Файл: Билет 11 Дниетану пндерін оытуды маыздылыын атаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 116

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1 .Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер көзі. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді.  Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану

Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан жүйесі оның құрылымын, ұйымдастырылуын, мектеп практикасымен және білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістерімен өзара байланысын кайта қарауды талап етеді. Бұл жоғары оқу орныңда мамандар даярлаудың сапасын арттыруда мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды және оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану көзделеді. Технологияны педагогикалық іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тиімді пайдалану оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге септігін тигізеді.

Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық саласында, оның ішінде мектепте оқыту мазмұны мен оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.

Оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету, проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов) теория және практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема, тірек-конспект түрінде берілген теориялық, материалдарды сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре басқарып – оза оқыту (С.Н.Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын-ала оқыту, деңгейлеп саралап оқыту текнологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру және т.б. Республикадағы ауыл мектептерінің оқу-тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқыту технологиясы (Ж.Д.Қараев) жүйелік негізде оқыту технологиясы (Г.Г.Ғалиев), шоғырландырып-қарқынды оқыту технологиясы (Қ.А.Әбдіғәлиев., Н.Н.Нурахметов), блоктық-модульдық технологиясы (М.Н.Жанпеисова) қолдау табуда. Ғалымдардың пікірінше шағын комплектілі мектептер жағдайында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда жүйелік негізде оқыту мен шоғырландырып оқыту технологияларының оқыту сапасын арттыруда дидактикалық мүмкіндіктері мол.


2. жиынтық бағалауБұл оқу процесінің нәтижелері аяқталғаннан кейін зерттелетін процесс. Оның негізгі мақсаты - оқушылардың қаншалықты білім алғандығын тексеру, сондықтан ол ақпарат жинауға және бағалаудың сенімді әдістерін жасауға бағытталған.Оқушылардың білгендерін зерттеудің мақсаты - оны анықтамалық стандартпен салыстыру, тәрбиешілер олардың білім беру жүйесі ұсынған мақсаттарға қол жеткізгендігіне көз жеткізетіндей етіп жасау. Екінші жағынан, олар алынған нәтижелер негізінде оқыту тәсілін өзгертуге де қызмет ете алады. Ол қолданылатын білім беру жағдайында жиынтық бағалаудың маңызы өте зор. Бұл үдерістің нәтижелері, әдетте, оқушылар оқу процесінде олардың нәтижелері туралы куәлік ретінде алатын бағалар немесе бағалар түрінде көрінеді. Жиынтық бағалау оқушылардың алған білімдерін өлшеу процесі арқылы білім беру үдерісінің қаншалықты тиімді болғанын зерттеуге жауап береді. Жиынтық бағалау - белгілі бір кезең аяқталғаннан кейін баллмен есептелетін (БЖБ) және оқу бағдарламасының бөлімдерді бойынша (ТЖБ) бағаланатын бағалау түрі. 

3.


Ортақ тақырып: Бөлімше:


Бізді қоршаған әлем

2.2. Климат және ауа райы


Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 1


Қатысушылар саны:


Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы


Жыл мезгілдері


Оқу бағдарламасына

сәйкес оқыту мақсаттары


1.2.3.1 – жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтау.



Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар:


  • жыл мезгілдері туралы білетін болады;


  • жыл мезгілдеріне байланысты табиғатта әр алуан тынығудың түрлерімен танысу мүмкіндіктерін анықтайды.


Көптеген оқушылар:


  • жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты адамдардың өмірінде болатын өзгерістерді атайды.


Кейбір оқушылар:


  • адам үшін табиғатта тынығудың маңызын түсіндіре алады.


Сабақтың барысы


Сабақтың

кезеңі/ уақыт


Педагогтің әрекеті


Оқушының әрекеті


Бағалау


Ресурстар


Басы


ФТ. Мұғалім сабақты бастайды.


  • Сәлеметсіңдер ме, қымбатты балалар!


Қоңырау сыңғырлап, сабаққа шақырды,

Сабақта болыңдар зейінді, ақылды.


  • Әр сабақта біз нені есте сақтауымыз керек?


(әр сабақта біз өзіміз үшін жаңадан бір нәрсе ашуымыз керек).


  • Жаңа нәрсені байқау үшін біз өзімізде қандай икемділікті


дамытуымыз керек? (елестете білу, тыңдай білу, бақылай білу, тілімізді дамыту икемділігі).


  • Сабағымыздың қандай болғанын қалайсыңдар? (қызықты, көңілді, танымды).


  • Бұл бір-бірімізге қалай көмектесетіндігімізге байланысты болады.


  • Сонымен, сабағымыз неге арналады? (жаңа нәрсені оқып-үйренуге).



Сәлемдеседі.




Өлең жолдары






Табиғат қандай әсем, керемет неткен! Сұлулығын көрген жан елең еткен.

Көкжиектен Күн шығады бір сәтте, Сәулесі жарқырап күнде жеткен.
Біз бүгін табиғатта болатын өзгерістер туралы, олардың өмірімізге әсері туралы айтатын боламыз.


Сабақтың тақырыбымен танысады.






Ортасы


ФТ. – Балалар, жаңа тақырыпты бастамас бұрын, жұмбақтарды шешіңдер.
Табиғат атты ананың

Төрт бойжеткен қызы бар. Көркі де солар даланың, Ісіне адам қызығар.

(Жылдың төрт маусымы)
Бұлттар төніп, жерге төгіліп, Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып, Дала нұры қашады. (Күз)
Суда мұз бар, Жерде қар бар. Боран борап соғады.

Бұл қай мезгіл болады? (Қыс)
Қар, мұз еріп, су көбейіп, Сай-салаға толады.

Бүршік жарып, жарық ашып, Гүл бәйшешек басады.

(Көктем)


Жұмбақтарды шешеді.


ҚБ


Жұмбақтар





Өрік, алма, жидек, жүзім піседі. Қауын-қарбыз, қияр, сәбіз Дүкендерге түседі. (Жаз)
ФТ. Мұғалім әңгіме ұйымдастырады:


  • Балалар, жыл маусымдары


ауысқанда табиғатта қандай өзгерістер болады?
ФТ. Мұғалім оқулықпен жұмыс ұйымдастырады:


  • Жыл маусымдарының ауысуымен адамдардың өмірі қалай өзгереді?


  • Бұл ойындарды жылдың қай мезгілінде ойнауға болады?


  • Жылдың әр мезгілінде балалармен тағы қандай ойындар ойнауға болады?


  • Жылдың әр мезгілінде сен бос уақытыңды қалай өткізесің?


  • Жылдың әр мезгілінде


отбасыларыңмен бос уақытты қалай өткізесіңдер?
Ж. – Бос уақытты табиғатта өткізудің денсаулық пен көңіл күй үшін маңызы туралы қорытынды жасаңдар. Өз қорытындыларыңды жұппен

талдаңдар.
ФТ. Мұғалім сергіту сәтін ұйымдастырады.


  • Балалар, менің айтқандарымды бейнелеп көрсетуге тырысыңдар.


  • Сендер қар ұшқынысыңдар.


Сұраққа жауап береді.

Балалар мәтінді оқып, суреттерді қарап шығады, сұрақтарға жауап береді.

Өз қорытындыларын жұппен талдайды.


Сергіту жаттығуын орындайды.


Тапсырма. Критерий

А. Жыл маусымы

бейнеленген суреттерді оның атауларымен сәйкестендір.

Дескриптор


  1. Жыл маусымы


бейнеленген суретті оның атауымен сәйкестендіреді.


  1. Жыл маусымы


бейнеленген суретті оның атауымен біріктіреді.

Тапсырма. Критерий

В. Ұсынылған суреттердің ішінен қыста серуенге киетін киім мен аяқкиім таңдайды. Өз таңдауын түсіндіреді.

Дескриптор


  1. Ұсынылған суреттердің ішінен қыста серуенге киетін киім мен аяқкиім таңдайды.


  2. Таңдап алынған суреттің жанына белгі қояды.


Оқулық, суреттер






Сендерді жел ұшырып, біресе жоғары көтеріп, біресе төмен жерге түсіреді. Күндіз сендер күн көзімен жарқырап, ал түнде бұрқасын болғанда, қар вальсін билегілерің келеді.
Ж. Мұғалім оқушы дәптеріндегі тапсырмаларды орындауды

ұйымдастырады.
Ж. Оқушы дәптеріндегі тапсырмалардың орындалуын

жұптасып тексеруді ұйымдастырады.



Оқушы дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды.
Оқушы дәптеріндегі тапсырмалардың орындалуын жұптасып тексереді.


3. Өз таңдауын түсіндіреді.
Тапсырма. Критерий С. Қыста және жазда бос уақытты өткізуге көмектесетін заттардың суреттерін салады.

Отбасының жылдың әр маусымында өздерінің бос уақыттарын қалай өткізетіні туралы әңгімелеп береді. Дескриптор


  1. Қыста және жазда бос уақытты өткізуге көмектесетін заттардың суреттерін салады.


  2. Отбасының жылдың әр маусымында бос


уақыттарын қалай өткізетіні туралы әңгімелеп береді.



Оқушы дәптері


Соңы


ФТ. Рефлексия.


  • Сабақта біз нені үйрендік?


  • Бүгін қандай сұрақтарға жауап бердік?


  • Жаңадан нені білдік?


  • Ол үшін біз не істедік?


  • Сабақтағы жұмыстарыңа баға беріңдер.


«Оқушы дәптеріндегі» тапсырманы орындаңдар.


  • Егер сабақта жақсы жұмыс істеп, сабақ сендерге жақсы көңіл күй


сыйласа, түсінгеніңе сай келетін анықтаманы белгіле.


Ойларын ортаға салады.
«Оқушы дәптеріндегі» тапсырманы

орындайды.



ҚБ



Оқушы дәптері





ҚБ. Мұғалім: – Жарайсыңдар,

балалар! Мен сабақтағы жұмыстарың үшін алғыс білдіремін!








    1. сабақ



Ортақ тақырып:

Бөлімше:

Біздіқоршағанәлем

2.2. Климат және ауа райы


Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 1


Қатысушылар саны:


Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы


Ауа райы дегеніміз не?


Оқу бағдарламасына

сәйкес оқыту мақсаттары


1.2.2.1 – ауа райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін анықтау.


Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар:


  • ауа райы не екенін біледі;


  • ауа райының адамдардың тіршілігі мен қызметіне әсерін анықтайды.


Көптеген оқушылар:


  • ағымдағы күннің ауа райын бұлттылық, жауын-шашын, жел, температуралық белгілері арқылы сипаттай алады.


Кейбір оқушылар:


  • ауа райын анықтаудың халықтық белгілерін зерттеуге қызығушылық танытады.


Сабақтың барысы


Сабақтың

кезеңі/ уақыт


Педагогтің әрекеті


Оқушының әрекеті


Бағалау


Ресурстар


Басы


ФТ. Мұғалім сабақты бастайды. Мектеп – кеме,

Білім – теңіз. Барар жерге Тез жетеміз!


Жұмбақтарды шешеді.





Жұмбақтар






– Сабақта не туралы айтатынымызды жұмбақтарды шешкеннен кейін білетін боласыңдар.

Көктен түседі,

Жер ішеді. (Жаңбыр)
Ақ көбелек қонды,

Құстар енді тоңды. (Қар)
Мамықтай ұлпа, Қанаттай ақ.

Қыста жер бетін басады, Жазда сайға қашады.

Жазда болмайды, Қыста болады.

Терезеге қонады,

Әсем ою ояды. (Қырау)
Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)
Қанаты жоқ, ұшады, Аяғы жоқ, желеді,

Аузы жоқ, ұлиды. (Боран)
Мені ешкім көрмейді,

Дауысымды естиді. (Күннің күркіреуі)
Аспандағы әсем белбеуді, Алып белге буынсам.

(Кемпірқосақ)
Көзге ілінбейді,

Жұтсаң білінбейді. (Ауа)










Аспанды от қамшы осады, Ащы үнін ышқынтып қосады.

(Найзағай)
Қыста шыны боп қатады,

Жылыда су боп жатады. (Мұз)
Сұрғылт түтін Бүркесе маңайды,

Адастырар талайды. (Тұман)
Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (Күн)
Шашылды көктен ақ моншақ, Жоғалды біздер тапқанша-ақ.

(Бұршақ)

Қыс болса құрып өрмегін,

Салады не бір өрнегін. (Қырау)
– Барлық жұмбақтардың шешуі қандай түсінікпен байланысты? Бүгін біз

сабақта ауа райы және оның біздің өмірімізге әсері туралы сөз қозғамақпыз.








Ортасы


– Балалар, біз бүгін ауа райы туралы айтатын боламыз.

Келіңдер, «ауа райы» сөзі нені

білдіреді екен, оқулықтан қарайық.
Мұғалім оқулық мәтінін оқуды ұйымдастырады.




Оқулықтан ауа райы туралы анықтаманы




Ауа райының суреті тақтаға ілінеді.