Файл: А мен несептегі белокты адаалап, амбулаториялы баылау .docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 1287
Скачиваний: 41
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жыланкөзсіз өңеш атрезиясы
Хоана атрезиясы
Көкеттік жарық
Төменгі өңеш-кеңірдек жыланкөзімен атрезия +
Өңеш ахалазиясы
586 Айжан, 14 жаста, балалар ауруханасына оң қабырға астының көрнекті ауырсынуымен, көп реттік құсумен, көрнекті жүрегі айнумен, әлсіздікпен, температурасының жоғарылауымен жеткізілген. Жоғарыда аталған шағымдар тамақ жеудегі қателіктерден кейін пайда болған (майлы тамақ жеген). Құрсақ қуысы ағзаларына УДЗ өткізілген. УДЗ анықтағандай - өт қапшығы жабысқан, дұрыс пішінді. Оның қабырғасы айтарлықтай қалыңдаған 10 мм-е дейін. Сіздің тұжырымыңыз?
Жедел холецистит +
Жедел панкреатит
Өт қапшығындағы полип
Бауырдағы киста
Оң бүйректегі абсцесс
587 17 жастағы жасөспірімде ішінің шаншуы және тамақтанғаннан кейін 2-3 сағаттан соң пайда болатын сыздауы, түнде болатын ауырсынулар байқалады. Осы шағымдар 1,5-2 ай бойы мазалайды. ФГДС қорытындысы: асқазанның пилорикалық аймағындағы 1,0*0,5 см болатын жаралық ақау, түбі фибрин талшықтарымен жабылған, жара аймағындағы сірлі қабаты ісінген, гиперемирленген. Осы жағдайда қандай терапияны жүргізу керек?
Омепразол 40 мг/тәулігіне + Амоксициллин 1000 мг/тәулігіне + Кларитромицин 500 мг/тәулігіне +
Лансопразол 30 мг/тәулігіне + Ранитидин 150 мг/тәулігіне + Домперидон 10мг/тәулігіне
Омепразол 20 мг/тәулігіне + Панкреатин 25000 Бірлік/тәулігіне + Кларитромицин 500 мг/тәулігіне
Имидазол 20 мг/тәулігіне + Висмуттың трикалий дицитраты 304,6 мг/тәулігіне+ Тетрациклин по 500 мг/тәулігіне
Алюминий гидроксиды+магний гидроксиды + Ранитидин 150 мг/тәулігіне + Висмуттың трикалий дицитраты 304,6 мг/тәулігіне
588 Жаңа туылған сәбидің туылғаннан бері баздануы (опрелость) байқалады. 9-шы күні жағдай кенет нашарлады, өте тынымсыз болып кетті, емшектен бас тартады, 3 рет құсу болған, 2 рет сұйық нәжіс болған, температурасы 38 С, тері жабындылары мен сірлі қабықтары құрғақ, еңбегінің түсуі байқалады. Жауырынаралық аймақта терінің тығыздалуымен бірге шектелген 2см*1,5см болатын гиперемия, тез ауырсынады. ҚЖА (ОАК): лейкоциттер 16,7*109. Аталған диагноздардың қайыссысы болуы мүмкін?
Септицемия
Септикопиемия
ЖІИ (ОКИ), гастроэнтероколит
Нейротоксикозбен бірге ЖРВИ
Жаңа туылған сәбилердің флегмонасы +
589 Әжесі 10 айлық баланы тұшпарамен тамақтандырды. Бала тынышсыз, мазасыз, болып кетті, аяғын ішіне қарай тарта береді. Тік ішектен қанды бөліністер пайда болды, нәжісі болмаған, ішін пальпациялаған кезде сопақ түзіліс анықталады, температурасы 37,9 С. Аталған диагноздардың қайыссысы болуы мүмкін?
Дизентерия
Жедел аппендицит
Ішек инвагинациясы +
Меккель дивертикулы
Жаралы-некроздық колит
590 38 жастағы ер адам дәрігерге сол аяғындағы ауырсынатын бөртпеге байланысты барған. Соңғы 2 жылда ол мезгіл-мезгіл суықта саусақтарының түсі ақтан көкке және қызылға өзгеретін, кейін жоғалып кететін эпизодтар пайда болған. 20 жыл бойы күніне 2 қорап темекі шегеді. АҚҚ - 115/78 мм с.б.б. Қарап тексергенде, сол аяқтың бүйір бетінде бірнеше қара күлгін түйіндер қоршаған эритема бар. Оң саусақтың ұшында құрғақ жаралар бар. ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
Тығыздалған (Облитерирлеуші) тромбофлебит +
Дислипидемия
Такаясу артерииті
Полиневропатия
Аяқ тамырларының терең тромбозы
591 42 жастағы әйел бірнеше сағат бойы мазалаған іштің жоғарғы оң жағының қатты ауырсынуы мен жүрек айнуының болуына байлансты қабылдау бөліміне қаралды. Бойы - 163 см, салмағы - 91 кг, ДСИ - 34кг/м2. Дене қызуы - 38,5°С. Қарап тексергенде: іші үрленген, оң жоғарғы квадрантта ішектің қалыпты дыбыстары мен ауырсыну бар. Анализдерде лейкоциттердің мөлшері 14,000/мм3, жалпы билирубин - 18,8 мкмоль/л, АСТ - 32 Б/л, сілтілі фосфатаза - 68 Б/л болды. Бұл жағдайдың ықтимал себебі неде?
Өт қабы түтігінің бітелуі +
Гепатотропты вирус
Жалпы өт түтігінің фиброзы
Өт қабының гепатомасы
Өт жолдары мен аш ішектің арасындағы фистула
592 28 жастағы жас жігіт мұрынында кенеттен пайда болатын ауыру сезіміне, мұрынмен тыныс алуының нашарлауына, бас ауруына, дене қызуының 38,7° С көтерілуіне шағымданады. Ауруын 5 күн бұрынғы жарақатпен байланыстырады. Риноскопия: мұрын жолдарының тарылуы, алдыңғы бөліктегі мұрын пердесінің/қалқанының инфильтрациясы мен бөшкетәрізді ісінуі. Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы анағұрлым ықтимал?
мұрын пердесінің/қалқанының абсцессі +
мұрын пердесінің/қалқанының соғылу жарақаты
мұрын кіре берісінің сикозы
мұрын сүйектерінің сынығы
мұрынға шыққан шиқан (фурункул)
593 53 жастағы науқас стумэктомиядан кейін пайда болған тыныс алуының нашарлауына, дауысының қарлығуына шағымданады. Ларингоскопия: көмейдің оң жақ бөлігінің қимыл қозғалысы жедел шектелген. Төменде көрсетілген алдын ала болжанған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін (анағұрлым ықтимал)?
көмейдің миопатикалық салдануы
төменгі көмей жүйкесінің салдануы (парезі) +
қыртысасты ларингит
созылмалы ларингит
фонастения
594 "8 жастағы бала тамағының әсіресе жұтынғанда ауырсынуына, дене температурасының 37,5C жоғарылауына, жалпы әлсіздікке шағымданады, салқындаумен байланыстырады. Фарингоскопияда: таңдай доғаларындағы сілемейлі қабықтар мен бадамша бездердің ашық гиперемиясы, таңдай бадамша бездері борпылдақ, гиперемиялық, таңдай доғасынан шығып тұр.
Сіздің диагнозыңыз қандай:"
Фарингит
Катаралдық баспа +
Паратонзиллит
Ларингит
Фолликулалық баспа
595 Дәрігерге 20 жастағы науқас К. аталық без өлшемінің кішіреюіне, либидоның төмендеуіне, кеудесінде және бетіндегі түктенудің болмауына, эякуляттың аз болуына шағымданып келді. Анамнезінен: 13 жасында инфекциялық паротитпен ауырған. Сіздің диагнозыңыз:
біріншілік гипогонадизм +
екіншілік гипогонадизм
инфекциялық орхит
аталық без гипотрофиясы
Клайнфельтер синдромы
596 4 жасар қыздарының әжетханаға сирек баратынын байқаған ата-аналары оны стационарға алып келеді. Тексеріс кезінде қыздың енжар, апатиялы екендігі байқалды. Несеп анализінен несеп түсінің лайлылығы, нәруыздың 1,0 г/л екендігі, лейкоциттер көптігі, бактериялардың ++++ анықталды. УЗИ-ге түсіргенде бүйрек өлшемінің қалыпты екендігі, паренхиманың 16 мм, тостақшалардың 12 мм, түбекшенің 28 мм екені (екі жағынан да) анықталды. Қуық созылып кеткен, көлемі 700 мл, құрамы біртекті емес. Қандай диагноз қоясыз?
гипорефлекторлы нейрогенді қуық +
гиперактивті қуық
IV дәрежелі қуық-зәрағар рефлюксы
IІ дәрежелі қуық-зәрағар рефлюксы
арефлекторлы қуық
597 7 жасар бала дәрігерге түнде кіші дәретке шығуының жиілеуіне, үнемі шөлдеп жүруіне, полидипсияға шағымданды. Жағдайдың нашарлауы ауырған менингтиттен кейінгі 3 айдың ішінде байқалған. Бала 9 литр су ішеді, жалпы диурез 7500 мл құраған. Несеп анализінде УВ - 1001, нәруыз - жоқ, лейкоциттер, эритроциттер жоқ. Биохимия: креатинин - 30 мкмоль/л, несепнәр - 2,5 ммоль/л, нәруыз - 60 г/л, глюкоза - 4,5 м/моль/л. Вазопрессинмен жасалған сынама оң. Дұрыс диагнозды қойыңыз:
созылмалы цистит
гиперактивті қуық
қантсыз диабет, бүйректік форма
нейрогенді қуық
қантсыз диабет, орталық форма +
598 Бүйректің жамбас дистопиясын нефроптоздан айыруға мүмкіндік беретін диагностикалық белгі қалай аталады?
артериалы гипертензия
қысқа несепнәр +
бүйректің кішірейтелген өлшемдері
несеп жолдарының рецидивті инфекциясы
науқас жасы
599 22 жасар жүкті әйел дәрігерге оң жақ бел аумағында ауырсыну синдромына, температураның 40 С-қа дейін көтерілуіне, жүрек айнуына шағымданды. Жүктілік - алғашқы, 32 апта. Несеп анализінде - лейкоцитурия, бактериурия. Қан анализінде - лейкоцитоз, ІЖШ жылдамдауы. УЗИ кезінде оң жақ бүйрек өлшемі үлкейген, паренхима ісінген, 23 мм, демалу жылжымалылығы бірден шектелген. Сіздің қояр диагнозыңыз бен ұсынар тактикаңыз қандай?
оң жақ бүйрек тасы, палтифиллин 2,0 вена ішіне, күніне 2 реттен, 5 күн бойы
оң жақ гидронефроз, фуросемид 40 мг, күніне 1 таблетка 1 реттен, 7 күн бойы
шұғыл босандырып алуға бағытталған нефропатия
созымалы пиелонефрит, өршіген, цефтриаксон 1.0 бұлшықетке, күніне 2 рет, 7 күн бойы
жіті гестациялық пиелонефрит, стационарға шұғыл госпитализациялау +
600 Ер адам А., 39 жаста, дәрігерге эрекцияның болмауына, либидоның төмендеуіне, аяқтарының кейде болатын жансыздану сезіміне шағымданып келді. Анамнезінен: созылмалы аурулары жоқ. Соңғы 10 жылда алкогольді көп мөлшерде қолданады. Анализдерінде: АЛТ, АСТ жоғарыланған. Эректильді дисфункцияның мүмкін болатын себебі?
дисгормональды
веногенді
артериогенді
психогенді
нейрогенді +
601 Әйел 45 жаста. Бірнеше жылдан бері әлсіздік, артралгия, бөртпелер (пальпацияланатын пурпура), мұрыннан қан кету мазасын алады. Салқын тиіп аурудан кейін іші үлкейген, оң қабырға астының ауырлығы байқалады. Тексеру анықтағандай: гепатоспленомегалия, асцит 2 дәреже, өңеш көктамырының варикозды кеңеюі, 1 дәреже. АЛТ – 16 МЕ\мл, АСТ – 14 МЕ\мл, Билирубин – 24 мкмоль/л, ПТИ – 67%, альбумин – 32 г/л. ҚЖТ: Л- 3,2 х109/л, т\я – 2%, с\я – 46%, Лф-50%, ЭТЖ – 22 мм/с. Бауыр эластографиясында – F4 (23 кПА). ИФА – HbsAg теріс, anti-HCV күрт оң, ПТР HСV – 104 көшірме/мл, генотип 3. РФ – 540 МЕ/мл. Буындық синдром болғандықтан ревматолог науқасқа нимесулид тағайындаған. Тағайындаудың дұрыстығын бағалаңыз.
нимесулидті преднизолонмен ауыстыру
нимесулидті делагилмен ауыстыру
нимесулидті мелоксикаммен ауыстыру
нимесулидті тек қысқа уақыт қана қолданады
бауыр циррозымен және асцитпен ауыратын науқастарға СеҚҚП (НПВС) қолдануға болмайды +
602 Әйел кісі 58 жаста аяғындағы ауру сезіміне, ауырлыққа, қатты шаршағыштыққа, балтыр бұлшықеттерінің тырысуына, ісіну шағымдарымен емхана хирургына келді. 2 жылдан бері ауырады. Анамнезінен: артериальды гипертензия, белдік остеохондроз. Қарағанда: балтыр тері асты веналарының аздап кеңейгені, тері гиперпигментациясы, қабыршақтануы, қасығаннан қалған іздері байқалады.
Аяқ веналарының варикозды кеңеюі +
Беткей веналардың жедел тромбофлебиті
Тамырлардың облитерациялықатеросклерозы
Посттромбофлебиттік синдром
Аяқтың тромбангииті
603 37 жастаңы еркек артқы өтіс аймағындағы қатты ауырсынумен ауруханаға жатқызылды. Қарау кезінде шартты циферблаттың 3 сағатында тығыз, ауырсынатын, өлшемі 3,0x2,0 см, қошқыл-көкшіл түсті түзіліс анықталды. Төменде көрсетілгендердің қайсысы болжамды диагноз болуы мүмкін?
жай геморрой
жедел шырышасты парапроктит
анальды канал жарығы
тік ішектің түсуі
геморраидалбды түйіннің тромбозы +
604 18 жасар жігітте үлкен дәретке отырғанда, ауырсынады. Анустың сол жағында гиперемия, жұмсақ тіндердің инфильтрациясы байқалады. Ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?
некротикалық флегмонасы
геморрой
тік ішектің полипі
парапроктит +
флегмона
605 Науқас П., 54 жаста, қабылдау бөлімінің хирургына дене температурасының 38,0С дейін жоғарлауына, оң жақ мықын аймағындағы тартып ауырсынуға, бір реттік құсуға, тәулігіне 10-15 ретке дейін қан аралас нәжістің болуына шағымданып түсті. Анамнезінен: бірнеше рет амбулаторлы емделген. Қанда-лейкоцитоз 11,2х1012, таяқшаядролы нейтрофилы - 26%, ЭТЖ - 22 мм/сағ, эозинофилдер - 0. Науқаста мүмкін болатын болжамды диагноз?
Крон ауруы +
Жедел аппендицит
Жедел гастроэнтерит
Созылмалы колит
Мезентериальды тамырлардың тромбозы
606 Емханада 57жастағы қантты диабетпен ауыратын науқаста "Шүйде аймағының карбункулы" анықталды. Осы жағдайда амбулаторлы хирургтың мүмкін болатын әрекеті:
физитерапиялық ем тағайындау
емхана шартында науқасты операциялау
антибиотиктер тағайындау
ауруханаға жатқызуға жолдау +
үрдістің динамикасын бақылау
607 Хирургқа 45жастағы ер адам аяғының қызаруы мен ауырсынуына шағымданып келді. Қарау кезінде: санының аймағында алқызыл түсті, шеттері айқын, фестонка тәрізді қабыну анықталды. Терісі ісінген, қабыну шеттерінде ауырсыну байқалады. Мүмкін болатын диагноз: