ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 115
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Заттық сабақтарда оқылатын заттар өте алуан түрлі: табиғаттың тірі объектілері - жануарлар мен өсімдіктер; көмірдің жеке кесектері, шымтезек, саз балшықтар; қар және мұз; компас, термометр, флюгер және т.б. заттар болуы мүмкін.
Заттық сабақтар өндіріске және табиғатқа экскурсия жасағаннан кейін жиі өткізіледі. Мысалы, кірпіш зауытына экскурсия жасалғаннан кейін оқушылар арнайы заттық сабақта саз балшықтың қасиетімен, өртенген және өртенбеген кірпішпен толық танысады.
Заттық сабақтарды өткізуге мұғалімнің дайындығы. Заттық сабақтарда мұғалім балалардың назарын білім алуға бағыттайды, сонымен бірге ол балалардың алған түсініктері мен ұғымдарын толықтыра және тиянақтай түседі.
Мұғалім заттық сабаққа оқу құралдары мен материалдарын дайындаған кезде балалар оқылатын заттың қасиеттерін басқа рецепторлармен қабылдағанда сезе ала ма, жоқ па, оны мұқият қарауы керек. Мысалы, оқушыларды зиянды көбелектер капуста көбелегі, шалқан көбелегі, күз қоңыр көбелегінің сыртқы түрімен таныстыру кезінде, олардың қанаттарының бояуын және әшекейін көрсету керек. Ол үшін шыны қорапта бекітілген көбелектің құрғақ коллекциясын пайдалануға болады.
Заттық сабақ кезінде мұғалім әрбір партаға, тіпті әрбір балада оқылатын зат болатындай етіп ұйымдастырса, онда тіпті жақсы болады. Мұғалім оқушылардың ойлауын, қорытынды жасауын, сабақ үстіндегі жұмыс барысында танысқан заттарының ерекшеліктерін анықтауды қажет ететін бірнеше сұрақтар дайындайды.
Заттық сабақтағы оқылатын объекті мұғалімнің баяндауы кезіндегі көрсетілетін зат қана емес, сонымен қатар ол жаңа білім беретін зат болу керек. Заттық сабақтарды заттың суреттегі бейнесін немесе кітаптағы сөзбен берілген сипаттамасын қарастырумен, мұғалімнің баяндауымен алмастыруға болмайды.
Заттарды көріп білу балаларға тиянақты білім береді, ол ойлау және сөйлеу қабілетін дамытуға себепші болады, олардың сөздік қорын байытады. Сондықтан мұндай сабақты міндетті түрде өткізу керек.
Сабақ кезінде жеке заттарды оқып білу жалпы ұғымдардың қалыптасуының құралы болып табылады, өйткені заттарды оқып білу процесіне баланың барлық сезім мүшелері қатысады және оның салыстыру жолымен белгілі бір қорытындыға келуіне мүмкіндігі болады.
Заттар әрбір оқушыда болуы керек, бірақ егер көретін заттары аз болса және барлығына жетпесе, онда оларды мұғалім өзі демонстарциялайды. Демонстарцияланған заттарды оқушылардың қолымен ұстауына, жақын көруіне беру керек. Ол үшін мұғалім заттарды әрбір партаға алып барады немесе балаларды стол қасына шақырады.
Заттық сабақ кезінде мұғалім мүмкіндігінше өзі аз айтып, барынша оқушыларды сөйлетуге және ойлануға мәжбүр етеді. Мұнда әңгімені көрген заттарының негізінде балалар өз бетінше айтып бере алатындай етіп ұйымдастыру керек. Сабақта оқылатын затты мұғалімнің өзі алдын ала жақсы біліп, негізгі тұстарын айқындап алғаны жөн.
Заттық сабақтың мазмұны объектінің сыртқы қасиеттерімен қалай болса солай, үстірт танысумен аяқтауға болмайды. Оқылатын объекті туралы барынша толық ұғым қалыптастыру керек. Ол үшін мұғалім сабаққа объектінің табиғат жағдайындағы күйін көрсететін тәжірибелер, суреттер, көркем суреттер, заттардың тарихи дамуының схемаларын, сонымен қатар берілген объектінің мазмұнына қатысты іскерлік немесе көркем сипаттағы оқытуды ендіреді.
Заттық сабақтар мынандай кезеңдерге бөлінеді:
-Затты көрсету, оның атын айту (сөз бен көру танымының байланысы);
- Бүтін затты және оның бөліктерін бақылау және қабылдау, бірақ аса талдап тексермеу;
- Заттың басты және көмескі, жеке бөліктерін қарау;
-Жаңа заттарды бұрын танысқан заттармен салыстырып, ұқсас және айырықша белгілерін анықтау;
-Жинақтап-қорыту;
-Оқулықтағы әңгімені оқу, суретін салу, желімдеу, коллекция жасау т.б. кластан тыс жұмыстар арқылы дамыту.
Сыныптан тыс жұмыстар. Сыныптан тыс ұйымдастырылатын оқу түрлері оқушыларға білім және тәрбие беруде үлкен маңызға ие. Бұл оқу үрдісінде балаларға қосымша білім және тәрбие беретін оқу түрі болып есептелінеді, бірақ міндетті бағдарлама талап етілмейді.
Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыс түрлері оқушыларға табиғаттың құпия сырларына қаныға түсуге айқара жол ашады, құштарлығы оянады, өз беттерімен жұмыс жасауға белсенділігі артады, білімдері тереңдейді. Сыныптан тыс жұмыстар барысында бала бойында жауапкершілік, тәрбиенің басқа да түрлі қырларының қалыптасуы жүзеге асады. Мұғалімге үлкен көмекші болып табылады. Соңынан түрлі іс - шаралардың ұйымдастырылуына мұрындық болып, жетекші болып шығады.
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлерінен сабақтан тыс ұйымдастырылатын оқу түрінің айырмашылығы оқу бағдарламасына сәйкес оқушының орындауы міндетті, ал кластан тыс жұмыс түрлері оқушылардың өз еркімен, қызығушылықпен белсенділік таныта айналысып, ұйымдастырылатын оқудың қосымша түрі болып келеді.
Сыныптан тыс жұмыстарға: тірі табиғат бұрышындағы жұмыстар, тәжірибе алаңындағы жұмыстар, түрлі тақырыптық үйірмелер, экскурсиялар ұйымдастыру, ондағы материалдарды өңдеу, көрнекіліктер даярлау т.с.с. жұмыс түрлері жатады.
Бастауыш класс оқушыларының жас ерекшеліктеріне орай кластан тыс жұмыстардың да түрі сол жасқа лайықты таңдалынады. Ең алдымен 1 - 2 кластарда кластан тыс жұмыстардың мазмұны сол уақытқа дейін меңгерген білімдеріне сәйкес өзгеріп, күрделеніп отырылады. Бұл топпен орындалады, атап айтсақ; тірі табиғат бұрышындағы жұмыстар, бөлме өсімдіктерін күту, өсімдікті басқа ыдысқа көшіру, түрлі коллекциялар даярлау, топтық іс-шаралар өткізу мысалы, ағаш егу, «Құстар күні» мерекесін өткізу, түрлі викториналық сұрақтар даярлау, өсімдіктер мен жануарларға, құстарға көмек, ауылшаруашылық зиянкестерімен күрес жұмыстары, қоғамдық-пайдалы еңбектерді жүргізу, көгалдандыру т.с.с.
Экскурсия – ерекше сабақ түрі, мектептен тыс орындарда өтіледі, арнайы әдістемені талап етеді. Экскурсия класс сабағының бір бөлігі, сондай-ақ кластан тыс сабақ түріне де жатады.
Экскурсия (топсеруен) идеялық тәрбие жұмысының біршама дербес түрі, ол адамның рухани байлықты игеруіне себін тигізеді және көзделген мақсатқа жету үшін қолданған көмекші иллюстрациялық құрал ролін атқарады. Экскурсия балалардың пәннен алған білімдерін толықтырып меңгертуге мүмкіндік береді. Әр экскурсия тақырыбына орай белгілі бір танымдық мақсатпен жүргізілуі керек. Экскурсия сабақтарында оқушы табиғатта өзін ұстау іскерлігі мен дағдысын тәжірибеде меңгереді, қоршаған орта жағдайына баға беруге, табиғат сұлулығын сақтауға және одан әрі көркейтуге өз үлесін қосуға үйретеді.
Экскурсия баланың эерттейтін обьектілері мен құбылыстарын табиғи немесе қолдан тудырған жағдайда тікелей қабылдауына мүмкіндік береді. Экскурсиялар тікелей табиғат орталарына, мұражайларға, ботаникалық баққа, жануарлар бағына, завод, фабрикаға, әртүрлі цехтарға, көл және өзен жағалауына, тарихи орындарға т.б. жерлерде жүргізіледі.
Американдық педагогтардың айтуынша: табиғатқа саяхат ұйымдастыру әртүрлі факторлардың әсерінің айқын көрінісін байқауға, теориялық біліммен тұрғылықты жердің табиғи проблемаларын танып білуге зор мүмкіндік береді, зерделеуге деген құштарлығын оятады, зерттеу біліктілігі қалыптасады. Байқау, бақылау, пайымдау, салыстыру сияқты қасиеттер туындайды. Өздігінше қорытындылай алады. Сондай –ақ экологиялық жағдайын жақсарту үшін қандай шаралар қолдану қажет екендігін тілге тиек етіп, оқушы ойын, көзқарасын тыңдау үлкен нәтижелі және де экскурсия мақсатын аша түседі. Ерте болсада қазіргі таңдағы кезек күттірмейтін актуальды экологиялық проблемалар төңірегіндегі мағлұматтармен қаныға түседі және оларға үлкен ой салады. Бұл білімділік тұрғыдан да тәрбиелік жағынан да маңыздылығы жоғары.
Мұғалім әрбір экскурсияны тақырыбына, өтілетін орнына сәйкес алдын-ала тыңғылықты түрде дайындалады. Ең алдымен экскурсия жүргізілетін орынмен танысып, көңіл аударарлық сипатты обьектілерді табады; оқушылардың өздігінше жүргізетін бақылауларының сипатын ойластырады; Балалар тапсырмамен танысады, яғни шешуге тиісті мәселелерін, табиғат материалын бақылау және жинау тапсырмаларын алады. Ең бастысы оқушылар табиғаттан нені және қалай көру, нені тану керектігін білу керек.
Экскурсия ұйымдасқан түрде табысты өту үшін мұғалім оқушыларды оның жоспарымен алдын-ала таныстырып, мақсаты мен міндетін белгілейді. Балалардың қандай мағлұматтар жинап нені жинап, нені жазып алу керек екендігін түсіндіреді. Нәтижесіндегі заттар, мағлұматтар, материалдар сабақта қорытындыланады.
Экскурсия соңынан оқыту. Мұндай сабақ экскурсиядан алынған материал әңгіме мазмұнын түсінуге болатындай жағдай- да, кейде оқу жылының басында өткізілген экскурсия аралығында өткізіледі, ал әңгіменің өзі оқу жылының ортасында бірнеше ай бойы жүргізіледі. Бұл жағдайда экскурсиядан алған білімдерін, бақылау қорытындысын жазып алу немесе сурет түрінде қағазға сызумен тиянақтайды. Оқыту сабағында балалар экскурсияда көргендерін еске түсіреді. Содан кейін балалар әңгімені дауыстап оқып шығады, таныс емес сөздерді талдайды, екінші рет іштерінен оқып шығып, мұғалімнің тақтаға жазған тапсырмаларын орын-дайды. Балалар әңгіменің мазмұны және экскурсиядан көрген-дері бойынша қорытынды жасайды.
Жеке және топтық сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру.
Қазіргі уақытта мектепте кластан тыс жұмыстар жеке-дара, топтық, көпшілік түрде ұйымдастырылады. Бұл ұйымдастырылу түрлері бір -бірімен тығыз байланысты, бірін - бірі толықтыра түседі. Мұның негізі мұғалімнің басшылығымен оқушылардың білім деңгейі, олардың қызығушылықтары мен құмартуынан және таңдауынан туындайды. Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс баланың жан-жақты дамуына, дұрыс тәрбиеленуіне көп әсерін тигізеді, экологиялық тәрбиенің қайнар көзі болып табылады.
Жеке-дара жүргізілетін жұмыс. Бұл белгілі бір белсенді баланың инициативасымен жүзеге асады. Алдымен мұғалімнің арнайы тапсырмасы бойынша жапырақтар, бұтақтар, жемістер, тамырлар коллекциясын даярлау; үйде құстарды бақылау, жыл мезгілдеріне орай жапырақтардың түсінің өзгеруін бақылау; бүршік жару, судың қатуы; осыларға орай қосымша кітаптарды оқу тапсырмалары беріледі. Класы жоғарылаған сайын тапсырма оқушының қызығушылығынан туындайды. Тәжірибе жасау, табиғатқа өз бетінше бақылау жүргізу, бақылау күнделігімен жұмыс жасау, түрлі қосымша кітаптар оқып оқушылар алдында хабарлама жасау тағы сол сияқты болып келеді.
Топпен жүргізілетін кластан тыс жұмыстар түрлі тақырыпта, түрлі бағытта ұйымдастырылған үйірмелер. Мысалы; «жас натуралистер», «жасыл сақшылар», «көгілдір сақшылар», «жас экологтар» т.с.с. тақырыптағы үйірмелер болады.
Үйірме өз еркімен жазылған шектеулі санды 12-15 мүшелерден құралады. Үйірме сабақтары аптасына 1 рет немесе айына 2-3 рет өтіледі. Үйірме жұмысы нақты жоспарланған, әртүрлі экспери-менттер, практикалық және теориялық тапсырмалар, ғылыми әдебиеттермен жұмыс, тұрған қаласының, ауылының, өңірінің тарихы бойынша өлкетану жұмыстары, сол өңірдің табиғатын, өсімдіктерін, жануарларын зерттеу бағыттары бойынша жүргізілуі мүмкін. Оқушыларда бірте-бірте белгілі бір затқа немесе құбылысты тереңірек білгісі келетін қызығушылық, құмартушылық туындайды. Содан жекелей бағытқа ауыса бастайды. Мысалы; біреуі өсімдіктерді, біреуі жануарларды, енді бірін минералдарды зерттеу қызықтырады, кейбірі табиғи түрлі құбылыстардың сырын білгісі келеді, заттардың қасиеттерін зерттеуге бағытталады, ал баз біреуін бөлме өсімдіктері немесе табиғат бұрышындағы өсімдіктердің тіршіліктері қызық тырады. Осындай бағытта жүргізілген зерттеу, зерделеу, бақылау жұмыстарының қызықты нәтижелері класс алдында немесе үйірме отырыстарында баяндалып отырады. Бұл іс-әрекеттер пәнді терең меңгеруге мүмкіндік береді, баяндама, мәлімдемелері басқа оқушылардың да сөзсіз құштарлығын арттырады.
Үйірме мүшелерінің басшылығымен түрлі орындарға экскурсия жасалынады, көптеген материалдар жинақталады. Ол жинақталған материалдардан сабаққа қажетті көрнекіліктер даярлайды. Үйірме сағатында жасалынған тәжірибе-класс алдында сабақта да көрсетіліп таныстырылады.
Кей жағдайда үйірме мүшелерінің өнертапқыштық қабілеттері туындайды. Үйірме жұмыстарының нәтижелері көрме, кеш, семинар түрінде жарияланады. Үйірме мүшелерінің жетекшілігімен үлкен іс-шаралар ұйымдастырылады айталық; «Құстар күні», «Гүлдер мерекесі». «Алтын күз», «Көк аспан», «Орман күні» т.б. Үйірме мүшелері мектеп маңындағы оқу-тәжірибе үлескесіндегі, геогра-фиялық алаңдағы, тірі табиғат бұрышындағы жұмыстарды ұйымдастырады, ондағы заттарды, жұмыстарды қадағалап отырады.
Көпшілікпен ұйымдастырылған кластан тыс жұмыстар: класты безендіру, белгілі бір тақырыпта сурет салу конкурсы, тақырыптық кештер, түрлі қойылымдарға даярлану, табиғатқа, мұражайға, жануарлар бағына, көрмеге экскурсияға бару. Мұндай шаралар барысында балаға эстетикалық, табиғатты қорғау, ұжымдық сияқты тәрбие беріледі. Сабақта алған білімдері, жауапкершілік қасиеттері толығады, өз бетінше жұмыс істеуге машықтанады. Мектеп маңын-дағы көктемгі, күзгі жұмыстар, кештерге, тапқырлық ойындарға қатысу жатады.