Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 795
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Педагогикалық технология мәселесіне арналған П.Я.Гальперин, В.П.Беспалько, В.В.Давыдов, В.М.Кларин, т.б. ғалымдардың еңбектерінде оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деген ұғынудан бастап, педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер айтылған.
Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияға мынадай анықтама береді: «Педагогикалық технология дегеніміз – оқыту әдістері – психологиялық-педагогикалық тәсілдер мен құралдарының жиынтығы. Ол педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыру құралы». «Педагогикалық технология дегеніміз – мұғалім мен оқушыға ыңғайлы жағдай жасай отыра оқу процесін жобалау, ұйымдастыру мен өткізуге арналған біріккен, жан-жақты ойластырылған педагогикалық қызметтің моделі», - дейді В.М.Монахов.
«Білім беру технологиясы деп мұғалім мен оқушыға ыңғайлы (комфорт) жағдай жасай отыра нәтиже алуға бағытталған оқу процесін жобалауға, ұйымдастыруға, бағыттауға және түзету енгізуге арналған олардың біріккен қызметінің процестік жүйесін атайды» (Т.И.Шамова, Т.И.Давыденко).
«Педагогикалық технология – білім беру формаларын оңтайландыруға бағытталған техникалық және адам ресурстарын және олардың байланыстарын ескере отырып, білімді игеру мен оқыту процесін анықтау, қолдану және жасауға арналған жүйелі тәсіл» (ЮНЕСКО).
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге жасалған талдау көрсеткендей, қазіргі педагогикалық ьтеорияда педагогикалық технология ұғымына қалыптасқан көзқарас жоқ, кейбір ғалымдар оқыту әдістерін қолдануды технологияландыру десе, енді біреулері оқытуды техникалық құралдармен қамтамасыз етіп, компьютерлендіру, ал келесі бір көзқарас бойынша дидактикалық жобалар мен педагогикалық жүйені, оны практикада қолданудың тиімділігін арттыру деп санайды. Осының бәрі бұл ұғымның көп қырлылығы сипаттайды, яғни оны зерттеудің әдіснамалық бағыт-бағдарын негіздеуді қажет етеді.
Педагогикалық әдебиеттерде педагогикалық технология ұғымы үш деңгейде (көзқараста) қолданылады.
Жалпы педагогикалық (жалпы дидактикалық) деңгей. Мұнда педагогикалық технология бір тұтас педагогикалық жүйенің жобасы ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда оған оқытудың мақсаты, мазмұны, құралдары мен әдістерінің жиынтығы, тіпті процестегі субъектілер мен объектілердің (олардың өздерін алмағанда) іс-әрекеттерінің алгоритмі кіреді.
Жеке пәндік-әдістемелік деңгей.
Бұл жерде педагогикалық технология көздеген мақсатқа жеткізетін жеке пән әдістемесі ретінде қолданылады. Мұнда ол бір пән, бір сынып, бір мұғалім шеңберінде оқыту мен тәрбиелеудің белгілі бір мазмұнын жүзеге асыру үшін қолданылатын әдістер мен құралдардың жиынтығы (пәндерді оқытудың әдістемесі, белгілі бір танымдық қызмет дағдыларын қалыптастыру әдістемесі, мұғалім, тәрбиеші жұмысының әдістемесі ретінде қарастырылады.
Элементтік (бөлімді) модульдік деңгей. Мұндай оқу-тәрбие процесінің жекелеген бөлігінің технологиясы қарастырылады жеке іс-әрекет түрлерінің технологиясы, ұғымдарды қалыптастыру технлогиясы, жеке тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу технологиясы, сабақ технологиясы, жаңа білімді игеру технологиясы, өз бетімен (өздік) жұмыс технологиясы.
Сонымен педагогикалық технология ұғымының өзегі болып берілген білімді толық игеруге, жалпы білі сапасын көтеруге кепілдік беретін, ғылыми негізделген алгоритмдер, әдістер мен құралдардың жүйесін атаймыз. Әрине мұндағы нәтиже білім сапасы, оны өз бетімен игерген оқушы болса, алгоритмнің басты бөлігі болып, оқушының өз бетімен меңгеруіне бағытталған білім мазмұны қарастырылуы қажет.
Оқыту технологиясы – оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімдлігін қамтамасыз ету оқытудың әдіс, құрал түрлерінің жүйесі болып табылады. Оқыту технологиясында мақсат әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр байланысты қажетті мазмұнына тиімді әдістер мен құралдардың бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты.
Педагогикадағы технология объектісі тірі организм (оқушылар) болғандықтан, мұнда ынта (мотив), белсенділік, білім, білік, дағды, өзін-өзі басқару т.б. тәрізді дидактикалық психологиялық физикалық, кибернетикалық ескеруге тура келеді.
Осы айтылғандарды ескере отырып, біз академик В.П.Бепалько берген «педагогикалық технология деп практикада жүзеге асырылатын педагогикалық жүйенің жобасын айтады» деген анықтаманы мейлінше толық деп есептейміз. Педагогикалық жүйе деп В.П.Беспалько әдістемелік жүйемен сәйкесті дидактикалық процесітердің жиынтығын айтады.
Дидактикалық процесті В.П.Беспалько мотив, танымдық қызмет және басқару компоненттерінің бірлігінен тұратын жүйе ретінде қарастырылады. Ол ұсынған педагогикалық технологияның анықтамасын толықтырып тұрған педагогикалық жүйені жобалауға қойылатын мына шарттардың жиынтығы:
А) педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромттарды жоюы қажет. Оқу процесінің нәтижелі болуына 100% кепілдік беруі қажет;
Ә) ол оқушының өз бетімен жасайтын оқу танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделуі қажет;
Б) оқу мақсатын диагностикалық түрде нәтиже беретін жолмен анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп, объективтік түрде бағалау қажет.
В) дидактикалық процестің толықтығы қамтамасыз етілуі тиіс.
Оқу процесі оқушылардың денсаулығына зиян келтірмеуі үшін Ресей ғалымдары М.МПоташник, А.М.Моисеев, т.б. оқушының денсаулығын қорғайтын оқыту технологияларын енгізуді ұсынды. Мұндай технологиялар жоғарыда келтірілген дидактикалық талаптарға қосымша мынадай 4 шартты қанағаттандыруға тиісті:
1) Оқушының жеке бас ерекшеліктерінің (интеллектік, мотивациялық, эмоциялық т.б. ескерілуі, оқу материалын қабылдау сипатының, темпераментінің, еске сақтау қабілетінің) ескерілуі.
2) Оқу материалын меңгеру кезінде жүйкеге күш түсіретін интеллектуалдық, эмоциялық әсерлерден аулақ болу, оқушының уақытты аз жұмсап, тиімді нәтижелер алуына жағдай жасау.
3) Сабақтың сынып ұжымына жайлы моральдық-психологиялық климат жағдайында өтуін қамтамасыз етіп, дөрекі қатынастарға жол бермеу.
4) Оқу процесінде оқушы денсаулығына зиян келтірмейтін тәсілдерді қолданумен қатар оларды өзін-өзі психологиялық қорғауға үйрету.
Практикаға енгізілген педагогикалық технологияларға жасалған талдау – оларды құраламаның төмендегідей компоненттерден тұратынын көрсетті.
1. Оқу материалын оқушылардың меңгеруін байқау мақсатында алдын-ала жүргiзiлетiн диагностика және оқушыларды қабiлеттерiне кapaй iрiктеу. Мысалы, l-сыныпқа келген оқушылар оқи, санай, жаза бiлy қабiлетrерiне қарай дайындық деңгейлерi әр түрлi сыныптарға бөлiнедi.
2. Мотивация және оқу-танымдық қызметтi ұйымдастыру. Қай технология болмасын оқушының осы технологияғa сәйкес дайындалған оқу құралы мен өз бетiнше iзденic жұмысын жасауды қажет ететін болғандықтан, оқушының қызығушылығын, ынтасын туғызу – танымдық қызметті ұйымдастырудағы аса маңызды шаралардың бірі болып табылады.
3. Оқу құралдарымен жүргізілетін іс-әрекет. Бұл компонент оқыту технологиясымен жүзеге асырылатын оқу процесінің негізгі бөлігін құрайды. Оқу-таным процесі оқушының қолданылып отырған технология талаптары негізінде жасалған дидактикалық құралдармен (пәнді оқытудың календарлық жоспары, танымдық әрекеттердің бағдарлық негiзiн салуға арналған нұсқаулар, әр модyль бойынша өздiк жұмыс тапсырмалары, өзiн-өзi тексеруге арналған және бақылау жұмысына арналған тесттер жүйесi, т.б.) жүргiзiлген танымдық қызметi арқылы жүзеге acады.
Жалпы технологиялық негiзде құрылған сабақта негiзiнен оқушы дидактикалық құралдармен ғана жұмыс iстеп, ал мұғалiм iзденiс-таным процесiн ұйымдастырушы рөлiн атқарады.
4. Оқу материалын меңгеру сапасын бақылау. Толық меңгерту деңгейі
" Технологиялық негiздегi оқу процесi бақылау мен ic-әрекетке қажет болған жағдайда түзету (коррекция) енгiзуге аса үлкен мән берiледi. Оқушының әр модульдi (бөлімдi) меңгеруi сәйкестi бақылаy жұмысын (әр түрлi формадағы) жүргiзу арқылы бағаланады. Оқу материалын меңгере алмаған оқушылар үшiн қосымша нұсқаулар берiлiп, қайта бақылаy жұмысы жүргiзiледi. Оқушының оқу материалын меңгере алмауы себептерi қаралады және қажеттi коррекциялық әрекеттер жасалады. Оқу мақсаттаpы диагностикалық түрде қойылған жағдайда жаңа квалиметриялық негiзде бiлiм сапасын бағалауға болады.
Лекция № 5-6 Педагогикалық технологиялардың проекттері: ғылыми жандасулар. Қазіргі заманауи тәлім-тәрбиедегі әртүрлі жандасулар
Жоспар:
-
Дәстүрлі жандасу -
Системалық жандасу -
Технологиялық жандасу
4. Зерттеу-шығармашылық жандасу
Педагогика пәні және тәлім-тәрбие практикасындаәр түрлі жандасулар қолданылады. Олар дәстүрлі жандасу, системалы (тізімділік) жандасу, технологиялық жандасу, зерттеулі жандасу, функционал, комплекс, іс-әрекеттік жандасулар.Бұл жандасуларға қысқаша анықтама берейік.
1. Дәстүрлі жандасу ұғымы
Дәстүрлі жандасу деген не? Оның негізгі ерекшелігі—мұғалім белгілі ақпаратты сөйлеп береді, түсіндіреді,оқушы осы білімді есінде сақтайды.»Білім» ұғымы есте сақталатын ақпарат мағынасында түсініледі. Оқушыда білім бар немесе жоқтығын емтиханда осы ақпаратқа сәйкес тиісті берілген сауалға жаттап берген жауабына орай анықталады. Мұндағы білім дегенді негізінен есте сақтаудың нәтижесі, ол көбірек жалған болуы мүмкін. Мұндай білім есте ұзақ сақталмайды. Оқушы мұғалім сауал қойғанда ақпаратты еске түсіруі, кейбір кезде еске түсіре алмауы да мүмкін.
Дәстүрлі оқыту әдісінде тәлім мақсаты бағдарлама талабына сай анық белгіленбейді, оқушылардың игеру дәрежесі, сапасы туралы мұғалім анық елеске ие болмайды.Дәстүрлі тәлім мемлекетіміз оқу орындарында кең таралған, оның әртүрлі мәселелері педагогика, методика пәндерінде орындалған, үлкен тәжірибе жинақталған. Дәстүрлі тәлім әдісін жетілдіру салаларында ізденулер жалғасуда, бірақ, оның объектив мүмкіндіктері шектелген. Мемлекетімізде жүргізіліп жатқан тәлім салаларындағы реформалар өте тез қарқынмен дамыған ғылыми-техникалық үдеріс талаптары-тәлім әдісі мен қоғамның бәсекелеске сай , жоғары білікті кадрлар дайындауға, кемелденген тұлғаны қалыптастыруға болған қажеттілігі ортасында сәйкессіздікке дұшар етуде. Оны тәлімде басқа жаңа жандасуларды қолдау жолы мен шешу керек.
2. Системалы(тізімділік) жандасу ұғымы
Тізімділік сөзі-құрылым, бөліктерден құралған, біріккен бүтін бір нәрсе немесе құбылыс мағынасын білдіреді. Тізім ұғымы және сөзі басқаша мағыналарға да ие. Мысалы, тізім-жіп, сымтемірге тізіп қойылған нәрсе, тізім-шоқ ( бір тізім меруерт, бір шоқ маржан сияқты). Сондықтан кибернетикалық тізім, ақпараттар тізімі, қоғамдық қатыстар тізімі, әрекеттер тізімі, педагогикалық тізім сияқты ұғымдар түрінде де қолданылады. Тізім ұғымы әдетте кейбір белгілеріне сәйкес түрлерге жіктеледі: материалдық нәрселер тізімі, жорымал ұғымдар, болдамдар, теориялар, ғылыми білімдер тізбегі сияқтылар