Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 799

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тізімділік жандасу ғылыми білімдер методологиясы мен педагогикалық практиканың бір бағыттылығы туралы универсал сипатқа ие, педагогикада кең қолданылады, тәлім-тәрбтеге де педагогикалық тізім туралы қарау тиіс.

«Тізімді жандасу» ұғымы көбірек «тізімді метод», «тізімді талдау әдісі» ұғымдары мен тығыз байланысты қолданылады. Себебі тізімді талдау әдістері де объектті бір бүтін тізім түрінде үйренеді.

Тізімді жандасу, әсіресе, құрылым-міндетіне байланысты талдауға жақын. Тізімді талдаудың объекті бүтін бір нәрсе немесе құбылыс(тізім) есептеледі, ол , біріншіден, объекттің әртүрлі бөліктерін, екіншіден, бөліктердің өзара байланыстылығын, үшіншіден, тізімнің шекараларын және байланыстылығын, қарым-қатынасын есепке алады.

Тізімді жандасуда бірнеше ереже-ұстанымдар жиынтығынан пайдаланылады, олар зерттеушілік және практикалық іс-әрекеттерде жоғары нәтижелерге жету мүмкіндігін жаратады. Мұндай ереже-ұстанымдар қатарына төмендегілер кіреді: белгісізден белгіліге қарай жылжу, анализ бен синтездің, санлалылықпен тарихилықтың бірлігі, объекттегі байланстар мен өзара әсерлердің әртүрлілігі, объекттің құрылымы-міндеттері және келіп шығуы туралы елестердің бірлігі және басқалар.
Педагогикалық тізім ұғымы

Педагогикалық тізім-адам баласын кемелденген тұлға, бір кәсіп иесі етіп қалыптастыратын біртұтас қоғамдық-педагогикалқ құбылыс болып, оның құрамына педагогикалық үдеріс объекттері мен субъекттері, форма-әдістері, олар арасындағы қатыстар, өзара әсерлер, оларды басқарудан құралады. Педагогика кең және тар (тегі және түрі) ұғымдарды қамтиды: педагогика-ғылым, педагогика-оқу пәні; педагогтық-адам іс әрекетінің бір саласы түрінде кең ұғым. Олардың әрбірі белгілі бөліктерден құралған тізім. Педагогикалық ғылымдар тізіміне –педагогика теориясы мен тарихы, оқыту теориясы мен әдістемесі, арнайы педагогика, дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі, мәдени-тынығу жұмыстары педагогикасы, социал педагогика сияқтылар енеді. Сондықтан, тәлім-тәрбиенің мақсаты, форма-әдістері тізімі, тәлім-тәрбие бағыттары, түрлері тізімі, үздіксіз тәлім тізімі, тәлім орындары тізімі, педагогикалық мамандар тізімі, оқу міндеттері, оқу ақпараттар тізімі сияқтыларда педагогикалық тізім құрамына енеді.
3. Технологиялық жандасу
Технология грекше сөз болып, техне-өнер, шеберлік, логос-ұғым, тәлім мағыналарын білдіреді. Технология ұғымы-дайын зат шығару үшін өнеркәсіпте қолданылатын әдістер мен тәсілдер жиынтығы; осы әдіс-тәсілдерді жарататын және жетілдіретін ғылым деп түсініледі. Өнеркәсіптің құрамын білдіретін факттілер-товарлар, материалдарды қазу, тасу, тіктеу, сақтау және басқаларды да технология дейді. Технологияға істеп шығару үдерісін кескіндеу, оларды орындау бойынша нұсқаулар, техникалық ережелер мен талаптар, графиктерде енеді. Өнеркәсіп істеп шығару саласында жүздеген технологиялық жобалар (үдерістер) жаратылған. Олар, егер техникалық құжжат
талаптарына жауап берсе, істі кім және қай орында орындауына емес, товардың сапасы мен нәтижесімен кепілденеді.

Тәлім үдерісіне технологиялық жандасу:

- оқу-оқыту үдерісін өзара байланыстыратын сатылар , фазалар, операцияларды ажырату, бөлуді;

- тәлімнен көзделген нәтижеге жету үшін орындалатын әрекеттерді сәйкестендіру, тізбектеу, сатылау арқылы амалға асыруды;

- жобаланған жұмыстар, операциялардың барлығын бірдей орындауды талап етеді.

Бұл жандасу негізінен, репродуктив тәлімге сай. Репродуктивтік тәлім типтік жағдайларда белгілі бір іс әрекеттерді алдын белгілеп алынған ережелер негізінде орындау болып табылады.

Репродуктив деңгей үшін педагогикалық технологияда тәлім қайта істеп шығаратын конвейерлі үдеріс негізінде ұйымдастырылады, одан күтілген нәтижеде толық сипатталып анық белгілеп беріледі. Оқу материалы анық белгіленген оқу мақсаттарына сай қайта құрастырылады, кейбір бөлік (бөлек, модуль) терге ажыратылады, оқу материалын үйретудің альтернатив жолдары есепке алынады, әрбір бөлікті үйрену тест жәрдемінде бақыланады, қателік, кемшіліктер түзетіліп, дұрысталып отырылады. Оқу жұмысы эталонда көрсетілген нәтижеге жетуді көздейді. Бұл балаларды қызықтыру, жарыс және өзара жәрдемдесуге қарсы әсер етпейді. Тәлім репродуктивтік характерде жүргізілетіндігі үшін де бұл әдіс білім, біліктілік және дағдының қажет минимум деңгейінде игеруде көп көмек береді. Технологиялық жандасуды қолдау қойылған оқу мақсаттарына жетудің кепілдігін береді.
4. Зерттеу-шығармашылық жандасу
Бұл жандасу тәлімнің мақсатына сай оқушыда белгілі бір проблеманы шешу қабілетін дамыту, жаңа білім (тәжірибе)ді өзбетінше меңгеру, қарекеттің жаңа тәсілдерін табу, жеке ізденісті талап етеді. Зерттеулі жандасу шығармашылық іс әрекеттің белсенділік сипатына байланысты болады.

Бұл жандасуда оқушының оқу-тану іс әрекетіне мұғалім мадақтаушылық тәсілімен басшылық жасайды, баланың жеке инициативасын қолдайды, бала мен ынтымақтасады, оқушының қызығушылығын және ой қорытындылауына аса мән береді. Зерттеу-шығармашылық жандасу бойынша да педагогикалық технология варианттары құрастырылған.



Педагогика теориясы мен практикасында дәстүрлі жандасу өз мүмкіндіктерін саралап-сарыптап болды, тізімді, технологиялық және зерттеу-шығармашылық жандасулардың перспективалары мол. Технологиялық, тізімді және зерттеу-шығармашылық жандасулардың әрқайсысының тәлім тізімінде өз орны бар және өз орнында қолданыста болуы шарт.

Дамыған мемлекеттерде тәлімнің түрлі дәрежелері үшін (репродуктив, продуктив, зерттеу-шығармашылық) педагогикалық технологиялар құрастырылған.

Кең көлемде орындалатын тәлім реформалары тәлімнің озат технологияларын үйрену және оқу-тәрбие үдерісіне енгізуді талап етуде. Бұл өз кезеңінде мұғалім қызметкерлерден тәлім саласына технологиялық жандасуды, педагогикалық технология әдісін меңгеруді және Қазақстанның ұлттық, мәдени-рұхтық ерекшеліктерін, озат тарихи мұраларын есепке алып педагогика практикасында қолдану және дамытуды талап етеді.

Технологиялық жандасу практикадағы дәстүрлі жандасудың орнына комплекс түрде енгізіліп қоюы мүмкін емес. Технологиялық жандасуды мұғалімдердің өздері меңгеруі, әдістемелік құралдар, оқу техникалық база дайындалуына қарап сатылай жүргізілуі және оның кейбір элементтері практикада қолданысқа енгізілуі мүмкін. Бұл бірінші кезеңде педагогикалық технологияның негізгі бөлігі –пәндер және тақырыптар бойынша тәлім мақсаттарын анықтау әдістеріне қатысты болады.

Педагогика ғылымының жанкүйерлері және кейбір практик мұғалімдер бұл жандасуды белгілі дәрежедеқолдайды. Егер бұл жандасудың мәнін түсініп соған сәйкес практикада қолданса, оқу-тәрбие жұмыстарының сапасы жоғары болар еді.

Лекция №6 Психологиялық педагогикалық заңдылықтар жүйесі
Жоспар.
1.Оқу жүйесін жетілдірудің теориялық негіздері.

2.Оқу материалын меңгеру мен есте сақтау заңдылығы .

3.Оқытудың негізгі факторлары .
1.Оқу жүйесін жетілдірудің теориялық негіздері.
Кейінгі жылдары «оқу» және «оқыту» ұғымы оқушылардың танымдық іс - әрекет тәсілдерін қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс - әрекетін де, мұғалімдер мен оқушылардың бірліктегі іс - әрекеті болған оқу процесінің мәнінде үйренуді білдіреді. . Бүгінгі түсінік тұрғысынан «оқу», «оқыту» келесі белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының бірліктегі іс әрекеті; 3) басқару мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдастыру және басқару; 5) біртұтастық пен бірлік; 6) оқушылардың жас ерекщеліктеріне сай даму заңдылықтарына сәйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне жетекшілік.


Дидактиканың негізгі категориялары болып келесі ұғымдар белгіленген: оқыту, оқып үйрену, оқу, білімдену, білім, біліктілік, дағды, сонымен бірге оқу мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, түрлері, формалары, әдістері, құрал – жабдықтары, нәтижесі (өнімі). Дидактикалық жүйе және оқу технологиясы да осы категориялық ұғымдар тұрғысынан танылуы тиіс. Осыдан қысқа да ауқымды анықтама келіп шығады: дидактика – бұл оқу және білімдену, олардың мақсаттары, мазмұны, әдістері, құрал –жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нәтижелері жөніндегі ғылым.

Дидактика өз пәні аймағында іске қосылатын заңдылықтарды зерттейді, оқу процесінің барысы мен нәтижесіне негіз боларлық тәуелділіктерді талдайды, жоспарланған мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуші әдістер, ұйымдастыру формалары мен құрал – жабдықтарын белгілейді. Осының арқасында ол екі негізгі функцияны атқарады: 1) теориялық (диагностика және прогностика); 2)практикалық (бір қалыпты іс - әрекет, әртүрлі құралдар дайындау).

Дидактика барлық пәндер бойынша және оқу іс - әрекетінің барлық деңгейіне сәйкестендірілген оқу жүйесін біріктіреді. Зерттелуші болмысты қамту шеңберіне байланысты дидактика жалпы және жеке болып бөлінеді. Жалпы дидактиканың зерттейтін пәні: оқыту мен оқып үйренуді, оларды туындатқан жағдаяттар мен оларды орындау шарттарын анықтау. Жеке (нақты) дидактика оқыту әдістемесі деп аталады. Ол әртүрлі оқу пәндерінің оқу-әдістемелік кешенін,желісін, мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін қарастырады. Әр оқу пәні өз әдістемесіне ие.
Қазіргі математиканы оқытуда Американың психологы , әрі математигі Торндайк заңдылықтарына сүйену қажеттілігі туындайды .
Торндайк заңдары.
1-заң .Өзара байланыстылық заңы :

Егер 2 рухани акт өзара байланысты дамитын болса , олардағы оның қайталануы 2-ның пайда болуына немесе бекітілуіне ықпалын тигізеді.

2-заң. Машықтану заңы :

Машықтану жиынтығы қанша жоғары болса , әсерге болған жауапта сонша жақсы игеріледі немесе есте сонша ұзақ сақталады .

3- заң . Ассимиляциялау сіндірулар заңы :

Әрбір жаңа марапаттау сол марапаттауға байланысты болған жаңа реакцияны келтіріп шығарады .

4-заң . Ықшамдылық заңы :

Жауапты машықтану қанша ықшам болса , ол сонша жақсы игеріледі және ұзақ есте қалады .

5- заң . Нәтижелік заңы :

Жағымды нәтижелерге бірге жүргізілетін реакция . Жағымсыз нәтижелерді де іліктірсе , ол реакция жағымсыздарын болуға және одан кұтылуға ұмтылдырады .


Евклид геометриясы - өзара байланыстылық заңына сәйкес құрастырылған .

  1. Нүкте , түзу , жазықтық , кеңістік ұғымдары анықтамасын қабылданады .

  2. Шексіз көп нүкте туратын фигура түзу деп аталады .

Оқушыларды машықтандыру үшін әр түрлі деңгейдегі машықтар , жаттығулар , есеп берілу тәсілдерін Ж.Қараев деңгейлеп , саралап , оқыту техникасын енгізу идеясын алға түсірген .
Интербелсенді оқуды ұйымдастыру заңдылықтары (ережелері)

Қазіргі инноватикалар оқу жүйесін жетілдіретін теориялардан және практикалық құндылықтардан құралады. Солардың кейбіреулерін талдап қарастырайық. Мысалы: интербелсенді оқуды ұйымдастыру ережелері мынадай теорияларға негізделген болады:

Бірінші ереже. Аудиторияны жұмысқа дайындау.

Тиімді жұмыс жасау үшін аудиторияда (сынып бөлмесінде, кабинетте) компьютер, LCD – проектор , тақта (оған қоса жылжымалы тақта да болса тіпті жақсы) немесе интербелсенді тақта, қол астында бор, флип – чарттар (плакаттар), маркерлер, А – 4 форматындағы қағаз болғаны дұрыс.

Аудиторияда үйренушілердің еркін түрде жұмыс жасауына қолайлы болуы керек. Мәселен, әр сабақта үйренушілер шағын топтар құрамын бір неше рет өзгертуі ықтимал, сол себепті де парталар мен үстелдер олардың емін – еркін қозғалуына кедергі болмауы қажет.

Әдетте аудиторияда студенттер партаға екеуден отырып, жүздерін оқытушы жаққа беріп отырады. Бұлай отыру олардың бір – бірімен қоян-қолтық араласып, тиімді қарым – қатынас жүргізуіне жәрдемдеспейді: алда немесе арт жақта отырғанмен қалайша әңгімелесуге болады? Отырғанда студенттер бір – бірінің жүздерін көргені дұрыс, өйткені олардың әңгімелесетін, қандай да болмасын мәселені талқылайтын серіктері өз жолдастары болады

Парталарды қоюдың да көптеген тәсілдері бар. Ең бастысы үйренушілердің бәрі де бір мезгілде сабақ жүргізушіні көре отырып, топ ішіндегі жұмысқа белсене араласуға мүмкіндік алуы керек.

Екінші ереже. Топқа бөлу.

Әр сабақта (әсіресе семинар және практикалық сабақтарда) студенттерді шағын топтарға бөліп, сол арқылы олардың бірлесе жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасау керек. Үйренушілерді шағын топтарға 4-6 адамнан бөлген тиімді, олар партаны жағалай бір – біріне бет қаратып отырады.

Топқа бөлу әдетте кездейсоқ түрде жасалынады. Алайда семестр бойы бір студент жолдастарының әрқайсысымен семестр бойы топ құрамында жұмыс жасап шығуы керек. Мұндағы басты мақсат – үйренушілердің бір-бірімен тиімді қарым-қатынас құрып, ортақ тіл таба білуіне ықпал жасау.