Файл: А мен несептегі белокты адаалап, амбулаториялы баылау .docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 1286

Скачиваний: 41

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
зерттеуде - жатыр енжар, біртекті үлкейген,жүктіліктің 8 аптасына сәйкес. Жүктілікке зәр тесті теріс. Науқас жағдайының себебі не болуы мүмкін?

жатыр полипі

эндометрий карциномасы

эндометрий тінінің аномальды қалыңдауы

жатыр қабырғасында эндометриальды тін +

миометрийдің қатерсіз ісігі

25 Босанғаннан үш апта өткен соң, 28 жастағы әйел дәрігерге қаралу үшін барған. Анамнезде - босанғаннан 2 күн өткен соң оған «босанғаннан кейінгі эндометрит» диагнозы қойылды, оған ем ретінде 2 күн антибиотиктер т/і тағайындалған. Емшекпен емізу кезінде оның ауырсынуы мен ісінуі басталды, жиі емізу және жылы компрессті қолдану салдарынан симптомдар төмендеді. Медициналық тексеруде ешқандай ауытқулар жоқ. Науқас контрацепцияның сенімді әдісіне қызығушылық танытады. Науқасқа контрацепцияны қабылдау үшін не ұсыну керек?

Жатырішілік спираль

спермицид

эстрогенді бұласыр

базальды дене температурасы әдісі

тек прогестин бар ұрықтануға қарсы таблеткалар +

26 26 жастағы жүкті әйел қынаптан қан кету және іштің төменгі жағының ауырсыуы салдарынан келді. Соңғы 4 аптада науқаста жүрек айну мен шаршау болды. Соңғы етеккір 9 апта бұрын болған. Өмірлік көрсеткіштер қалыпты. Жатыр жүктіліктің 9 аптасына сәйкес келеді. Жүктілік сынағы оң. ᵦ-АХГ деңгейі - 108 00 ХБ/л. Трансвагинальды ультрадыбыс ұрықтың анық емес, аморфты бөліктерін және көптеген кисталық кеңістігі бар үлкен плацента көрсетеді. Бұл жағдайдың ықтимал себебі неде?

Ұрықжолдастың ажырауы

Өздігінен түсік

Жартылай молярлы жүктілік (ішінара көпіршікті ену) +

Хориокарцинома

Толық молярлық жүктілік (толық көпіршікті ену)

27 23 жасар әйелде босанудан соң 2 күннен кейін шүйдеде үдемелі пульсациялайтын ауырсыну пайда болды. Аурысыну мойын және иықтар аймағына тарайды. Жүрек айну және бір рет құсу эпизоды болды. Әйел қараңғы және тыныш бөлмеде болғанды қалайды. Жуынатын бөлмеге бару үшін тұрғанда симптомдар күшейеді, ал жатқанда шамалы жақсарады. Сәйкес жансыздандырумен эпидуральды анельгезияны өткерді. Неврологиялық зерттеу - патология анықталған жоқ. Ауруды басқаруда анағұрлым орынды келесі қадамды анықтаңыз:

Аспиринді тағайындау

КТ-ангиография

Қатаң төсектік режим

Жұлын-ми сұйықтығын талдау

Эпидуральды инъекция орнын «жамау» (қанның эпидуральды инъекциясы) +

28 Қабылдауға 15 жасар қыз анасымен келді. Қызды 2 күн ішінде іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, диарея, тәбеттің жоғалуы туралы алаңдатады. Соңғы етеккір 3 апта бұрын болған. Дене қызуы - 37,6°C. Қарап тексергенде, төменгі оң квадрантта пальпация кезінде іштің ауырсынуы және кернеуі. Қанда - лейкоциттер - 12 600/мм3. Науқастың ықтимал себебі неде?


Шажырқайдың бактериялық лимфадениті

Дивертикулит


Жедел аппендицит +

Жатыр түтігіндегі жүктілік

Жедел ішек өтімсіздігі

29 35 жастағы әйел дәрігерге соңғы 2 айда мазалай бастаған жыныстық қатынастан кейін қынаптан қан кетуіне байланысты келді. 13 жастан бастап менархе, тұрақты етеккір, 28 күндік цикл. Гинекологиялық тексеру - жатыр мойнының тұрақты емес зақымдануы. Жатыр мойны биопсиясының гистологиялық бағасы - жатыр мойны қатерлі ісігін растайды. Бұл қатерлі ісік ауруын қандай жасушалар тудыруы мүмкін?

Жай түтікшелі безді эпителий

Жыпылықтайтын жай бағаналы эпителий

Жай куб тәрізді эпителий

Мүйізденген көп қабатты жалпақ эпителий

Мүйізденбеген көп қабатты жалпақ эпителий +

30 48 жастағы әйел жоспарлы қабылдауға келді. Анамнезінде 2 типті диабет, жүректің ишемиялық ауруы. Ол метформин, аспирин, аторвастатин, лосартан қабылдайды. ДСИ - 30 кг / м2. HbA1c - 8%. Ол артық салмақ алуға қорқатындықтан, инсулин енгізуге келіспейді. 2 типті натрий глюкоза тасымалдаушысының ингибиторы (SGLT2) диабет үшін тағайындалды. Бұл препараттың жанама әсерінің ең үлкен қаупі қандай?

Липодистрофия

Қынаптық кандидоз +

Гипогликемия

Агранулоцитоз

Сүйек сынуы

31 36 жасар әйел, жүктіліктің 31 аптасында бір күн бойы жалғасқан ауырсынатын, ашық-қызыл түсті қан кету бойынша жүгінді. Науқас ешқандай жиырылуларды сезбеген. Анамнезінде - 2 жүктілік, ұрықжолдастың ауытқумен орналасуына байланысты кесарь тілігі арқылы босандыру. Ұрықтың жүрек соғуы баяулаусыз. УДЗ-да келесі нәтижелердің қайсысы анағұрлым болуы мүмкін?

Жатырдың мойын бөлімінен жоғары ұрықжолдас +

Ұрықжолдастың ажырауы

Кеңейген жатыр мойнында гестациялық қапшық

Ретроплацентарлы гематома

Мембраналық кіндікті тамырлар

32 Жүктілік мерзімі 35 апта 3 күн. Өзінің айтуынша 30 минут бұрын шарана айналасы суы аздап кеткен. Жағдайы қанағаттанарлық. АҚ 110/70, пульс-78. Ұрықтың жүрек қағысы ырғақты, минутына 140 соғуға дейін. Жатыр тонусы қалыпты. Айнамен тексергенде артқы күмбезінде ашық түсті шарана айналасындағы су көрінеді. Мүмкін болатын диагноз қандай?

Ұрық қабының босануға дейін жыртылуы.

Шарана айналасы суының мерзімінен бұрын кетуі.

Шарана айналасы суының мерзімінен бұрын кетуі. +

Босанудың 1-ші кезеңі. Шарана айналасы суының мерзімінен бұрын кетуі.

Жалған толғақтар. Шарана айналасы суының ерте кетуі.


33 Қайта босанушы 32 жаста, 20 апталық мерзімде есепке тұрған. Анамнезінен- екінші-жүктілік, 1-ші жүктілік өздігімен босану, асқынусыз. Созылмалы аурулары жоқ. Объективті: ДМИ- 32кг/м2. Тексеру барысында гликемия 6.2 ммоль/л. Айтуы бойынша қандағы қантты 1 жыл алдын тексерген. Бұл жағдайда бала үшін ең ықтимал болжам қандай?

құрсақішілік өсудің кідіру ықтималдығы

туа біткен жүрек ауруының жоғары қаупі

туылған кезде салмағы 2500 г-дан аз болу ықтималдығы

үлкен ұрықтың жоғары қаупі +

ерте босану қаупі жоғары

34 25 жастағы алғашқы жүкті әйел әлсіздік, бас ауруы, оң жақ бел аймағында ауырсыну, дене қызуының жоғарылауына шағымданды. Жүктілік мерзімі 12 апта.Объективті: жағдайы орташа ауырлықтағы, Т 38°С, пульс 92 рет / мин, АҚҚ 120/80 мм рт ст. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Оң жақта бел аймағында ұрғылау симптомынан ауырсыну анықталды. Зәр шығару ауру сезімсіз. ЖЗА: лейкоциттер көру алаңында 20-30, бактериялар +++. Қандай антибиотикті тағайындау тиімді болады?

Аминогликозидтер

Макролидтер

Нитрофурандар

Жартылай синтетикалық пенициллиндер +

Фторхилондар

35 Қайтадан босанушы 30 жаста, 34 апта жүктілікте кезекті дәрігер қабылдауына келді. Шағымы жоқ. Анамнезінен есепке жүктіліктің 10 апталығында тұрды. Қосымша аурулары: созылмалы пиелонефрит. Қазіргі уақытқа дейін жүктілік асқынусыз өтті. Әйелдер кеңесінде бірінші рет екі реттік өлшеуде АҚҚ 150/95 мм.рт.ст болды. Артериялық гипертензияның ең ықтимал себебі қандай?

Гипертониялық ауру

Преэклампсия +

"Ақ халат" синдромы

Созылмалы пиелонефрит

Нейроциркуляторлы дистония

36 Қайтадан босанушы 32 жаста, 30 апталық жүктілікте жалпы әлсіздік, бас айналуы, тез шаршағыштыққа шағымданады. Обьективті: тері жамылғылары бозғылт, арықтау және тырнағының сынғыштығы байқалады. Пульс 86 рет минутына, АҚҚ 100/60 мм.рт.ст. Жатыр өлшемдері жүктіліктің уақытына сәйкес келеді. Жүрек соғысы анық, ырғақты 140 рет минутына. Мүмкін болатын болжама диагноз қандай?

Апластикалық анемия

Темир тапшылықты гипохромды анемия +

Преэклампсия

Артериальды гипотония

В 12 витамин жеткіліксіз анемия

37 Қайта босанушы 26 жаста, шағымдары тыныс жеткіліксіздігі, әлсіздік, тері құрғақтығы, тұрақты бас түрде айналуы. Жүктілік уақыты 28 апта. Бұл жүктілік 2-ші, босанулар-1. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Пульс 82 рет мин. Жатыр жүктілік уақытына сәйкес келеді, қозбаған. Ұрықтың жүрек соғуы 140 рет минутына, анық, ырғақты. Жыныс жолдарынан патологиялық бөлінділер жоқ . ЖҚА: Эритроциттер – 2,8х1012/л; Гемоглобин - 90 г/л; Түстік көрсеткіш-0,6. Дәрігердің тактикасы қандай?


Темір сульфаты 40-50 мг / тәул ауыз арқылы қабылдау 2 апта

Темір сульфаты 60-90 мг / тәул 2-3 ай ауыз арқылы қабылдау

Темір сульфаты 100-120 мг / тәул 1,5 – 3 ай ауыз арқылы қабылдау +

Темір III гидроксидті сахароза кешені 100 мг әр күн сайын көктамыр ішіне № 7

Гематология бөліміне госпитализация

38 Науқас 32 жаста, шағымдары ішіндегі ауру сезімі, дене қызуының жоғарылауы 38,0 С, жалпы әлсіздік. Жыныс аймағынан бөліндінің болуы. Анамнезінен 5 күн алдын жатыр қуысын қыру арқылы түсік жасатқан. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, пульс 100 рет минутына, АҚҚ 110/70 мм.рт.ст. Гинекологиялық тексеріс кезінде: жатыр өлшемдері қалыпты, консистенциясы жұмсақ, жатыр қосалқылары екі жағынан да анықталмайды, қынап күмбездері терең. Қанда: лейкоцит- 15,2х109/л, ЭТЖ - 45 мм/сағ. Болжама диагноз қандай?

параметрит

сальпингоофорит

пельвиоперитонит

эндометрит +

эндоцервицит

39 29 жастағы науқас отбасын жоспарлау бөліміне келді. Анамнезден: жүктілік - 2, жедел босану -2, соңғы босану 3 ай бұрын.Бала тек қана емшек сүтімен қоректенеді. Бала туылғаннан кейін етеккірі болған жоқ. Кеңес бергеннен кейін медроксипрогестеронды инъекциялық контрацептив таңдады. Бірінші иньекцияны бірінші рет қашан жасау керек?

кез келген уақытта, егер жүктілік жоққа шығарылса +

босанғаннан кейін 6 айдан соң

босанғаннан кейін 12 айдан соң

етеккір қалпына келген соң 5 күн

емізуді аяқтағаннан кейін

40 15 жасар қыз бала, гинекологқа беліндегі спастикалық және іштің төменгі жағындағы ауру сезімге шағымданып келді. Анамнезінде етеккірі әлі ешқашан болмаған. Объективті: Жыныс дамуы Ма3Ах3Р3Ме0. Сыртқы жыныс органдары дұрыс дамыған, түктену әйелге тиесілі, қыздық перде көкшіл дөңес ісінген жыныс жолында көрінеді. Ректоабдоминальды зерттеу кезінде:тығыз, серпімді консистенциясы 7,0 * 8,0 см көлемді, орташа ауырсынатын көлемді пальпацияланады. Қандай болжама диагноз?

Гимен атрезиясы +

аналық без кистасы

қынап атрезиясы

жатыр аплазиясы

қынап кистасы

41 Балалар дәрігеріне 2 апталық қызын алып анасы төмендегідей шағымдармен келді: сүт бездері үлкейген және жыныс жолынан әлсін-әлсін мардымсыз қанды бөлінулер ағады. Анамнезі: туылған кездегі салмағы 2850 г, ата-анасының дені сау, тұқымқуалаушылық негізделмеген. Сіздің диагноз?

аналық бездің гормон өндіретін ісігі

жаңа туған нәрестедегі гормондық криз +

мезгілінен бұрын жыныстық жетілудің толық түрі

жаңа туған нәрестенің босану травмасы

бүйрекүсті безі қыртысының туа бітті дисфункциясы