ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 435
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жүйке жүйесі- адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе.
Орталық жүйке жүйесі– адам мен жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі. Орталық жүйке жүйесі омыртқасыз жануарларда бір-бірімен тізбектеле орналасқан жүйке түйіндерінен, ал омыртқалы жануарларда жұлын мен мидан тұрады. Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық мүшелермен физиологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен процестерді сыртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бір бағытта өтуін қамтамасыз етеді. Орталық жүйке жүйесіне ми және жұлын жатады. Ми мен жұлынды кескенде, оның ақ және сұр заттан тұратынын көруге болады. сұр зат жүйке клеткаларынан, ал ақ зат миелин қабығымен қапталған жүйке талшықтарынан тұрады. Әр түрлі рецепторлардан тітіркену процесінде пайда болатын жүйке импульстары орталыққа тепкіш (афферентік) жүйке талшықтары арқылы орталық жүйке жүйесіне келеді. Бұл жерде импульс мәліметтері өңделіп, орталық жүйке жүйесінің орындаушы бөлімдері – орталықтан тепкіш (эфференттік) жүйке талшықтары арқылы “бұйрықты” тиісті орнына жеткізеді. Шеткі бөліміне — мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері (ганглийлері) және жүйке талшықтарының ұштары жатады.
222(Қан аздылық жəне оның мектеп жасындағы балалардың арасында таралуының алдын алу жолдарын көрсетіңіз)
Мұндай мәселе мектепке дейінгі балалардың 50% кездеседі екен. Ұзақ уақыт бойы емделгеннен кейін балалардың жартысы аурудан айығып, 1 сыныпқа баратын ұлдар мен қыз балаларда бұл диагноз шамамен 15% сақталады. Анемия – бұл негізінде ұлпалар мен жасушаларды оттегімен қамтамасыз ету кезеңінде болатын мәселе екенін ата-аналар түсіне бермейді. Көбінесе мұндай ауытқу эритроциттер деңгейінің төмендеуінен болады. Оларды темірі бар ақуызды ағза ұлпаларына тасымалдайтын көлікпен салыстыруға болады. Медицинада ол гемоглобин деген атпен белгілі, ол оттегіні жасушаларға жіберетін маңызды қызмет атқарады. Баланың терісі бозарыңқы болады. Тері шаршап, құрғақ болып кетеді, оны «жарғақ тәрізді» деп айтуға болады. Оған қоса тырнақтар сына бастайды, ал алақандар мен табанда қатты ауыратын тіліктер пайда болады. Әдетте гемоглабин тапшылығымен сипатталатын мұндай белгілерді ата-аналар бірден байқайды.
Асқорыту жүйелерінің бұзылуынан болған аурулар да анемия тудыруы мүмкін. Оларға асқорыту жүйелерінің қызметіндегі ақауларды жатқызады. Баланың іші қатады, диарея болады, құсқысы келеді, лоқсиды. Тәбеті кәдімгідей төмендеп, біртүрлі нәрселерді, мысалы – утас, топырақ, бор жегісі келеді. Мұның барлығы – ағзадағы темір тапшылығының нақты белгісі. Егер ауруды асқындырып алмасаңыз, балалар қанындағы темір тапшылығы мәселесін жылдам шешуге болады. Диагноз уақытында және дұрыс қойылса, анемияны емдеу жеңіл өтеді. Тек белгілері ғана оны нақтылап немесе жоққа шығара алмайды. Сол себептен ауру диагностикасы қажет болады, ол үшін:
-
педиатрға бару; -
гематологқа көріну; -
талдау жасауға жолдама алу керек болады.
Барлық ата-аналар өз балалары үшін ең жақсыны бергісі келеді, сол себептен де телефондардың жаңа үлгісін және компьютерлік ойындардың жаңа түрлерін алып береді, ал тамақтану сапасы аналар мен әкелеріміздің тарапынан онша бақыланбайтын секілді.
Анемияның кез келген түрін емдеу мен оның алдын алу үшін баланың тамақтануы теңгерімді болуы тиіс. Оған жиі төменде көрсетілген өнімдерді қосу қажет:
-
бұршақ тұқымдастар; -
қызыл ет; -
субөнімдер; -
тауық пен үндік; -
сарыуыз; -
кептірілген жемістер; -
алмалар; -
итмұрын; -
балық; -
теңіз өнімдері.
Балаларына беретін тамақтары әртүрлі болу үшін аналар біраз тер төгуі керек. Сондықтан ас мәзірін алдын ала, бір немесе екі аптаға ойластырған жөн.
2 | 2 | 3 | Баланың өсуі мен дамуындағы судың, минеральдық тұздардың, микроэлементтердің жəне витаминдердің маңызына түсініктеме беріңіз |
Су адам денесінің құрамына еніп, зат алмасу процесі өтетін орта. Ересек адам денесінің 50-65 % судан тұрады. Тәулігіне адам ағзасына 2,2 -2,8 су қажет, бір жастағы нәрестеге – 800 мл; 4 жаста -1000 мл; 7-10 жаста – 1350 мл; 11-14 жаста – 1500 мл қажет.
Ағзаның тіршілігі үшін минералды тұздардың маңызы үлкен, олар құрылыс материалы, сүйектің, бұлшық еттің т.б. ұлпалардың құрамына енеді; ішкі секреция бездерінің дамуы мен қызметіне әсер етеді. Адам денесінде 3 кг –ға дейін минералды тұздар (дене салмағының 0,9 % - ы) болса, оның 5/6 бөлімі сүйекте кездеседі.
Ағзада су және минералды тұздар алмасуын реттеуге гипоталамус, гипофиз және бүйрек үсті бездерінің гормондары қатысады.
Микроэлементтер – топырақта, тау жыныстарында, қазба көмірлерде, табиғи және минералды суларда, организмдерде (аз мөлшерде 0,01 – 0,1% не одан төмен) кездесетін химиялық элементтер. Микроэлементтерге Al, Fe, Cu, Mn, Zn, Mo, Co, І, т.б. жатады. Олар бірқатар ферменттердің, витаминдердің, гормондардың, тыныс алу пигменттерінің құрамына кіреді. Академик В.Вернадский Микроэлементтердің биосферадағы таралуының бірнеше заңдылықтары бар екенін зерттеді. 30-дан астам Микроэлементтер адам, жануар және өсімдік тіршілігіне өте қажет. Микроэлементтердің артық не кем болуы организмдегі зат алмасу процесін бұзады. Микроэлементтер өсімдіктің организміне топырақпен, ал жануарлар мен адам организміне тамақпен ауысады. Микроэлементтер бойдың өсуіне (жануарларда – Mn, Zn, І), қанның түзілуіне (Fe, Cu, Co), т.б. әсер етеді. Егер өсімдік құрамында бор болған жағдайда ол азот, фосфор және калийді жақсы сіңіреді. Бор жетіспегенде өсімдік тұқымы нашарлайды, әр түрлі ауруларға шалдығады. Марганец пен мырыш тотығу - тотықсыздану процесін жылдамдатып, өсімдіктің өсуін тездетеді. Мыс тотығу ферменттерінің құрамына кіреді және В тобы витаминдерінің синтезін белсендендіреді. Йод адам және жануарлар организміндегі тироксин гормонының қызметін жақсартады. Микроэлементтер мұнай, газ және полиметалл кендерін іздеуге, ауыл шауашылығындағы дақылдарының өнімділігін арттыруға (микротыңайтқыштар), т.б. пайдаланылады. Дәрумен (Витамин)– адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді. Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал витаминді (әсіресе, А және D витаминдерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық витаминдерді суда еритін витамин, майда еритін витамин және витамин тектес заттар деп бөледі. В1 витаминi (тиамин ) ағзада дұры с зат алмасуы үшін (әсіресе кеміртегінің) аса қажет. В2 витамині ( рибофлавин), басқа да витамин дер сияқты ағзаның бірқалыпты өсуіне қажетті, ол биологиялық тотығу процестеріне қатысады. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді, көздің жақсы көру қабілетін сақтайды. В6 витаминi (пиридоксин) ақуыздардың құрамдас бөлігі болып табылатын амин қышқылдарының алмасуы на қатысады. В12 витамині (цианокобаламин ) қанның пайда болу процесіне қатысады.
2 | 2 | 4 | Оқушылардың физиологиялық пәнінің негізгі әдістері: бақылау, табиғи және лабораториялық тәжірибе (эксперимент), телеметрия, антропометрия әдістеріне түсіндірме жазыңыз |
Биологиялық жүйелердің біріктілігі онтогенездік даму барысында бірнеше кезеңдерден өтіп, бейімделу реакцияларын дамыта түседі. Өсіп, дамып келе жатқан организмнің сыртқы ортамен байланысы күрделенген сайын бейімделуі де жоғары сатыға дами түседі.
Басқа ғалымдар іспетті жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін пайдаланады: бақылау, табиғи және лабораториялық тәжірибе (эксперимент), функциялық жүктеме, телеметрия, антропометрия т.б.
Бақылау әдісі-сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме. Бұл әдістеме барлық ғылым салалрында кеңінен пайдаланады. Бірақ оны лабораториялық және табиғи эксперименттен жеке бөліп тастаса, ол бала организміндегі физиологиялық қалыптар мен құбылыстардың негізін аша алмайды. И.П.Павловтың айтуы бойынша бақылау әдісі «тек қана табиғаттың ұсынғанын жинайды». Дегенмен, балалардың миының қызметін зерттеген кезде бұл әдіс басқа зерттеу әдістерімен бірге организмнің жас ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі.
Табиғи тәжірибе-байқау мен лабораториялық эксперименттің аралық түрі. Мақсаты мен міндеттеріне байланысты ғалым табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін қалыпты (табиғи) жағдайда қолданады. Айталық, баланың көру қабілетінің өзгеруін тексеру үшін, оның көру талдағышының қызмет ерекшеліктерін мектептегі оқуға дейін және оқуын аяқтаған кезде анықтайды, яғни оқу барысында табиғи жағдайда зерттейді.
Лабораториялық тәжірибенің табиғи жағдайдағы тәжірибеден айырмашылығы бар. Мұнда зерттеуші тәжірибені арнайы жасалган жағдайда жүргізеді. Жагдайды өзгерту арқылы ғалым белгілі бір қызмет өзгерістерін тудырады да, оның сан мен сапалық сипатын анықтайды.
Жасқа байланысты физиологияның барлық зерттеу әдістері мен амалдары балалар мен жас өспірімдердің органимінің қызметтерін жынысына, жасына сай топталған әр жастағы бірнеше топ балалардың функциялық ерекшеліктерін орта шамамен зерттеуге бағытталған.
Жасқа байланысты физиологияның әдістемесінің бірі телеметрия-радиотехникалық берліс аспаптары арқылы бала организмін оның денесінен қашық жерде тұрып анықтау мүмкіндігі. Бұл әдісті балалар мен жас өсіпірімдердің организміндегі мүшелердің қызметін табиғи жағдайда (ойын, оқу, еңбекпен шұғылданып жатқан кезде) зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл әдіспен алынған мәліметтер өсіп жатқан жастарды оқыту мен тәрбиелеуде маңызды орын алды.
Балалар мен жастардың өсуін антропометриялық (дененің физикалық көрсеткіштерін өлшеу әдісі) арқылы анықтайды. Бұл әдісте баланың бойын, кеуде шеңберін үш жағдайда (дем алғанда, дем шығарғанда және тыныштық кезінде) және баланың басының шеңберін сантиметрлік лентамен, дене салмағын таңертең, ұйқысынан тұрған соң (бойын жеңілдеткеннен кейін), тамаққа дейін, арнайы медициналық таразымен өлшейді.
2 | 2 | 5 | Онтогенездің қысқаша даму тарихы. К.Бэр, Э.Геккель және И.Павловтың еңбектерін түсіндіріңіз |
Онтогенез (грекше ontos-организм, genesis-даму) — жыныс клеткаларының пайда болуынан басталатын және оның өліміне дейін жүретін жеке организмнің (жануар немесе өсімдік) дамуының толық тарихы (циклі). Онтогенез (организмнің жеке дамуы) жайындағы ұғым деректерге организмнің өсуі, оның клеткасының жіктелуіне және морфогенезіне негізделеді. Сондықтан онтогенез жеке категория болып табылады. Онтогенезге түрлік категориясы жағынан филогенез (грекше рhуіе-тобыр, genesis-даму) қарама-қарсы болады, бұл терминді алғаш сипаттаған Э. Геккель. л дегеніміз түрдің (жануарлар мен өсімдіктер) пайда болуы мен даму тарихын білдіреді. Онтогенез бен филогенез арасында биогенетикалық заңдылықта көрсетілген (Э. Геккель, Ф. Мюллер) тығыз байланыс болады, бұл зерттеулер көрсеткендей негізінде дұрыс ұғым. Себебі индивидумнің онтогенезі осы түрге жататын индивиумнің филогенезді дамуының белгілі бір ерекшеліктерімен анықталатын болса, онда онтогенез, бір жағынан, филогенездің негізі, ал екінші жағынан, филогенездің нәтижесі болып табылады.
1828 жылы К. Бэр «История развития животных» деген еңбегінде жұмыртқаның құрамы бір текті емес, ал құрылымды және құрылымдаудың деңгейі ұрықтың дамуына қарай ұлғайып отырады деп атап өткен. Осылайша, К. Бэр префоризмнің де, эпигенездің де дәрменсіздігін көрсетті. Биогенетикалық заң- Э. Геккельмен тұжырымдалды: «Онтогенез-филогенездің (түрдің тарихи дамуы) тез және қысқа қайталануы». Геккель филогенез онтогенездің себебі: Жеке даму түрдің даму тарихымен толық байланысты. Одан әрі бұл көзқарастар ішінара ғылыммен қабылданбады, ал ішінара түр өзгертілді және толықтырылды.
2 | 2 | 6 | Эктодерма, эндодерма және мезодерма қабаттарынан дененің қай мүшелері дамитынын бөліп талдаңыз. |