Файл: Лекция 1. Кіріспе. Мдениет ымы жне оны мні Мдениеттануды зерттеу обьектісі жне пні.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 265

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Болоньеде пайда болып, Флоренцияда тір­кел­ген поэтикалық мектеп. «Жағым­ды жаңа стиль» поэзиясы­ның жаңа заман поэзиясына жақын­дата түсетін негізгі ерекшелігі оның бір поэтикалық мектепке жататын түрлі шығарма­шы­лықты қамтуында жатыр. «Жаңа стиль» поэзия­сындағы тың өзгеріс поэтика мен көркем стиль болған. Бұл мектепке жататын ақындар поэтикалық тілді жарыққа шығарған.

Жаңа поэтика тек поэзиядағы бұрынғы формаларға жаңа өңдеу­лер жасау арқылы емес, соны­мен қатар «Жағымды жаңа стиль» ақындарын трубадурлар­дың куртуаздық лирика­сы­мен емес, италиялық Қайта өрлеудің алғашқы кезеңін­дегі жазушылардың ізденістеріне жа­қын­да­та түсетін белгілі бір идеялық-эстетикалық және дүниетанымыдық бірліктің негізінде пайда бола­ды. «Жағымды жаңа стиль» ақындарының поэтикасы мен поэзиясына эзотеризм тән. Бұл олардың жергі­лікті қарапайым халықтық сөйлеу тілінен жоғары көтерілуге деген ұм­тылысынан туындаса керек. Осылайша «Жағымды жаңа стильдегі» аристократизм Қайта өрлеу дәуіріндегі ақын­дардың ұлттық әдеби тіл үшін күрестері нәтижесінде пайда болады. «Жағымды жаңа стиль» мекте­бінің басында Гвидо Гвиницелли (1230-1274) тұрған. Ита­лияның әдеби тарихында Г. Гвиницелли шығармашылығы — жаңа заманға жақын келетін ал­ғаш­қы ұлы ақындардың бірі. Оның өмірі жайлы мәліметтер көп емес. Ол Болоньеде дүниеге келіп, сол жердегі университетте білім алып, әкесі сияқты заңгер болады. Гвиницелли оған жау болған саяси партия оны өзінің туған қаласынан қуып жібергеннен кейін көп уақыт өтпей-ақ жастайынан қайтыс болады. Оның шығармашылығы кейінгі заманға өшпес мұра болды. Ол ақындар жырлап жүрген махаббат тақырыбына жаңа әр беріп, жоғарғы, рухани жалпы адамның тұтас сезімдерін суреттеді.

Жаңа поэзия үшін күрес Гвиницеллиден бастау алып, про­ванстық трубадурлардың ұмыт болған мұрасын қайта жаңғырту ұранымен ақынның флоренциялық ізбасарлары мен олардың шәкірт­­тері, сицилиялық мектептің сарай ақындары арқылы жалға­сын тапты. Сонымен қатар Гвини­целли мен басқа да «Жағымды жаңа стиль» ақындары бюргерлік дидактиға тән діни-спиритуа­­листік тенденциялармен күресе отырып, ХІІІ-ХІY ғ. Италияның қала­лық және халық мәдениетінің ажырамас бөлшегіне айналған антикалық әдебиеттің ескерткіштерін де ескеріп отырған. Гвиницелли­­дің куртуаздық лирика­ның шекарасынан шығып, өзінің жеке поэтикалық тілі мен стилін құруына классикалық ежелгі дәстүрлерге деген жаңа көзқарасы себеп болады.


«Жаңа стильдің» «жағымдылығы» оның әуенінде емес, ондағы ішкі үйлесімділік пен ой мен форманың, мазмұн мен поэтикалық тілдің, тіл мен стильдің бір-біріне деген поэтикалық сәйкес­тігінде жатыр. Гвиницеллидің канцоналары дидактикалық тұрғыда жазыл­маған, онда ешнәрсе дәлелденбейді және насихаттанбайды. Оның шығармаларында идея поэтикалық тұжырым­дамаға айналған.

Гвидо Кавальканти (шамамен 1260-1300) Флоренциядағы «Жағымды жаңа стиль» мектебін басқарған. Ол Флоренцияда атақты әулетке жататын отбасында дүниеге келген. Флоренция «ақтар» мен «қаралар» деп екіге бөлінген, Гвидо «ақтар» жетекшісі болған. Оның Корсо Донати бастаған «қаралар» тобы арасындағы ұрысы қаланың тыныштығын бұзған­дық­тан кейін, үкімет екі топтың да жетекшілерін қуғынға ұшыратады. Кавальканти кешірім алғанымен, айдауда жүріп қатты науқастанады да, Флоренцияға қайта оралған соң, 1300 жылдың тамыз айында қайтыс болады.

Кавальканти Аристотель мен арабтардан қалған жараты­лыстану ғылымдарындағы теорияларды, медицина мен логиканы терең меңгерген. Ол рухтың мәңгілік екенін жоққа шыға­рып, жұмақ пен тозаққа, о дүниедегі өмірге сенбеген. Қарапайым халық пен білімді бюргер­лер­дің көз алдында Кавальканти нағыз құдайсыз адам болған. Оның Мадонна мүсінінің құдіретті күшін келеке ететін «Менің Мадоннамның сұлу жүзі» атты сонетасы ақынның абыройын арттыра түседі. Оның туындыларында «қайғы», «азап», «сағыныш», «зарығу», «қорқыныш», «махаббат» пен «өлім» деген сияқты сөздер жиі кездеседі. Кавалькантидің лирикасында бұл сөздер тек ұйқастық (Amore – Morte) үшін емес, сонымен қатар жалпы адам тұжырым­дамасы мен оның жер бетіндегі трагедиясын суреттеу үшін қолданылады.

Данте Алигьери. Әлем әдебиетінің қалыптасуының Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі тари­хи оқи­ғалар мен жаңа идеяларды «Құдіретті комедия» атты шығармада кеңінен сипаттаған Данте тура­лы Ф. Энгельс былай деген: «Ол — ортағасырлық феодализм соңы мен жаңа капиталистік дәуір­лер тоғысында өмір сүрген ұлы тұлға. Данте – орта ғасылардың соңғы, ал жаңа заманның алғашқы ақыны».Данте Флоренцияда 1265 жылдың мамыр айында дворяндық отбасында дүниеге келген. Оның тегі дворяндық болғанымен, ол гвельфтер отбасынан шыққан. Флоренциядағы гвельф­терді «попо­ло» халқы қолдап отырған. Жасы­нан теология, философия, астро­но­мия мен ортағасырлық схоластиканы терең меңгерген ақын Флоренцияның саяси өміріне де белсенді араласқан. Ол көпес­­тердің мүддесін жоқтаған «ақтар» партиясының құрамында болды. 1293 жылы Флорен­цияда «әділеттілік ұстанымдары» атты сол кездегі Еуропаның ең демокра­тиялық конституциясы жарық көреді. Дантенің жастық шағы гвельф республикасының гүлденуімен сәйкес келеді. «Жағымды жаңа стиль» мектебінің ең жарқын шығармасы Данте­нің «Жаңа өмірі» болды. Ол арқылы «Жағымды жаңа стиль» дамып қана қоймай, көптеген жетістіктерге де қол жеткізеді. Данте өзінің «Жаңа өмірінде» флоренциялық Беатриче Порти­на­ри есімді жас әйелге деген зор махаббаты туралы айтады. 25 жасқа келмей жатып қайтыс болған әйелдің өліміне қайғырған ақын шығар­ма­сында тек оған арналған жеке махаббат сезімдерін емес, сондай-ақ, әлемді құтқара алатын жалпы сезімдерді де жыр­лайды. «Жаңа өмір» атты шығарманың желісі жеңіл әрі қарапайым құрылған.Данте адамдарға тура жол көрсететініне нық сенімді болған. Осы сенімі арқылы ол тек Флоренция халқымен емес, соған қоса бүкіл Италия халқымен тығыз байланыста болған. Осылайша, ол қуғын-сүргін кезінің алғашында канцоналар мен «Ұлттық тілдегі поэзия өнері», «Той» атты философиялық шығармаларын және «Монархия» атты саяси еңбегін жазады. Осылайша «жағымды жаңа стильдің» орнына Данте атағандай «көркем немесе тамаша жаңа стиль» келеді. «Тамаша стиль» Қайта өрлеу дәуірінің ұлттық бет-пердесіне жол көрсеткендей болады.



Дантенің дүниежүзіне даңқы шыққан әйгілі шығармасы — «Құдіретті комедия» (1307-1321). Бұл поэма — Италия қоғамы­ның өтпелі дәуірін жан-жақты сипаттаған, бүкіл ортаға­сыр­лық мәдениеттің философиялық түйіні, көркем синтезі іспеттес шығар­ма. «Құдіретті» деген сөз Данте поэмасының діни мазмұнын емес, оның поэтикалық шеберлігін көрсету үшін қолданылған.«Құдіретті комедияның» астарында көп мағына жатыр. Бұл — Данте поэтикасының бір түрі. Кейбір мағынасы жеке және саясатпен байланысты болып келетін «Құдіретті коме­дия­ның» қысқаша мазмұнына тоқталар болсақ, ну орманнның ішінде үрейге толы кезеңде, тү­нер­ген қараңғылықта жолдан адасқан Данте тау-қыратқа шығуға ұмтылады. Тау-қырат — әділдік пен халықтың аңсаған береке-бірлігінің нышаны. Дантеге бұл қыратқа шығу оңай көрініп, ол оған тез көтеріле бергенінде жалғандық, сатқындық пен нәпсіқұмар­лықтың ны­ша­ны болып табылатын бабыр алдынан шыға келеді. «Құдіретті Комедияның» саяси тұжырым­дамасы бойынша бұл аң олигархиялық басшы­лық­тың, әсіресе, Флоренция үкіметі­нің көрінісі іспеттес. Дегенмен Данте үмітін үзбей, бабырды айналып өтуге бел буып, жолын жалғастырып келе жатқанда, енді оның алдынан арыстан мен қасқыр шығады. Арыстан – тәкаппарлық пен зорлықтың, жауыздық мен қатыгез монархтардың аллегориясы, ал қасқыр — өзімшілдік пен ашкөздіктің белгісі. Бұл қасиет, Дантенің айтуынша, елбасы­ларға, шіркеу шенеуніктері мен «қалтасы қампиған» халық өкілдеріне тән. Дантені ең қатты шошытқан да дәл осы қасқыр, өйткені қасқыр үшін Данте қайта­дан төмен түсіп, қараңғы орманға, яғни адамзаттың қайғыға батқан жеріне оралады. Ну орманның түнегінен Данте Вергилийді көре­ді. Ол – адамзат ақылы, «данышпан көп тәңірлікке сенуші, көреген, дана», оған қоса, ол — ақын. Мұндағы Вергилий жай ғана ежелгі мифологиялық кейіпкер емес, ол адам туралы ғылымдардың – studia humanitatis көрінісі сияқты. Қайта өрлеу дәуірінің ғалымдары бұл ғы­лымға қарсы «діни ілімді», теология мен жалпы ортаға­сыр­лық шіркеулік түсінікті қояды.

Джованни Боккачо — Еуропаның қайта өрлеу дәуіріндегі гума­нис­тік әдебиет­тің Пет­рар­ка­дан кейінгі екінші негізін салушы. Екеуі дос болғанымен, Боккаччо өзін Петрарканың шәкірті деп санаған. Қайта өрлеу гумманизміне Боккаччо мүлдем басқа жолмен жеткен. Оның шығармашылығы кейінгі ортағасырдың халықтық–қалалық мәдениетіне байла­ныс­­ты болып, осы себеппен батыс жазушылары Боккаччо шығармаларын, тіпті «Декамеронды» да орта ғасырға жатқызады. Боккаччо 1313 ж. II жартысында Чертальдо қаласында қара­пайым шаруа отбасында дүниеге келген. Боккаччо 1330 ж. Неапольге қоныс аударып, әкесінің қалауымен сауда ісін, кейін құқықты оқыған. Ал оны тек қана поэзия қызықтырған. Әкесінің байлы­ғы­ның арқа­сын­да оған патша Роберт Анжуйскийдің қарамағын­дағы ғылыми-әдеби үйірменің есігі ашылады. ХІҮ ғ. бұл үйірме Батыс Еуропаның ең маңызды мәдени орталық­тарының бірі болған. Неа­поль­де болған жылдары Боккаччо ақын-гуманист ретінде атағы шыққан.


Жас ақын ақыл, қайырымдылық, батылдық, адамның тағдыры туралы көп толғанады. Оның «Декамерон» мен басқа да шығарма­ларында орын тапқан басты ерекшелік – поэтика­лық фантазияға деген құмарлығы да Неаполь әсерінен оянды десек болады. Боккаччо шығар­ма­шылығының құрылуына патша Роберт билігі кезіндегі сарай ортасы да өз әсерін тигізеді. Роберт патша сарайында Боккаччо Мария Д’Аквиноны кездес­тіріп, оған ғашық болған жазушы кейін өзінің көптеген туындыла­рында қызды Фьяметта есімімен әлемге танымал етеді. Неаполь маңайындағы табиғатқа және Фьяметтаға арналған көпте­ген өлеңдер мен «Дианаға аңшылық» атты поэмасынан басқа Дан­те­­нің «Жаңа өмір» туындысының әсерімен Боккаччо 1336-1340 ж. аралығында прозалық «Филоколо» романын және екі үлкен «Филос­трато» мен «Тезеида» поэмаларын жазады. Осы аталған шығармалардың барлығы дерлік XIY ғ. үлкен сұранысқа ие болып, жаңа италиялық әдебиеттің құрылуына айтарлықтай әсер етеді. Жас ақын ортағасырлық әдебиеттегі халық шығармашылығына тән формалар мен антикалық риторика, Вергилий, Овидий, Стацийлар­дан алынған поэтикалық тәсілдерін өз тәжірибесінде пайдалана отырып, әдебиеттің дамуына өз үлесін қосады. Сонымен қатар антикалық поэзияның кейбір жанрларын жандандырып, оларды латын тілінде емес, италия тілінде жазып шығарады.

Флоренциялық цехтағы қаызметіндегі араласқан халық пен олардың өмірлік, қоғамдық, саяси және эстетикалық идеалдары ақынға гуманизмге арналған алғашқы еңбектерін жазуға негіз болады: «Амето» (1341-42 ж.), «Мадонна Фьяметта элегиясы» (1343-44 ж.), «Фьезо­лан­дық нимфалар» (1344-46 ж.), «Ғашықтық елес» (1342 ж.) және т.б.  «Декамерон» (грек тіліндегі мағынасы «он күн») — новеллалар кітабы. Құрамында 100 новелла бар. Ол 10 күн бойы 10 жас жігіт пен қыздың ортасында оқылады.  «Декамерон» шығармасының жазылуына оба ауруы себеп бол­ды. 1348 ж. бұл дерт елдің шығысынан бастап Флоренцияға дейін тарайды. Бұл көрініс 100 жылдық соғыстан да қорқынышты болған. «Қара өлім» Флоренция тұрғындарының үштен екі бөлігін өзімен бірге алып кетеді. Осы індет кезінде Боккаччо әкесі мен туған қызынан айырылады. Бұл індетті барлығы құдайдың қаһары­нан деп, Х–ХІ ғ. қорқыныштан жүрегі ұшқан тұрғындар ақыр заман келді деп ойлаған.1348 ж. Боккаччо Флоренцияда болып, осы індеттен туындаған «сұрапыл өлімді» өз көзімен көреді. Боккаччо індетті тарихшы сияқты емес, жаңа заманның алғашқы ұлы прозаигі секілді көркем суреттеген. Шығармада індет қайғылы тарихи оқиға емес, дүниенің тоқырауы ретінде көрсетіледі.


1348 ж. бастап жазылған «Декамерон» шығармасы 1351 ж. аяқталады. Бұл шығарма қарапайым әрі түсінікті халықтық флорен­циялық тілмен жазылған проза болып табылады. ХYI ғ. Фаблио мен антиклерикалдық (дінге қарсы) қалалық новеллаларға қарағанда Боккаччо монахқа күлгені үшін емес, оларды жан-жақты бейнелегені үшін «Декамерон» өткір сынға ұшырайды. Декамерон новелласындағы әзіл сол кездегі оба ауруына қара­мастан өмірге деген сүйіс­пеншілік пен қуанышқа толы болады. Бұл әзіл жаңа гуманистік қоғамның өліп бара жатқан орта ғасырмен қоштасу әзілі етін.Боккаччо адамды тәрбиелеу неме­се қайта тәрбиелеу мүмкіндігіне құдайға қарағанда қатты сенген. Кітапта барлық кейіп­керлер, тіпті баяндаушы­лар қауымының өзі де жаңадан тәрбиеленеді. Бұл шығарма үлкен табысқа қол жеткізіп, бүкіл Еуропада кең тараған. «Декамерон» бір ғасырға озып, ондағы жаңа қоғамның идеялары, тілі мен стилі тек жүз жылдан кейін ғана жаңа италиялық проза­ның идеясы мен тіліне айналады.

Франческо Петрарка (1304-1374) – көрнекті ақын, ойшыл, ғалым. Оның шығармашы­лы­ғын­да Италиядағы қайта өркендеу дәуірінің ерекшеліктері айқын сезіледі. Петрарка 1304 ж. 20 шілдеде Ареццо қаласында дүниеге кел­ген. Оның отбасы 1312 ж. Авиньонға қоныс аударады. Петрарка жас кезінен рим әде­бие­тін көп оқиды. Әкесінің айтуы бойынша, ол әуелі Монпельеде, соңынан Болонья университетінің заң факультетінде оқыған. 1326 жылы Петрарка әке-шешесінен айырылғаннан соң заңгер қызме­тінен бас тартып, Авиньонда дін қызметкері болып тағайындалады да, Папаның сарайына жақындайды. Оның материалдық жағ­дайының жақсаруы ақынға ренессанстық гуманизмнің болмысы жағынан антиклерикалдық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Көп ұзамай ол өз заманын­дағы әйгілі ақындардың біріне айналып, оның алдына барлық Авиньондағы аристократия­лық үйлердің есігі ашылады. Мұндағы асқан байлық пен екіжүзділікті Петрарка бірнеше шығар­ма­ларында әшкерелеген. 1327 ж. Петрарка әулие Клара шіркеуінде сұлу әйел­мен кездеседі. Оған арналған өлеңдері Лаура деген атпен тарихта қала­ды. Бұл әйел туралы нақты мәлеметтер сақтал­маған, бірақ ақынның оған деген махаббаты өмірінің соңына дейін сақталады.

Негізінен Петрарканың шығармашылығын 3 кезеңге бөліп қа­рас­тыруға болады. 1318-1333 – оның білім алу жылдары. Петрарка­ның ең ерте жеткен өлеңдері латын тілінде жазыл­ған, бірақ 20-шы жылдары Петрарканы Цицерон және Вергилийге қарағанда, өзінің халық тілінде жазған ақындар қызықтырған. Оның поэтикалық негізі кейінгі «жаңа стиль­мен» байланысты болған. 1333-1363 ж. Петрарка шығармашылығының кемелденген кезі болған. Бұл аралықта «Канцоньереге» енген италия тілінде жазылған көптеген өлеңдері мен латын тілінде жазылып, аяқталмай қалған «Африка» (1339-1341)