Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 794

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Лекция №1-2 Педагогикалық технология –тәлім-тәрбиенің қозғаушы күші ретінде.
Жоспар:

  1. Орта мектептегі инновациялар және олардың бағыттары.

  2. Математиканы оқытудың жаңа технологиялары пәнінің мақсаты және міндеттері


1. Орта мектептегі инновациялар және олардың бағыттары.

Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер мұғалімдерден шығармашылық жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді. Сондықтан да білім беру жүйесін жаңарту, оның сапасын арттыру үшін оқыту формаларын, оқыту мазмұнын, оқыту әдістерін, оқыту құралдарын, оқытудың мақсаттарын жаңарту қажеттілігі пайда болып отыр. Бұл 12 жылдық білім беру жүйесіне ауысудың практикалық маңыздылығын көрсетті.

12 жылдық білім беру жүйесіндегі мектептің мақсаты: жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін - өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалаулары мен қоғам талабына сай, өзін көрсете білетін жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойында қалыптастырған, бәсекеге қабілетті,шығармашылығы дамыған жеке түлғаны қалыптастыру болып отыр.

Осы мақсаттан келесі міндеттер туындайды: 1) тәрбиелеу және дамытушылық іс - әрекетін үйымдастыру; 2) құзыреттіліктерді қалыптастыру және дамыту; 3) оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі, мақсат-мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасау.Бұл мақсат пен міндеттерді іске асыру үшін тәрбие жүйесі түлғаны әлеуметтендіру идеяларын іске асыра отырып, оқытудың жаңа технологияларын және әдістерін; жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталған оқытуды зерттеуді, оны жобалау әдістерін, оқушы денсаулығын сақтау әдісін колдана отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастыру қажет. Осы әдістерді іске асыру нәтижесінде жаңа мектеп түлегінің тұлғасында мынадай жетістіктер қалыптасатын болады:

І.Оқушының жеке түлғалық қасиеттері қалыптасады, оның қазіргі заманға, қоғамға бейімделу мүмкіндіктері артады;

2.Балалардың бойында салауатты өмір салты қалыптасады;

З.Жеке ерекшіліктері ескерілген оқу-тәрбие нәтижеләрі түріндегі құзыреттіліктер жиынтығын игереді;

4.Ұлттық тілді, тарихты, отандык және әлемдік мәдениетті жетік біледі;


5.Баланың жалпы және арнайы қабілеттері қалыптасады;

6.Бойында қалыптастырған білім - бірліктерді өмірде орынды қолдана алады;

7.Өзін - өзі дамыту, өзін - өзі көрсету мүмкіндіктері жетіледі. Оқушыға өз алдына мақсат қоюға, оны іске асыру үшін қажетті жағдайларды анықтауға, ондағы жетістіктерге жету процесін жоспарлауға және ұйымдастыруға, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, технологияларды накты қабылдауға мүмкіндік туғызады.

Математиканы оқытудың мазмұнын іріктеу және ізгілендіруді жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Қазіргі ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс- әрекеттерін ұйымдастыра отырып оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады.

Жаңа технологиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Ақпаратты оқыту технологиясының жетістіктерінің бірі есебінде бүгінгі күні интерактивтік тақта практикада ерекше орын алып отыр. Оқушылар үшін интерактивті тақта жаңа материалдарды арнаулы программамен меңгеруде аса маңызды рол атқарады. Қазіргі кезде көптеген оқушылар интерактивтік тақтаны мүмкіндігінше пайдалана алады. Ондағы мақсат - оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және қазіргі заманғы интерактивтік тақтамен жұмыс істеуге үйрету. Жаңа технологиялар оқушының шығармашылық белсенділігімен өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы болады. Математика сабағында оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту, баға жетпес құндылықтардың бірі. Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет.


  1. Математиканы оқытудың жаңа технологиялары пәнінің мақсаты мен міндеттері


Математика оқытудың жаңа технологиялары пәні – оқытудың жаңаша интерактивтік әдістері , формалары , құралдары , мазмұнын үйрететін пән. Математиканы оқытудың жаңа технологиялары курсының мақсаты оқу, тәрбиелеу үдерісін технологияландыру негізінде құру және қорытынды нәтиженің кепілдігін беру заңдылықтарын жалпы дидактикалық технологиялар дәрежесінде болашақ мұғалімдерге үйрету болып табылады. Математиканы оқытудың жаңа технологияларын үйрену болашақ мұғалімдерді мектеп математикасын оқытуда нақты білімдермен қаруландырып, студенттердің педагогикалық ой - өрісін кеңейту, студентке шәкірттердің математиканы оқытудағы ұйымдастыру әдісі мен оның математикалық ойының дамуы, математиканы оқыту әдістемесінің философиямен, математикамен, психологиямен байланысын үйрену мақсатын көздейді. Математиканы оқытудың жаңа технологиялары студенттерді орта мектеп математикасының мазмұнымен, оқытудың ғылыми – интерактивтік әдістерімен, мектеп мұғалімдерінің озат іс – тәжірибелерімен, теоремаларды дәлелдеу әдістерімен, есептерді шешуді үйрету әдістерімен, жалпы алғанда орта мектепте математиканы оқытуды ұйымдастырудың түрлерімен таныстырады.



Қазіргі кезде оқытудың интербелсенді әдістері практикаға енуде.

« Интерактивтік әдістер» ұғымын талқылайық :

1. « Интерактивтік әдістер» ұғымын« ин »-инновация , « теракт»-қопару сөздерінен алынған деп ойланса, ол жаңаша қопару мазмұнын береді .

Бұл бағыттағы ғалымдар мен педагогтар Республикамыздағы барлық оқу жүйесін қопару мақсатын көздейді. Олар ғылымға қастандық жасаушылар. Сондықтанда Республикадағы озат тәжрибенің көпшілігі өз - өзінен қопарылып тасталды .

Қазіргі кездеде бұл бағыттағы қопару жұмыстары жүріп жатыр. Мысал ретінде , оқу базасы барма , жоқпа екендігіне қарамай жаңаша оқыту жүйелерін енгізудеміз.Бұл әртүрлі оқыту жүйелерінен , оларды тәжірибеде сыналмай практикаға енгізіліп жіберілуіндегі қателіктер болып табылады.

2. Егер « Интерактивтік әдістер» ұғымын«Интер»-интернационал , « актив »-белсенділік деген сөздерден құралған десек ,ол халықаралық белсенділікті күшейтетін әдістер мағынасын береді, яғни оны дүние жүзіндегі ең сапалы оқыту жүйесін Қазақстан Республикасына енгізудегі жаңа әдістер деп түсінуге болады. .Мысалы , ҚР-да халықаралық сапа менежмендіне өту басталды.

Қазіргі кезде математиканы оқытудың әдістемесі мен технологиялары жаңа бағытта дами бастады . Осы инновациялар қалай практикаға енгізілуде екендігін білу үшін бұл бағыттарды зерттеу қажет. Дамудың бағыттарын талқылайық:
1.Қазіргі оқыту мазмұнының мынадай бағыттарда жүріп жатқандығын ескеру қажет:

1) дәстүрлі – арифметикалық , геометриялық , алгебралық , тригонометриялық материалдар бағдарламалардан орын алған еді.

2)жаңаша бағыттары – графтар теориясы , математикалық –статистикалық талдау , ықтымалдықтар теориясы , функцияналлық анализ ,комбинаторика , т.с.с. теориялық білімдер бағдарламаларда пайда бола бастады.

2. Оқыту құралдары :

1) дәстүрлі – фильмоскоп , эпиадоскоп , кодоскоп, магнитофон .

2) жаңаша құралдар – интерактивтік тақта , компьютер кластары , математикалық кинофильмдер, видеофильмдер , электронды оқулықтар.

3. Оқыту әдістері .

1) дәстүрлі – түсіндіру , хикая , сухбат , лекция , көрнекілік т.с.с. болса;

2 ) жаңаша бағыттары – интербелсенді әдістер , проблемалық оқыту әдістері , жаңа педагогикалық технологиялар практикада өз орындарын иеленуде.

4. Оқыту формалары:


1) дәстүрлі- сабақ , сабақтан тыс жұмыстар.

2) жаңаша бағыттары– тұрғын , қозғалмалы , таңдаулы жұптықтарда жұмыс істеу , пікірталас , сайыс , конференция , саяхат сабағы , КТК сабақтары т.б. лар пайда болды.

Лекция № 3-4 Педагогикалық технологиялар ұғымының мәні

Жоспар:

  1. Педагогикалық технологиялар ұғымының мәні

2. Сабақта педагогикалық технологияны қолдану
1. Педагогикалық технологиялар ұғымының мәні
Энциклопедиялық сөздікте «Технология дегеніміз - өнімді өндіру процесінде шикізаттың немесе материалдың формасын, қасиетін, күйін өзгертетін, оларды өңдеу мен дайындаудың әдістерінің жиынтығы», - деп көрсетілген.

Анықтамалық әдебиеттерде: «технология – techne - өнер, шеберлік және logos – ғылым, заң», яғни технология дегеніміз – шеберлік (өнер) туралы ғылым деп берілген.

Білім беру саласындағы «технология» ұғымы өндірістік процестердегі технология ұғымының басты қасиеттерін осы саланы жетілдіру үшін пайдалану ұмтылысынан туындағаны анық.

Өндірістік процестердегі технология деп, қолданғанда алдын-ала көздеген нәтижеге жеткізетін, белгілі бір сапалық және сандық деңгейлердегі өнім алуға кепілдік беретін, ғылыми негізделген алгоритмдер, әдістер мен құралдардың жүйесін айтады. (И.П.Подласый, Педагогика, 2000 ж.)

Педагогика ғылымына, яғни «интеллектуалдық өндіріс» саласына өндірістік технологияның көзделген мақсатқа жетуге кепілдік беретін қасиеті аса қажет, өйткені өкінішке орай, оқу процесінде нәтиже алуға нақты қол жеткізетін, оны объективті бағалауға мүмкіндік беретін тәсідер жоққа тән, педагогикалық экспромттар басым.

Адамзат ХХІ ғасырға аяқ басып отырған кезде ЮНЕСКО дамыған, өркениетт елдерге «нәтиже беруге бағытталған мектеп» моделін енгізуді ұсынып отыр. Демек, мектептерге дәстүрлі оқытудың әдістері мен тәсілдерінен гөрі тиімділігі жоғары, жаңа сападағы дидактикалық құрал қажет. Дүниежүзі педагог-ғалымдарының пайымдауынша мұндай құрал болып оқытудың педагогикалық технологиясы табылады. Педагогикалық технологияның кәдуілгі әдістемеден басты айырмашылығы – оқу пройесінің нәтижелі болуына кепілдік беруі. Оқыту процесін технологияландыру туралы пікірді осыдан 400 жыл бұрын Я.А.Коменский айтқан, яғни оның пікірінше оқыту «технологиялық» болуы қажет. Оның мағынасы – нені үйретсе де, нені оқытса да оқу процесі табыссыз болмауы керек. Мұндай оқыту механизмін Я.А.Коменский «дидактикалық машина» деп аталады. Технологияға мақсат қою, осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру, бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болады. Соған байланысты, мақсат – құрал – оның қолдану ережелері – нәтиже алу заңдылықтары іздестіріледі. Мұндай ережелерді тауып, пайдалану кез келген технологияның басты мақсаты болып табылады.


АҚШ-та үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарында техникалық құралдарды пайдаланып оқыта бастағанда «білім берудегі технология» термині пайда болды. Бұл оқу процесінде оқытудың техникалық құралдарын пайдалануға байланысты туындады.

60-шы жылдарда америкалық және батыс Еураполық білім берудегі реформаларға байланысты «оқу процесінде межеленген білім нәтижесіне жету» ізденісінен туған педагогикалық технология термині пайда болды. Ал, дидактикалық технологияның мәселелері біздің заманымыздың екінші жартысында техника мен өндірістік технологияның қарқынды дамуы нәтижесінде зерттеле бастады. Оқыту технологиясы, яғни кеңірек айтқанда педагогикалық технология ақпаратты өңдеу, сақтау, беру әдістері мен құралдарының табыстарына байланысты дамудың барлық мүмкіндіктеріне ие бола алатын әлеуметтік технологияның маңызды компоненті болып табылады.

Педагогикалық технология ұғымының қалыптасуы мен дамуының барысында педагогикалық технология ұғымының мәні түрліше қарастырылады.

Қазіргі пайдаланып жүрген мағынадағыдай педагогикалық технология ұғымы 1960 жылдардан бьастап бихевиористік, необихевиористік тұжырымдардан бастау алатын, «толық меңгерту» теориясына негізделген, жоғарыда атап өткендей нәтиже алуға бағытталған АҚШ және батыс Европа елдерінде практикаға ене бастаған меңгеру технологияларына байланысты пайда болды.

Осы жылдары шетелдерге біршама қолға алынған оқытудың техникалық құралдарын пайдалану, бағдарлы оқыту мәселесі де педагогикалық технологиялар теориясының қалыптасып, дамуына үлкен ықпал етті.

Жалпы оқытудың педагогикалық технологиялары ұғымы педагогика ғылымына жүйелі түрде 1970 жылдардан ене бастады. Ейбір әдебиеттерде оқыту процесін технологияландыруды оған ақпараттық технологиялық құралдарды пайдаланумен байланыстыратын көзқарастар да айтылады. Төменде талданатын «педагогикалық технология» ұғымының мәніне көретініміз мұның бір жақты, алғашқы, үстіртін пікірден туғандығы.

Кеңес Одағында педагогикалық технологиялар тақырыбына арналған алғашқы зерттеу жұмысы ретінде академик В.П.Беспальконың «Слагаемые педагогической технологии» (1989) атты еңбегін атауға болады.

Бұл жұмыстан кейінгі маңызды зерттеулер қатарына И.В.Клариннің, В.М.Монаховтың, Г.К.Селевконың, Т.И.Шамова мен Т.И.Давыденконың, т.б. еңбектерін жатқызуға болады. 1990 жылдардың орта шенінен бастап бұл ұғым педагогика курсының оқулықтарына да ене бастады.

Алайда, бұл әдебиеттерде келтірілген педагогикалық технологиялар ұғымына берілген анықтамалардың жалпы негізгі бір болған мен кейбір айырмашылықтары да бар екенін көруге болады.