ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 113
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Билет №11
1. «Дүниетану» пәндерін оқытудың маңыздылығын атаңыз
2. Тұлғаға бағытталған ұстанымның ерекшелігін сипаттаңыз
3. Дүниетану пәні бойынша 3 сынып «Су - тіршілік көзі» аралас тақырыбындағы «Туристің қайда саяхаттағаны дұрыс?» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар құрастырыңыз және талдаңыз
1. Дүниетану оқу пәні негізгі орта білім беру деңгейінде қоғамдық-гуманитарлық пәндерді игеруге негіз болады. Дүниетану - адам, табиғат және қоғам, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пән. Оқу пәнінің нысаны – адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта және т.б.
«Дүниетану» пәнін оқыту:
оқушыларда өзіндік, қоғамдық және ұлттық сана мен отансүйгіштік қасиеттерді, адамгершілікті қалыптастырады;
оқушыларға қоршаған ортасы туралы ғылыми негіздерді меңгерте отырып, тарихи, географиялық тұрғыдан ойлауын дамытады;
Қазақстанның және бүкіл әлемнің өткен және бүгінгі күн оқиғалары, олардың себептері, өзгерістері, сабақтастығы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы білім қалыптастырады;
әлемнің бүгінгісі мен болашағына өткен замандағы оқиғалардың тигізетін әсері туралы түсінуін тереңдетеді;
оқушылардың бойында өз халқының және өзге халықтардың мәдениеті, дәстүрін сыйлай білу, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды құрметтеу сезімі қалыптасады,
оқушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді түсінуіне жағдай жасайды;
қоғамдық әдеп нормаларын ұстану қажеттілігін және әлеуметтік ортада қауіпсіздік тәртіп ережелерін сақтай білуін қамтамасыз етеді;
«Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты
«Дүниетану» оқу пәнінің мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан оқушылардың бойында адамның табиғи және әлеуметтік ортасы, табиғат пен қоғамның байланысы мен өзара тәуелділігі туралы білімдер жүйесін қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:
- оқушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен объектілерінің өзара байланысы мен тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыру;
- оқушыларда табиғи, әлеуметтік пен технологиялық ортадағы өзін ұстау және өмір қауіпсіздігі нормаларын қалыптастыру;
- оқушылардың бойында табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану әдістерін: бақылау, эксперимент, сауал және т.б. тәжірибелерінің қалыптасуын қамтамасыз ету;
- оқушылардың танымдық әректеін дамытуды қамтамасыз ету;
- оқушылар бойына қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесін дарыту;
- оқу пәні арқылы оқушының бойында өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына адамгершілік, ізгілікті тұрғыдағы қатынастарды қалыптастыру.
Оқу үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер
2.Тұлғаға бағытталған ұстаным.Тұлғаға бағытталған ұстанымның мақсаты оқу үдерісін дараландыру, оқу үдерісінде тұлғаны, оның жеке психикалық және физиологиялық ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен жүріс-тұрыс уәждерін, әлеуетті қабілеттіліктерін ескере отырып үйлесімді қалыптастыру және жан-жақты дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін толық ашу.
Іс-әрекеттік ұстаным Іс-әрекеттік ұстанымның негізгі мазмұны –оқушыбілімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіреді, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынады, оның ережелер жүйесін түсінеді және қабылдайды, жетілдіруге белсенді қатысады. Ол өз кезегіндебілімдердің, біліктердің, оқып-үйрену және кең ауқымды дағдылардың белсенді әрі сәтті қалыптасуын қамтамасыз етеді.Оқушылардың оқу әрекеттері келесі басты санаттар бойынша топтастырылған: «біледі», «түсінеді», «талдайды», «бағалайды», «синтездейді».
3. Бекітемін:
Бөлім: | Су – тіршілік көзі |
Педагогтің аты-жөні: | Копжасарова Г.Б. |
Күні: 04.04.2023 | Мектеп : №22 ЖОББМ |
Сыныбы:3 «б» | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Туристің қайда саяхаттағаны дұрыс? |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 3.2.4.1 Қазақстанның барынша тартымды туристік нысандардың рейтингісін жасау. |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар үшін Білім алушылар Қазақстанның тарихи-мәдени, табиғи-туристік нысандары туралы білетін болады Көпшілік оқушылар үшін: Білім алушылар Қазақстан аумағындағы танымал туристік нысандардың рейтингісін жасауды үйренеді |
Құндылықтарға баулу: | «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. 8 мин. | (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады. 3. Оқушыларды топтарға біріктіру. | Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. | Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі. | Оқулық, жұмыс дәптері Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы (Қазіргі жағдайда) ДК экраны |
Жаңа сабаққа кіріспе | (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі. Өзгенің пікірін толықтырады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. | 1. Туристің қайда саяхаттағаны дұрыс? 2. Біздің елімізде қандай табиғи, тарихи, мәдени туристік нысандар бар? 3.Турист дегеніміз кімдер? | Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. | Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу 30 мин. | Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді | Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. | Оқушыларды ынталандыру мақсатында «мадақтау» арқылы бағалау | 3-сынып оқулығы |
| Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. | 1-тапсырма: Саяхат бағытын таңда. Оқушылардың әңгімесін тыңдап, ой бөліс. 2-тапсырма: Суреттердің қайсысы тарихи-мәдени, қайсысы табиғи және тәуеп ету туристік нысандарына жатады? 3-тапсырма: Топтарға бөлініп, Қазақстан бойынша саяхатта 1. Интернет желісінің мүмкіндігін пайдаланып, Батыс, Шығыс, Солтүстік, Оңтүстік және Орталық Қазақстандағы туристік орындарға саяхаттаңдар. 2. Туристтік нысандар жайлы жарнамалық плакаттар дайындаңдар. | Дескриптор: 1.Саяхат бағытын таңдайды. Оқушылардың әңгімесін тыңдап, Өз ойымен бөліседі. 2.берілген тапсырманы дұрыс орындайды. 3.Топтарға бөлініп саяхаттайды. Туристтік нысандар жайлы жарнамалық плакаттар дайындайды. | ДК экраны 3-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. |
Жеке жұмыс | Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді | 4-тапсырма: Өзіңе ұнаған кез келген туристік нысанды таңдап, ол жайлы жарнамалық кітапша дайында. Онда нысанның: – атауы, суреттері қамтылуы керек; – нысанның ұранын ойлап тап. | Дескриптор: 4.Тапсырма бойынша кітапша дайындайды | ДК экраны 3-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. |
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. | Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. | Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. | |
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Билет №12
1. Іс-әрекеттік ұстанымның ерекшелігін сипаттаңыз
2. Жұптық, үштік, топтық оқыту формаларына талдау жасаңыз
3. Дүниетану пәні бойынша 4 сынып «Ғарышқа саяхат» аралас тақырыбындағы «Қазақстанның білім берудегі жетістіктері» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар құрастырыңыз және талдаңыз
1.
2.
Оқыту формасы – бұл оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың формасы, ол мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесу процесінде мақсатты түрде қалыптасқан қарым-қатынас сипаты, оқу-танымдық функциялардың бөлінуінің ерекшелігімен, оқу жұмысының және режимнің уақыт пен кеңістіктің реттілігі мен таңдауымен сипатталады.
Оқыту формаларының түрлері:
- Кіріспе. Бұл жалпы танымдық тапсырмаға жету үшін барлық сынып оқушыларының ортақ тапсырмаларды бір уақытта орындауын қамтиды. Мұғалім барлық сынып оқушыларымен жұмыс жасайды және тікелей байланысады.
- Жеке. Әр оқушы басқа оқушылармен араласпай, бөлек жұмыс істейді. Жеке жұмысқа арналған тапсырмалар барлық сынып оқушылары үшін бірдей немесе әртүрлі болуы мүмкін
- Топтық. Шағын топпен 3-тен 6 адамға дейін оқушылар тобында бір тапсырманы орындауды қарастырады.
- Ұжымдық. Оқу тапсырмаларын орындау оқушылардың ауысым құрамындағы жұптармен (динамикалық жұптармен) байланысын қамтиды. Оқытудың жалпы ұйымдастырушылық формалары – бұл мұғалімнің оқушылармен және оқушылармен бір-бірімен өзара әрекеттесуінің құрылымдық нұсқалары.
3.Қысқамерзімдіжоспар
Дүниетану 28-сабақ
Бөлім: | Ғарышқа саяхат | |
Мұғалімнің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: 4 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Қазақстанның білім берудегі жетістіктері | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.3.3.1 Қазақстанның ХХ-ХХІ ғасырлардағы жетістіктерін (мәдениет, ғылым, білім, экономика) түсіндіру | |
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру 5 мин | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді. Топқа бөлу «Таңдау» әдісімен жүреді. -Же, тіс, тік буындарының бірін таңдап, топқа бірігіп отырыңдар. Жаңа оқу материалын жариялау «Миға шабуыл» әдісі: - Топқа бөлінгенде берілген сөз буындарынан сөз құрастырып, тақырыпты анықтаңдар. (Жетістік) -Жетістік қай салада болады? -Жетістікке кімдер жетеді? -Жетістікке жетуде не қажет? -Ендеше бүгінгі сабақта Қазақстанның білім берудегі жетістіктерін оқып, өз ойымызды білдіреміз, тапсырмалар орындаймыз. | Жаттығу жасайды. Топқа бірігеді. Сұрақтарға жауап береді. | «Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Тамаша! Жақсы! | Же, тіс, тік сөз буындары |
Жаңа білім 15 мин 2 мин Бекіту 18 мин | (Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады. Дәптермен жұмыс болады. А) Сөздік жұмысы. Интитут, университет, гимназия, лицей, колледж. Ә) Суретпен жұмыс. - Суретке қарап, ересек адамдардың немен айналысып жатқанын айтыңдар. Ә) Мәтінмен жұмыс. -Мәтінді оқып танысыңдар. Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады. Кейбір оқушыға: - Білім саласында айтарлықтай жетістікке жеткен таныстарың туралы әңгімеле. Сергіту сәтінде «Көңілді күн» әнін айтып билету. (Т) 2-тапсырма «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі. А) Талқылау. -Сабақтағы қандай жұмыс түрі тапсырмаларды жеңіл орындауға көмектеседі? -Кезінде ересектерге оқу мен жазуды үйреткен «қызыл отаулар» бүгінде гимназия, лицейлерге айналған. Бұл өзгерістер қандай нәтиже берді? Ә) Пікір алмасу. -Сендердің алдарыңда 2 мақсат тұр: 1) «Өмір бойы білім алу». 2) «Өмір бойы бір білім» XX ғасырға қай мақсат лайық? ХХІ ғасырға ше? Неге? Б) Жоба жасау. -ХХІ ғасыр мектебінің жобасын жасап көріңдер. -Енді 50 жылдан кейінгі мектеп ғимаратын, сыныптардың жабдықталуын, оқулықтарын қалай елестетесіңдер? -Ол мектепте білім алған оқушы қандай жетістіктерге жетеді деп ойлайсыңдар? |
Суретпен жұмыс жасайды. Мәтінді оқиды. Билеп сергиді. Сұрақтарға жауап беріп, тапсырма орындайды. | Дескриптор:
Дескриптор: - Сабақтағы қандай жұмыс түрі тапсырмаларды жеңіл орындауға мүмкіндік беретінін талқылайды-2балл. Гимназия, лицейлер жетістігін айтып береді-1балл. XX ғасырға лайық мақсатты анықтайды -1балл. ХХІ ғасыр мектебінің жобасын жасайды-2балл. 50 жылдан кейінгі мектеп ғимаратын, сыныптардың жабдықталуын, оқулықтарын болжайды-2балл. | Дүниетануоқулығы 4-сынып 2019ж, дәптер |
Қорытынды 5 мин | Кері байланысты «Шеринг» әдісі арқылы береді. Оқушылар шеңберге тұрып бүгінгі тақырыптан алған білімі туралы талдайды.
Оқу тапсырмасы: мазмұндау. Билет №13 1. Дүниетану пәнінде қолданылатын педагогикалық технологияларды атаңыз 2. Оқыту үдерісіндегі жиынтық бағалау. Жиынтық бағалаудың мәнін талдаңыз 3. Дүниетану пәні бойынша 1 сынып «Бізді қоршаған әлем» аралас тақырыбындағы «Жыл мезгілдері» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар құрастырыңыз және талдаңыз | Кері байланыс жасайды. Оқу тапсырмасын жазып алады. | ҚБ қойылады. Сен217-223 | |