ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 118
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ойын іс-әрекеттері арқылы оқыту
Оқу үдерісінде білімді меңгертуде оқу әдісі ретінде ойын іс-әрекетін қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Педагогикалық ойын технологияларың басты элементтері – ойын алдында оқушыларға нақты оқу мақсаты қойылады; ойын арқылы белгілі педагогикалық нәтижеге қол жеткізу жоспарланады, оқу әрекеті ойын ережелеріне бағынады, оқу материалы ойынның құралы болып табылады. Оқушылардың сабақтағы ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған ойын әдісі арқылы, олардың шағын топтың өзге мүшелерінің пікірін сыйлауына, әртүрлі өнімді іс-әрекет негізінде соңғы нәтижені алдын-ала көре білуіне, өзбетіндік іс-әрекетін жоспарлауына, мақсатқа жету амалдарын таңдауына мүмкіндік беріледі..
3.
Билет №17
1. Ойын іс-әрекеттері арқылы оқытуды ұйымдастыру жолдарын ашыңыз
2. Бастауыш сыныптағы Дүниетану пәнінің стандарты. Бастауыш сыныптардағы «Дүниетану» пәнінің оқу бағдарламасының мақсаты мен міндеттері, мазмұнын талдаңыз
3. Дүниетану пәні бойынша 1 сынып «Өзім туралы» аралас тақырыбындағы «Отбасы өмірі» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар құрастырыңыз және талдаңыз
1. Балалар мен жасөспірімдердің іс-əрекеттерінің негізгі түрлері – ойын, оқу, еңбек. Бағдары бойынша іс-əрекет танымдық, қоғамдық, спорттық, көркемөнерлік, техникалық, кəсіптік, құмарлық (гедоникалық) болып ажыралады. Барлық жастағы оқушылардың іс-əрекеттерінің ерекше түрі – тілдесу, қатынасу (ортақтасу).
Оқу үрдісінде ойын оқытудың әрі формасы, әрі әдісі де болып табылады, сол себепті ойын әрекеті оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің бірлескен, өзара байланысты технологиясының дидактикалық категориясы ретінде де қарастырылады.
Ойын - өз алдына оқыту үрдісі, жеткіншектерді еңбекке дайындаудың белсенді құралы. Ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді.
«Дүниетану» оқу пәнінің жалпы мақсаты бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық құндылық ретінде табиғат, адамды қоршаған әлеуметтік орта, табиғат пен қоғамның бір-бірімен байланысы және өзара тәуелділігі түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Дүниетану сабақтарында ойын технологиясымен оқыту шеңберін жүзеге асыруға негізделген негізгі міндеттер:
-өзіндік жұмыстың дағдысын дамыту мен бекіту
-жағымды ойлай білу ептілігі
-өзара әрекет етуді ұйымдастыру
-шешімді қабылдау және оның орындалуын ұйымдастыру.
Дидактикалық ойын арқылы балаларда табиғатқа және әлеуметтік ортаға деген ғылыми-танымдық, эмоциялы-адамгершіліктік қатынастарды қалыптастыруға болады. Ойын оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырудың маңызды құралы. Сондықтан да бастауыш сынып оқушылары сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Яғни, алты жасарлармен ойналатын ойынның мазмұны жеңіл болады, ал сыныбы жоғарылаған сайын, яғни екінші, үшінші, төртінші сынынтарда бұл ойынның мазмұны күшейеді.
Дүниетану пәні сабақ жоспарларын үш саты бойынша құрауға болады. Әр кезең «стратегиялар» арқылы жүзеге асады. Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне тоқталып өтейік.
Бірінші кезең – қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады.
Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар - оқушылардың жан-жақты дамуына қызмет етеді. Олар сөздік ойындар, столда ойналатын ойындар, «Жұп картинкалар», «Лот», «Домино» балалардың ойлау қабілеттерін дамытады.
Экологиялық мазмұндағы ойын сабақтары - экологиялық білім беруге және соған сәйкес педагогикалық қорытынды жасауға бағытталған іс-әрекет.
Бұл сабақтардың мақсатты бағыттылығының спектірі әртүрлі:
- дидактикалық- оқушылардың табиғатқа және қоршаған ортаға деген көзқарастарын кеңейтіп, табиғатты қорғауға қажетті практикалық іс-әрекеті жөніндегі дағдыны қалыптастырады;
- тәрбиелік- табиғатқа деген адамгершілік-этикалық позициясын, дүниетанымын қалыптастырады, ұйымшылдыққа, ұжымға тәрбиелейді;
- дамытушылық- ес, зейін, ойлау, қиял, шығармашылық қабілеті, симпатиясы, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын таба білу сияқты дағдысы дамиды;
- әлеуметтену- табиғатта және қоршаған ортада өз-өзін ұстай білуге үйрету; табиғат ортасына бейімделу.
2. «Дүниетану» пәнінің маңыздылығы «Дүниетану» оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартына сәйкес «Адам және қоғам» білім беру саласының жоспарланған білім нәтижесіне қол жеткізуге бағытталып дайындалған, интеграциялық-пропедевтикалық сипатымен ерекшеленеді. Дүниетану оқу пәні негізгі орта білім беру деңгейінде қоғамдық-гуманитарлық пәндерді игеруге негіз болады. Дүниетану - адам, табиғат және қоғам, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пән. Оқу пәнінің нысаны – адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта және т.б. «Дүниетану» пәнін оқыту: - оқушыларда өзіндік, қоғамдық және ұлттық сана мен отансүйгіштік қасиеттерді, адамгершілікті қалыптастырады; - оқушыларға қоршаған ортасы туралы ғылыми негіздерді меңгерте отырып, тарихи, географиялық тұрғыдан ойлауын дамытады; - Қазақстанның және бүкіл әлемнің өткен және бүгінгі күн оқиғалары, олардың себептері, өзгерістері, сабақтастығы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы білім қалыптастырады; - әлемнің бүгінгісі мен болашағына өткен замандағы оқиғалардың тигізетін әсері туралы түсінуін тереңдетеді; - оқушылардың бойында өз халқының және өзге халықтардың мәдениеті, дәстүрін сыйлай білу, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды құрметтеу сезімі қалыптасады, - оқушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді түсінуіне жағдай жасайды; - қоғамдық әдеп нормаларын ұстану қажеттілігін және әлеуметтік ортада қауіпсіздік тәртіп ережелерін сақтай білуін қамтамасыз етеді; «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты «Дүниетану» оқу пәнінің мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан оқушылардың бойында адамның табиғи және әлеуметтік ортасы, табиғат пен қоғамның байланысы мен өзара тәуелділігі туралы білімдер жүйесін қалыптастыру. Пәннің міндеттері: - оқушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен объектілерінің өзара байланысы мен тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыру; - оқушыларда табиғи, әлеуметтік пен технологиялық ортадағы өзін ұстау және өмір қауіпсіздігі нормаларын қалыптастыру; - оқушылардың бойында табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану әдістерін: бақылау, эксперимент, сауал және т.б. тәжірибелерінің қалыптасуын қамтамасыз ету; - оқушылардың танымдық әректеін дамытуды қамтамасыз ету; - оқушылар бойына қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесін дарыту; - оқу пәні арқылы оқушының бойында өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына адамгершілік, ізгілікті тұрғыдағы қатынастарды қалыптастыру. |
3. Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Дүниетану Күні: 02.09.2019ж Сынып 2ә | Мектеп: Петропавл қаласы, «№ 25 жалпы білім беретін мектеп » КММ Мұғалім: Тлеужанова Алтын Серікқызы | ||||||
Сабақ тақырыбы | Менің отбасым | | | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
| ||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Отбасы ұғымын түсінеді. Отбасындағы мерекелік күндерді біледі. Көптеген оқушылар: Отбасындағы туыстық қарым-қатынас атуларымен атай алады. Жай күндер мен мереке күндерінің айырмашылығын айтады. Кейбір оқушылар: Отбасындағы «шежіре», «отбасы дәстүрі» сөзінің мағынасын айта алады.7 атысын атай алады. | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Отбасы , отбасылық шежіре, отбасылық дәстүрлер Отбасы – семья – family; Отбасылық шежіре – родословная - geneology; Отбасылық дәстүрлер – семейные традиции - family traditions; | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. Отбасы ұғымы сүйіспеншілік және қамқорлық туралы алғашқы ізгі ниеттерін қалыптастару. Отбасы дәстүрлерді өткізу отбасы мүшелерін ұйымшыл етіп қуаныш сыйлату. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика. Көркем еңбек. Сауат ашу | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Аудио жазылым, интербелсенді тақта. | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар сурет бойынша сөйлем құрып, шағын мәтін жазады. Ойын жеткізуде сөйлемді дұрыс құруға қалыптасады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 1минут | Ынтымақтастық ахуал орнату «Сәлемдесу» тренинг Қатысушылар шеңбер бойынша тұрады. Көршілерімен сәлемдесу дәстүрлі емес түрде өтеді.
| Әуен ойналып тұрады, | |||||
Сабақтың ортасы 4 минут 8 минут 6 минут 3минут 1минут 1 минут 3 минут | Ширату жаттығуы «Түймедақ» ойыны. Түймедақ ортасына «отбасы» сөзін жазып қоямыз. Оқушылар әр жапыраққа осы сөзге қатысты сөздерді жазуы тиіс. Осы тірек сөздер арқылы 2 топқа бөлінеді: ата, әже. Сұрақтар қойылады: - Отбасының басқа адамдар тобынан айырмашылығы неде? - Біздің сыныпты отбасы деп атауға бола ма? Отбасы – семья – family; Отбасы – ең жақын туыс адамдар. Әр отбасында жақсы қарым-қатынас болуы өте маңызды. Отбасы мүшелерін отбасылық дәстүрлер біріктіреді. Отбасылық дәстүрлер – семейные традиции - family traditions; -Сендер өз отбастарында қандай дәстүрлерді атап өтесіңдер? 1-тапсырма: 1-топ: «Бірге ойлаймыз» топпен жұмыс -Суретте кімдер бейнеленген? - Бұл адамдарды біріктіретін не? - Өз отбасы туралы әңгімеле? - Отбасының үлкені кім? - Оған отбасы мүшелері қалай қарайды? 2-топ: Рөлдік ойын «Қонақжайлылық» топпен жұмыс Рөлдерге бөлініп, талқылайды.Отбасы мүшелеріне назар аударып, үлкендерге, қонақтарға құрмет көрсете алғандарын,әр топтың жақсы жақтарын айтады. (Қ.Б) «Бас бармақ» арқылы бір бірін бағалайды. (өзара бағалау) Д: Сурет бойынша әңгімеледі. Өз отбасындағы үлкен адамын атады, қонақжайлығын көрсетті. 2 -тапсырма: Миға шабуыл. Ребус шешу арқылы «шежіре» сөзін табады. , ,,,,, , ,, ,, , , , , ШЕЖІРЕ Отбасылық шежіре – родословная - geneology; Әр әулеттің өз тарихы бар. Сенің әулетінің тарихи-ата-бабаларының өмірі. Отбасының мұндай тарихын шежіре деп атайды. Оқушыларға «Жеті ата» туралы аудио жазылым тыңдалады. *Кім жеті атасын біледі? Атап айтады. ҚБ): ауызша мадақтау Д: Ребус шешіп, «шежіре» деген сөзді тапты. Кейбір оқушылар жеті атасын атап кетті. Қима сөздерді құрастыру арқылы шежіре құрастырады. Әке Бала Немере Шөбере Шөпшек Немене Туажат Дереккөздерді пайдаланып дұрыс жауабын анықтайды. Дискриптор:
Сергіту сәті Бір үйде біз нешеуміз, Кел, санайық екеуміз. Бас бармағым – әкем, Балаң үйрек – апам, Ортаң үйрек – ағам, Шылдыр шүмек – мен Титтей бөбек – сен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз – бесеуміз. 3-тапсырма: «Кім не істейді?» Мнемотехника әдісі бойынша суретпен жұмыс. Балаларға суреттер таратылады. Балалар берілген суреттерді байланыстырып сөйлем құрайды, отбасы мүшелерінің арасындағы қамқорлықты бейнелейтін суреттерді белгілеңдер. Қамқорлық жасау дегенді қалай түсінесіңдер? Жұпта талқылаңдар? Д: отбасы мүшелерінің арасындағы қамқорлықтың бейнелейтін суреттерді көрсетті.Қамқорлық туралы өз ойларын қорытып айтты, сөйлем құра алды. 4- тапсырма :Дәптермен жұмыс Отбасы және өзіңнің суретіңді салу Қ.Б: «2 жұлдыз, 1 тілек» Д: отбасы және өзінің суретін сала алды. | Әуен, флепчат, маркер Оқулық 3бет рөлдік ойынға арналған үлестірмелі парақшалар Интербелсенді тақтада суреттер Аудиожазылым Қимыл-қозғалысмен көрсетеді Дәптер 20-бет | |||||
Сабақтың соңы 3 минут 5 минут | Рефлексия. «Тату – тәтті отбасы» ойыны
Қандай дәстүрлі тағамдарды білесің? Кері байланыс: «Бес саусақ» Үйге тапсырма :өз отбасылары туралы коллаж жасап келу. | | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Топтық, жұптық, жеке | «Бас бармақ», ауызша мадақтау, «2 жұлдыз, 1 тілек», кері байланыс«Бес саусақ» | |
Билет №18
-
Жобалық ұстанымның ерекшелігін атаңыз -
Кіріспе сабақ. Аралас сабақ. Сарамандық сабақ. Заттық сабақ. Осы сабақтарды өткізудің маңыздылығын сипаттаңыз
-
Дүниетану пәні бойынша 2 сынып «Қоршаған орта» аралас тақырыбындағы «Адам өмірінде табиғат жағдайының алатын орны» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар құрастырыңыз және талдаңыз
1. Жобалық ұстаным
Оқу жобасы – оқушының немесе оқушылар тобының ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық немесе практикалық сипаттағы проблемаларды шешу жөніндегі
нәтижелерге қол жеткізу үшін бағытталған оқу-танымдық әрекеті. Ортақ мақсатымен, келісілген әдістер мен іс-әрекеттердің реттілігімен, кеңейтілген шешімдер мен белгілі
тәсіл бойынша рәсімделген нәтижелермен сипатталынады. Бұл әдіс білім алушының өз алдына жеке проблема қойып, оны шешуде өзбетіндік іс-әрекетін танытуымен
сипатталады. Бастауыш деңгей білім алушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес жобалау әдісі толығымен жүзеге асырылмайды. Бірақ, жобалау іс-әрекетінің алгоритімі (жоба – мұғалімнің көмегімен білім алушының маңызды проблеманы шешудегі өзбетіндік іс- әрекет кешені) толығымен сақталады. Бөлім мазмұнымен танысу аясында білім алушылардың ұжымдық/топтық жобалар бойынша жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады. Жобалық жұмыстарды ұйымдастыру сабақпен шектелмейді, сондықтан да сабақ-сабақтан тыс интеграцияда қарастырылады.
2. Заттық сабақ – балалардың танып білетін заттың суреті немесе модель түрінде емесе тікелей өзімен жұмыс жүргізетін сабақты айтады.
Заттық сабақтар - бұл оқушылардың айналасындағы материалдық дүниені құрайтын кез келген жеке бір зат не болмаса дене туралы сабақ. Оған табиғаттың алуан түрлі заттары - минералдар, өсімдіктер, жануарлар, табиғи материалдардан жасалған әр түрлі заттар жатады.
Заттық сабақтар оқушыларға дүниетануының алғашқы сатысы- нақты қабылдаумен қатар айналадағы дүниенің формасы мен құбылыстары туралы айқын материалистік ұғымдардың жинақталуын қамтамасыз етеді. Балалардың заттармен - материалдық дүние бөліктерімен тікелей танысуы нәтижесінде игерген өмір тәжірибесі негізінде оны дүние көрінісі жайындағы ұғымы тереңдеп, кеңейеді және адамның тұрмыстық тәжірибесі қалыптасады.
Заттық сабақтар заттармен алғашқы рет түйсік арқылы танысуға мүмкіндік беру керек. Танып біліп отырған затымыз біздің сезім мүшелерімізге әсер ететін болса, онда таныс емес затымызды білетін болып шығамыз.