ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.11.2019
Просмотров: 2454
Скачиваний: 1
Power Point бағдарламасын оқыту әдістемесі
Microsoft Power Point бағдарламасын мектептегі білім беру жүйесінде слайдтар жасау технологиясы қарастырылады .
Power Point бағдарламасы оқушыға өз жолымен керекті материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі, көпсатылы жүйе, оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, игеру тәсілі мен логикасын да өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалдарды қарап шығуға мүмкіндік береді.
Power Point-тың негізгі міндеті – ақпараты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен презентацияларды жоспарлау, жасау және өңдеу.
Кез келген Power Point құжаты слайд деп аталатын өзара байланысқан жекеленген кадрлар жиыны болып табылады. Мұндай файлдар презентацияда көп болуы мүмкін, бірақ олар маңызды болуы шарт, сіздің презентациядағы жүзінші сладта ешкімге қызықты болып көрінбейді. Құжаттағы әрбір слайдтың орналасу жеріне байланысты үнсіз келісім бойынша берілетін бірегей нөмірі болады. Слайдтардың тізбектілігі (олардың байланысы, нөмірленуі) құжатта сызықты. Мұндай сызықтық пайдаланушы әрекетіне тәуелсіз Power Point-те автоматты түрде сүйемелденеді. Яғни, слайдтарды жою, енгізу, алмастыру, көрінбеу немесе көрсету құжаттың сызықтық құрылымын бұзбайды.
Слайдтарда әртүрлі типті объектлер бар, олардың қиюласуы презентацияның берілген кадрының мазмұнын толығымен ашуға арналған. Әрбір слайдта, кем дегенде бір объект – кадр фоны болады. Яғни толығымен бос слайд болуы мүмкін емес және «бос» деп «фон» типті объектісі бар слайд түсініледі.
Power Point бағдарламасын оқытуда сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану да тиімді деп есептейміз.
Мектеп информатика курсында Power Point бағдарламасы қоғамдық-гуманитарлы бағытында 11 сыныпта, ал математика-жаратылыстану бағытында 10 сыныпта оқытылады, бұл бағдарлама оқушылардың білімін кеңейтіп қана қоймай сонымен қатар әр түрлі мультимедиалық мәліметтерді дайындауға мүмкіндік береді.
Презентацияларды пайдалану оқушылардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз етеді.
Power Point бағдарламасы оқытуға мемлекеттік стандартта 5 сағат көрсетілген, материалдардың ауқымдылығын ескере отырып, 10 сағат бөлінген дұрыс деп есептейміз.
Front Pagе бағдарламасының оқыту ерекшеліктері.
Қазіргі кезде Web-сайт жасау үшін жиі қолданылатын бағдарламалардың бірі Microsoft Front Page 2003 бағдарламасы. Бағдарламаның көлемі 150 Mб шамасында. Кейде бұл бағдарламаны Microsoft Office 2003 пакетінен кездестіруге болады.
Бағдарламаның негізгі артықшылықтарына тоқталып өтейік. Front Page бағдарламасының интерфейсі бәрімізге үйреншікті орыс тіліне аударылған. Бағдарлама терезесінде Word редакторына ұқсас қолайлы аспаптар панелі орналасқан. Егер сіз Word редакторымен үнемі жұмыс жасап жүрсеңіз және ағылшын тілін жеткілікті дәрежеде игермеген болсаңыз, онда сізге сайт жасау үшін Front Page бағдарламасынан артық құрал табыла қоймас.
Web-құжаттарды жасау үшін FrontPagе бағдарламасы таптырмайтын құрал болып табылады. Front Pagе бағдарламасы Web-құжаттарды құруға кеңінен пайдаланады. Бағдарламада өңдеу, форматтау, тізім типтері, гиперсілтемелер құру, графиктік объектілерді кірістіру, жүгіртпе жолдар, түрлі анимация, бейнеклип, дыбыс, сілтеу батырмаларды орнатып, Web-парақтар жасауға болады.
FrontPage бағдарламасын оқыта бастағанда оқушыларға мұғалім әр оқушыға жасайтын жобаның тақырыбын береді (өздерінің қалаулары бойынша тақырыптар алуға болады және екі адам бірге бір тақырыпты қарастыруға болады).
PageMaker бағдарламасының оқытылуы.
PageMaker бағдараламасы 1984 жылы Aldus фирмасымен жасалып шығарылды және кейіннен Adobe фирмасымен сатып алынды. Содан бері бағдарламада ешқандай өзгеріс болған жоқ, себебі олардың интерфейсі мен функционалдық мүмкіндіктері өте ұқсас. Бағдарлама Windows графикалық қабыршағының кең таралу негізінде тез дамыды және столүстілік баспа жүйелерінің арасында көшбасшысы болды.
PageМaker столдық баспа жүйесі мәтіндік ақпарат орын алатын газеттерді, журналдарды, кітаптарды және басқа баспа өнімдерін беттеу үшін қолданылатын қуатты баспа жүйелерінің бірі.
PageMaker-дің графикалық құралдары басылымдарда шекаралардың әр түрлі типтерін және ішкі облыстарды тағайындауға болатын қарапайым объектілерді құруға және түзетуге мүмкіндік береді.
PageMaker бағдараламасы орта мектеп информатика курсында алғаш рет келтіріліп отыр және бұл бағдарламаның терезесі графикалық редактордың терезесіне ұқсас болып келеді.
PageMaker бағдараламасы оқытуда әртүрлі тиімді тәсілдерді және жаңа педагогикалық технологияларды қолдануға болады.
Excel бағдарламасының мүмкіндіктерін қолданып, PageMaker бағдарламасын оқытуға арналған әртүрлі тапсырмаларды дайындап, окушылардың білімдерін бақылауға, тексеруге және бағалауға болады, яғни ребус, тест, сөзжұмбақ. Сөзжұмбақта 1-2 беттерде (Лист1 және Лист2) жасырылған. Мұнда формула, егер (если) және қосынды (сумм) функциялары қолданылды. Тапсырманың дұрыс жауаптарын оқушылар көрмеу үшін «Формат-Лист-Скрыть» командасын қолданып, (Лист2) бетін жасырып қоямыз және қажет болғанда (өзгеріс енгізгенде) қайтадан қалпына келтіру үшін «Формат-Лист-Отобразить» командасын орындаймыз.
Телекоммуникация мазмұндық желісін оқыту.
Информатика пәні оқулықтарында ақпараттарды қашықтан тасымалдау құралдары телекоммуникациялар (грек тілінінен аударғанда tele–алыс, шалғын, communicatio–араласу) деп аталуда.
Телекоммуникация мазмұндық желісін мектепте оқытудың негізгі мақсаты оқушыларды телекомуникация құралдарымен таныстырып, осы салада дағдылары мен тәжірибелерін қалыптастыру және дамыту.
Жалпы білім беру бағдарламаларына сәйкес, мектеп информатика курсында телекоммуникация желісін оқыту 7, 9, 11 – сыныптарда қарастырылған.
7-сыныпта телекоммуникация желінің алғашқы ұғымдары қарастырылады: Компьютерлік желілер, желілік топологияның түрлері.
Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбында жаратылыстану - математика бағытында «Телекоммуникация желісіне» 5 сағат, ал қоғамдық – гуманитарлық бағытта 4 сағат бөлінген. Тақырыптар бойынша: жарытылыстану – математика бағытында «Электрондық пошта» тақырыбына жеке 1 сағат бөлінсе, қоғамдық – гуманитарлық бағытта аталған тақырыпқа жеке сағат бөлінбеген, бірақ «Браузер Microsoft Internet Explorer . Microsoft Internet Explorer-дегі жұмыстың негізгі тәсілдері.Web-бетке өту» тақырыбына «Электронды пошта» тақырыбын қосып, екеуіне 1 сағат бөлінген.
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
Қорғауға берілген реферат тақырыптары:
1. Front Page бағдарламасының мүмкіндіктерін қолдану.
2. Web құжаттарын құру негіздерін оқыту.
3. Мектептің негізгі курсында мәтіндік мәтіндік редоктарларды оқыту әдістемесі.
Негізгі әдебиеттер /4-6,11,14/,
Қосымша әдебиеттер/15-17,19-21/.