ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.11.2019
Просмотров: 2451
Скачиваний: 1
Компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктеріне және оны пайдаланудың педагогикалық мақсатына жасалған талдау оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыратын, танымдық белсенділігін қалыптастыратын бірден-бір тиімді құрал екенін дәлелдеді. Компьютерлік технологиямен оқыту – оқушының шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік бере отырып, пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Сонымен, мәселенің теориялық тұрғысы бізге мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
1) Танымдық белсенділікті арттыру – жеке тұлға болып қалыптастыруын жүзеге асырудың басты шарты болып табылады;
2) Компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктерін және оны пайдаланудың педагогикалық мақсаттарын дәл айқындау негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру – танымдық белсенділіктің барлық компоненттерін қамтитын, бүтіндей жүйе құрайтын тиімді оқу үрдісін ұйымдастырудың қажетті шарты болып табылады;
3) Ақпараттық технологияны зерттеуші ғалымдар компьютерлік технологияны пайдаланудың педагогикалық мақсатын айқындау - білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізі және оқу үрдісіне компьютерлік технологияны тиімді пайдаланудың басты шарты екенін көрсетеді;
4) Компьютерлік технологияның көпфункционалды бағдарламалық-ақпараттық мүмкіндіктері: виртуальды зертханалар, компьютерлік бағдарламалық пакеттер, интернет жүйесі, мультимедиа және т.б. оқушының танымдық белсенділігін арттырады, шығармашылық ізденіске баулиды;
5) Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың әдістері мен тәсілдерін анықтау үшін оның компоненттерінің қалыптасу деңгейлерінің көрсеткіштерін және сипаттамасын анықтау қажет;
6) Компьютерлік технологияны пайдаланып оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мәселесінің теориялық және практикалық негіздемесін жасаудың негізі – дидактикалық шарттарды анықтау болып табылады;
7) Оқыту үрдісінде компьютерлік бағдарламалық құралдарды, проблемалық сұрақтар жүйесін, компьютерді пайдаланып атқарылатын өзіндік жұмыстарды пайдалану оқушыларда танымдық белсенділігінің жоғары деңгейі және білім сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
Қорғауға берілген реферат тақырыптары:
-
Компьютерлік технологияны педагогикалық технология ретінде қарастыру.
-
Компьютерлік технологияны жаңа ақпараттық технология ретінде қарастыру.
-
Компьютерлік технологияны оқу үрдісінде қолдану тиімділігі.
Негізгі әдебиеттер /4-6/,
Қосымша әдебиеттер/7-9,20-21/.
Дәріс – 15.
Дәріс тақырыбы: Мектеп информатика курсының мазмұндық желілерін оқыту әдістемесі.
Дәрістің мақсаты: Информатиканың негізгі және жоғары курсында информатиканың оқытылуын қарастыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Информатиканың негізгі курсында информатиканың оқытылуы.
2. Информатиканың жоғарғы буынында информатиканың оқытылуы.
3. Телекоммуникация мазмұндық желісін оқыту.
Дәрістің мамұны:
Информатиканың негізгі курсында информатиканың оқытылуы
Ақпарат және ақпараттық үрдістер мазмұндық желісін оқыту әдістемесі.
Ақпарат түсінігі курстың орталығы болып табылатындықтан ақпараттар бағыты негізгі (базалық) курстың толық мазмұнын қамтиды. Курстың кез келген тақырыбында ақпараттар мен ақпараттық үрдістерді ұсынудың әртүрлі нұсқаулары туралы айтылады. Бұл жүйедегі әрбір түсінік базалық курста екі аспект бойынша қарастырады: «компьютерлік» және «компьютерлік емес». Компьютерлік емес аспект адамға, қоғамға, табиғатқа қатысты жалпы позициялы компьютерленген байланысты емес ақпараттарды қарастырады. Бұл аспекте ақпараттарды анықтау және өлшеу, ақпараттық модельдер, ақпараттық үрдістер және табиғат пен қоғамда басқару үрдістері сияқты сұрақтар оқып – меңгеріледі. Компьютерлік аспект ЭЕМ архитектурасыда компьютердің функциялануының ақпараттық жақтары, сонымен қатар ақпараттары мен бағдарламалаумен жұмыс істейтін компьютерлік технологияларды оқып – меңгеріледі.
Ақпараттар және ақпараттық үрдістер бағыты бойынша оқушылардың білімдері мен қабілеттеріне қойылатын талаптар. Оқушылар келесілерді білуге тиісті:
-
мазмұндық тұрғымен және кибернетикалық (алфавиттік) тұрғымен сәйкес ақпаратты анықтау;
-
ақпараттық үрдістер деген не;
-
ақпаратты тасымалдаушылардың қандай түрлері бар;
-
байт, килобайт, мегабайт, гигабайт деген не;
-
ақпаратты беру жылдамдығы қандай бірліктерде өлшенеді;
-
хабарламадағы кейбір оқиғалар мен осы оқиғаның ықтималдығы туралы ақпараттар саны арасындағы байланыс;
-
байланыстың техникалық арналар бойынша ақпараттарды беру үрдісінің К.Шеннон сызбасы, оның жекелеген элементтерінің мағынасы мен белгіленуі.
Оқушылар:
-
адам қызметтері, тірі табиғат және техника аймақтарынан ақпараттар мен ақпараттық үрдістерге мысалдар келтіруге;
-
ақпаратты берудің нақты үрдісінде дерек көз, қабылдаушы, арнаны анықтауға;
-
информативті және информативті емес хабарламаларға мысалдар келтіруге;
-
1 бит ақпаратқа тепе-тең хабарламаға мысал келтіре білуге;
-
Мәтіннің ақпараттық көлемін байт өлшемімен (компьютерлік алфавитті қолдана отырып) өлшей білуге;
-
әртүрлі бірліктерде (бит, байт, килобайт, мегабайт, гигабайт) санын есептей білуге;
-
көлемі және беру уақыт бойынша ақпаратты беру жылдамдығын есептеуге және керісінше есептерді шешуге;
-
белгілі ықтималды оқиғалар туралы хабарламадағы ақпараттар санын есептей білуге тиісті.
Раіпt- графиктік редакторын оқыту әдістемесі.
Білім берудің кез-келген саласында Paint графикалық редакторын пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Оқушыларды осы тақырыпты пайдалана отырып, сурет салу шеберлеріне баулу, сол шеберлікке ұмтылу барысында логикалық және фантазиялық ойлау қабілеттерін арттыру, танымдық белсенділіктерін дамыту, іздендіру. Оқушылардың компьютермен жұмыс істеудегі жетістіктерін одан әрі арттыра түсіп, алған білімдерін басқа пәндер үшін және жалпы келешекте өздері үшін пайдалана білулеріне ықпал ету.
Раint - графиктік редакторы сурет салуға арналған. Мұның көмегімен әртүрлі бейнелерді, көріністерді т.б. әсем етіп бейнелеуге болады. Раіnt редакторы пайдалануға өте жеңіл, мүмкіндігі жоғары. Қажетті сурет салуға арналған құрал саймандар: түзу, сызық, дөңгелек, төртбұрыш, өшіргіш, әріп жазуға арналған abc пернесі, түрлі түстер экранда жұмыс үстелінде орналасқан. Бағдарламаны қос та, істей бер. Раіnt графиктік редакторында компьютер көмегімен сурет салуды шектен тыс қолдануға болмайды, өйткені оқушыларда сызба құралдары: сызғыш, циркульмен жұмыс істеу дағдыларын да қалыптастыруымыз керек. Раіnt графикалық редакторы- графиктік бейне түріндегі суреттер және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы бағдарлама.
Оқу мақсатына мыналар жатады: оқушыларды компьютерде сурет салуға практикалық тұрғыдан дайындық жұмыстарын жүргізу; жұмыс істеу үшін тұрақты дағдыларын қалыптастыру; компьютерлік графика мүмкіндіктері мен ерекшеліктері туралы түсініктерін қалыптастыру: қандай да бір сурет үшін іс-әрекеттерін алгоритмдеу; сурет салу үшін бұйрықтардың түрлі комбинациясын қолдана білуге үйрету; ойлау жүйесін тәрбиелеу.
Тақтаға көп қадамнан тұратын бұйрықтар қызметін жазып, оқушыларға редактормен жұмыс істеу нұсқаларын көрсету керек. Жұмыс істеудің қызық түрі- суретті топ болып орындау, оны оқушы жұмыс үстелінде баспаға шығару.
Орта мектептің негізгі курсында “Paint графикалық редакторын” оқытуға стандарт бойынша 5 сағат бөлінген.
Мәтіндік редакторларды оқыту әдістемесі.
Қазіргі кезде дербес компьютер құжаттар мен мәтінді даярлауда кеңінен пайдаланылады. Компьютер тек баспа машинасының қызметін атқарып қана қоймай, құжаттарды даярлау үрдісінде көптеген қосымша мүмкіндіктер береді:
1) Компьютердегі мәтінді түзетуге, оған мәтін үзінділерін қосуға, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әртүрлі құжаттарды бір-біріне қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге, жолдарын экранның ортасына келтіруге, құжатты сақтап, баспаға қанша данасын болсада шығаруға болады.
2) Әр түрлі қаріптерді, түрлі тілдердің алфавиттерін, сондай-ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.
3) Мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде орналастыруға болады.
4) Қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды сканер арқылы өткізіп, танымдық бағдарламасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.
5) Стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға болады.
Бұл айтылғандарды жүзеге асыру үшін, мәтіндік редакторы қолданылады. Мәтіндік редактор қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға пайдаланылады.
Microsoft EXСEL бағдармаламасын оқыту ерекшеліктері.
Microsoft EXСEL пакетінің құрамындағы EXСEL бағдарламасы - кесте ішіндегі есептеу жұмыстарын шешуге, оларға әр түрлі диаграммалар тұрғызуға, мәліметтерді сұрыптауға, математикалық операцияларды орындауға, сандық эксперименттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Microsoft Excel электрондық кестесі. «Электрондық кесте» деген термин кесте түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеу деген мағынаны білдіреді.
Excel электрондық кестесі экономикалық және математикалық күрделі есептеулерді, диаграммаларды және т.б. көптеген іс-әрекеттерді орындауға арналған. Сабаққа қызығушылықты арттыру үшін алдын-ала әзірленген тапсырманы демонстрациялап көрсетеді.
Электрондык кестені меңгерудің мынадай кезеңдері бар:
-дискідегі дайын файлмен жұмыс, яғни оқушылар кестедегі берілгендердің мәндерін өзгерте отырып, нәтиженің өзгергендігін бақылайды. Бұл әдіс бір жағынан мұғалімнің демонстрациялап көрсетуі арқылы да орындалады. Нәтижеде оқушылардың кестемен жұмыс істеуге деген сенімділігі артады, сондай-ақ осы тәріздес тапсырмаларды одан әрі қарай өздері орындай алатындай дәрежеде сезінеді;
- бұйрықтарды меңгереді, яғни кесте ішінде орын ауыстыру, жылжыту, ұяшықтарға сандарды енгізу;
- формуланы түгелдей көруі үшін "формат" сияқты бұйрықтармен жұмыс жасайды;
- кестедегі бір қатарды жою сияқты, яғни "жою" бұйрығымен жұмыс істейді.
Оқушылар әрбір өзгерісті дәптеріне жазып отырады. Қатарды не болмаса бағанды жойған уақытта нәтиже (не формула) қалай өзгергендігіне назар аударады. Сонымен бірге, қатарды, бағанды қою, көшіру тәсілдерін де меңгереді. Бақылау нәтижесінде, оқушылар дайын формулалар жүйесі үшін әрбір ұяшыққа мәндерді енгізуі, олардың өздерінің енгізген формулалар жүйесін жазуы керек. Оқытуды ұйымдастыру түрінің ең негізгісі әртүрлі материалдар бойынша жаппай зертханалық жұмыс орындау. Білімді жалпылауға арналған сұрақтар беріледі.
Excel бағдарламасы орта мектепте 8 – сыныпта оқытылады. Күнтізбелік жоспары бойынша мәліметтер қоры және Excel кестелік процессоры мен компьютердегі кестелік есептеулер және Excel мен жұмыс істеу тақырыптарына барлығы 12 сағат бөлінген. Сабақ жоспарында бекіту сұрақтары мен деңгейлік тапсырмалар дайындап, сабақты түсіндіруде презентация технологиясы қолдануға болады.
Модельдеу тақырыбын оқыту әдістемесі
Есеп берудің қарапайым моделі.
І кезең. Модель жасау мақсаттарын анықтау.
Жалпы алғанда, келесі мақсаттарды ерекшелеуге болады:
- Ақпаратты сақтау;
- Ақпаратты реттеп отыру мүмкіндігі;
- Ақпараттың пайдаланушы үшін ыңғайлы түрде берілуі;
- Мәліметтерді кейбір критерийлер бойынша таңдау мүмкіндігі;
- Пайдаланушының модель жұмыс істеуі барысында ақпаратты өзгерте алу мүмкіндігі.
ІІ кезең. Объектіні сипаттайтын сан қилы ақпараттың ішінен модель жасау мақсаттарымен байланыстысын ерекшелеу. Мұндай ақпаратқа оқушылар тізімі, олардың саны, төрт негізгі пәндер бойынша (мысалы, физика, математика, информатика, ана тілі) қортынды (тоқсандық немесе жылдық, директордың талабына қарай) бағалар жатады.
ІІІ кезең. Ақпараттық модельмен жұмыс істеу үшін – кестелерді қолдану, ақпаратты дискіде сақтау пәндер бойынша сапалық талдау үшін – кестелерді қолдану, ақпаратты дискіде сақтау пәндер бойынша сапалық талдау үшін (пән бойынша «4» және «5» үлесі олардың жалпы санына байланысты қолданушыға ақпаратты кестелер және диаграммалар түрінде ұсыну бәрінен де тиімді.
IV кезең. Кез келген программалау тілін таңдаймыз. Бұған дейін деректер пернетақтадан енгізіледі және нәтиже экранға шығарылады. Компьютерді ажырату және қосу жағдайында алғашқы деректерді енгізуге тура келетін-ді. Программалау тілінде бұл деректерді дискіде файлда сасақтау мүмкіндігі бар. Бұл үшін жұмысты бастар алдында деректерге арналған файлды ашу қажет, мұнан соң деректерді дискіден жазып алу немесе салыстырып оқу керек.
Информатиканың жоғарғы буынында информатиканың оқытылуы.
Ассеss -берілгендер қорын басқару жүйесін оқыту әдістемесі
Microsoft ACCESS кез-келген мәліметтерді қолдануға ыңғайлы мәліметтер қорын құруға, алуан түрлі операцияларды, командаларды орындауға мүмкіндік беретін бағдарлама.
Microsoft Access 1993 жылдан бері ең танымалы басқару жүйесінің ішінде пайдалануға қолайлы басқару жүйесі болып табылады. Ассеss - берілгендер қорын басқару жүйесі кітапхана, мекемелердегі қызметкерлер мәліметтерін енгізу, жоғарғы оқу орындарындағы студенттер жайлы мәліметтер жазу және т.с.с. орындарда кең түрде қолданылады. Берілгендер қорын басқару жүйесін қолданғанда оқушыларға оның көптеген іс-әрекетті орындай алатын мүмкіндігін және қуатын айту керек. Оқушылар берілгендер қорын құруды, толтыруды білуі; олардың дұрыс толтырылғандығын бақылай білуі; берілгендср қорын басқару жүйесі бұйрықтар жүйесі туралы түсінік алу, мәзір арқылы жұмыс істеу ыңғайлылығын сезіну және бағалау, берілгендер қорын қолдану аймағын анықтау және түсінікті кеңейту; алгоритм мен орындаушы туралы түсінікті толықтыру; берілгендер түрі жүйесімен танысу; оларды өңдеу тәсілімен танысу. Мұғалім бұл тақырыпты түсіндіруі үшін алдымен өзі компьютерде демонстрациялап көрсетуі тиіс.
Access мәліметтер қоймасы, кесте режимінде жұмыс істеу, конструктор режимінде кесте құру, кестелер шебері режимінде кесте құру, мәліметтер қорының схемасы, сұратулар көмегімен кестелерден мәліметтерді таңдау және форма жасау, есеп құру, есептер конструкторы тақырыптарына ерекше көңіл мен бұл тақырыптарды оқытуға 11 сағат бөлінген.