Файл: Билет 11 Дниетану пндерін оытуды маыздылыын атаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 114

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру түрлі мынандай әдістерімен жүргізіледі: әңгіме, әңгімелесу, түрлі қызықты қосымша кітаптармен жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс, бақылау, тәжірибе жүргізу т.с.с. әдістер жатады. Кластан тыс жұмыстар ұқыпты дайындықты қажет етеді. 



3. Сабақтың тақырыбы: Адам өмірінде табиғат жағдайының алатын орны

Бөлім:

Қоршаған орта

Мұғалімнің аты-жөні

Бекова Г.К

Күні:




Сынып: 2 В







Сабақтың тақырыбы

Адам өмірінде табиғат жағдайының алатын орны

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.2.2.1 ауа райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсерін талдау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: ауа райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсерін талдап айта алады.

Көптеген оқушылар: картадан жер бедерін таба алады.

Кейбір оқушылар: тақырыпқа қатысты өз ой- пікірін айта алады.

Бағалау критерийлері

- ауа райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсерін талдап айтады;

-картадан жер бедерін табады.



     Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді.

Оқу материалын жариялау

«4 сурет, 1 сөз» әдісі арқылы жүреді:

Берілген суреттерге қарап, ортақ бір сөзді табыңдар.

-Қандай сөз шықты? (табиғат)

- Табиғат туралы не айта аласың?

- Барлық жердің табиғаты, бедері бірдей бола ма?

-Жергілікті жеріміз осы суреттегілердің қайсысына көбірек ұқсайды?

- Ендеше бүгінгі сабағымызда адам өміріне табиғат жағдайларының тигізетін әсері жайлы оқып үйренетін боламыз.

  1. Ширату жаттығуын орындайды.



Мағыналы сөздерді тауып, тақырыпты шығарады. Сұрақтарға жауап береді.

«Бағдаршам» тб










Сабақтың ортасы

30 мин


(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі арқылы жүзеге асады. Дәптермен жұмыс жүреді.

А) Қазақстанның физикалық картасынан таулар мен жазықтарды, өзендер мен көлдерді көруге болады. Оларды картада қандай түстермен көрсеткен? Қалай аталады?

Ә) Мәтінді оқып таныс.

Сусыз жерде, шөлде қалай өмір сүруге болады?

Егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысу үшін қандай табиғат жағдайы қолайлы?

Дескриптор:

-Сұрақтарға жауап береді.

- Сусыз жерде, шөлде қалай өмір сүруге болатынын болжайды.

-Егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысу үшін қандай табиғат жағдайы қолайлы болатынын айтады.

- Мәтінді оқиды.

(Д) 2- тапсырма «Жағдаяттық сұрақтар» әдісі арқылы жүреді.

А) Сен үлкен өзеннің бойында, жанында шағын орманы бар жерде тұрасың делік. Мұндай жерде қандай шаруашылықпен айналысқан жөн?

Ә) Картаға қарап, ертедегі Қазақстанның орталық бөлігінде тұрған адамдар қандай кәсіппен айналысқанын болжап айт. Неліктен олай ойлайсың?

Б) Біздің аймағымызда жер бедерінің қандай түрлері кездеседі?

Дескриптор:

- Шағын орманы бар жерде шұғылдануға болатын шаруашылық түрін айтады.

- Ертедегі Қазақстанның орталық бөлігінде тұрған адамдар қандай кәсіппен айналысқанын болжап әңгімелейді.

- Өз аймағында жер бедерінің қандай түрлері кездесетіні туралы әңгімелейді.

Саралау тәсілі: «Тапсырма» әдісі арқылы жүргізіледі.

Кейбір оқушыға:

- Сен тұратын жерде қандай өзен-көлдер бар? Оның шаруашылыққа қандай әсері бар?

-Сұрақтарға жауап береді.

- Сусыз жерде, шөлде қалай өмір сүруге болатынын болжайды.

-Егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысу үшін қандай табиғат жағдайы қолайлы болатынын айтады.

- Мәтінді оқиды.

- Шағын орманы бар жерде шұғылдануға болатын шаруашылық түрін айтады.

- Ертедегі Қазақстанның орталық бөлігінде тұрған адамдар қандай кәсіппен айналысқанын болжап әңгімелейді.

- Өз аймағында жер бедерінің қандай түрлері кездесетіні туралы әңгімелейді.

ҚБ: 1-10 балдық жүйе.

ҚБ: 1-10 балдық жүйе.




Слайд №1

Оқулық,карта



Слайд №2

Жергілікті жердің таулары
Слайд

3

Аймақтағы жер бедері

Оқулық, дәптер


Сабақтың соңы

2 мин

Рефлексия: «Қол белгісі» әдісі бойынша өтеді.

Бас бармақ- өзімді қалай сезіндім?

Балан үйрек- басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек- бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек- бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек- бүгін не үйрендім?

Оқу тапсырмасы: Мәтінді оқып жер бедері жайлы әңгімеле.

Тапсырма бойынша ой қорытып, сабаққа рефлексия жасайды.


























Билет №19
1. Дүниетану оқулықтарын талдаңыз (1-4 сыныптар бойынша)

2. Бақылау әдісін қолданудың ерекшелігін атаңыз

3. Дүниетану пәні бойынша 3 сынып «Атақты тұлғалар» аралас тақырыбындағы «Батырлар - Отанымыздың қорғаны. Билер-Ұлы даланың даналары» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар құрастырыңыз және талдаңыз