Файл: А мен несептегі белокты адаалап, амбулаториялы баылау .docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 1283

Скачиваний: 41

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Фурункул

Карбункул

Флегмона

Тілмелі қабыну +

Теріасты клетчаткасының абсцессі

608 32 жастағы әйел емханаға оң білезігінің екінші саусағының қызаруына, қатты ауырсынуына, ісінуіне шағымданып келді. Хирург қараған соң диагноз қойылды: "Оң қол басының екінші саусағының күбірткесі". Күбірткені ашу және дренаждау шешілді. Осы жағдайда төменде көрсетілген жансыздандыру әдістерінің қайсысы тиімді?

Оберста-Лукашевич +

Браун

Инфильтрациялық

Иық өрімін бөгеу

аэрозольды

609 С., ер адам, 32 жаста, қабылдау бөліміндегі хирургке жарақат алғаннан кейін 1 сағат өткен соң оң жақ санының латеральды беткейінің ортаңғы бөліміндегі жаншылған-тілінген жарақатпен шағымданып келді. Төменде көрсетілген шаралардың қайсысы жаралық инфекцияның алдын алуға тиімді?

асептикалық байлам салу

антибиотиктерді тамырішілік енгізу

жараны алғашқы хирургиялық өңдеу +

жараға протеолитикалық ферменттерді енгізу

жараны антисептиктермен өңдеу және тігіс салу

610 Ер кісі Т., 47 жаста қабылдау бөліміндегі хирургқа оң мойын аймағының ауру сезіміне, ісінуіне шағымданып келді. Бір апта бұрын фолликулярлы ангина бойынша емделген. Қарағанда: дене қызуы 38,7 С, m. sternoclaidomastoideus контуры тегістелген, мойынның алдыңғы-бүйір беткейінің таралған ісінуі, жіті ауру сезімі, терінің гиперемиясы. Ауру сезімінен қимыл-қозғалысы кенет шектелген. АҚ 100/60 мм.с.б.б, пульс 98 соққы мин., ТЖ 22 рет мин., қан анализінде лейкоциттер 24,5х109. Науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?

Лимфаденит

Мойын флегмонасы +

Тілмелі қабыну

Паратонзиллярлы абсцесс

Жақасты аденофлегмона

611 59 жастағы ер адам "жедел панкреатит" диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Анамнезінен: он екі елі ішектің ойық жаралы ауруымен 10 жыл бойы ауырады. Соңғы уақытта эпигастрийда ауырсыну ұстамалары мазалайды, арқаға таралады, кейде айналмалы сипатта. Ойық жараның қандай асқынуы жедел панкреатиттің клиникасын беруі мүмкін?

Малигнизация

Пенетрация +

қан кету

перфорация

стеноз

612 2 айлық балада өткір мазасыздану, тамақтанудан бас тарту, бала аяқтарының бұрылуы байқалды. Бір күн бұрын дәрет қалыпты болды. Ректальды тексеруде «таңқурай желе» типті бөлінді анықталды. ЕҢ ықтимал диагноз қандай?

Ішектің инвагинациясы +

Геморрагиялық васкулит

Дизентерия

Копростаз

Тік ішектің полипі

613 42 жастағы науқаста жедел іш ауруы, құрсақ қуысының рентгенографиясында диафрагма күмбезінің астында газдың «орағы» анықталды. Бұл симптом тән ауруды көрсетіңіз:


жедел перфорацияланған аппендицит

жедел перфорацияланған холецистит

жедел ішек өтімсіздігі

жедел панкреонекроз

перфорацияланған асқазан жарасы +

614 Іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну, тенезм, 2-3 градусқа дейін ауытқуы бар дене температурасының жоғарылауы, дизурия, тік ішектің алдыңғы қабырғасының асып кетуін тік ішекпен тексеру:

гангpенозды аппендицит

диафpагма асты абсцесс

дугласова аймағының абсцессі +

жедел холецистит

ішектің абсцессі

615 Науқас Д., 35 жаста, сол жақ санның төменгі үштен бір бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданады. Жазатайым оқиға нәтижесіндегі жарақат алған. Объективті түрде осы аймақтың деформациясы, крепит, фрагменттердің патологиялық қозғалғыштығы анықталады. Науқасты тасымалдау кезінде қолдануға болатын көлік иммобилизациясының түрлерін атаңыз.

шин Крамар

Шина Еланского

воротник Шанца

шина Беллера

Шина Дитерихса +

616 Ер адам, 18 жаста. Оң жақ мықын аймағындағы ауру сезіміне, жүрегі айну, майлы және қуырылған тамақты пайдаланумен байланысты емес 2 реттік құсу, ауыздың құрғауына шағымданады. Қарау барысында: тіл беткейі ақ ақтақпен қапталған, құрғақ. Т-36,8 С. Пальпация кезінде оң жақ мықын аймағының ауырсынуы байқалады, Воскресенский, Ситковский, Щеткин-Блюмберг симптомдары - оң. Болжамды диагнозды атаңыз?

Өттің шаңшу (колика)

жара ауруы (Язвенная болезнь)

Жіті холецистит

Жіті панкреатит

Жіті аппендицит +

617 Ер адам, 21 жаста. Оң жақ қабырғаасты аймағының ауруына, жүрекгі айнуы, майлы және қуырылған тамақты пайдаланумен байланысты емес 2 реттік құсу, ауыздың құрғауына шағымданады. Қарау барысында: тіл беткейі ақ ақтақпен қапталған, құрғақ. Т-36,8 С. Пальпация кезінде оң жақ қабырғаасты аймағының ауырсынуы байқалады, Воскресенский, Ситковский, Щеткин-Блюмберг симптомдары - оң. Науқасты әрі қарай жүргізу тактикасы:

жоспарлы госпитализация

Амбулаторлық емдеу

Динамикалық бақылау

Жедел госпитализация +

Емдеу-сақтау тәртібі

618 Науқас 40 жаста, оң жақ иық аймағының ауырсыну сезіміне шағымданады. Қабылдауға келгеннен 1 сағат алдын далада аяғы тайып, оң жақ иығын қатты жерге соғып алған. Қарау барысында: оң жақ қолының еріксіз орналасуы, оң жақ иығы аймағында ісіну байқалады, деформация, пальпация кезінде аурады, қозғалу кезінде ауырсыну сезімі ұлғайя түседі. Сүйек фрагменттерінің крепитациясы айқындалған. Аталған препараттардың қайсысы амбулаторлық деңгейде қолданылады?

Трамадол



Кетопрофен +

Тримеперидин

Ванкомицин

Метотрексат

619 Науқас 30 жаста, 3 күн бұрын хирургиялық станционардан лапароскопиялық аппендэктомиюны жасап шығарылған. Әхуалы стационардан шығарылғаннан кейін нашарлаған. Шағымдары: оң жақ қабырғаасты және кеуде қуысының оң жақ бөлігінің ауруы, қалтырау, тершеңдік. Аускультация кезінде өкпенің оң жақ төменгі бөлігінде тыныс қатты. Іштің пальпациясы кезінде ауырсыну сезімі бар, бауыр 2 см ге ұлғайған. Пальпация мен перкуссия кезінде қолтықасты сызығы бойымен 9-10 қабарғааралық аралықтарда ауырсыну сезімі бар. Дене температурасы 39,4 С. Болжамды диагноз:

Жіті оң жақ төменгі бөліктік пневмония.

Қақпа венасының жіті іріңді тромбофлебиті воротной вены.

Диафрагмаастылық абсцесс. +

Сепсис.

Созылмалы калькулезды холециститтің асқынуы

620 Науқас 52 жаста, жіліншік бұлшықеттерінің құрысуларына, 50 м қашықтыққа жүрген кезде пайда болатын аяқ ауруына, жіліншің пен аяқ басның парастезиясы шағымданады. Зерттеу барысында аяқ басы терісі "мраморлы" түске ие, суық және алғалды. Жамбас артерияларынын соғуы әлсіреген, әсіресе оң жақта, ал тізасты және аяқ басы артерияларында пульс жоқ. Аяқ басы сезімталдығы төмендеген. Болжамды диагноз:

Лериш синдромы. +

Такаясу синдромы.

Рейно ауруы.

жамбас-тізеасты сегменттің жіті тромбозы

бұғанаасты-қолтық сегментінің жіті тромбозы

621 Науқас 46 жаста, шағымдары: бас айналу, басының әсіресе оң жақ жартысының ауруы, қолдарының әлсіреуі, әсіресе оң жақта, кейде көруі нашарлайды. Радиальді артерияның аздаған асимметриясы байқалады (сол жақта оң жаққа қарағанда жақсырақ). Болжамды диагноз:

Лериш синдромы.

Такаясу синдромы. +

Рейно ауруы.

жамбас-тізеасты сегменттің жіті тромбозы

бұғанаасты-қолтық сегментінің жіті тромбозы

622 "11 жастағы қыз бала келесі шағымдар айтады: бір жарым күндей іші сыздап ауырып жүргені, қозғалғанда күшейюі, бірнеше рет құсуы, үлкен дәреттің болмауы. Объективтік тексеруде: дене температурасы 37,7ºС. Пальпацияда оң жақ мықын ішек аймағы ауырады, бұлшықеттер тонусы бәсендеген. Ректоабдоминальді зерттеу нәтижесі: тік ішек қабырғалары оң жағынан және алдынан ауырсынады. ҚЖА: лейкоциттер - 12х109/л, СОЭ 17 мм/сағ.


Қандай диагнозды болжауға болады?

"

Жіті холецистит

Жіті аппендицит +

ішек жолдары бітеліп қалуы

жіті панкреатит

Өт коликасы.

623 "37 жастағы әйел, оң жақ қабырға асты қатты ауырсынуына шағымданады, ол оны түні бойы мазалаған қуырылған ет жегеннен кейін пайда болады. Таңертең қалтырау, әлсіздік, жүрек айну, өтпен құсу болды. Объективті тексеруде: терісі мен шырышты қабықтары сары түске боялған, қышиды. Тексеруден кейін диагноз қойылады: ""созылмалы калькулездік холецистит өршу сатысында"".



Науқастың емінде қандай тактика ұстану керек?

"

Микрохолецистостомия

Холецистэктомия +

Қашықтық толқынды литотрипсия

Консервативтік терапия

литолитикалық препараттармен конкременттерді ыдырату

624 "23 жастағы әйел оң бөксесіндегі ауырсынуына, отыра алмауына шағымданады. Жүріп, отыруға тырысқанда ауырсыну күшейеді. Ауырсыну пайда болған және бірте-бірте күшейе бастаған, өзін науқас апта бойы ауырамын деп санайды. Status localis: оң жақ бөксе аймақтың жоғарғы сыртқы квадрантында инфильтрацияның шектеулі гиперемияланған аймағы бар, тері үстінен көтеріңкі конус тәрізді іріңді-некротикалық таяқша анықталды.


Жалпы тәжірибе дәрігерінің тактикасы қандай?

шұғыл ауруханаға жатқызу

жоспарлы ауруханаға жатқызу

ашу және күндізгі стационарда емдеу +

ашу және үйде ауруханада емдеу

амбулаториялық консервативті емдеу