Файл: Ас орыту мшелеріні рылысы мен ызметін крсетііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 431

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Балалардың шартты рефлекстерінің маңызы және олардың шартсыз рефлекстерден айырмашылығы. И.П.Павлов барлық рефлекстерді екі топқа шартты және шартсыз деп бөлгені айтылған. Шартсыз рефлекстер алғашқы кезде организмнің тірлігін сақтау үшін қажет. Балалардың шартсыз рефлекстерін туысымен тексеру арқылы олардың жүйке жүйесінің дамуын анықтайды. Шартсыз рефлекстер туа пайда болып, өздерінің орындалуы үшін ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейді: тітіркендіргіш әсер ете салысымен шартсыз жауап пайда болады. Олар тұқым қуалайды, сондықтан организмнің әр түріне тән өздерінің шартсыз рефлекстері болады. Бұл рефлекстердің рефлекторлы доғасы жүйке жүйесінің төмен дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері арқылы қалыптасады, ми сыңарларының қыртыстары қатыспай-ақ іске аса береді. Шартсыз рефлекстер негізінен ұрықтық кезеңде де, бала туғаннан кейін қалыптаса береді.

2.13 Ұйқы гигиенасы мен оның маңызы

Ұйқы механизмін, оның физиологиялық мәнін тұңғыш рет академик И. П. Павлов ашып берді. Ол ұйқы – мидың барлық орталықтарын қамтитын кең тараған тежеу екенін анықтады. Ұйықтаған кезде бұлшық еттер босаңсиды, тыныс алу сиреп, жүрек соғуы бәсеңдейді, дене температурасы, қан қысымы, зат алмасу төмендейді, қысқасы организмнің бүкіл қызметін реттейтін нерв орталықтарының белсенділігі құлдырайды. Адамның сергек кезінде нерв клеткалары үздіксіз істейді, мұның өзінде олардың химиялық құрамы елеулі түрде өзгереді, энергетикалық қорлар сарқылады. Біздің организміміздің ұлы сақшысы, тыным беріп, күш-қуатымызды қалпына келтірушісі – ұйқы болмаса, жүйке клеткалары тез құрып, қатардан шығар еді.Терең, алаңсыз ұйқының негізі – нерв жүйесінің сабырлы күйде болуында, оны шаршау мен тынығудың дұрыс кезектесуі, басқаша айтқанда, тұрмыстың дұрыс режимі қамтамасыз етеді. Ұйықтауға үнемі белгіленген бір уақытта жатуға дағдылану – ұйқының берік болуының сенімді құралы. Сағат 10-да жатасыз ба, жоқ болмаса 11-де жатасыз ба, мұның пәлендей маңызы жоқ. Ең бастысы бұл мерзімнің тұрақты болуында, ағза алдын ала тынығуға «икемделеді», сондықтан қандай жағдайда да, тіпті жанұя мүшелерінің бәрі бір мезгілде жатпаса да, кейбіреулерінің істейтін шаруасы болса да, сіз ұйықтай бересіз.Ойын-сауықты шектеп, кешке қарай үйде болыңыз, ұйықтауға жатудан бір жарым-екі сағат бұрын телевизорды сөндіріп, кесте тоқыңыз, сабырлы әуенді музыка тыңдаңыз. Жатар алдында 10 – 15 минут жарықты күңгірттеп отырған жақсы.Қайсы біреулер қолына кітап алмай төсекке жатпайды және көпке дейін кітап оқып жатады. Әрине, кітап оқуға болады, айтпақшы, кейбір әйелдердің кітап оқуға басқа уақыты да бола бермейді. Иә, көз жұмыла бастағанға дейін ғана. Осы мезетте кітапты былай қойып, шамды өшіріңіз. Тағы да екі-үш бетті оқымақ болып, ұйқымен күреспеңіз, өйткені мұның өзі нерв клеткалары тежелуін кейінге шегіндіріп, олардың әлсіреуіне себін тигізеді. Төсекте жатып маңызды мақаланы оқуға, шетел сөздерін жаттауға және т. т. мүлде болмайды. Осылай оқу процесінің барысында сіздің миыңызға үлкен салмақ түседі, іс жүзінде сіз жұмыс үстіндесіз, бірақ соның өзінде ұйқымен алысып жатқаныңызды өзіңіз де сезбей қаласыз. Егер осы шаруамен шұғылданатын басқа уақытыңыз болмаса, төсекте жатпай, үстел басына отырып оқыңыз. Қаншама ұзақ отырып қалсаңыз да оның зияны төсекте жатып қалғаннан әлдеқайда кем болады. Жалпы есіңізде болсын: төсекте ұйықтамай жату, ұйқыңыз келгенде оған қарсылық жасау – зиянды, оған машықтанбаңыз.Тез ұйықтауға жатардан бұрын серуендеу себін тигізеді, ал кейбіреулерге қысқа мерзімді, 3 – 5 минуттық адамды бей-жай тыныштық күйге бөлейтін ванна (судың температурасы дене температурасынан жоғары емес) көмектеседі.Төсекке жатарда көңілге қонымды, әдемі көріністерді көз алдыңызға елестетіп, соған ой аударуға болады.


2.14 Сенсорлық жүйелердің бөлімдері

Организм әр дайым сыртқы және ішкі ортадан түсетін информацияны қабылдап, өңдеп (анализдеп-синтездеп), оларды бағалайды, мәнісін, мазмұнын және мағынасын айырады. Нәтижесінде жауап реакциялары, іс-әрекеттер орындалады. Осы мүмкіндікті іске асыруды қамтамасыз ететін маманданған арнайы жүйелер сенсорлық жүйелер немесе анализаторлар деп аталады. Анализаторлар туралы ілімді жасаушы И.П.Павлов болып есептеледі. Анализатор өзара морфологиялық және функционалды байланысқан үш бөлімнен тұратын тұтас, бірыңғай жүйе .Рецептордың әр түрлі тітіркендіргіштерді 1.қабылдаушы орган (шеткі бөлім)

2.Өткізгіш жолдар-афферентті (рецептордан тітіргендіргіштерді. ОЖЖ жеткізеді), эфферентті (ОЖЖ Р), аралық жолдар.

3.Ми қыртысындағы орталық бөлім.

2.15 Рецепторлардың 5 тобы

Механорецептор.Олар адамның терісінде болатын сезімнің рецепторлары және механикалық қысымға сезімтал. Адам терісінің механорецепторларының бес түрі бар: Пачини денесі, Мейсснер корпускуласы, Краузе денесі, Меркел нерв ұштары және Руффини корпускулалары.Бұл рецепторлардың әрқайсысы әр түрлі функцияға жауап береді және олар бірлесіп сыртқы қоздырғыш пен орталық жүйке жүйесінің арқасында пайда болатын ішкі интерпретация арасындағы байланыс арқылы пайда болатын барлық сезімдерді тануға мүмкіндік береді.

Терморецепторлар жылу мен суықты қабылдайды. Олар терінің және ішкі ағзалардың рецепторларын, сондай-ақ орталық термосезімтал нейрондарды біріктіреді. Омыртқалы жануарларда терморецепторлар суыққа және жылулыққа бөлінеді; - олар термиялық температураға әсері арқылы жылу сәулеленуін жанама түрде анықтайды. Кейбір омыртқалыларда (шылдыр жыландар) инфрақызыл сәулелерді тікелей қабылдайтын мамандандырылған рецепторлар болады.

Хеморецепторлар әр түрлі заттардың әсеріне сезімтал. Құрлықтағы жануарларда олар иіс сезу және дәм сезу жүйелерінің перифериялық шеткі бөліктерін құрайды, ал су жануарлары үшін бұл ұғымдар мағынасын жоғалтқан, бұл хеморецепция терминін немесе химиялық сезімталдықты қолдануға мәжбүр етеді. Интероцепторлар (тамырлы және ұлпалық) ішкі ортаның химиялық құрамын бағалауға қатысады

Фоторецепторлар. жабындысының жарық қоздырғыш;

жарық энергиясын қабылдайды. Олар кірпікті (цилиарлы) рецепторлармен, яғни талшығы бар жасушаның туындылары және рабдомерамен (таяқша жиекпен) ұсынылған, онда талшық жоқ, ал клетканың нақты фоторецепторлық бөлігі микровиллалар жиынтығымен құрылады (ұсақ бүрлер).

Ноцицепторлар.оның қозуы ауырсынумен бірге жүреді. Бұл рецепторларды механикалық, жылулық және химиялық факторлар тітіркендіреді. Ауырсыну тітіркендіргіштері теріде, бұлшықеттерде, ішкі органдарда, дентинде және қантамырларда болатын бос жүйке ұштары арқылы қабылданады. Психофизиологиялық тұрғыдан рецепторлар болып бөлінеді көру, есту, дәм сезу, иіс сезу және тактильді.

2.16 Сенсорлық жүйелердің 10 түріне сипаттама және адекватты қоздырғышы.

Организмге әсер ететін әртүрлі тітіркендіру рецепторлар қабылдайды, тітіркендірудің түріне қарай талғамалы жауап қайтарылады. Мысалы, көз рецепторлары жарық тітіркендіруін, құлақ рецепторлары дыбыс тітіркендірулерін, тері рецепторлары механикалық, температуралық тітіркендірулерді қабылдайды. Осыған орай көру, есту иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу мүшелеріне ажыратады. Дененің кез-келген жерінде орналасқан рецепторларды сезім мүшелеріне жатқызады. Мысалы, жиырылу мен созылуды қабылдайтын бұлшықет рецепторлары, қан қысымын және химиялық құрамын бейнелейтін қан тамырларының қабырғаларының рецепторлары т.б. Сезім мүшелерінің әрекеті объективті тұрғыдан алғанда олардың рецепторларында қозудың, субъективті тұрғыдан алғанда түйсіктің пайда болуынан байқалады. Түйсік пайда болу үшін қозу сезім мүшелерінен орталыққа тебетін жол арқылы орталық жүйке жүйесіне келуі керек.

«03.10.22 жаз лекті қара»

1 Есту сенсорлық жүйесі- адек.қ-дыбыс толқыны

2.Вестибулярлық сж

3.Дәм сезу сж а.қ-дәм

4.Иіс сезу сж а.қ-әртүрлі иістер

5.Сипап сезу сж а.қ – температура,қысым,діріл

6.Бұлшықет – проприорецептор

7.Көру сж а.қ- жарық

8.Пирамидалық сж

9.Интероцептивтік сж

10.Ауырсыну- ноцицепторлыр сж

2.17 Көру сенсорлық жүйесі,көз қабаттары мен ондағы рецепторлар

Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы , диаметрі 23-25 мм. Көз сыртқы жағынан үш қабықтан қапталған . Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе ақ қабық деп аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды. Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі – қасаң қабықша деп аталады. Көздің қалған бөліктеріндегі склера мөлдір емес,ақ түсті, ол белок деп аталады.Склераның ішкі жағынан көзді қоректендіретін күрделі өрімделген қан тамырларынан тұратын тамырлы қабық жанасқан. Бұл екінші қабық – көздің алдыңғы бөлігіндегі әр адамда әр түске боялған сұр, қоңыр, көгілдір, қызыл және т.б. түсті қабыққа өтеді. Көздің сыртқы мөлдір қабығының ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Жарық қарашық арқылы көз алмасының ішіне өтеді. Түсту қабық – күрделі тамырлы бұлшықет тарамдары. Ол деформациялану арқылы қарашықтың диаметрун өзгерте алады. Көздің қарашығы – ерекше келген тірі диофрагмалар.
Көз « объективі » - фотоаппарат тәрізді көз торында нәрселерді шын, кіші- рейтілген және төңкерілген кескінін береді. Тордың жүйке талшықтарымен тітіркенуі- көру жүйкесі арқылы миға беріліп адамға көру әсерін туғызады, соның нәтижесінде адам нірселерді көреді. Көру процесі мида түзетіледі , сондықтан біз нәрсені тікелей қабылдаймыз. Көз торламасында нәрсе кескінінің пайда болуынан көру сезімі басталады. Көздің торлы қабғыындағы таяқша және сауытша тәрізді клеткаларда конустың түктелерінде жинақталған сәулелердің әсерінен. Олардың ішіндегі ерекше арнайы заттар фотохимиялық реакцияларға түсіп ыдырайды. Таяқша клеткаларда родопсин, сауытша клеткаларда иодопсин деп аталатын заттар болады. Таяқша клеткалардағы родопсиннің түсі ақшыл, ал сауытша клеткалардағы иодопсиннің түсі күлгін. Жарық сәулелерінің әсерінен родопсин ретинен мен опсинге ыдырап, пайда болған заттар жарық толқындарының ұзындығына лайық көру нервінің ұштарында қозу тудырады. Қараңғы ретинен мен опсин қайта қосылып родопсинге айналады. Көру талдағышының сезгіш бөлімі көз алмасында орналасқан. Оларға торлы қабықтағы таяқша және сауытша пішінді фоторецепторлар жатады. Өткізгіш бөліміне көру жүйкесі жатады. ол көз алмасынан шығып, сопақша миға барып бағытын өзгертеді, содан соң оң көзден шыққан нерв сол жақ ми қыртысының желке тұсындағы көру аймағына, ал сол көзден шыққан көру нерві оң жақ ми қыртысындағы көру аймағына қозуды тасиды. Көру талдағышының қыртыс бөліміне ми қыртысының желке тұсында орналасқан оң және сол жақ көру орталықтары жатады.

2

2

1

Орталық және шеткі жүйке жүйесі, тамырлары мен олардың қызметтерімен сәйкестендіріңіз.

2

2

2

Қан аздылық жəне оның мектеп жасындағы балалардың арасында таралуының алдын алу жолдарын көрсетіңіз

2

2

3

Баланың өсуі мен дамуындағы судың, минеральдық тұздардың, микроэлементтердің жəне витаминдердің маңызына түсініктеме беріңіз

2

2

4

Оқушылардың физиологиялық пәнінің негізгі әдістері: бақылау, табиғи және лабораториялық тәжірибе (эксперимент), телеметрия, антропометрия әдістеріне түсіндірме жазыңыз

2

2

5

Онтогенездің қысқаша даму тарихы. К.Бэр, Э.Геккель және И.Павловтың еңбектерін түсіндіріңіз

2

2

6

Эктодерма, эндодерма және мезодерма қабаттарынан дененің қай мүшелері дамитынын бөліп талдаңыз.

2

2

7

Постэмбриогенез сатыларын атаңыз, уақыт аралықтарын және жас ерекшелігін ажыратып жазыңыз.

2

2

8

Физиологиялық иілім түсінігін талдаңыз.

2

2

9

«Жүйке жүйесі өте нәзік әрі күрделі аспап» түсінігін ашып көрсетіңіз.

2

2

10

Бас миының бөлімдері, орналасу орны мен олардың әрқайсысының қызметтерін атаңыз.

2

2

11

Ұйқының түрлері мен олардың ерекшеліктерін талдап жазыңыз

2

2

12

И.М. Сеченов пен И.П. Павлов жоғары жүйке қызметін зерттеудегі ғылыми еңбектерінің мәнін ашып көрсетіңіз.

2

2

13

Адам психикасы. Сана және санасыздық терминдеріне түсініктеме беріңіз, мысал келтіріңіз.

2

2

14

Сигналдық жүйелерді түсіндіріңіз, олардың түрлеріне мысалдар келтіріңіз.

2

2

15

Баяу және тез ұйқы кезіндегі адам ағзасындағы болатын ерекшеліктерді ашып көрсетіңіз.

2

2

16

Есту сенсорлық жүйесі. Трансдукция және трансформация жолдарын түсіндіріп беріңіз.

2

2

17

Интероцептивтік рецепторлардың қызметін түсіндіріңіз.


Орталық және шеткі жүйке жүйесі, тамырлары мен олардың қызметтерімен сәйкестендіріңіз.