Файл: Лекция 1. Кіріспе. Мдениет ымы жне оны мні Мдениеттануды зерттеу обьектісі жне пні.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 262

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ежелгi Қытайдың қоғамдық-саяси өмiрiне сай бұл мәселеге Конфуций (б.д.д.VI ғ.) жауап беруге тырысты. Кунфуций латын тiлiнде Кунцзы, немесе «Кун ұстаз» деген сөз. Төрт ғасырдың iшiнде адамдардың ақылы мен жүрегiн жаулап алған конфуцишілдік б.д.д. II ғ. императорлық Қытайдың ресми идеологиясына айналды. Конфуцианствоның негiз-гi қызметi шығыс дәстүрiнiң рухына сәйкестендiре отырып мемлекеттiк пен адамгершiлiктi бiрiктiруге ұмтылды. Кунфуцишілдік үлкен отбасында қарым-қатынасты бүкiл қоғам өмiрiне таратуды ұсынды. Мұны Қытайдағы дәстүрлi ритуалданған этика - ережелер (сыпайылық- әдеп, жорғы) арқылы iс-жүзiне асырудың қажеттiлiгiн айтты. Этикет - ереже Ли, бұл сүйiспеншiлiктiң немесе құштарлықтың көрнiсi емес. Әйтсе де Ли таза формальды қарым - қатынас (құқықтық заң типтес) емес әулиеттiк ынтымақтастық пен отбасалық борышқа негiзделген. Ол этикет тек ғана отбасы емес, сонымен қатар мемлекеттiк дәрежедегi нормаға да айналды.

Қытай мәдениетiнде конфуцианствомен қатар мүлде жаңа бағыт, өмiр туралы мүлде жаңа iлiм пайда болды. Ол адамды жорғылармен матап, бағдарлаудан бас тартты да, адамның шексiздiгiне баса назар аударды. Өкiнiшке орай бағы заман адам тұлғасын жете бiлiп түсiнбедi. Ал, даналар адамның iшкi дүниесiнiң шексiздiгi мен әмбебаптылығын көбнесе табиғатпен байланыстырды. Жаңа iлiмнiң негiзiн қалаған Лао-цзы өзiнiң шексiздiгiнiң бастауын табиғи барысынан алып, оны ұлы табиғат өмiрiнiң шексiздiгiмен ұласуы қажет дедi. Осыдан барып даосизм (иероглиф - «ЖОЛ») iлiмiнiң аталуы басталды.

Егер конфуцишылдік отбасының, қоғамның және мемлекеттiң тағдырымен айналысса, ал даосизм өзiнiң назарын ең алдымен адам тағдырына, адамның кәуділгi өмiрiне аударды. Осындай дүниетану түсiнiгi Ежелгi Қытай мен Онтүстiк-Шығыс Азия елдерiнiң өнерлерiнiң негiзiне ендi. Табиғатқа назарын аударып, адам уақытша болса да салт-жораланған әлеуметтiк және отбасылық өмiрдiң қыспағынан бiр босанады. Ондай сезiм өзiнiң көрiнiсiн өнерден тапты да, ол мәдениеттiң нышаны болып қалды.

Сонымен, алғашқы қауымдық магиялық әдет-ғұрыптың бастапқы архаикалық мәдениетi мен жаңа рациональдықтың синтезi құрылды. Ол басқару мен ритуалдық қоғамның нормаларында iске асырылды. Солай бола тұра, органикалық, өзiн ұдайы өндiретiн, болмыстың толықтығы мен өзiмен өзiнiң жеткiлiктiгiн, әлеуметтiк және табиғилықтың бiрлiгiнің негiзiнде табиғи реттiлiктi мойындайтын жалпы тиiмдi дүниетанымдылықтың бiр бөлiгi болып қалды.

Дiн тapихи дaмyындa үш кeзeңгe бөлiнeдi. Бipiншiciндe тaбиғи құбылыcтapды peттecтipiп oтыpaтын aлғaшқы Құдipeттiлiк жacыpын күш apқылы icкe acты дeп eлecтeттi. Бұл пoлитeиcтiк
(мифoлoгиялық дiндep) caтыcы. Keлeci кeзeңiндe aлғaшқы Құдipeттiлiктe тaбиғaт бoлмыcының жoқтығынaн тaбиғaтқa қapcы қoйылaды; жaмaндық, жaлғaн, aзaп eceбiндe тaнылып, oл бap тipшiлiктi, жәнe өмipдi жoққa бaлaмaлaды, coл ceбeптeн тepicтiгiмeн aйқындaлды. Дiннiң бұл типiнe Бyддизм epicтiк дiн) жaтaды. Aқыp coңындa, aлғaшқы Құдipeттiлiктiң үшiншi кeзeңi бoлмыcтың бipтұтacтығы мeн тoлықтығы бapлығының бipлiгi peтiндe oңқaй cипaттaлaды, oл бapлығын қaмтитын, жacaйтын күш, бeйнe бip тipi Құдaй, oл - «бәpi». Құдaйдың бұл түciнiгi (oңқaй дiн) хpиcтиaндықтa дaмиды.

Бyддизiмнiң eжeлгi үндi бpaхмaншылдықтан шығып Индиядaн бacқa дa eлдepгe тapaғaны cияқты, Ииcyc Xpиcтocтың дa iлiмi eжeлгi eвpeй хaлқының дiнi иyдaизмнeн пaйдa бoлып, хaлықapaлық әлeмдiк дiндepдiң бipiнe aйнaлды. Xpиcтиaндықтapдың қacиeттi мәтiнiнiң жинaғын eжeлдeн бacтaп-aқ қapaпaйым түpдe «Kiтaп» дeп aтaлынды. «Библия» гpeк тiлiндe дe «Kiтaп» дeгeндi мaғынaны бiлдipeдi, нeгiзiндe eкi бөлiктeн тұpaды. Бipiншici, Библияның хpиcтиaндықтap мeн иyдaизмгe opтaқ eң көнe бөлiгi «Beтхий Зaвeт» дeп aтaлынaды. Oғaн хpиcтиaндық Библияғa eкiншi бөлiгiн қocaды, oндa иyдeйлiк Библиядa жoқ «Новый завет» aңa өcиeт).

1. Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану. Оқулық. Қаржы-қаражат баспасы. Алматы-2002)

2. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану. Оқулық. Алматы. 2004.

4. Философиялық энциклопедия. Алматы. 2004.

Қосымша әдебиеттер:

1. Философия және мәдениеттану. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 1998.

2. А.И.Шендрик. Теория культуры. М., 2002.

3. Алъ-Фараби. Философские трактаты. -Алматы, 1970.

4. Баласағұн Ж. Құтты білік, Алматы, 1986.

5. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии: Эпохи и цивилизации. -М., 1993.

6.. Гуревич В.В. Памятники средневековой культуры. М., 1982.

7. Нурланова К.Ш. Человек и мир. Казахская национальная идея. - Алматы, 1994.


Лекция № 5. Антика мәдениеті

  1. Антика дүниесі мәдениетінің сипаты мен дамуы.

  2. Эллинизм дәуірінің мәдениеті.

3. Ежелгі Рим әдебиеті, ғылымы мен өнері

4. Ежелгі Рим мәдениетіндегі сабақтастық және жаңашылдық, сарындары, әлемдік мәдениетке қосқан үлесі.

Мақсаты: Антика мәдениеттің сипаты мен даму кезеңдерін қарастыру, ежелгі рим мәдениеттегі сабақтастың пен жаңашылдың сарындарын білу

Міндеттері: Студенттерді ежелгі грек, эллинизм дәуір,рим мәдениеттерімен таныстыру, олардың ерекшеліктерін анықтау.

Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекция мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик» - көне, ежелгі деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты олданған. Бұл мәдени мұра Европаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының т.б. дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптауына елеулі ықпал жасады. Грек және Рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемдік, қарапайымдық, шыншылдық және шеберлік қасиеттерімен, белгілі болды мәдениеттің алқақ үлгісі ретінде күніі бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.

Ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе грек мәдениетіне ерекше мән береді. Дүниежүзілік мәдениетпен таныстығыленудың өзі де гректердің таңқарларлық мәдени қазынасы мен ұшқыр ақыл-ой иелерімен танысудан басталады. Мұндай ақыл-ой даналығы поэзияда, саясатта, ғылымда, құқықта, сәулет, мүсін т.б. Өнер саларында кең көрініс тапты. Көне мәдениеттің жарқын беттері Эсхия, Софокл, Платон, Геродот, Фукидия, Демокрит, Платон, Аристотель сияқты ұлылар есімімен тығыз байланысты.

Грек халқының ежелгі мәдениетінің ең ерте шағы Эгей өнерімен сабақтас. Б.з.д. ІІ-мыңжылдықта Эгей мәдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы мен Пелопоннес түбегіндегі Микены болғандықтан да, Эгей өркениетін Крит-Микены мәдениеті деп атайтын болған.

Грек, ақындары, философтары, тарихшылары, мүсіншілері, суретшілері миф оқиғалары мен олардағы басты кейіпкерлерді өз шығармаларына арқау ете отырып, заман ағымына сәйкес жаңа мазмұн беріп отырды.

Гомер дәуірінде әдебиет саласында тамаша туындылар өмірге келді. Ақын Гесиод жазған «Теогония» (құдайлардың шығу тегі жөнінде) және «Еңбектер мен күндер» атты дастандары – гректердің көңілінен шықты. Лирикалық поэзияның Архилог, Солон, Алкен, Анахреонт және т.б. адамның ішкі жан-дүниесін жырлауға ерекше назар аударды.


Б.з.д. грек-парсы соғыстары (500-449 ж) Грекция тарихында бетбұрыс кезең болды, өйткені осы уақыттан бастап грек мәдениетінің классикалық кезеңі басталды. Азаттық жолындағы күресте парсылардың талғандалуы экономикалық және саяси өмірдің жанданып, мәдениеттің гүлденуіне әкеліп соқты. Б.з.д. 5 ғ Афина, Периклдің басшылығы кезінде аса ірі мәдени орталыққа айналды. Грек театры гүлденіп, трагедиялық және комедиялық шығармалар дүниежүзілік әдебиеттің асыл қазынасына енді (Эсхил, Софокл, Еврипид, Аристофан).

Философиялық мектептердің біразы мәдениет жетістіктерінен безініп «елеусіз өмір сүру» принцпипін уағыздады, өз заманының саяси оқиғалары түсті суреттелетін мән-мағынасыз комедиялар пайда болған тарихи жағдайда грек мәдениетінің тоқырау кезеңі басталды.

Эллинизм кезеңі А.Макендонскийдің бүкіл Грекияны жаулап алуымен тығыз байланысты болды (б.з.д. 356-323). Ол 10 жыл ішінде Кіші Азия жағалауынан Үндістан шекараларына дейін, Қара теңізден араб Сахараларына дейінгі ұланғайыр жерді басып алды. Ежелгі дүниеде осындай орасан зор мемлекет еш уақытта болып көрмеген болатын. Сөйтіп, грек мәдениеті тарихында эллинизм кезеңі басталды. Бұл дәуір грек мәдениетінің таралу дәуірі болды, яғни бұл кезеңді Шығыс пен Батыс елдері мәдениетінің тоғысу кезеңі деуге болады.

Өздерін парсы билеушілерінен азат еткені үшін Египет абыздары Александарды күн құдайы Амонның перзенті деп жариялады. Александр өзін Македонияда да, Грекияда да құдай деп санауға өмір берді. Грек мәдениеті жетекші орында болды.

Сауданың дамуы, шығыста жаңа қалалардың пайда болуына ықпал етті. Мысырдағы Алексаирия, Сириядағы Антохия Кіші Азиядағы Пергам эллиндік елдердің мәдени орталығына айналды. Жаулап алынған халықтар грек, мәдениетін қабылдады. Шығыс өркениетімен өзара ұштасудан – дию-пері адамдар, бүркіт басты, қанатты арыстандар, грифондар, өлгендердің аруағы боп есептелінетін адам басты құстар – сиреналар т.б. пайда болды.

Ел билеушілері өз сарайларының сән-салтанатына ерекше мән берді және өз даңқын арттыру үшін өз маңдарына өнер мен ғылым өкілдерін топтастырып, өз сарайларын мәдени орталыққа айналдырды, ірі ғалымдар мемлекет есебінен ғылыми жұмыстар жүргізді.

Б.з.д ІІ ғ өмір сүрген мүсінші Александрдың жасаған «Милос Венерасы» деген атпен тарихқа енгн Афродитаның мүсіні әлемге белгілі құндылық (Париждегі Лувр музейінің мақтанышы).

Эллинизм дәуірінде патшаны құдай дәрежесінде мадақтауға негізделген – монархтарға табынды. Ежелгі Рим мәдениеті басталды. Этрустар мәдениеті Апенин түбегіндегі ең көне өркениет саналды. Этрустар егіншікті жетіп меңгерген. Олар салған жолдар, көпірлер, қазған каналдар туралы Рим тарихшылары таңырқай жазды.


Этрустардың әлем туралы дүниенің жаратылуы туралы түсініктері вавилондықтарға өте ұқсас болды. Б.з.д. VII-VI ғ Этрурия шеберлері Жерорта теңізінің барлық елдеріне танымал өзгеше керамика жасауды меңгерді және асыл металдарды өңдеу тәсілдерін жетіп меңгеріп өте нәзік зергерлік бұйымдар жасады.

Үздіксіз соғыстар мен әлеуметтік қақтығыстардың салдарынан этрурияның мәдениеті б.з.д. 5 ғ құлдырай бастады. Б.з.д. 474 ж оңтүстік итальян қалаларыныңң біріккен флоты этрустарға күйрете соққы берді. Сөйтіп құлиеленушілік Рим біртіндеп бүкіл Этрурияны бағындырды. Бұл кезең патшалық дәуір аталды.

Рим республикасының кезеңі басталды. Дүниежүзілік өркениетке гректердің, римдіктердің де қосқан үлесі ұман теңіз, бұл ұлы халықтар бірін-бірі толықтырып отырды.

Римнің әскер басылары жаулап алынған грек қалаларынан өнер шығармаларын кемемен тасып әкетіп жатты. Римнің храмдары мен алаңдары Мирон, Фидий, Сконас, Поликлет, Лисипп, Пракситель сынды ұлы шеберлердің мүсіндерімен толды, олардың көшірмелері дайындалды.

Рим әдебиетіне грек әдебиетінің ықпалы зор болды.

Бұл дәуірдің ең дарынды жазушылары, прозаның шеберлері Баррон мен Цицерон болды. Барроның (б.з.д. 116-27 ж) ең әйгілі «Древности для божеских и человеческих» атты шығармасы әрі тарихи, әрі географиялық, әрі діни энциклопедия болды. Ал аса көрнекті қоғам қайраткері, шешен, дарынды заңгер, философ, жазушы Цицерон саясатқа байланысты «Мемлекет туралы», «Заңдар туралы» және т.б. ғылыми трактаттар жазды. «Құдайлардың табиғат туралы», «Көріпкелдік туралы», «Қарттық туралы», «Академиктер ілімі туралы», «Тағдыр туралы», «Достық туралы», «Жамандық пен жақсылық туралы» философиялық трактаттар жазды. Империя қалаларында бірнеше қабатты үйлер, соттар мәжілісі өтетін, сауда-саттық жүргізетін, ұзына бойына колонналар қатарымен бөлінген «базиликалар» деп аталатын портиктер, гладиаторлар шайқасатыын орасан зор амфитеатрлар, жүзу бассейндері, спорттық алаңдар, бай кітапханалар, моншалар т.б. көбейді.

Әдебиеттер:

1. Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану. Оқулық. Қаржы-қаражат баспасы. Алматы-2002)

2. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану. Оқулық. Алматы. 2004.

3. Философиялық энциклопедия. Алматы. 2004.

4. Кенни Энтони Батыс философиясының жаңа тарихы, 1-том, Антика философиясы. – Алматы:2018 ж.

5. Кенни Энтони Батыс философиясының жаңа тарихы, 2-том, Орта ғасыр философиясы. - Алматы: 2018 ж.

6. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін. – Алматы: 2018ж.