ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.11.2019
Просмотров: 2453
Скачиваний: 1
Оқу бағдарламасының мазмұнына визуальды программалау әдістері, қолданбалы программалық құралдар мен мультимедиялық электрондық оқулықтарды жасақтаудағы программалаудың мүмкіндіктері, деректер қорын өңдеу тәсілдері, Web-беттерінің дизайнын құру алгоритмі және ақпараттық технологияның қолданылуы сияқты тақырыптар енген.
Тақырыптық жоспарлауда мамандыққа баулудың түрлі бағыттары қарастырылған, атап айтқанда: компьютерлік дизайн, программалау әдістері, ақпараттық жүйелер және Web-дизайн.
Бағдарлама құрылымы мынадай бөліктерден тұрады:
-
оқу материалының мазмұны мен құрылымы;
-
тақырыптық жоспарлау үлгісі;
-
оқушының дайындығына қойылатын талаптар.
Курс аптасына 2 сағаттан жалпы 68 сағатқа есептелген.
Жаратылыстану-математикалық бағыт
Оқу материалының мазмұны мен құрылымы
Жаңа программамен қамтамасыз ету. Компьютер. Операциялық жүйенің қосымша мүмкіндіктері. Қондыру, конфигурация, операциялық жүйенің және басқа да программалық өнімдердің параметрлерін реттеу.
Программалаудың құрылымдық, модульдық, объектілі-бағдарлы, визуалды әдістері. Программалау жүйелері.
Визуалды программалау жүйесі: формалары, басқару элементтері, модулдері және кластары, мәліметтер типтері, сұхбат терезелер, қосымша жөндеу, компиляция және қосымшаларды тарату.
Компьютерлік графика. Негізгі графикалық процедуралар және функциялар, тұрақтылар, айнымалылар. Анимация, мультипликация. Дыбыстық әсірелеу, дыбыстық файл ашу. Мультимедиялық программалар жасау технологиясы. Программа құру.
Презентация. Презентация компоненттері. Презентация құралдары. Бейнені сканирлеу және өндеу. Шаблондар мен дизайн. Мастер. Слайд. Рәсімдеу. Баспаға беру, баптау және демонстрация. Презентация жасау.
Үлкен көлемді ақпараттарды өндеу. Ақпараттарды жүйелеу, сақтау және іздестіру. Ақпараттық – логикалық модельдер. Ақпараттық – логикалық модельдер жасау технологиясы. Мәліметтер модельдері, реляциялық модель. Мәліметтер базасымен жұмыс: мәліметтер базасының құрылымы, мәліметтер базасының кестесін құру. Сұраныстармен, формалармен, есептермен жұмыс. Оқу мәліметтері базасын құру.
Ақпараттық жүйелер: мәліметтер банкі, білім базалары, жасанды интеллект жүйелері, эксперттік жүйелер.
Internet торабы: ақпараттарды қарау және іздестіру. Іздестіру жүйелері.
Web-программалау. Web-парақтарын ашу және дизайн.
Оқу материалдарының тақырыптық жоспарлау үлгісі
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
|
Жаңа программалық құралдармен қамтамасыз ету |
2 |
|
Программалау әдістері |
2 |
|
Визуальды программалау жүйесі |
20 |
|
Компьютерлік графика |
5 |
|
Презентация |
5 |
|
Үлкен көлемді ақпараттарды өндеу |
17 |
|
Ақпараттық жүйелер |
3 |
|
Internet желісі |
5 |
|
Web-программалау |
9 |
|
Барлығы |
68 |
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Оқушылар:
-
программалау жүйелерінің ерекшеліктерін;
-
құрылымдық, модульдық, объектілі-бағдарлы программалау ұғымдарын;
-
анимацияны және мультипликацияны ұйымдастыру негіздерін;
-
оқытушы, бақылаушы, ойын программаларын жасау принциптерін;
-
компьютерді программамен қамтамасыз ету реті мен ережелерін;
-
растрлық және векторлық графиканы өндеу құралдарын;
-
компьютерлік презентация ұғымын;
-
презентации жасау ережелерін;
-
үлкен көлемді ақпараттарды өңдеуді ұйымдастыруды;
-
ақпараттық – логикалық моделдерді жасау технологиясын;
-
реляциялық модельдердің қолданылуын;
-
ақпараттық жүйелер ұғымын;
-
Internet-тегі іздестіру жүйесі ұғымын;
-
Web-парақтарын ашу ретін білуі тиіс.
Оқушылар:
-
машиналық графиктер мен дыбыстық файлдар объектілерін құра алуы;
-
графикалық объектілер мен олардың қозғалысын программалай алуы;
-
үйретуші, бақылаушы, ойын программаларын құра алуы;
-
операциялық жүйені құра және үйлестіре алуы;
-
қолданбалы программаларды компьютерге енгізе алуы;
-
арнайы программалық құралдар көмегімен презентация жасай алуы;
-
берілген пәндік облыста ақпараттық – логикалық моделдер құра алуы;
-
ақпараттарға түзету енгізе алуы, шаблон бойынша ақпараттарды іздестіре алуы, мәліметтер базасындағы ақпараттарды іріктей алуы;
-
берілген пәндік облыста мәліметтер базасын құра алуы;
-
ақпараттық жүйелермен жұмыс істей алуы;
-
Internet-тен ақпараттар қарай алуы және оны іздестіре алуы;
-
Internet пен электрондық пошта (e-mail) желісімен жұмыс істей алуы;
-
Web-парақтарын аша алуы, Web парақтары дизайнын рәсімдей алуы тиіс.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт
Оқу материалының мазмұны мен құрылымы
Оқу материалдарының тақырыптық жоспарлау үлгісі
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
|
Мультимедия |
2 |
|
Жаңа типті компьютерлердің программалық құралдары |
2 |
|
Windows 2000 операциялық жүйесі |
6 |
|
Microsoft Office 2000 |
7 |
|
Word 2000 мәтіндік процессоры |
6 |
|
Компьютерлік графика |
2 |
|
Құжаттарды тану жүйелері |
2 |
|
Мәтіндерді түзету және оны тексеру программалары |
2 |
|
Фильм слайдтарын құру |
5 |
|
Баспалық жүйелер |
15 |
|
Жаңа офистердің техникалық құралдары |
3 |
|
Телекоммуникациялық тораптар |
2 |
|
Интернетте ақпараттарды іздеу |
4 |
|
Web-құжаттарын құру |
10 |
|
Барлығы |
68 |
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
Қорғауға берілген реферат тақырыптары:
-
Мектептің жоғарғы буынында информатиканы оқытудың мәселелері.
-
Орта мектепте бағдарлап, саралап оқыту.
Негізгі әдебиеттер /11,14/,
Қосымша әдебиеттер/5-6,18,19/.
Дәріс - 14.
Дәріс тақырыбы: Компьютерлік технологияны пайдаланып оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.
Дәрістің мақсаты: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Компьютерлік технологияны пайдаланып оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттарын анықтау.
2. Үздіксіз білім беру жүйесі.
3. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау.
4. Оқушылардың танымдық белсенділігін компьютерлік технологияның көмегімен арттырудың теориялық негіздері.
Дәрістің тезисі:
Компьютерлік технологияны пайдаланып оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттарын анықтау.
Қазіргі таңда компьютерлік технологияны пайдаланып оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық талаптарын анықтау орта мектептегі информатика пәнін оқыту мысалында қарастырылған. Алайда, информатика сабағында компьютерді пайдалану көкейтесті мәселе болса да қазіргі педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нысаны ретінде аз қамтылған. Компьютерлік технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми теориялық негіздемесін Ж.А. Қараев ұсынған. Алайда, біріншіден, он жылдан астам уақыт бұрынғы компьютерлік технологияны педагогикалық бағдарламалық-ақпараттық мүмкіндіктері мүлдем өзгеше (төмен) болғандықтан; екіншіден, бұл жұмыста интернет желісі, электрондық оқулықтар мен виртуалды лабораториялар мүмкіндіктері қарастырылмағандықтан; үшіншіден, танымдық белсенділікті компьютерлік технологияны пайдалану арқылы арттырудың тұтастай дидактикалық шарттарының жиыны анықталмады. Егер оқушылардың танымдық іс-әрекетіне компьютерлік технология пайдаланылса, онда оқушылардың оқу мотивациясы мен белсенділігі артып, шығармашылық пен әрекет жасау дағдылары дамиды, сөйтіп білім сапасы артар еді, сонымен бірге оқу үрдісінде компьютерлік технологияны пайдалану – олардың қазіргі заман талабына сай жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасайды.
Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамға жинақталып және үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлігімен анықталады.
Білім беру үрдісі – ақпараттық қоғам жайындағы жас өспірімдерді жан-жақты даярлайтын үрдіс болуы қажет. Сондықтан білім беру жүйесінде компьютерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналады. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс жасауды игеруімен тығыз байланысты.
Компьютерді мектепте оқытуды практикаға енгізу әлеуметтік, экономикалық, теориялық және практикалық сипаттағы түйінді мәселелерге жол ашып отыр. Атап айтқанда, ғылыми-техникалық прогрестің тез өсу қарқыны жоғары деңгейлі мамандар даярлауда жаңаша оқыту әдістерінің қажеттігін алға қоюда. Бұл мәселелерді шешудің бірден-бір жолы – оқу үрдісін компьютерлендіру. Компьютерді оқу үрдісінде тиімді пайдалану үшін оны қолданудың әдістемелік жүйесін жасау керек.
Білім беруді ақпараттандыру мәселесінің ауқымы өте кең және көп салалы. Бұл мәселе төңірегінде кейінгі жылдары көптеген ғалымдар мен әдіскерлер зерттеу жұмыстарын жүргізіп, құнды-құнды еңбектер шығарды.
Компьютерлік оқытудың бір тұтас әдістемелік жүйесін жасау – оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады.
Үздіксіз білім беру жүйесі.
Ақпараттық қоғам жағдайында үздіксіз білім беру жүйесі мыналарға сүйенеді:
- білім берудің сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту және дербестендіру себебінен қоғам мүшелерінің ой-өрісінің даму деңгейін көтеру;
- өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және міндетті емес білім беру жүйесінде қоғам мүшелерінің өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай жағдай туғызу.
Жалпы орта білім беру жүйесіндегі реформалау, оқу мерзімі 12 жылдық, «нәтижеге бағытталған» жаңа мектеп моделін енгізу оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдістері мен формасын, сондай-ақ сәйкес құралдар жүйесін, яғни оқытудың жаңа әдістемелік жүйесін жасап, практикаға енгізуді талап етеді. Басты мақсат – қоғамның ақпараттану, жаһандану кезеңінде қажет ақпаратты алып, шапшаң өңдеп, пайдалана білетін, бәсекеге қабілетті, өзіндік танымдық әрекет ете алатын жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық үрдіс кезінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың танымдық белсенділігінің артуына тікелей байланысты. Демек, оқыту барысындағы оқушылардың іс-әрекетінде танымдық белсенділікті арттыру көкейтесті мәселе.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау.
Оқушыларға қазіргі қоғам талабына сай сапалы білім беру және олардың бәсекеге қабілетті етіп оқыту мен тәрбиелеу педагогика ғылымы саласында жаңа әдіснамалық негіздегі ғылыми зерттеулерді талап етіп отыр. Өйткені, дәстүрлі оқыту мазмұны мен әдістері мұндай нәтижеге жетуге кепілдік бермейтінін күнделікті іс-тәжірибе көрсетіп отыр. Мәселенің шешімі – оқу үрдісінде педагогикалық және ақпараттық технологияларды енгізуде жатыр.
Оқытудың компьютерлік технологиясы педагогикалық оқыту технологиясының құрамды бөлігі болып табылады. Компьютерлік технология белгілі бір педагогикалық технологияның оқу үрдісіне енгізілуіне қолайлы жағдай жасайды, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыруға, оқу үрдісін тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Сол себепті, қазіргі кезде танымдық белсенділікті компьютерлік технологияны пайдалану арқылы арттыру педагогика ғылымы мен практиканың жаңа, болашағы мол бағыты болып табылады. Оқытуда компьютерлік технологияны қолдану өз бетімен іздену негізінде шығармашылық типтегі іскерлікті қалыптастырады. Болашақта әр оқушыға компьютерлік технология негізінде интернет, қашықтан оқыту, электрондық пошта арқылы дүниежүзілік білім әлеміне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін білімді толығымен алуға, қажетті ақпараттық мәліметтерді, ғылым саласына байланысты озық тәжірибелерді, қарастырылып отырған мәселенің шет елдегі жағдаймен танысуға толық мүмкіндік туады.
Оқытудың компьютерлік технологиясы деп оқушының өз бетімен танымдық іс-әрекетін дамытуға, оқыту мен оқуды басқаруға, сондай-ақ оқу мен практикалық есептерді ойындық, адам-машиналы тұрғыдан шешуге бағытталған әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық, бағдарламалық-техникалық және ұйымдастыру құралдарының кешенін айтады. Оқытудың компьютерлік технологиясы ақпараттық технологияның құрамды бөлігі болып табылады.
Оқушылардың танымдық белсенділігін компьютерлік технологияның көмегімен арттырудың теориялық негіздері.
Компьютерлік технология көмегімен оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру дегеніміз оқушылардың компьютерді пайдалану арқылы танымдық қызмет істеу барысында өздігінен жоспарлау, бағдарлау, өздігінен атқару, тексеру, қорытынды жасау сияқты дағдыларын қалыптастыру арқылы танымдық белсенділіктің мотивациялық-тұлғалық, мазмұндық-амалдық және процедуалдық-еріктік компоненттерін дамытуды айтады.
Танымдық белсенділіктің үш компоненті оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде қамтылып, диалектикалық тұрғыда, бір-бірімен өте тығыз байланыста болатындығын көрсетеді.
Мұны Е.Б. Ястребованың «танымдық белсенділік пен ізденімпаздық мотивтік, мазмұндық-амалдық, еріктік компоненттерінің бірлігі нәтижесінде дамиды»,- деген пайымдауы да дәлелдейді. Т.И. Шамованың пікірінше танымдық белсенділіктің компоненттерін практикалық талдау мақсатында ғана жіктеуге болады.
Компьютерлік технологияның аталған мүмкіндіктері оны пайдаланудың педагогикалық мақсаттарын анықтайды.
1) «Ақпараттық қоғамның» жеке тұлғасын дайындау;
2) Әр түрлі ақпараттық орталармен бір мезгілде әр түрлі ақпаратты қабылдау кездерінде оңтайлы шешім қабылдай алу қабілетін дамыту;
3) Модельдеу, имитация жасау үрдістерін ұйымдастыру негіздерінде ақпараттық-ізденістік, тәжірибелік-зерттеу іс-әрекетін жүзеге асыра білуді дамыту;
4) Ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру, коммуникативтік қабілетін дамыту, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру;
5) Қолданушы әр деңгейдегі компьютерлік-коммуникациялық технологияны пайдалануға үйрету;
6) Педагогикалық мақсатқа сай компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін жүзеге асыру арқылы, білім беру арқылы білім беру үрдісінің тиімділігі мен сапасын арттыру;
7) Компьютерлік технологияны қолдану арқылы танымдық іс-әрекеттің белсенді болуына жағдай жасайтын білім алуға жетелейтін стимулдарды қамтамасыз ету;
8) Компьютерлік технологияны пайдалану негізінде ашық білім беру идеясын жүзеге асыру;
9) Ақпаратты жинау, өңдеу, беру, мұрағатқа өткізу жөніндегі ақпараттық іс-әрекетті жүзеге асыра алуды қалыптастыру және дамыту, тиімді білім беру және білім алу іс-әрекетін қалыптастыру;
10) Әр түрлі пәндер бойынша проблемаларды шешу кезінде ақпаратты өңдеудің қазіргі заманғы құралдарын қолдану арқылы пәнаралық байланысты тереңдету.