Файл: Сабаты таырыбы Магнит рісі. Тогы бар ткізгішті зара рекеттесуі. Ампер тжірибелері. Магнит индукция векторы.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 40
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Заттың магниттік қасиеттері. Кюри температурасы (3-4 сағат)
Бөлімі: | |
Мұғалімнің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Заттың магниттік қасиеттері. Кюри температурасы |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 10.4.4.6 - магниттік материалдардың(неодим магниттер, датчиктер, сейсмометрлер, металл детекторлар) заманауи қолдану аймағын және олардың қолдану үрдісін талқылау; |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар істей алады: Қозғалыстағы зарядқа магнит өрісінің әсерін түсіндіру Көптеген оқушылар істей алады: Магнит индукциясының күш сызықтарының бағытын анықтау Кейбір оқушылар істей алады: Лоренц күшінің формуласын есеп шығаруда қолдану |
Бағалау критерийлері | Оқушы мақсатына жетеді, егер:
|
Құндылықтарға баулу | Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын дарытуда оқушыларға оқу үдерісінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, зерттеуді жүйелеуге, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру мен оларға түсінік беруге үйрету. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 10 минут | Оқушылармен амандасып,жоқ оқушыларды түгендеймін. Сабақ тақырыбымен танысу. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты мен жетістік критерийлерін айқындау.
| Оқу мақсатымен танысады. Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалыс траекторясы жайлы мәліметтер оқиды. | Қалыптастырушы бағалау | Таратпа материал, https://www.youtube.com/watch?v=orsMYomjwIw |
Сабақтың ортасы 15 минут
| Тапсырма 1. Магнит индукциясы деп – ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Дескрипторы:__Магнит_индукциясының_анықтамасын,_белгісін,_өлшем_бірлігін_жазады;__Анықтамасы_бойынша_формуласын_көрсетеді.__Тапсырма_2.'>Дескрипторы:
Тапсырма 2. Магнит өрісіндегі тогы бар өткізгішке әрекет ететін күш бағытын көрсетіңіз. Дескрипторы: - Ампер күшінің бағытын сол қол ережесін қолдана отырып анықтайды. Тапсырма 3. Ұзындығы 20 см болатын өткізгіш индукциясы 0,06 Тл болатын магнит өрісінің күш сызықтарына перпендикуляр орналастырылған. Егер магнит өрісі тарапынан осы өткізгішке 0,48 Н күш әрекет ететін болса, өткізгіш арқылы қандай ток жүріп жатыр? Дескрипторлары:
Тапсырма 4. Магнит өрісіндегі спектрографқа бірдей жылдамдықпен екі зарядталған бөлшек ұшып кіреді. Осы бөлшектердің қайсысы (1 немесе 2) оң зарядқа ие екенін анықтаңыз Дескрипторлары:
Тапсырма 5. Магнит өрісіне магнит индукциясының күш сызықтарына перпендикуляр бағытта 10 Мм/с жылдамдықпен электрон ұшып кіреді. Егер ол магнит өрісінде радиусы 1 см шеңбер бойымен қозғалған болса, өрістің индукциясы қандай болған? Осы бөлшектің қозғалыс траекториясы, магнит өрісінің күш сызықтары (магнит индукциясы векторы) және Лоренц күші көрсетілген суретін салыңыз. Дескрипторлары:
Кері байланыс | | ||
Таратпа материалдар | ||||
Сабақтың соңы. 10мин Рефлекция Бағалау Үй тапсырмасы | Рeфлексия пирамидаcы:Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап, пирамиданы толықтыр: Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау -Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу. | Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады. | Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 10 балл | Үлестірме стикерлер Дескриптор Оқулық |
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||
Оқушыларға жеке қолдау көрсету, оқу материалдары мен дереккөздерді оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, Мотивациясы жоғары оқушылар: Көмек қажет ететін оқушыларға «Сәйкестендіру» тәсілі оқушының ынталану қабілетін арттыруға көпірше болып қызмет атқарады. Тапсырмалар бере отырып, күтілетін нәтижеге жетелеймін. «Рефлексия пирамидасы» әдісі арқылы кері байланыс береді | Әрбір кезең бойынша оқушыларға ауызша және бас бармақ, смайликтермен кері байланыс беріп отырамын, сол арқылы оқушыларды ынталандыруға бағыттап отырамын, қолдау көрсетемін. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, топтардағы бағалау жүріп отырады | Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі еске салынады. | ||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |