шақырады. Зиялылар дүниежүзілік цивилизацияның қол жеткізген ғылым мен техника жетістіктерін игеріп жэне оларды мыңдаған жылдар бойы жиналған халықтың рухани байлығымен үйлесімді ұштастыруы керек. Бұл үндеу бүгінгі күнде де өз мән-мағынасын жойған жоқ сияқты.

Қазіргі заманғы батыс философиясы, негізгі идеялары мен мектептері:

Құлиеленушілік қоғам күйреп, оның орнына Батыс Еуропа елдерінің қай-қайсысында да феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алып, тарауына байланысты, «шіркеу әкейлері» мен «пұтқа табынушылар» философиясының арасындағы мәмлеге келмес күрестің өрбу деңгейіне байланысты ортағасырлық философияны негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады. Біздің заманымыздағы ІІ ғасырынан бастап, алғашқы христиандық ойшылдардың ілімдерін жиынтықтап, кейін апологетика (қорғау) деп аталып кеткен діни-философиялық бағыт пайда болады. Негізгі өкілдері: Юстин Мученик, Тициан, Тертуллаин Квинт Септимий Флоренс, т.б. Олар өз ілімдерінде христиан діні ежелгі грек философиясы сияқты жалпыадамзат алдында тұрған маңызды да күрделі мәселелерді көтеріп, оларға ежелгі грек философтарынан гөрі тереңірек, ауқымды және ұтымдырақ жауап береді, сондықтан да оларды христиан дініне сенбейтін билеушілер мен ғалымдардың сынауы негізсіз деген пікірді басшылыққа ала отырып, жаңа грек философиясының орнын басатын христиандық діни-философия жасауға бар күштерін салды.

Патристика (pater-әке) деп шіркеу әкейлерінің діни философиялық ілімдерін айтады (ІІІ-VІ ғғ.). Негізгі өкілдері: Климент Александрийский, Амвросий, Августин Блаженный, т.б. Мысалы, Августиннің көтерген басты мәселесі – христиан діннің артықшылығын дәлелдеу арқылы, шіркеудің жанды билеуге құқықтығы. Ол – аспан мен жер арасын байланыстырушы деген сияқты идеяларды дәлелдеу үшін манихеялық, скептицизмдік және неоплатонизм қағидаларын басшылыққа алды. Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып тағы басқа оның іс-әрекеттері, қылықтары құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойған.

Батыс Еуропа елдерінде христиан дінінің кең тарауына байланысты "Шіркеу әкейлері” мен путқа табынушылармен философиясының арасындағы күрестің өрлеуіне байланысты Ортағасырлық философиясы негізгі үш кезеңге бөлінеді:

1. б.з. II ғасырдан бастап, Апологетика деп аталатын діни философиялық ілім пайда болды.2. III-VI ғ.ғ. Патристикалық ілімнің белең алған кезеңі.3.  Схолистикалық кезеңАпологетика (гр. Apologetikos – қорғаушы) – теологиялық сала. Апологетиканың мақсаты – ақыл-парасатқа жүгінген дәлелдердің көмегімен дін ілімін қорғап,сақтау. Апологетиканың құрамына мыналар енеді: құдай болмысының дәлелдемелері, жанның мәнгілігі, құдайдың сыр беруінің белгілері туралы (оның ішінде ғажайыптар мен сәуегейліктер туралы)  ілім, дінге және оның жекелеген догматтарына қарсы бағытталған наразылықтарға, сондай-ақ басқа діндерге талдау.Апологетика- әлдебір нәрсене әділетсіздіктен қорғау, сол нәрсені мадақтау ұғымына сәйкес. Өкілдері – Юстин Мученик, Тециан, Тертуллиан Квинт Септилий Флоренц.Патристика (лат. Pater-әке) –2-8 ғасырлардағы христиан дін ілімі. Пұтқа табынушылыққа қарсы христиан дінінің догматтарын қорғайтын, діни нанымның ежелгі философиямен үйлеспейді дейтін "шіркеу әкелерін” мадақтау, қостау. Өкілдері – Тертуллиан, Климент Александрский, Ориген, Августин.Схоластика (гр. Scholosticos- мектептік) – орта ғасырлық "мектептік философия”, оның өкілдері – схоластар христиандық дін ілімін рационалды (зерделі) түрде негіздеуге және жүйелеуге тырысты. Бұл үшін олар Платонның, Аристотельдің философиялық көзқарастарын пайдаланды. Ортағасырлық Схоластика универсалия төңірегіндегі дау-дамайлар үлкен орын алды.

Қайта өрлеу дәуір философиясы. Антропоцентризм және гуманизм:

сауда жолын жандандырды. Соған сөйкес енді сауда

жолдары ешкен Орта Азия мен Таяу Шығысқа қарағанда

орнына Португалия, Испания, кейін Нидерланды мен

Англия дамыған ірі елдерге айналды. Бұл елдерде бұрынғы

ғасырлар бойы қамалдарда орналасқан феодалдық

ыдыраушылық орнына бір орталыққа бағындырылған

корольдық үкіметтер келді. Алыстағы елдермен араласу ол

елдердің тілін, мәдениетін білуді қажет етті. Шығыс пен

Батыс байланысы мәдениеттің, ғылымның дамуына

жеткізді. Жан-жақгы білімді адамдар дүниеге келді. Осы

дәуірде олар орта ғасырлық діни ұғымдар мен схоласти-

каға негізделген идеология шеңберін бүзып, ертедегі грек,

Рим мәдениетіне бет бүрды.^Соған сәйкес ғылым екілдері

инквизиция жасаған сұмдық азаптарға қарамастан, табан-

дылық пен ерлік көрсетіп, жаңалықтар ашты. Мәселен,

протестантизм дінінің бастаушысы Кальвин испандық

дәрігер Серветті адам денесінде кан айналымы болатынын

ашқаны үшін тірідей екі сағат шыжғырып өлтіртті.

Сондай-ақ, инквизиция Джордано Бруноны (1548-1600)

Рим алаңында тірідей өртеп елтірді. Ол: "Не табиғаттың

өзі — Қүдай, не Қүдай — затгардың ез ішінен ашылған

құдіретті күш", деді. Олай болса, Джордано Бруно

табиғаттан тыс, одан жоғары тұрған Қүдай жоқ.

Жаратушыньщ өзі - сол табиғат деп, Құдайды аспаннан

жерге түсірді. Бұл өте кэуіпті тұжырым болатын-ды. Өлер

алдында Джордано былай деп өсиет қалдырды: "Мейлі,

мені өртеп өлтірсін, бірақ менің өлімім адам баласын

жарқын болашаққа апаратын жолдарға тосқауыл бола

алмайды". Николай Коперник (1473-1543) өлім табытына

жатар алдында: "Бәрібір жер айналып тұр" деген екен. Ол

кезінде ғылымда Жер Күнді айналып қозғалатын дәлел-

деп, гелиоцентрлік жаңалық ашты. Пантеистік, натурфи-

лософиялық бағыттың негізін Николай Кузанский (1401-

1465) салды. Ол философияның негізгі мәселесін идеалис-

тік түргыдан шешті. Дүниенің бөрін, адамды да Құдай

жаратты, деді, бірақ пантеистік пікірді дамыта отырып,

сайып келгенде, ол Жаратушының рөлін жоққа шығарды.

Әйткені, пантеизм Қүдайды табиғатпен алмастырды. Ол

кеңістіктің шегі бар, дүниенің жаратылған уақыты бар

деген схоластикалық діни пікірге күмән келтірді, дүниенің

шексіздігін уағыздады. Таньш алдымен сезімнен бастала-

ІІ.І, одап соң оны ойлаумен толықтырады. Бүл екі процесс >,ІІІІІІІ.І Г>ірлікте, сана (интеллект) бәрінен жоғары түрады

и'ІІ ессптеді.

Пиколай Кузанский өзінің "шындықты алдын ала чолжау", "Білетін білместік", "Білімді білместік туралы" літси сңбектерінде әлемде бәрі қайшылықгардан түраты-ІІ І.І ІІ долелдейді. Қайта ерлеу дәуірінде ғылым, әдебиет, гурім, мұсіншілік өнері керемет дамып, оның Леонардо да ІІІІІІчи, Микеланджело, Рафаэль, Сервантес, Данте сияқты игақты өкілдері дүниеге келді.

Қарама - қарсылықтың бірлігімен күрес заңы, оның методологиялық маңызы: Қарама-қарсылықтың бірілігі мен күрес заңы диалектиканың негізгі өзегі болып табылыды.Ол табиғаттың,қоғамның ,адм ойлауынығ жүйелі дамуының жалпылық амбебаптық үш заңының бірі, айқындаушысы. Ол даму процестерінің ішкі қайнар көзін ашады , ескінің жойылып ,жаңаның пайда болу себептерін көрсетеді. Қарама-қарсылық заңы-бірін-бірі жоққа, теріске шығаратын қатынастар. Аристотель бұл жөнінде”заттар мен мәндер қарама- қарсылықтрдан тұратынын бәрі мойындайды,айталық, біреулер тақ пен жұпқа,енді басқалары жылы мен суыққа,үшіншілер шектілік пен шексіздікке, төртіншілер- махаббат пен қастандыққа нұсқайды”,-дейді.

Ол — табиғаттағы, қоғамдағы, адам санасындағы бірін-бірі жоққа шығаратын және сонымен қатар бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын заттар, құбылыстар, тенденциялар арасындағы қатынастар. Қандай да бір зат, құбылыс болмасын, ол қарама-қарсы-лықсыз өмір сүрмейді, мәселен, әрекет пен кдрсылық, тартым мен тепкі күштер, плюс пен минус, дұрыс пен бұрыс, тұрақтылык. пен өзгеріс, өлім мен өмір, үзіктілік пен үздіксіздік, жалпылықпен жекелік, т.б. Тіршіліктің өзі — ассимиляция мен диссимиляцияның аракаты-насы. Қоғамдағы қарама-қарсылықтын. сондай бір түрі - тап күресі. Қарама-карсылык әрбір заттын өз ішінде де болады. Мәселен, сан мен сапа арасында да қарама-карсылық бар. Сан көп, сапа біреу, сан бай, сапа терең. Сапа саннан туындайды, бірақ сапасыз санды түсіну де қиын. Мәселен, үш торғай ма, не үш карбыз ба? Оны ажыратып, анық-тайтын — сапа. Сөйтіп, бір затка анықтама берудің езі де қарама-кар-сылықтан тұрады. Өйткені сол анықтаманы бере отырып, өмірдің қалың шым-шытырык. болмысымен катар ол аныктама дәлме-дәл болуы үшін өмірмен байланысын үзбейтін болуы кажет. Міне, бұл да - карама-қарсылык, анықтаманың екі жағы.

Ал енді қарама-кдрсылықтың бірлігі деген не? Ол карама-қарсы жақтардыңбірінсіз-бірі өмір сүрмейтіндігі. Ал қарама-карсы жақтар-дың бірлігі жойылмаса, онда қарама-қарсылықтың өзі де мән-мағы-насынан айырылады. Біз карастырып отырған диалектикалық заң да осыны дәлелдейді. Айталық, ак пен қара қарама-карсы. Ал ақ болма-са, караны түсіну мүмкін емес. Сондай-ақ ұзын мен кысқа, жақсы мен жаман, пролетариат пен буржуазия — осылардың қарама-карсы жақ-тарын алып тастасаныз, олардың мәні де жойылады. Мәселен, егер қыскя болмаса, ұзынды калай түсінеміз, жамандық болмаса, жақсы-ны қалай білеміз, егер қапас еріксіздік болмаса, адам бостандықтың да бақыт екенін түсінбес еді.

Қоғам дамуының формациялық концепциясы. Қоғамдық экономикалыө формация ұғымы:

Қоғамдық-экономикалық формация теориясын жасаған К.Марк.Оның ойынша, ол- нақтылы- тарихи сатыдағы белгілі бір өндіріс тәсіліне негізделген қоғам.Ол бүкіл адамзат тарихын талдай келе қоғамдарды: алғашқы қауым, құл иеленушілік, феодалды, капиталистік формациялар деп бөледі.болашақта адамзат тарихы коммунистік формацияны заңды түрде тудырады. Өйткені, оның ойынша, капиталистік қоғамның негізгі мақсаты –заттық байлықты жинау, капиталды өсіру, ал тарихи сахнада өмір сүріп жатқан тірі адам- сол мақсаттың құралы ғана.Коммунизм –латын сөзі « қауымдық“ мағынасын береді. К. Маркстің ойынша, бұл қоғамда жекеменшік толығынан жойылып, өндіргіш күштердің орасан зор дамуының нәтижесінде адамдар арасында толық теңдік орнап, олардың барлық қажеттіліктері толығынан өтеліп, адамдар жан- жақты дамып гүлденеді, адамзаттың мыңдаған жылдар армандаңан бақытты өмірге қолдар жетеді. Бір қоғамдық экономикалық формациядан келесіге ауысуы үшін оның материалдық жаңдайы пісіп-жетілуң тиіс. Бұл тұжырым тек қана жалпы қоғамға ғана емес , сонымен қатар бір қоғам шеңберінде болатын өзгерістерге де қатысты. Әрбір қоғамдық формацияның негізінде белгілі бір өндіріс тәсілі болады. Өндіріс тәсілінің алмасуы қоғамдық формацияның ауысуына бастайды. Қоғамдық экономикалық формациясы туралы ұғым бүкіл адамзат тарихын дәуірлерге бөліп келген түрлі атаулардың пайда болуы, даму, ауысып отыру процестерінің теориялық негізі болды. Тарихтың даму барысында талдау метадологиясы негізінде бүкіл дүниежүзілік тарихтағы формациялардың заңды түрде алмасу себептері ашылды. Ол алмасу, яғни бір формациядан екіншіге өту -өндіргіш күштердің қарқынды дамуымен дайындалады да, қалыптасқан жаңа өндіргіш күштер күні өткен өндірістік қатынастармен сәйкес келмей, шиеленіске түседі.Бұл шиеленіс әлеуметтік революция, не реформалар арқылы шешіледі. Ал әлеуметтік революциялар ,, тарихтың локомотивтері,, болып табылады деген марксшілдер бір қоғамның екінші бір тұоғаммен ауысуының нақты белгісі және көрсеткіші деп уағыздады.

Қоғам ұғымы, негізгі философиялық тұжырым дамалары. Қоғам үздіксіз дамитын жүйе ретінде:

Қоғам - дегеніміз басқа да барлық организмдер сияқты ғылыми техникалық прогрестің, ресурстық, потенциалдық, ақпараттық және басқадай байланыстардағы өзгерістердің әсерімен, сондай – ақ бүкіл әлемнің, геосаяси қалыптың, әсіресе көрші елдердің әсерімен дамиды.

Қоғам көпжақты, әртүрлі қатынастар жүйесі. Олар бір – бірімен тығыз байланысты, бірінен – бірі туындап отырады. Дегенмен, қоғамдық қатынастар өзінің маңызына, атқаратын рөлінен қарай бірдей немесе бір қатарда бола алмайды. Мысалы, әр адам өзінің өмірін ұйымдастыруда материалдық жағдайы мен басқа да мүмкіндіктерін есепке ала отырып, ең алдымен, қандай қажеттілікті қанағаттандыру керектігін анықтайды, әрине тіршілікті қамтамасыз ететін тамақ, тұратын баспана, киетін киім болмаса, басқа құндылықтар туралы ойлау қиын болатыны сөзсіз. «Материалистік түсінік бойынша, тарихтағы шешуші нәрсе, сайып келгенде, тіршіліктің өзін өндіру және ұдайы өндіріп отыруы болады, - дейдіФ.Энгельс – Ал оның өзі тағы да екі түрлі болады. бір жағынан – тіршілік заттарын, ... киім – кешектерді, пәтер – үйлерді және осыған керекті құралдарды өндіру; екінші жағынан – адамның өзін өндіру тұқым жая беру түрінде болады».

Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Әлеуметтік қауымдық ұғымы. Қоғамның таптық құрылымы:

Қоғамда белгілі бір әлеуметтік құрылым болады. Әлеуметтік құрылым ұғымы қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс күштерінің және өндірістік қатынастардың деңгейіне байланысты қалыптасқан қауымдардың тұтастығы мен олардың өзара тұрақты қатынастарын білдіреді. Әлеуметтік құрылым қатарына адамдардың жас шамасына, жынысына, ұлтына, кәсібіне, туған жеріне, тағы басқа да ерекшеліктеріне байланысты шоғырланған топтары жатады. Бұл осы топтардың қажеттеліктері мен қызығушылықтарының іс - әрекеті мен белсенділігінің себептерінің әлемі. Мұның өзі қоғамдық өмірге тән ерекше сипаттағы әлеуметтік кеңістікті қалыптастырады.

Бұл жүйенің өзіндік құрылымы бар, яғни әр элементтің әлеуметтік кеңістікте өз орны, өзіне тән сипаттары бар.

Әлеуметтік құрылым – салыстырмалы, тұрақты және бірқалыптағы топтарының жиынтығы мен олардың арасындағы өзара іс – қимыл жасаудың, байланысудың белгілі бір реті.

Әлеуметтік кеңістікте жіктелудің мынандай түрлері бар:

- адамдардың әлеуметтік – таптық қауымдастығы (таптар, топтар)

- әлеуметтік демографиялық топтар (жастар, әйелдер, қариялар)

- адамдардың шағын топтары (отбасы, еңбек ұжымы)

Әлеуметтік қауымдастық дегеніміз – жалпы қызығу объектілері мен іс - әрекеттері, психологиялық ерекшеліктері мен өмір салты бір – бірімен ұқсас адамдардың біртұтастық жиынтығы.

Қоғамның дамуындағы өркениет концепсиялары.Өркениет ұғымы:

Өркениет дегеніміз - өзіндік өндірістік технологиясымен оған сай мәдениеті бар тарихи нақты қоғамды білдіретін философиялық – социологиялық ұғым.

Мәдениет пен өркениет өзара қабыса бермеуі де мүмкін. «Европаның күйреуі» деген әйгілі кітабында О.Шпенглер өркениеттің кез келген мәдениеттің тағдыры екендігіне көңіл аударған еді. Оның пікірінше, өркениет қанат жайған сайын мәдениет күйреуге ұшырайды. Орыс ойшылдары Достоевский, Хомяков, Леонтьев мәдениет типтері мен өркениеттер типтерінің айырмашылығын түсініп, бұл мәселені Россия және Батыс мәдениетінің қарым – қатынасымен байланыстырды.

Ницше де осы мәселені көтерген еді. Адамзаттың алдыңғы қатарлы ойшылдарының бәрі де техникалық өркениет әлемінде рухани мәдениеттің дағдарысқа ұшырайтынын айтып ескертіп отырған.Өркениетте кез келген идеология, рухани мәдениет тек қана қондырма рөлін атқарады. Өркениеттің рухани мәдениеттен айырмашылығы: біріншіден, оның негізін бейтарап, абстрактілі ақыл емес, практикалық, прагматикалық, негізгі бағыты айқындалған ақыл құрайды, онда діни факторлар жоқтың қасы; екіншіден, өркениет символикадан таза, ол әруақытта реалды, бейтарап және қарапайым.

Өркениетте бірлескен ұжымдық еңбек жекелік шығармашылықты бірте – бірте ысыра береді. Әрине, бұл тұлғалық ерекшеліктің дамуына өте қауіпті.

Өркениеттің дамуы үшін адамның жұмыс күші ретінде, әртүрлі құндылықтарды жасайтын жұмысшы ретінде дамуы тиімдірек. Сондықтан, адамның тұлға ретінде дамуы емес, керісінше, жұмыс күшінің структурасы және соны жетілдіру мәселесі көбірек қызықтырады. Бұл тұрғыдан келсек, өркениеттілік – бұл жоғары кәсіпкерлік, қоғам байлығын көбейтуге жағдай жасайтын қабілеттілік, қоғамдық қарым – қатынастарды жетілдіру.

Өркениет дәуірі адам өміріне машина ене бастағаннан бері дамыды, содан бері оның табиғи реті мен байланысы бұзылды. Өркениеттің негізін машина құрайды, сондықтан онда рухани мәдениеттің тұтастығы жоқ, онда арнайы мамандыру басым. Таным ұСөйтіп, мәдениет өзінің руханилығын жоғалтып, өркениетке айнала бастайды. Қасиетті рух өзінің ежелгі тұғырынан тайып, сапа санмен алмастырылады.

Өркениеттің жылдамдығы соншалық, онда өткен де, бүгін де жоқ, онда тек қана болашақ бар. Өркениет дәуірінде мәдениет әр уақытта романтикаға толы.

Өркениет – адамдарды бір – бірінен алыстатын әлеуметтік құндылықтарға негізделген, өйткені ол адамдарға зат, заттық қатынастар әлемін ұсынады. Материалдық құндылықтар жоғары саналатын қоғамда қоғамдық қарым – қатынастар әруақытта дағдарыста болып тұрады.

Қоғамның рухани өмірі, оның мәні мен өмірі.Қоғамдық сана:

Қоғам – материя қозғалысының жоғарғы деңгейі. Оның қалыптасуының негізгі факторы еңбек болып табылады. Еңбек ете отырып, адам еңбегімен жасалған болмыс қоғам деп аталады. Адам жетілген сайын оның қажеттілктері де көбейеді, тереңдейді. Адамдардың бір – бірімен араласуының, достасуының, білуге деген құштарлықтың, ақиқатқа, мейірімділікке, сұлулыққа ұмтылуының оның тіршілігіндегі аса зор қажеттілікке айналғанына таң қаласың. Қажеттіліктердің табиғаты қоғам дамуымен тығыз байланыста.

Маркстың ілімі бойынша, қоғамдық өмір – практикалық өмір. Өйткені, адамдардың тіршілігінің кез келген саласы нақты қимыл - әрекеттерден тұрады.

    • Қоғам дегеніміз – жалпы қажеттіліктері, қызығушылықтары мен мақсаты бір адамдардың мәдени өмірі мен іс - әрекетінің белгілі бір заңдылықтарға негізделіп ұйымдастырылған формасы

    Қоғамдық дамудың заңдары – табиғат заңдары сияқты объективті өмір сүреді. Өйткені, олар адамдардың сана – сезімінен тыс қалыптасады, дамиды, өрістейді және өз уақыты келген жағдайда тарих көшінен өтіп отырады немесе ығысады.

    Сананың түрлері көп. Ол жеке адамның санасы және қоғамдық, кдрапайым және теориялық, ғыльши жөне ғылымға карсы, прогресшіл және кертартпа сана болып бөлінеді. Қоғамдық сана — көпшіліктің рухани құралына айналған сана, мөселен, қанатты сөздер, мақал-мәтеддер, т.б. Олай болу үшін сана көптеген адамның ойыи, мақсатын, мұңын, куанышын бірдей бейнелейтін, уағыздайтын болу керек. Ондай сананы коғамдық сана дейді. Қоғамдық сана — қашанда қоғамдық болмастың бейнесі, соның туындысы. Қоғамдық болмыс алғашқы. Өйткені, ол қоғамдык санадан тыс, тәуелсіз өмір сүреді. Крғамдык сана ер адамның жеке санасынан гөрі жоғары, аукымды. Мәселен, ғылыми тұжырымдар, нақыл сөздер, толгаулар, т.б. Оларды кім жасайды? Әрине, жеке адамдар, ғалымдар, ақьшдар мені ойшылдар. Олардың айтқан сөздері копшілік бүқараның көңілінен шықса, оны олар дереу кдғьш әкетеді, қайталап айтып отырады. Сөйтіп, ол бәріне де ортақ ойға айналады. Ал егер айтылған сез көпшіліктің жүрегіне қозғау салмай, тегіс қолдау таппаса, айткан күйінде жерде қалып, оны айтқан әрбір адамның төңірегімен ғана шектелетін болса, ол сананың қоғамдық түріне айнала да, қоғамдық күшке ие бола да алмайды. Қоғамдық сана әрбір жеке адамдардың жай ойларының біріккен жиынтығы емес. Ол — маңызы, объективтік дүниені бейнелеуі жағынан жеке санадан әлдеқайда жоғары, күрделі сана. Қоғамдық сана жеке адамдардың аузынан шықканмен, ол қоғамдық болмастың бейнесі болғандықтан, өз авторларынан қол үзіп, өзінше дербес әмір сүреді. Сондықтан көптеген нақыл сездердің де, өлең-күйлердің де, жаңылтпаш, жүмбақтардың да бір кезде жеке авторы болғанмен, кейін олар үмытылып, халықтың макдл-мәтеліне, ән-күйіне, халық шығарма-ларына айналған.

    Қоғамның саяси өмірі,мәні ж\е құрылымы.

    Қоғамның экономикалық саласындағы философмялық мәселелер:

    Қоғам - дегеніміз басқа да барлық организмдер сияқты ғылыми техникалық прогрестің, ресурстық, потенциалдық, ақпараттық және басқадай байланыстардағы өзгерістердің әсерімен, сондай – ақ бүкіл әлемнің, геосаяси қалыптың, әсіресе көрші елдердің әсерімен дамиды. Қоғам көпжақты, әртүрлі қатынастар жүйесі. Олар бір – бірімен тығыз байланысты, бірінен – бірі туындап отырады. Дегенмен, қоғамдық қатынастар өзінің маңызына, атқаратын рөлінен қарай бірдей немесе бір қатарда бола алмайды. Мысалы, әр адам өзінің өмірін ұйымдастыруда материалдық жағдайы мен басқа да мүмкіндіктерін есепке ала отырып, ең алдымен, қандай қажеттілікті қанағаттандыру керектігін анықтайды, әрине тіршілікті қамтамасыз ететін тамақ, тұратын баспана, киетін киім болмаса, басқа құндылықтар туралы ойлау қиын болатыны сөзсіз.

    «Материалистік түсінік бойынша, тарихтағы шешуші нәрсе, сайып келгенде, тіршіліктің өзін өндіру және ұдайы өндіріп отыруы болады, - дейдіФ.Энгельс – Ал оның өзі тағы да екі түрлі болады. бір жағынан – тіршілік заттарын, ... киім – кешектерді, пәтер – үйлерді және осыған керекті құралдарды өндіру; екінші жағынан – адамның өзін өндіру тұқым жая беру түрінде болады».

    Материалдық өндіріс – тарихи процестің негізі. Адамдар материалдық игіліктерді өндіру үшін белгілі бір өндірістік қатынастарды тудырады.

    Адам баласы басынан әртүрлі қоғамдық өндіріс әдістерін өткізді.

    К.Маркстің «экономикалық дәуірдің айырмашылығы не өндіретіндігінде емес, қалай және қандай еңбек құралдармен өндіретігінде» деген тұжырымы өміршеңдігін көрсетті. Шындығында, еңбек құралы қоғамның өсу дәрежесін белгілейді және бейнелейді. Ұзақ мерзімді қамтыған қоғам дамуының тарихы еңбек құралдарының даму тарихы десе де болады.

    Адамзат тарихының балаң дәуірінде өндіргіш күштердің дамуының деңгейі мейлінше төмен болды, соған сәйкес қажеттіліктер де қарапайым еді.

    XX ғасырда әлеуметтік қажеттіліктер жан – жақты дамып, күрделене түсті. Адамдар ешқашан қол жеткенге қанағаттанып, тоқырап қалған емес, керісінше, өндірісті үздіксіз жаңартып, алған білімін, ашқан жаңалығын, тәжірибеде пайдаланумен келеді. Жаңадан пайда болған өндіріс құралдары адамнан білім мен тәжірибені, қабілетті талап етеді. Күнделікті тұрмысқа, өндіріске енген электроника адамдардан едәуір дәрежедегі дайындықты керек етеді.

    Еңбек құралдарының дамуы нәтижесінде техника пайда болды. Техника- жасанды органдар жүйесі, оған адам өзінің көптеген функцияларын сеніп тапсырады. Қазіргі замандағы техника – адамға таусылмас энергия мен шексіз мүмкіндік беретін ерекше әлем.

    XVIII ғасырдың ортасынан бастап өндірістік өркениет қалыптасты. Осы дәуірде ағылшын ғалымы Дж.Уатт алғашқы бу машинасын ойлап тапты. Табиғатты игеруге мүмкіндік беретін көптеген машиналар пайда болды. Темір жолдар салынып, елдің өндірістік қатынасы нығая түсті. Газеттер мен телефон бірыңғай ақпараттың және рухани кеңістіктің қалыптасуына ықпал етті. Өндірісті көркениеттің тамаша жетістігі – адамдардың космосты игеруі. Бұл өркениет саяси партиялар, профсоюз, парламентарий сияқты қоғамды өмірдің маңызды институттарын тудырды.

    Маркстін философиясы: алғышарттары, ерекшеліктері мен мазмұны:

    Маркстік философия болмыс ілімінде философиялық материализм мен жаратылыстану дәстүрін жалғастырады. Болмыс мәселесін зерттеуге жаратылыстанудың философиялық мәселелерімен айналысқан – Ф.Энгельс үлкен үлес қосты. Ол өзінің «Табиғат диалектикасы», «Дюрингке қарсы» еңбектерінде материя, оның қасиеттері мен түрлері туралы, еңбек ету нәтижесінде адамның қалыптасуы туралы едәуір жұмыс тындырды. К.Маркстің философия мен әлеуметтік ғылымға енгізген екі маңызды жаңалығы бар, оның бірі – қосымша құн теориясы, екіншісі тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру. Маркстің пікірінше, адам табиғат қойнауынан әмбебап табиғи жан болып шықпайды. Ол тарихи процестің барысында әмбебап тіршілік иесіне айналады. К.Маркс тарихи процестегі қайталанып отыратын заңдылықтарды анықтау мақсатында қоғамдық – экономикалық формация ұғымын ұсынды.

    Маркс адамның дамып, қалыптасуында әлеуметтік орта мен мәдени факторлар маңызды роль атқаратындығына ерекше назар аударады.

    Материя туралы философиялық түсінік, оның дүниетанымдық және методологиялық маңызы:

    Материя – ұғымы философиялық материализмнің негізгі іргетасы. Ол әлем мен адамды табиғи себептерге сүйене отырып зерттеудің ұзақ тәжірибесінен туындаған.

    Материя жөніндегі алғашқы пікірлер дүниенің біртұтас негізін түсіндіре бастаған көне дүние философтарының балаң ізденістерінде кездесіп отырды.Материя дегеніміз – біздің сана – сезімізден тыс өмір суретін реалдылық. Ол адамнан, адамзаттан тыс өмір сүреді. Әлемді ешкім жасаған жоқ, ол болған және бола бермек. Әлем шексіз, шетсіз, ол көпжақты, көп қырлы, оның әр түрлі қасиеттері, ерекшеліктері бар. Әлемнің шексіздігі – ондағы процестер мен құбылыстардың ешқашан аяқталмайтынын білдіреді. Материалдық әлемнің басы, соңы жоқ, ол ұдайы даму, ұдайы өзгеру, ұдайы қалыптасу үстінде.

    Адам, оның өмірі – басы мен аяғы жоқ, шексіз де шетсіз әлемнің тарихындағы бір ғана сәт немесе өте кішкене әлем.

    Материяға – біртұтастық, яғни бүтіндік және құрылымдылық, біркелкілік тән. Әлемнің әртүрлі бөліктері мен қырлары - өзара тікелей немесе бір – бірі арқылы байланысқан – табиғат пен қоғам, тұлға мен топ. Материяның өмір сүру тәсілі – қозғалыс. Қозғалыс дегеніміз кез келген өзгеріс. Қозғалыс объективті, абсолютті, салыстырмалы, мәңгі. Қозғалыс көп түрде болады. Ф.Энгельс қозғалыстың негізгі бес түрін көрсетіп, жүйелеген. Олар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік деп аталған. Қозғалыстың ең қарапайым түрі механикалық қозғалыс, ол заттар мен құбылыстардың кеңістікте орын алмастыруын білдіреді. Ал, әлеуметтік қозғалыс қоғам өміріндегі шым – шытырық құбылыстар мен процестерді бейнелейді.Материя кеңістік пен уақытта өмір сүреді. Уақыт – дегеніміз заттар мен құбылыстардың өмір сүруінің ұзындығын, олардың әр түрлі жағдайының ауысуын білдіреді. Ол оқиғалар ағымы. Платонның сөзімен айтсақ «Мәңгіліктің қозғалу бейнесі». Әртүрлі материалдық нысанның өз уақыты бар. Сондықтан да физикалық, әлеуметтік уақыт болады. уақыттың үш өлшемі бар: қазіргі, кешегі және болашақ.

    Махаббат философиясы туралы түсінік:

    Махаббат — адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі.Батыстық философия тарихында Эмпедокл өзінің космол. ілімінде М. бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш деп білді.
    Платон оны сезімдік және рухани М. деп екіге бөліп қарастырды.Сезімдік М.сұлулыққа сұқтанатын М-тың төм. сатысы,ал рухани М. — адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы деп айтты.М.Ф қазіргі философиямен гуманитарлық ғылымда өзекті мәселеге айналуда қазір махаббатпен мейірімділікке негізделген жаңа үлгідегі әлемдік тану жолында жаңа көз қарасты өз ара түсіністік философиясын қалыптастыру маселесі махаббат- әмбебап сезім ол ұлтқа бөлінбейді мағына мен тереңдік беретін адамдардың жоғарғы құнды қатарының бірі әмбебап ұғым болып көп жағдайда адамның дәстүрлі әлемі туралы түсінігі мен анықталады.Әр бір халық өздерінің көп ғасырлық тарихын бұл ұғымға мифология,дін,этика,музыка,поэзия дәстүрлі мәдениеттінің элментін енгізді,сондықтан махаббат,натурализм,романизм,ретсонолизм,посемизм ауқымында түсінеді. Әйгілі философтар махаббат ұғымнын терең зерттеген.Әл Фараби,Ибн Сина,Конт,Абай,Шәкәрім,Мағжан олар әр түрлі бір біріне қарама қарсы тұхырымдамасын айтқан осыған орай бұл маселені ұлттың өзіндік санамен байланыстыру қажет деген қортынды жасаған.Қоғамның дамуына байланысты махаббат түсініктерде өзгеріп отырады.М. — қозғалыс бастауы, өмір бұлағы, хауф пен рижаның яки, қорқыныш пен үміттің диалектик. бірлігінен қанаттанған құс іспетті. Себебі “Диуани хикметте” әулиелер сұлтанының Хақ алдында өзін күнәһар сезіну қорқынышы бар. Сонымен қатар, Алла рақымынан- фазылынан (кешірімшілдігінен) үміт етуі жарыса келіп М. өрілімін түзеді. Алланың әділі (сынағы) бар, сондай-ақ фазылы бар дейді иман келтірушілер. Әділі яки, сынағы тұрғысынан алсақ — шексіз пәктік иесі сұбхан Алланың сынағына төтеп берер, оның рахымына лайық, күнәдән пәк, Алламен достыққа, оған қауышуға лайықты адам баласы жоқ. Фазылы, яки кешірімділігі тұрғысынан алсақ — Құдай адамның таудай күнәларын оның тәубасына сай таудан да үлкен фазылымен қарсылап, кешіре алады. Сондықтан бұл М-тың қос қанаты қауіп пен үміт (рижаның) адамды тәубе мен тақуалыққа бастап, ынсаптылыққа тәрбиелейді. М. ақыл үлесі емес, жүрек несібесі, ал ақылдың жаяулар жазықтығы мен ділдің самғар кеңістігі тең емес. Ділдің шексіздігі ақыл аясына сыймайды. “Хақ алдында ақылы кәміл түк қыла алмас, ұашық өрті лапылдаса бір.

    Мәдениет ұғымы.Мәдениет және өркениет:

    Мәдениет әлемі – адамның өз әлемі, өйткені ол адамның творчестволық, жасампаздық қабілеттерінің жемісі. Адамзат тарихы – мәдениет тарихы. Адамдар өздері өмір сүріп отырған табиғи және әлеуметтік ортаны өзгертеді, ол тарихи нақты процесс. Ортаны өзгерту арқылы өзі де өзгеріп, дамып отырады. Осы даму процесінің нақты мағынасы мәдениет болып табылады. Мәдениет адамның өзіндік дамуымен барабар процесс.

    Адам өзін тұлға ретінде тарихта, мәдениетте дамыта алады. Оның шығармашылығы өмір ағымына сәйкес. Ол процесс, сонымен қатар, биологиялық және әлеуметтік дамудың нәтижесі.

    Адам тарихта өмір сүреді, ал онда объективті заңдар жоқ. Тарихтың тағдыры да адам сияқты. О.Шпенглердің пікірінше, адамдардың жалпы тарихы – бұл фикция, түк емес. Мәдениет пен өркениеттің белгілі шегі, тағдыры бар. Олар қалыптасады, дамиды, құрдымға кетеді. Өркениет пен мәдениет өзіндік, таптырмайтын ерекшеліктері бар құбылыстар, оларды түгел түсінуге болмайды, сондықтан олардың бір – біріне ықпалы туралы айту өте қиын. Әрбір мәдениет пен өркениеттің өзіндік, дара, қайталанбайтын ерекшеліктері, яғни олардың әрқайсының өзіне тән құндылықтары да бар, олар дамиды, өзгеріп отырады.

    Мәдениет пен өркениеттің өзіндік ерекшелігіне қатысы жоқ жолы басқа құндылықтар да бар. Ф.Ницшенің пікірінше, «қауымдық» тобырлық «инстинкт», құлдардың моралі, бұқаралық наным – сенімдер осының мысалы.

    Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты:

    «Адам Құдайдай құдіретті» деп есептеген Қайта өркендеу дәуірінің ойшылдары оның өмірін жақсартуға бағытталған әлеуметтік теорияларды дүниеге келтірген. Мемлекет пен құқық туралы тың концепциялар туындай бастады. Біржақты және бір сарындағы діни бастаулардан гөрі, адамның табиғи сипатына, оның күнделікті қажеттіліктері мен мұхтаждықтарына көңіл аудару қажеттігі қызықтыра бастады.

    Әлеуметтік теориялардың негізгі мәселесі – мемлекет. МЕМЛЕКЕТ — қогамды басқаруды, оиың экон. және әлеум. құры-льшын қорғауды іс жүзіпе асырушы қогамның саяси жүйөсініц негіягі ин-ты, марксистердің пікірінгас, таптық антагонпстік қо-гамда экон. жагыпан үстем таптың (таитардыц) қолында болады жэне ец алдымен солардыц элеум. қарсыластарып басу үшіп пай-даланылды. М. тіті оныц ңаіі танқа (таіітарға) қызмет ететініне, деиек, түбіндө белгілі бір қогаишыц зкон. базасына қарай апықта-лады. Тарихтан М-тіц томендегідей иогізгі олеум.— таптық типтө-рі белгілі: қүлиеленушілік, феод., бурж., соц. Бір формациядан окінгаісінс өту кезеңдсрінде М-тіц тарпхи өтпслі типтері өмір сүр-гөн жопе емір сүреді. М. негізгі инт-тарыпыц басқару жэне құры-лі.іс формалары боішиша слясн билікнеп ажыратылады. Васқару формасы деп формальді бүлағы (коаі) арқылы сипатталатып бп-лікті уйымдастыру аталады. Васқарудың мояарх, формасы тұсында мемл. биліктіц бүл түрі бір адам - монар Респ. срорма тұсында заң бойынша биліктіц козі бүқаралық — хопшілік болып табылады. Мөмл. құрылыс түррысынап М. утпарлы (біртұтас) мемл. қүры-лым; фодерациилар (заң жүзіпдс Іпартты дербестігі бар мемл. құ-рылымдар одарм; Іптаттар, капгопдар, жерлер, одақтас респубдика-лар т. б.); конфедсрациялар (мемл.— хақылық бірлестіктер) бо-лып белінеді. М-тіц саясп режим ерекшеліктеріпе байланысты бо-лінуі до ете мацызды. Қазіргі шетелдік. М-ке Ііарламентті, авто-рнтарлы, яскерн диктаторлық сииаттағы жэпе кейбір басқа да саяси рожимдер тән. М-тіц нсгізгі фуіікдияларын ішкі жәпе сырт-қы деп болу қабылдапган. Ішкі фупкцияларыпа өмір сүріп отыр-ган опдіріс тасілін, лкон. жопө олеум. жуйені қорғау, тантық қар-гыластарды жапІІІу (қарама-қарсы мүддолөрі бар таптарға бөліп-ген қогаыдарда), :жопо.миканы басқару иемесө шаруашылық қыз-мптті роттеу, сопдай-ақ қогамдыц тортілті қорғау және тәртіпті сақтау, олеум. қатыігастарды реттеу, лгод.-тарбиө, идеол. қызмет жапе т. б. жатады. Сыртқы фушщиялары;

    ОҚУ БіЛІМ ФИЛОСОФИЯСЫ: Білім – адам баласының маңызды қасиеті. Сол арқылы ол өзінің ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, өзіндік «менін» сезініп, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда бола алады.Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестің, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы..Білім беру дамып келе жатқан адам үшін нақты шарттарды кепілдік етеді, жаңа ой-өрісті, өмір мәнінің жаңа көрінісін қалыптастырады.. Білім беру – адамның өзіндік күштерін ашуға және ол кез-келген қоғамның қозғаушы күші ретінде мемлекеттің барлық ниеттерін алдын-ала анықтап, даму бағыттарын табуға мүмкіндік беруі тиіс.Білім – адам өмірінің стратегиялық маңызды саласы.Қазіргі жүрдек және ақпараттық өркениетте классикалық білім беру парадигмасы өзінің әлсіздігін айқын көрсетті.Білім беру кеңістігіндегі үш аса маңызды тенденцияны атап өткеніміз орынды.Біріншіден, білім парадигмасының өзгеруіндегі әлемдік үрдістер білім берудің классикалық моделінің заңдары, білім философиясы мен социологиясында жаңа функциональді идеяларды іздестіру, гуманитарлық ғылымдардағы тың методикалық өлшемдерді қарастыру, эксперментті альтернативті мектептердің ашылуы.Екіншіден, әлемдегі мәдени және білім беру кеңістігіне ену, үздіксіз білім беру жүйесін, білімді ірілендіру мен компьютерлеуді дамыту, оқыту бағдарламаларын еркін таңдауға жағдай жасау, мектептер мен басқа оқу орындарының дербес дамуына негізделген оқушылар мен оқытушылар қоғамдастығын қалыптастыру. Үшіншіден, білім беру процесінде ұлттық құндылықтар мен адамгершілік үлгілерін әр уақытта есепке алу қажеттіігін ұмытпау. Осы тұста дамыған елдер тәжірибесіне назар аудару орынды.Білімді тұрақты дамыту стратегиясын басшылыққа алған жоғары дамыған елдер, әсіресе, Жапония, Қытай, Корея, Малайзия, Сингапур сияқты Азия елдері жаһандану үрдісін, ақпараттық-коммуникациялық революцияны, инновациялық технологиялардың ендірілуін басқа елдермен белсенді және тиімді экономикалық қарым-қатынас орната отырып, жедел даму мүмкіндігі есебінде пайдаланса, екінші жағынан, өздерінің ұлттық рухани және экономикалық тәуелсіздігін, қауіпсіздігін сақтаудың, ұлттық өркендеудегі бірден-бір кепілі ретінде отандық білім саласын реформациялауға аса үлкен мән беріп, оны мемлекеттің басым саясатына айналдырып отыр.

    Өнер –рухани өндіріс түрі. Қоғам өміріндегі эстетикалық сананың рөлі:

    Қоғамдық сананың тағы бір көне формасы-өнер. ОЛ объективті ақиқатты бейнелеп көрсетеді. Немесе ол жалпылық пен жекенің. Объективтік пен субъективтік, материалдық пен идеялықтың диалекетикалық ерекшеліктерінің бірлігі. Өнер қоғамдық өмірдің қай саласына болса да ықпал етеді. Ең алдымен ол сұлулыққа, мәдениеттілікке баулиды. Батыс мемлекеттерінде өнердің қазіргі дамуында екі бағыт бар. Бірі-элитарлық мәдениет, қазіргі шығармашылық өнердің авнгардистері.Оған жататындар : Бейнелеу өнерінде – сюрреализм мен гиппериализм. Көркем бейне негізінде дараланған, нақтыланған сын-сипат жатады, сонымен қатар ол дара, жеке, нақты адам бейнесі арқылы көпшілікке белгілі,түсінікті типтерді, құбылыстарды сомдап, бейнелейді, жаманнан жирентеді, жақсыға ынталандырады. Көркем бейне өмір құбылыстарын ойлану арқылы, кейіпкердің ішкі дүниесіне үңілу арқылы сомдалып жасалады. Өнерде мазмұн мен түр диалектиккасын ұдайы сақтап отырудың маңызы ерекше.Қоғам дамуында ол екеуінің бір жағына баса мән беріліп, екінші жағы көмескі өалдырылса, өнердің эстетикалық әсері әлсірейді.

    Сана дегеніміз:

    тек адамға ғана тән сыртқы дүниені бейнелеудің жоғарғы формасы.

    Сана – объективті әлемнің субъективті образы. Сана, ең алдымен, адамның табиғатқа, қоғамға, басқа адамға сонымен қатар, өз - өзіне деген қатынасы. Сана – болмысты түсіну, ұғыну, бейнелеу. Ол болмыстан келіп шығады.Сана – ол әруақытта өзіндік сана, яғни адамның өзін басқа әлемнен бөлуі, өз өмірінің мағынасын түсіну, өзінің іс - әрекетінің негізгі мақсаттарын белгілеуі. Сананың өзегі сыртқы дүние туралы ғылыми емес мәліметтерді жинақтайтын білімдер болып табылады.Ғылым мен философия сананы туынды, екінші қатардағы құбылыс деп қарастырады. Біріншден, сана - табиғаттың ұзақ эволюциясы мен бейнелеу формаларының жетілуінің нәтижесі. Екіншіден, сананың мағынасы (сезімдер мен ойлар, образдар мен идеялар) дүниені тек бейнелеп қана қоймайды, онымен шектелмейді. Өйткені, адамның санасы табиғаттың, қоршаған дүниенің көшірмесі ғана емес, ол ең алдымен, еңбектің даму көзі, соның негізінің бірі. Адам өз еңбегі арқылы дүниені өзгертеді, оны жандандырып оған мән береді. Адамның санасы, саналы іс - әрекеті арқылы дүниенің негізгі мән ашылады.Сана тек қоғамда ғана қалыптасады. Өйткені адамның шын мәніндегі адам болуы, оның қоғамдық қатынастарды толық меңгеруімен тығыз байланысты. Сана – мидың негізгі функциясы.

    САНА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.БАЛАЛАР ОТМНІШ 46шы СҰРАҚТАН ҚАРАП ЖАЗА САЛЫНДАР(46мен60)жауабы БІРДЕЙ!


    Сандық және сапалық өзгерістердің өзара ауысу заңы:

    Қоғам өміріндегі қайшылықтар өте күрделі және жан – жақты. Сандық және сапалық өзгерістердің өзара өту заңы – дамудың нақты тетігін көрсетеді. Диалектика кез келген затты саны және сапасы жағынан сипаттайды. Сапа – бұл қасиеттердің бірлігі. Сапалық айқындылық зат пен құбылысты тұрақты етеді, бір – біріне ажыратып, дүниенің шексіз сана алуандылығын айқындайды. Сапа дегеніміз – заттың барынша өзінділігі. Сан заттың біркелкі бөліктерге бөлінуін айқындайтын ұғым. Бір – біріне ұқсамайтын нәрселердің арасында сапалық, айырмашылық болады. Кез келген заттың негізгі бір сапасы бар. Мысалы, стакан – ең алдымен ішуге арналған құрал. Әрбір зат - сапалық, тұрақты және сандық, тұрақсыз қасиеттердің қайшылықты бірлігі. Бұл бірлік белгілі бір интервалға дейін сақталады. Оны шама арқылы анықтаймыз. Шама – нәрсенің немесе құбылыстың сапалық және сандық айқындылығының табиғи бірлігін білдіретін философиялық категория.Зат пен құбылыс өз дамуының белгілі бір деңгейінде жаңа сапаға көтеріледі. Сан өзгерістерінің нәтижесінде ескі сапаның жаңаға айналып, заттың немесе құбылыстың түпкілікті, сапалы өзгеруі – секіріс деп аталады. Кез келген сапалы өзгерістің тек секіріс арқылы дамуы маңызды бетбұрыс. Өйткені секіріс кезінде зат өзінің сапалық қасиетін жоғалтып, басқа қасиеттердің жиынтығына айналады.Сан мен сапалық өзгерістердің өзара байланысын химия жақсы дәелдейді. Мысалы, кәдімгі ауаның молекуласына ауаның бір ғана атомы қосылса, онда озон пайда болады. озон – басқа сапалы құбылыс. Сондықтан да болар, Ф.Энгельс химияны мөлшерлік, сандық өзгерістердің нәтижесінде заттардың сапалық қасиеттері өзгеріп отыратындығы туралы ғылым – деп анықтады.Сана – жоғары ұйымдастырылған материя – мидың жемісі. Ол эволюция процесінде қалыптасқан адамның психологиялық әлемінің ерекше қабілеті.Көне заман философиясында сана деп – адамның өмірінде аса маңызды роль атқаратын ішкі әлем – жан есептелінді. Тән өткінші, ал жан мәңгілік. Демокрит жанды ерекше сезімдік атомдардың жиынтығы деп ойлады.Орта ғасырларда сана мен ақыл құдайдың маңызды атрибуттары ретінде, ал Қайта өркендеу дәуірінде табиғаттың қасиеті деп қарастырылды.XVIII ғасырдағы француз материализмі сананы – адам миының ерекше функциясы деп анықтап, оның көмегімен адам сыртқы дүниені бейнелейді деп есептеді.Орыс философиясында сана мен психика теориясына И.И.Сеченов, В.М.Бехтерев, И.П.Павлов үлкен үлес қосты. Олар адамның психикалық іс - әрекетінің физиологиялық негіздерін зерттеді. Кейіннен осы бағытта С.Л.Рубинштейн, А.М.Леонтьев, Л.С.Выготский белсенді еңбек етті. Олар сананы адамның іс - әрекетінде қоғамдық қатынастарды айқын бейнелейтін әлеуметтік феномен деп анықтады.

    Саяси сана қоғамның:

    саяси өмірінің рухани жағын бейнелейді. Оған саясат пен мемлекект туралы қарапайым көзқарастар мен ілімдер, теориялар жатады. Саяси сана жоқ жерде толық қанды саяси өмір де болуы мүмкін емес. Саясат туралы білім мен көзқарастарына сүйене отырып, адамдар оған саналы түрде ат салысуға, саяси фактілер мен құбылыстарға баға беруге мүмкіндік алады.Қоғамның саяси өмірін зерттей отырып, философия саясат субъектілерінң саяси мәдениетіне, лидерлер мен бұқараның өзара қарым – қатынасына, саясатқа қатысушылардың рухани деңгейіне ерекше көңіл аударады. Философия саяси өмірдегі субъективті бастаманың жоғары деңгейін атап көрсетеді. Ол, сонымен қатар, қоғамның қаншалықты деңгейде демократиялық, яғни саясатқа қатысушылардың мүмкіндіктері бірдей ме, бірдей емес пе деген мәселелерге көңіл қояды. Саяси өмірідің институттарына әртүрлі партиялар, қоғамдық ұйымдар мен ассоциялар жатады. Дегенмен, саясаттың негізгі құралы мемлекет болып табылады.Саясат билікті сақтау, тұрақтау, функциясын орындап қана қоймай сонымен қатар қоғамда азаматтық келісім, ізгілік орнатуға да атсалысады.осы мақсатта іс - әрекеттің өркениетті формалары констуктивті диалог, компромисс, партнерлік кеңінен қолданылады.Саясатта айлакерлік те, екіжүзділік те, таза емес ойын да, жауыздық та, қаталдық та бар.Саяси қатынастар әлеуметтік топтар мен индивидтер арасында билік үшін күрес жолында қалыптасатын байланыстар мен бағынушылақтар.Саяси іс - әрекеттер саяси принциптер мен идеяларға сүйенеді.Ең алдымен, заңның үстемділігін барлық жерде қамтамасыз ете алатын нақты құқықтық мемлекет құру бірден – бір қажеттілік. Мұны жүзеге асыру үшін мемлекеттік құрылымдардың өздері заңда белгіленген ережелер бойынша қимыл жасауы керек. Саяси процестің басқа субъектілеріне қойылатын талап та осындай. Сонымен қатар, қоғамдағы барлық азаматтар заңға сәйкес өмір сүріп үйренуге тиіс. Бұл толыққанды демократияға көшудің сара жолы.Демократияның қанат жаюы экономикалық өмір шарты мен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басқа да іргелі құқықтардың іс асырылуымен тығыз байланысты.Орталық Азияда халықаралық экстремизм қысымының ұлғайып келе жатқанын еске ала отырып, халықтың аса күрделі ұлттық және мәдени құрамын ұдайы назарда ұстап, процестерді дұрыс бағытта дамытып отыруымыз керек.Саяси жүйені демократияландыру сот жүйесін жетілдіру, құқықтық реформа, өкімет органдарының өкілеттілігін кеңейту, сайлау процесін, азаматтық қоғам институттарын нығайту бағыттарын дамыту арқылы іске асырылады.Қоғам өте күрделі жүйе. Ол өзінің сан ғасырлық даму барысында адамның материалдық - өндірістік, әлеуметтік – саяси, рухани – адамгершілік салаларына енгеннен кейін сан түрлі қажеттілік тудыратын орасан мол материалдық және рухани қазыналар туғызды.

    Таным туралы философиялық түсінік:

    Танымдық және сезімдік жүйелерде мидың әртүрлі құрылымдары қатысады. Танымдық жүйе орталық жүйке жүйесінің арнайы бөлімдері, ал сезімдік жүйе мидің торлық құрылымы, мимбия жүйесі арқылы қызмет атқарады.

    Ми іс - әрекетінің ең тартымды құбылыстарының бірі – оның қабылдаған ақпаратты сақтау және еске түсіру, яғни зерделік қабілеті. Зерде дегеніміз – жүйкенің ақпаратты код ретінде сақтап, нақтылы бір жағдайда оның қасиеттері мен көшірмесін өзгертпестен қайта жаңғыртуы.

    Зерде ақпаратты сақтау ұзақтығына қарай, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

    Адам зердесінің барлық түрі қисынды – мағыналық және сезімді бейнелік болып екіге бөлінеді. Бұлардың біріншісі ұғымдарға, екіншісі елестетуге сүйенеді. Адам үшін зерденің қисынды мағыналық типі ең жоғары түрі болып есептеледі.

    Анализ және синтез үлкен ми сыңары қыртысының өте маңызды қызметі. Организм өзінің тіршілік іс - әрекетінде сыртқы және ішкі ортаның тітіркендіргіштеріне үнемі анализ – синтез жасап отырады.

    Анализ - әркелкі сигналдарды айыру, бөлу, организмге тиетін әралуан әсерді ажырату. Синтез – біріктіру, талдау, қорыту, ми қыртысының әртүрлі бөліктерінде туатын қозуларды бірлестіру.

    Адамның психикасы мен мінез құлқының ерекше кескінін олардың табиғи темпераменті мен бойындағы мінезі жасайды.

    Адам мінезі сангвиник (ширақ), флегматик (салмақты), холерик (ұстамсыз), меланхолик (әлсіз) деп бөлінеді.

    Темперамент адамның әлеуметтік мәнділігін білдіре алмайды, өйткені оның мінез – құлығын санасы басқарып отырады.

    Философия тарихында адамның мәнін түсіндіруге тырысқан көптеген ізденістер болған. Әр философ өзінің мүмкіндігінше тәжірибесіне, қызығушылық нысанына байланысты адамды түсіндіруге тырысқан.

    Сана – жоғары ұйымдастырылған материя – мидың жемісі. Ол эволюция процесінде қалыптасқан адамның психологиялық әлемінің ерекше қабілеті.

    Көне заман философиясында сана деп – адамның өмірінде аса маңызды роль атқаратын ішкі әлем – жан есептелінді. Тән өткінші, ал жан мәңгілік. Демокрит жанды ерекше сезімдік атомдардың жиынтығы деп ойлады.

    Орта ғасырларда сана мен ақыл құдайдың маңызды атрибуттары ретінде, ал Қайта өркендеу дәуірінде табиғаттың қасиеті деп қарастырылды.

    Сана дегеніміз – тек адамға ғана тән сыртқы дүниені бейнелеудің жоғарғы формасы.

    Өзіндік сана арқылы адам өзінің коллективтегі орнын тауып алады, өзінің іс - әрекетін ұйымдастыра алады. Өзіндік сана дегеніміз – адамның өзін - өзі танып білу деңгейі. Сана, өзіндік сана туралы айта отырып, қоғамдық сана ұғымын да анықтаумыз қажет. Өйткені, қоғамда олар бір – бірімен біте қайнасқан. Өзіндік сананың қалыпатасып, дамып жетілуінде қоғамдық сананың да ықпалы өте зор.

    Ғылыми танымның аса күрделі объектісі адамды зерттеу жолында философиялық таным бірқатар ұғымдарды кеңінен пайдаланады.

    Іс - әрекет адамдардың негізгі тәрбиешісі, жол бастаушысы. Іс - әрекет арқылы ғана адам өзін - өзі жасайтын тіршілік иесі бола алады. Ол мәңгі бітпейтін, аяқталмайтын мүмкіндік, өйткені, әр уақытта ізденіс үстінде, ұдайы тынымсыз іс - әрекетте. Ғаламның суық та, қатал, әрі үйлесімді заңдылықтары адамның рухани энергиясымен жылына бастады, түрлене, құлпыра түсті.

    Адамдар өз мүмкіндігін қоғамдық ортада басқалармен қарым – қатынас жасау арқылы іске асырады. Қарым – қатынас алғашқыда «мен» және «сен» деп бөлінуден басталады да, әр адам өізінің «менің» басқалармен қарым – қатынаста танытуға тырысады.

    Терістеуді терістеу заңы,оның мәні және методологиялық маңызы:

    Терістеуді терістеу заңы – даму процесінің түрі мен жалпы бағытын көрсетеді. Мұнда ерекше танымдық рольді терістеу ұғымы атқарады.

    Терістеу дегеніміз – бір нәрсенің, құбылыстың даму барысында басқа сапалық қасиетке ие болуы кезінде нәрсе мен құбылыстың өзгеріске ұшырауын сипаттайтың алғашқы ұғым. Ол әрі қарай дамуға жол ашады және өткен сатылардың жағымды жақтарының бәрін сақтай алады және жаңа жағдайға бейімделеді.

    Диалектикалық терістеу құбылыстың ішкі заңдылықтары мен қайшылықтарын тудырады, ол өзін - өзі терістеу ретінде көрінеді. Терістеу жалпы сипатта, оның көмегінсіз ешқандай даму да, өзгеріс те болмайды. Бірақ терістеу өткенді жалаң жоққа шығару емес, оған жан – жақты баға беру, сондай аналитикалық бағалаудың нәтижесінде оның өміршең, бағалы жақтарын анықтап, оны ұстап қалуға әрекет жасау болып табылады.

    Терістеуді – терістеу заңының аясында аса маңызды заңдылықты – сабақтастықты түсіндіруге болады. терістеу, сабақтастық – жалпы дамудың, соның ішінде ғылыми көркемдік дамудың да объективтік заңдылығы.

    Философия методология ретінде.Диалектика және метофизика:

    Метофизика термині б,э,д 1ғ, Ариистотельдің философиялық мұрасының бір бөлігінің атауы ретінде шықты, сөзбе сөз алғанда ол физикадан кейін келетін деген мағынаны береді, Аристотельдің өзі мұны бірінші ф-я деп атады: ол барлық ғылымдар үшін міндеті нәрселердің өзгермейтін және оймен ғана пайымдауға болатын,сезім мүшелерімен білуге болмайтын ең жоғарғы бастамаларын зерттейді.

    Методология1-белгілі бір ғылымда қолданылатын танымдық әдіс-тәсілдердің жиынтығы2-танм мен дүниені өзгертуге бағытталған практикалық қызметтерді ұйымдастырудың прициптерін құралдары мен алғышарттарын зерттейтін білімдер саласы.

    Философияның бір бөлігі болып табылатын диалектика - әлемнің дамуының теориялық негіздерін анықтайды. Диалектика дегеніміз – болмыс пен бүкіл әлем дамуының жалпы байланыстары туралы ілім. Онда даму процесі зерттеледі. Диалектика – дамудың философиялық теориясы. Сонымен қатар, ол - әлемді біртұтас және қарқынды бүтіндік деп қабылдайтын ойлау тәсілі.

    Диалектика әлем үлгісін өзгертіп тұратын түрлер, жағдайлар және дәуірлердің бір – бірімен ауысуының мәңгі процесі деп қарастырады.

    Ф.Энгельстің анықтамасы бойынша, диалектика дегеніміз - әлемдегі байланыстар, табиғаттың, қоғам мен ойлаудың қозғалысы мен дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Философия объективті және субъективті диалектика ұғымдарын қолданады. Ойлау және таным процестері үшін бұл өте маңызды ұғымдар.

    Объективті диалектика дегеніміз - әлемнің, табиғаттың, объективті дүниенің дамуы, өзгеруі. Ал оның адам санасында бейнелеуінен субъективтік диалектика туындайды. әлем, дүниенің дамуымен, өзгеруімен қатар оны бейнелейтін, түсіндіретін ұғымдар да дамып, өзгеріп отырады.

    Диалектика да грек сөзі. Ол бірден даму теориясына айналмаған. Грек мәдениеті аясында диалектика сұрақ – жауап арқылы пікір таластыру қабілетін, ұғымдарды саралау түрі мен шыққан тегіне қарай ажырату өнерін білдірген. Сонымен қатар, оның қайшылықтар туралы ілім деген анықтамасы да болған. Көрнекті грек философы Аристотель диалектиканы ықтимал пікірлер туралы ғылым деп есептеген.

    Қарапайым диалектика антикалық философияда қалыптасты. Ол көне гректердің табиғатты қарапайым пайымдауынан туындайды. Диалектикалық дәстүрлің бастауы – негізі Гераклит ілімі деп есептелінеді. Табиғатты бөлінбейтін біртұтастық дей отырып, Гераклит «от» , «әлемдік өрт», «космос» ұғымдары арқылы ондағы ұдайы болып тұратын өзгерістерді түсіндіруге тырысты. Әлемдегі барлық нәрсе өзгермелі, қатып, семіп қалған еш нәрсе жоқ. Барлығы бір – біріне қарама – қарсы жақтардан тұрады. Олар бір – бірімен әрекеттеседі. Қарама – қарсылықтардың өзара күресі әлем дамуының қозғаушы күші және негізгі заңдылығы.

    Диалектиканың дамуына қомақты, сүбелі үлес қосқан философ - Г.Гегель. ол тұңғыш рет бүкіл табиғи, тарихи және рухани дүниені процесс түріндегі нәрсе деп: яғни үнемі қозғалуда, өзгеруде, қайта құрылуда және дамуда деп таныды, сөйтіп, осы қозғалу мен дамудың ішкі байланысын ашуға тырысты.

    Диалектиканың негізгі ұғымы – даму. Даму дегеніміз – қозғалыстың, өзгерістің бір көрінісі. Ол көп жақты, ескіден жаңаға, жаңадан ескіге, қарапайымнан күрделіге, күрделіден қарапайымға, төменгіден жоғарыға, жоғарыдан төменге өзгеру болады. Даму кезінде заттың, құбылыстың жүйесі өзгеріске ұшырап, қасиеттер ауысып отырады. Тарихтың дамуында бір – біріне ұқсамайтын әртүрлі дәуірлер, адамның дамуында балалық, жастық, толысу, қартаю кезеңдері болады. Даму - өте күрделі процесс, онда кері қозғалыстар, секірістер, әртүрлі қиылысулар болып тұрады.

    Диалектика жүйесіне оның негізгі заңдары кіреді. Заң ұғымының маңызды екі мағынасы бар. Біріншіден, заң дегеніміз – заттар мен құбылыстар арасындағы жалпы, тұрақты және қажетті байланыстарды білдіретін ұғым. Мысалы, әлемнің тартылу заңы, табиғи сұрыпталу заңы. Бұлардың бәрі объективті материалдық әлемнің заңдары. Екіншіден, заң дегеніміз - әлемнің байланыстарын түсіндіретін білім жүйесі. Бұл ғылым заңдары.

    Диалектиканың негізгі үш заңы бар. Олар даму процесінің маңызды заңдылықтарын түсіндіреді. Қарама – қарсылықтардың бірлігі мен күресі туралы заң – материалдық әлемнің дамуының негізін түсіндіреді. Даму процесі ішкі де, сыртқы да қарама – қарсылықтардың қақтығысы арқылы іске асады. Диалектика сыртқы қарама – қарсылықтардың бірегейліктің екіге бөлінуінің нәтижесі, түптеп келгенде ішкі қарама – қарсылықтар туындысы деп қарайды. Бұл заңның үлкен дүниетанымдық және тәрбиелік мәні бар, өйткені ол дамудың белгілі бір сатысын, тарихтың ешбір жетістігін, адам қол жеткізген биікті ең соңғы деп қарамастырмауға үйретеді және шексіз шығармашылыққа бағдар береді.

    Қоғам өміріндегі қайшылықтар өте күрделі және жан – жақты. Сандық және сапалық өзгерістердің өзара өту заңы – дамудың нақты тетігін көрсетеді. Диалектика кез келген затты саны және сапасы жағынан сипаттайды. Сапа – бұл қасиеттердің бірлігі. Сапалық айқындылық зат пен құбылысты тұрақты етеді, бір – біріне ажыратып, дүниенің шексіз сана алуандылығын айқындайды. Сапа дегеніміз – заттың барынша өзінділігі. Сан заттың біркелкі бөліктерге бөлінуін айқындайтын ұғым. Бір – біріне ұқсамайтын нәрселердің арасында сапалық, айырмашылық болады.

    Терістеуді терістеу заңы – даму процесінің түрі мен жалпы бағытын көрсетеді. Мұнда ерекше танымдық рольді терістеу ұғымы атқарады.

    Терістеу дегеніміз – бір нәрсенің, құбылыстың даму барысында басқа сапалық қасиетке ие болуы кезінде нәрсе мен құбылыстың өзгеріске ұшырауын сипаттайтың алғашқы ұғым. Ол әрі қарай дамуға жол ашады және өткен сатылардың жағымды жақтарының бәрін сақтай алады және жаңа жағдайға бейімделеді.

    Диалектика байланыстар мен даму туралы білім жүйесі бола отырып, бірнеше функцияны орындайды. Ең алдымен, әрине, диалектика дүниетанымдық функцияны орындайды, өйткені, ол әлемдегі заттар мен құбылыстардың бір – бірімен байланыса отырып, ұдайы өзгерісте, дамуда болатындығын теориялық түрде дәлелдейді.

    Сонымен қатар, диалектика методологиялық функцияны орындайды. Ол дүниені танудың, игерудің негізгі құралы болып табылады. Оның негізгі ұғымдары, идеяларын, заңдарын дұрыс меңгерген адам өз іс - әрекетінде тез табысқа жететінің сөзсіз.

    Философия пәні және атқаратын қызметі:

    Философия термині көне грек тілінен аударғанда даналыққа құштарлық, ал көне үнді тілінен аударғанда ақиқатты көру деген мағынаны береді. Гректің әмбебап философы Аристотель шығармаларында «бірінші философия» деген сөз негізгі, іргелі ғылымның синонимі ретінде қолданылған. Философия тарих көшінің өне бойында әлем мен адам туралы ең күрделі сұрақтарға жауап іздейтін ғылым ретінде қарастырылды. Философия адамның әлем мен өзінің мәнін іздей бастаған уақытта – ақ қалыптаса бастайды. Сондықтан да, философия әлемнің – жалпы теориясы және ондағы адамды теорялық тұрғыдан пайымдау.

    Философияны тек әлем ғана қызықтырып қоймаған, ондағы адам, оның мәні, өмір сүру заңдылықтары да оның назарынан тыс қалмаған. Өйткені, адам осы әлемде өмірге келеді, оның аясында қуанады, қайғырады, таным процесінің дәмін татиды, өледі. Философия - өзінің мәні мен мағынасы тұрғысынан адами сипатқа ие болған ғылыми сала. Өйткені, ешбір басқа әлем мен таным формасы «Әлем - Адам» күрделі байланысының барлық байлығы мен мүмкіндігін жан – жақты ашып көрсете алмайды.

    Философия - әлем туралы және ондағы адамның орны туралы жалпы ілім. Ол адам мен әлем байланысын қарастыра отырып, әлемді танудың, оны өзгертудің жалпы заңдылықтарын зерттейді.

    Философияның пәні басқа ғылымдардан ерекше. Өйткені, философия дегеніміз - өте терең теориялық білім. Оның құрамында онтология, гносеология, даму теориясы, антропология, әлеуметтік философия сияқты өте күрделі салалар бар.

    Философияның даму тарихында одан эстетика, этика, психология, саясаттану жеке пәндер болып бөлініп шықты.

    «Философ» сөзін ең алғаш рет интеллектуалды білімге ұмтылып, дұрыс өмір сүруге тырысқан адамдарды оқшаулау мақсатында көне грек математигі мен философы Пифагор қолданған.

    Философия терминін түсіндіріп, оны ерекше ғылымның түрі ретінде негіздеген Платон.

    Философия даналыққа апаратын жол, яғни даналық философиядан да жоғары, оған философияның көмегімен көтерілуге болады.

    Философиядағы ақихат теориясы.Ақихаттың абьективтілігі. Нақтылығы абьсолюттілігі мен салыстырмалылығы.Практика мен таным:

    Ақихат –танымның негізгі мақсаты.Өйткені таным процесіндегі субьектінң белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған обьектіге сәйкес келуі немесе келмеуі мүмкін. Осыған орй ғылым мен философияда ақихат теориясы алға тартыладыАқихат дегеніміз не ?Шын мәнінде ақихат дегеніміз -біздің біліміміздің бізден тысқары тұрған обьектіге сәйкес келуі,оның санамызға дәл көрініс тауып,бейнелеуі.Ақихатқа жету субьект пен обьек арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жатқан әлеуметті-тарихи процесс.Ақихат обьективтілігі.Ақихат өзінің мазмұны жағынан обьективті.Себебі оның мазмұны бейнелеп заттан тәуелді.Ал формасы жағынан субьективті ,себебі ол білім есебінде біздің санамызда өмір сүреді.Сонымен,ақихат дегеніміз – обьективті пен субьективтивтің диалектикалық бірлігі.Зерттеліп отырған обьект толық емес білімді –салыстырмалы ақихат,ал толық білімді абсолютті ақихат д,а.Салыстырмалы ақихат пен абьсолютті ақихат -әлеуметтік, тарихи процесс ретінде обьективті ақихаттың көріністері. обьективті ақихат, салыстырмалы-абьсолютті түрде өмір сүреді.

    Практика мен таным

    Практика грек сөзі белсендәләк ,іс-әрекет ұғымын білдіреді.Айнала қоршаған ортаны өзгертудегі адамның саналы,мақсатқа лайықты іс-әрекетін зерттейді.Әрине адам қоршаған ортасыз өмір сүре алмайды.Қазіргі адамзат келер болсақ оның қажеттілік тері де ғылымның дамуында жатқваны сөзсіз.Мысалы,АҚШтың Невада штатында жақында орасан зор синхрофазатронды іске қосты.Ол осы мемлекеттке 6млрд долларға түсті.Осыншама қаражат бірнеше дарынды физиктердің Білімқұмарлығы үшін жұмсалды деген тым тұрпайы болар еді .

    Бүгінгі тандағы ең алддынғы қатарлы ғылым саласы биологияға келер болсақ,мұндағы ғалымдардың мақсаты адамзат практикасымен тығыз байланысты.Өйткені генетикамен байланысты зертеулер.Таным өте күрдклі үрдіс,бүкіл оған адамның бүкіл жан дүниесі түйсіктері,ақыл –ойы ырқы,сезім тебіреністері,ішкі көкей көзі бәрі өзара бір –бірімен тығыз байланысты

    ФИЛОСОФИЯДАҒЫ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕ.

    Философиялық тарихындағы адам мәселесі антропогенез ұғымы:

    Гректің антропос – «адам» және логос «ілім» сөзінен құралған, антропология дегеніміз – адам туралы ғылым.

    Антропология адамның табиғи құрылысын, оның бейімдері мен дағдысын, тілін, өнерін, діні мен өркениетін зерттейді.

    Антропологияның үш маңызды бағыты бар. Біріншісі, адамның табиғаттағы орнын қарастырып, басқа тіршілік иелерінен айырмашылығын анықтайды. Осы мақсатта адамның табиғи қасиеттері мен дамуының, өркениетінің өзара байланысына назар аударады.

    Екіншісі, адамның нәсілдерін анықтап, жүйелеумен тығыз байланысты. Ол этнология деп аталады. Алғашқы адамдардың қаңқасы мен бассүйектерін қазіргі адамдармен салыстыра отырып, әртүрлі халықтар мен нәсілдердің дәстүрлері мен дінін зертейді. Сөйтіп, әр халықтың өзіндік тарихи, мәдени ерекшеліктерін анықтайды.

    Үшінші бағыт антропометрия деп аталады. Бұл ғылым адамның табиғи өлшемдерін бойын, салмағын, әртүрлі нәсілдің өкілдерінің сүйектерінің көлемін зерттейді.

    Адам - философияның өзекті, байырғы және өте маңызды мәселесі. Философияның адам мәселесін арнайы зерттейтін бөлігі антропология деп аталады. Оның негізгі сұрағы – «Адам дегеніміз не» мәселесі. Адам туралы толық мәліметті пәнаралық зерттеу аясында көптеген ғылымдардың көмегімен жинақтауға болады. Сондықтан да соңғы жылдары адамтану ғылыми танымның ерекше саласы және оқу пәні ретінде жеке қарастырылады. Философия адамды тиянақты, бүтін, біртұтас жүйе деп анықтап, барлық мәндік қасиеттері мен құбылыстарының өзіндік рухани – практикалық іс - әрекетінің жүйесі ретінде, көпжақты, әмбебап жан етіп көрсетеді.

    Адамның табиғаты мен мәні туралы сұрақ философия тарихындағы барлық ілімдерде бар. Адам проблемасын философиялық зерттеудің негізгі өзегі етіп қарастыратын экзистенциализм, персонализм және философиялық антропологияны қоспағанның өзінде психоанализ, герменевтика, структурализм, аналитикалық философия, социобиологияда адам тақырыбы көрнекті орын алып отыр. Мұның өзі тек жай ғана кездейсоқтық немесе ұқсастық емес. Қазіргі уақытта Адам төңірегіндегі мәселелердің алдыңғы қатарға шығып, әлемнің барлық түпкірінде өзекті мәселеге айналуы, ең алдымен, нақты индивидтің күнделікті өмір сүруінен кездесіп отырған жағдайдан туындап отыр. Ядролық қару – жарақтың күннен – күнге көбейе түсуі, табиғи ортаның бұзылуы адамдарды өте бір қиын сын сағатына әкеліп, апырау, осы адамзаттың ертеңгі күні не болмақ деген үрейлі сұрақтарды жиі – жиі туғыза түсуде.

    Философиялық антропологияның басқа ғылымдардан айырмашылығы, ол адамды жалпы дүниетанымдық тұрғыдан зерттейді.

    Әлеуметтік антропогенез теориясы Адам бұдан 30-40 мың жылдар бұрын қалыптасты деп есептейді. Жалпы Адам тарихы 3 млн. жылды қамтиды. Ол алғашқы Орталық Африкада пайда болып, кейіннен жер шарының барлық түкпіріне тарады.

    Шәкәрімнің философиялық ой сараптауын «Үш анық»:

    трактатынан көруге болады, ол зерттеушінің 28 жылдық еңбегінің қорытындысы. «Үш анық» қазақ халқының тарихи тағдырына үлкен өзгеріс әкелген жылдары жазылған. Бірінші орыс революциясы, бірінші дүниежүзілік соғыс, ақпан, қазан революциялары және тағы да басқа оқиғалар қазақ жеріне көп әсерін тигізді. Осы жағдайлар Шәкәрімді немқұрайлы тыныштыққа қалдыра алмайды. Халқы туралы толғаным болашағы ойшылды қиналдырып, осы тоқыраудан шығу жолына итермеледі.Өмірдің мәні не? – деген сұрақпен ол көне ойшылдарға сонымен қоса жаңа дәуірдің діни және философиялық әдебиеттерінен ізденіп, өзінің философиялық ойының тереңдігін көрсетеді.Шәкәрім «Үш анықта» Ақиқат деген не? деген сұрақ қояды. Оған өзі «адам ақиқатты ақыл – ес көзімен көріп, қабылдауы керек. Ақиқат - әрбір адамның жанында болады не ол өзіндік өмір сүреді» - деп қорытынды жасайды. Жанның ең негізгі қажет ететіні – ұждан. «Адамның нысап, әділет, мейірім – үшеуін қосып, мұсылманша айтқанда, ұждан, совесть орысша айтқанда совесть бар» дейді.Шәкәрім ар – ұждағы адамгершілік этикалық жағынан ғана емес, оны философиялық категория, әлем құрылымының негізгі болатын субстанция ретінде жоғары қарастырған.Ол адамның рухани өсуіне мықты тірек болатын үш анықты атайды: Бірінші – мәңгі өзгерістегі Универсумда барлығына себепші жаратушы ие. Екіншісі – бұл жаратушы барлық тірі мен тірі емеске жан береді, адам өлген соң, одан әрі тазарып, жоғарылайды, өздігінен өмір сүреді.Үшіншісі – жанның жоғарылап, тазаруы үшін адам ұжданға сай арлы өмір сүруі керек.Шәкәрім – эпик – ақын. Бұл саладағы Шәкәрім көзқарастары ұлы ағартушы Абай идеалымен үндес, өзектес, олай болса орыстың ұлы жазушы – демократтары Белинский мен Чернышевскийдің пікірлеріне сәйкес. Шәкәрімнің көптеген шығармалары әдептілік, мораль мәселесін сөз етіп жастарға ақыл – кеңес, өсиет түрінде айтылады да, патриархалдық, рушылдық салт пен нанымдар сыналады.Оқу, ағарту, білімділік, мәдениеттілік, ақыл, қабілеттің жетілуі – адамзат тәртібінің сипаты мен қимыл әрекеттерге ақын аяусыз соққы беріп, халықтың мәденипрогреске, ғылым мен өнердің дамуына сәйкес әрекеттерді үлгі тұрарлық ең асыл моральдік қазына деп қарастырады.

    Ыбырай Алтынсарин:

    (1841-1889)қазақ халқының тарихына аса көрнекті ағартушы,жаңашыл педагок,жазушы,қоғам қайраткері ретінде кірді.Торғай жерінде дүниеге келген.Орынбор шекара комиссиясы жанында қазақ балалары үшін ашылған мектепте 1850-1857 жж оқып оны үздік бітіріп шықты. Ыбырай оқытушылық жұмыспен қатар халық училищелерінде инспектор боп ,торғайда уездік судьясы боп.Алтынсариннің тікелей араласуымен мектептер, интернаттар, училищелер ашылды. ол үнеми қазақ халқын кішіпейіл, білімге құштар, достыққа адал екенін айтып отырады.Ббірақ ол бұл мақсат –әрекетті патшалық Ресейдің жергілікті халық өкілдерінен тек тілмаштар дайындамақ болған отаршылдық саясатына қайшы келді қолдап таппады.Ыбырай қазақ халқына көшпелілік тұрмыстың тұсау болып отырғанын да атап көрсетті.ол қазақтардың өмір бойы көшпелі тұрмыста қала беруін қуаттамауымен қатар, «Халық өзінің даму жолында көшпелілік өмірден отырықшылыққа ауыспай қоймады» деп қорытты. «Халыққа білім беру,көзін ашу ісінің өзі осы отырықшылықпен тығыз байланысты»,-деді. «Қазақ халқы көп ұзамай орыс мемлекетімен қоян-қолтық араласып кететін болады.Бұл жақындықтан ол тек бақыт табады және ол малшы боп қалмайды,сонымен қатар диқаншыда,ресейдің қасиетті туы астында жақсы жауынгер де бола алады»,-деп жазды ол.оның еңбектерінде,мақалалары,хаттары олардың дүниеге гуманистік көзқарас,тәжірибелі қиялдық анықтауышы тұрғысынан жазылғанын байқатады.Мәселен оның бір еңбегінде қазақтардың құда түсу,қыз ұзату,той жасау дәстүрлері туралы очеркі бар.Ол әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ өйткені бұл мәселелерді қазақ тұрмысына сай пайда боп,елдің қанына сіңіп кеткен.Ал ыбырай осыны аңғартады «Білім дегеніміз- өзімізді қоршаған шындықты танып білу»-деп түйіндеді Ыбырай.