Файл: Ас орыту мшелеріні рылысы мен ызметін крсетііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 436

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


И.П.Павловтың өзі жазғанындай, шартты рефлекстер туралы ілімнің құрылуы тамақ ішу алдында әсер ететін агенттерге сілекей бөлінуіне табиғи-ғылыми талдау жасаудан басталады. Ғалым бұл актіден сонымен бірге тұтастай және толық дәрежеде ғана физиологиялық құбылыс бола алатын қарапайым психикалық құбылысты көрді.

И.П. Павлов өзін «сыртқы құбылыстармен және олардың өзара қатынасымен ғана айналысатын объективті сырттай бақылаушы және эксперимент жүргізуші» орнына қойып, сілекей бездерінің психикалық қозуын «сапа жағынан алғанда айрықша рефлекстер» ретінде түсіндіре бастады. Ол мұны әрбір индивидуумның тіршілігі барысында қалыптасып, жоғары сатыдағы организмдердің бүкіл қызметін айқындаған жаңа рефлекторлық актілердің түзілуін басқаратын заңдылықтарды ашып көрсете отырып түсіндірді.

Материалистік негізде құрылған шартты рефлекстер туралы ілім арқылы И.П.Павлов биологияның, философияның, педагогика мен медицинаның дамуында жаңа дәуір ашты, өйткені ол жоғар құрылымды материяда – мида – өтетін процестердің механизмін ашты. Оның психикалық процестерді жаңа тұрғыдан түсіндіру ғылымдағы физиологиялық процестерді өмірде жоқ жанның әрекет ету формасына дейін көтеріп, организмнің барлық тіршілік ету актілеріндегі мидың реттеуші әсерін теріске шығаратын идеалистік бағыттың негізсіздігін дәлелдейді.

И.П.Павловтың жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы материалистік ілімі медицина мен биологияда төңкеріс жасады, ғылыми проблемалар мен міндеттерді батыл қойып, шешуге мүмкіндік берді. Ол маркстік-лениндік философияның тазалығы жолында идеализммен және басқа реакциялық ілімдермен күресте қуатты идеологиялық қару болды.

2213 Адам психикасы. Сана және санасыздық терминдеріне түсініктеме беріңіз, мысал келтіріңіз.

Сана (ағылш. mind) – өзіне қатысты кез келген нәрсеге бағытталып, оны қайта бейнелей алатын, өз-өзіне айқын менталды феномендерді (mental phenomena) әйгілейтін түрлі қабілеттер кешені. Бұл қабілеттерге ойлау, қиял, жады, ерік және сезім қатарлылар жатады. Олар түйсіну, ауырсыну тәжірибесі, сенім, аңсар, ниет және эмоция секілді түрлі рухани феномендерді әйгілейді.

Менталды феномендердің түрлі қабаттағы өзара байланысты әртүрлі классификациялары ұсынылды. Әдетте олар сезімдік, болжамдық, ниеттенулік (intentional), ар-намыстық және кездейсоқ болуына орай түрлі топтарға жіктеледі. Сана дәстүрлі мәдениеттерде ерекше субстанция ретінде түсіндірілді, дегенмен қазіргі заман перспективасы көбінесе сананы адам мен жоғары деңгейлі жануарларға тән ішкі қасиет және қабілет ретінде қарастырады.


Сана проблемасындағы өзекті сауал ретінде "адамнан басқа болмыстың санасы бар ма?" және "дене мен сананың байланысы қалай болады?" қатарлыларды айтуға болады. Ал, оларға берілген адами анықтама адам таңдауына үлкен әсер етеді.

Сана, немесе діл әдетте адам денесіне, материяға, немесе физикалық затқа салыстқарамалы айтылады. Бұл салыстырмалықтың табиғаты, әсіресе сана мен ми арасындағы байланыс мәселесі - тарихтағы әйгілі пікірталас түйіні болған сана-дене проблемасы деп аталады. Дәстүрлі көзқарастар негізінен зердені бейфизикалық деп санайтын дуализмге, немесе идеализмге көбірек негізделеді. Заманауи көзқарастар көбінесе физикализмге, немесе функционализмге негізделеді, олар бойынша сана мимен қарайлас нәрсе, немесе сананы нейрондар белсенділігі секілді физикалық құбылыстарға редукциялауға болады. Дегенмен дуализм мен идеализмнің жақтаушылары әлі де көп.

Келесі бір сұрақ, қандай түрдегі болмыс санаға қабілетті екеніне қатысты.[6] Мысалы, сана тек адамға ғана тән бе? Кейбір, немесе барлық жануарларда, немесе барша тіршілік түрлерінде тегіс сана бола ма? Сана мүлде қатаң түрде анықталатын сипаттама ма? Сана кейбір адам жасаған машиналардың да қасиеті ме? тб.

Әртүрлі мәдени және діни дәстүрлер зерденің әртүрлі тұжырымдамаларын жиі пайдаланады, әрі түрлі қатысты сұрақтарға әртүрлі жауап береді. Кейбіреулер Сананы тек адамдарға ғана тән қасиет деп санаса, басқалары оны жансыз заттарға, хайуанаттарға және киелі күштерге де ортақ қасиет деп санайды (мысалы, панпсихизм және анимизм).

френологиялық ми картасы. Біртүрлі псевдоғылым болуына қарамастан, френология әдетте зерде функцияларын мидың белгілі бір бөліктерімен байланыстыруға алғаш әрекет жасаған ілім.

Өте ежелгі жазылған болжамдардың кейбіреулері, мысалы, Зороастр, Будда, Платон, Аристотель және өзге де ежелгі Грек, үнді, кейінірек Шығыстық және ортағасыр Еуропа философтары ілімдерінде сананы көбінесе жан, немесе рухпен бірдей етіп сипаттап, өлімнен кейінгі өмірге де, космологиялық және табиғи тәртіпке де қатысты теориялармен байланыстырады.

Фрейд пен Джеймс секілді психологтар және Тьюринг секілді компьютер ғалымдары сана табиғаты туралы ықпалды теориялар жасады. Жасанды интеллект саласы бейбиологиялық зерде мүмкіндігін қарастырды. Жасанды интеллект саласы кибернетикамен және ақпарат теориясымен тығыз байланысы болды, ол бейбиологиялық машиналар арқылы ақпарат өңдеудің адам санасындағы феномендермен салыстырмасын және өзгешелігін түсінуге көмектеседі. Сана кейде түйсіктік әсерлер мен менталды феномендер тосын өзгеріп тұратын сана ағыны ретінде де сипатталады.


Санасыздық - санасыз акт, адамнын жан дуниесiнде санадан тыс аткарынатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды. Санасыздык. субъект өзiне әсері бар екенін есеп бepeалмайтын Шынайы кубылыстын ыкпалымен болатын психикалық үрдістер, актiлер мен куйлер жиынтыгы немесе психикалық бейнелеудiң формасы. Санасыздың санадан айырмашылыгы: санасыздыкты ырыкты бакылау және ондай әрекеттерді багалау мүмкiн емес. Санасыздықта өткен, казiргi және болашак жай бiрiгiп бiр психикалық актіде iске асады (мысалы, тус керуде). Санасыздық балада ертеректе болатын (таным әрекетiнде) ойлауында, интуициясында аффектісінде, урейленгенде, тустерiнде, гипноздык жагдайда көрiнiс береді. Санасыздык кубылыстарды психоанализ багытымен тусiндiруге әрекеттеніп 3. Фрейд "санасыздықты динамикалык ыгыстыру" терминін ғылымға енгiздi. Ол санасыздықта әлеуметтiк нормаларды талабына байланысты iске аспаган Әуескойлыкпен куштарлыктар болады деп тусiнген. Психологияда санасыздыкты зерттеуге казiргi кезде көп көңіл бөлінуде.

2214 Сигналдық жүйелерді түсіндіріңіз, олардың түрлеріне мысалдар келтіріңіз.

Мидағы сигналдар жүйесі – үлкен жартышар қабығы сыртқы дүниеден және ағзадан келетін әртүрлі сигналдардың әсерін өз басынан кеше отырып, күрделі аналитикалық-синтетикалық іс-әрекет атқарады, демек, күрделі тітіркендіргіштерді, күрделі сигналдарды жекелеген бөліктерге бөледі, оларды болашақ тәжірибемен салыстырады, оның ішінде ең негізгісін, мәндісін бөліп көрсетеді. Сигналдар, ең алдымен, анализаторға өз қасиетімен әрекет етуші қоршаған ортаның заттары мен құбылыстары болып табылады. Бұл әртүрлі көру, есту, дәм, иіс тітіркендіргіштерін И.П.Павлов бірінші сигнал жүйесі деп атады. Ол жануарларда және адамдарда болады. Сөздер және сөз тіркестері, ең алдымен адамдар оны естиді, сонымен қатар белгілі бір заттар мен құбылыстар туралы оған сигнал береді. Сөздер және сөз тіркестерін И.П.Павлов екінші сигнал жүйесі деп атады. Екінші сигнал жүйесі адамның қоғамдық өмірінің жемісі және тек қана адамға тән, жануарларда екінші сигнал жүйесі болмайды. Екінші сигнал жүйесін (сөз, тілді) сигналдардың сигналы деп атады. Адам өміріндегі сөздің ықпалдық мәнін анықтай келіп, Павлов былай деп көрсетті, сөз адам үшін шартты тітіркендіргіш сияқты. Сөз, тіл адамның әртүрлі іс-әрекеттерінің өзіндік қалыптастырушы сигналдары болып табылады. Бірінші және екінші сигнал жүйелері бір-бірімен өзара тығыз байланысты іске асады. Екінші сигнал жүйесі адамзат ойлауының негізіне жатады, ол жинақталған түрде білімді есте сақтауға мүмкіншілік жасайды, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қызмет етеді. Екінші сигнал жүйесінің және оның бірінші сигнал жүйесімен байланысы арқылы адам санасын дамытуға қоғамдық жағдайдың шешуші ықпалын іске асырады. Екінші сигнал жүйесі арқылы адам өзін-өзі, өзінің іс-әрекеттерін, қылықтарын басқарады, шартты рефлекстерді тежейді, немесе, керісінше, оны күшейтеді, тездетеді, оның жүрісін баяулатады.



2215.Баяу және тез ұйқы кезіндегі адам ағзасындағы болатын ерекшеліктерді ашып көрсетіңіз

Баяу және жылдам уйкы, онын манызы. Ұйқы мен сергіту кезеңiнiң гигиенасы Адам күндіз белсендiлiк көрсетiп, сергек жүредi. Тунде уйыктап, тыныгады. Адам ез емірінің уштен бір белігін ұйқымен өткiзедi. Ұйқы кезінде зат алмасу бесендейдi, жүректiң соғу жиілігі баяу пайды және т.б. Дегенмен де, уйкы - белсендi турде журетiн психикалык және физиологиялык удерiс уйкы - мидын уйлесiмдi кызметiнiң бiр көрiнiсi. Ұйқы кезінде ми күндiзгi алган акпараттарды асыкпай талдап, ертенгi кызметiне кажеттi бағасын белгiлейдi. Ұйқы аркылы ағза өзiнiң жұмыс істеу кабiлетiн калпына келтiредi. Жасушалар коректік заттарды белсендi турде пайдаланып, энергия жинакталады. Ұйқының белгiлi бiр уакытында мидын белсендi қызметi күндізгіден де артатыны аныкталды. Агза уйкы аркылы тыныгады, езiн ширақ сезінеді, енбек етуге деген куштарлыгы артады. Дене температурасының бәсендеуi уйкыга кiрiсудiң iшкi белгiсi (сигналы) болып саналады. Ұйқысыздық адам агзасы ушiн зиянды Ұйқы қанбаса, бас ауырып, мен-зен болады, шаршайды. Есте сақтау кабілеті темендеп, жуйке жене т.б. ауруларға шалдыгуы мүмкін. Жана туган нәресте тәулiгiне - 21-22 сағат, алты айлық нәресте 14 сагат, бір жасар сәби 13 сагат уйыктайды. Терт жасар сәби теулiгiне - 12 сагат жеті жасар бала - 11 сагат, он жасар бала - 10 сагат уйыктайды. 15 жасар жасөспiрiм теулiгiне - 9 сагат. 17 жасар жасөспiрiмдер 7 - 8 сагат уйыктаса да жеткiлiктi. Ұйқы кезіндегі мидың белсендiлiгiне байланысты уйкы екі түрге бөлiнедi. Оның бiрi баяу ұйқы екіншісі - тез уйкы Баяу кезiнде ми қыртысында баяу, биоэлектрлі толкындар пайда болады. Баяу уйкы кезiнде ми қыртысында баяу, биоэлектрлі толкындар пайда болады. Бул кезде тынысалу, тамырдың согуы баяулайды. булшыкеттер босансиды, кан кысымы темендейдi. Адамның козгалыс белсендiлiгi төмендеп, тез уйкыга кетедi. Белгiлi бiр уакыт еткен соң баяу толкындар тез ыргакты толкындарга ауысады. Бул - тез уйкыга кетудiн белгiсi. Бул кезде ете усак, бiрак жиi биоэлектрлiк толқындар байқалады. Ұйықтап жаткан адамнын кан кысымы артады, тынысалу, тамырдың соғуы жиiлеп, зат алмасу кушейеді. Бұл кезде адам уйыктап жатканымен, миы белсендi калыпта болады. Бiрак ондай адамды ояту киынга согады. Мундай уйкыны огаш уйқы деп те атайды. Адам тез, оташ уйкы кезiнде тус коредi. Ұйкынын екі кезенiнде де ми мен агза тыныгады. Ми қыртысында тежелудiң таралуы да уйкыга әсер етеді. Ұйкы аралык мидагы жуйке орталыктарында сергектiктiң алмасуы аркылы жузеге асады. Муны уйкынын рефлекстiк жолмен реттелуi дейдi. Ұйкынын реттелуiне химиялык заттар да әсер етеді. Тус керу. Барпык адам тус кередi, бiрак кей адамдар оны есінде сактай алмайды. Тус керу - тiкелей мидын кызметiне байланысты, күрделi психикалык удерiс. Тус керу көбінесе адамнын бұрын бастан кеш кен күйзелiстерiне немесе коптен берi ойында журген жагдайларга негiзделедi. Кейде адамның ойында жок турлi шынайы оқиғалар да туске кіреді. Баяу ұйқы. Бiрiншi кезең. Альфа-ыргак азаяды, темен амплитудалык баяу титр ыргактары пайда болады, амплитудада альфа-ыргагына тен немесе одан асады. Мiнез-құлық уйқынын арманы, абсурд немесе галлюциногендiк ойлар, кейде гипнагогикалык суреттермен (уйкыга уксас галлюцинация). Б



2216. Есту сенсорлық жүйесі. Трансдукция және трансформация жолдарын түсіндіріп беріңіз.
Трансдукция (лат. transductіo – орын алмастыру) – генетикалық материалдың бір бактериядан (донор) екіншісіне (реципиент) бактериофагтардың көмегімен тасымалдануы. Бұл клетканың тұқым қуалаушылық қасиеттерінің өзгеруіне себеп болады. Трансдукцияны 1952 жылы америкалық ғалымдар Дж. Ледерберг және Н.Циндер ``Salmonellа typhіmurіum`` бактериясының кейбір штаммдарында белгілердің тұқым қуалауындағы өзгерістердің себебін талдауда ашқан. Трансдукция көптеген бактериялар, салмонеллалар, бацилл және актиномицеттерден табылған. Донор клеткасынан реципиент клеткасына бактериофаг типіне байланысты бактерия хромосомасының тек белгілі бөліктері ғана тасымалданса, оны арнайы Трансдукция, ал егер реципиент клеткасына бактерия хромосомасының кез келген бөліктері тасымалданатын болса, оны жалпы немесе арнайы емес Трансдукция деп атайды. Реципиент клеткасына тасымалданатын ДНҚ молекуласының бөлігі бірнеше гендерден тұрады, ұзындығы фагтың ақуыз қабатының мөлшерімен анықталады (мысалы, лямбда) және ол бактерия геномының 1 – 2%-ынан аспайды. Мұндай Трансдукция бактерия хромосомын құрайтын ДНҚ молекуласындағы гендер арасындағы қашықтыққа тәуелді болады. Трансдукция бактерия хромосомаларының генетикалық картасын құру кезеңінде қолданылады. Жалпы Трансдукция тұрақты болған жағдайда хромосомалық бөлік қос кроссинговер арқылы реципиент клеткасының хромосомына еніп, соның нәтижесінде төзімді рекомбинаттар пайда болады. Жалпы Трансдукция абортивті (тұрақсыз) болған жағдайда донор клеткасындағы хромосомалық бөлік реципиенттің хромосомасына енбейді және репликация процесіне ұшырамайды. Сондықтан да клеткалардың бөліну барысында бұл хромосомалық бөлік ұрпақтардың тек бір ғана линиясында сақталады. Шектеулі Трансдукция кезінде донор клеткаларының хромосомалық бөлігі реципиент клеткасының хромосомасына фаг геномымен енеді және осылайша профаг күйіне өтеді.[1]
Трансдукция — ген кұрамын бір бактериядан (донор) екінші бактерияға (реципиент) бактериофаттардың көмегімек көшіру. Фагтың туріне байланысты бактерия геномының белгілі бір жері ғана (тәнді Трансдукция), не кез келген жері (тәнсіз Трансдукция) көшіріледі. Тәнді Трансдукция гендік карта жасауға қолданылады.

Трансформация нәтижесінде генетикалық ақпарат трансформацияланған жасушада және сол жасушадан тараған ұрпақ жасушаларда жаңа белгілер пайда болады. Трансформация құбылысын 1928 жылы ағылшын ғалымы Ф.Гриффит (1877 – 1941) ашқан. Ол пневмококк бактериясының (Streptococcus pneumonіae) екі штаммында трансформация процесін зерттеді. Оның біреуі вирулентті қасиеті және полисахаридті қабықшасы бар ірі жасушалардан тұратын тегіс шоғыр (S-штамм), ал екіншісі вирулентті қасиеті және қабықшасы болмайтын, пішіні кедір-бұдырлы (R-штамм) болды. Вирулентті бактериялар тышқандарды өлтірсе, вирулентсіз штаммдар енгізілген тышқандар тірі қалды. Егер қыздыру арқылы вирулентті бактерияны өлтіріп, сонан соң тышқанға жіберсе, олар тіршілігін жалғастыра берген. Ал қыздырып өлтірілген вирулентті жасушалармен вирулентсіз жасушаларды араластырып, тышқандарға енгізгенде, олар өліп, өлекселерінен полисахаридті қабықшасы бар тірі вирулентті жасушалар табылған. Бұл тәжірибеден вирулентті бактериялардан генетикалық ақпарат вирулентсіз бактерияларға тасымалданып, оларды вирулентті ететіндігі анықталды.