ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 63
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
22
«Қазақстандағы ұлттар достастығы», «Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ____________________________________
Бағалау критерийі
Көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді қолданады
Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданады
Пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдайды
Сөйлеу тілінде интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін ашады
Тілдік қолданыста интонация, кідіріс, логикалық екпін орындарын анықтайды
Төмен
Көңіл күйге байланысты сөздерді анықтауда, көркемдегіш құралдарды қолдануда қиналады.
Тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді анықтауда қиналады.
Көтерілген мәселе бойынша сұрақ қояда, өз көзқарасын дәлелдеуде, қорытынды шығаруда қиналады.
Интонация, кідіріс, екпіннің мәнін түсіну қиындық туғызады.
Ойын білдіру кезінде интонация, кідіріс, екпінге ықпал жасауда қиналады.
Оқу жетістігі деңгейі Орта
Көңіл күйге байланысты сөздерді анықтауда, көркемдегіш құралдарды қолдануда қателеседі.
Тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді анықтауда қателеседі.
Көтерілген мәселе бойынша сұрақ қояда, өз көзқарасын дәлелдеуде, қорытынды шығаруда қателеседі.
Интонация, кідіріс, екпіннің мәнін түсінуде қателеседі.
Ойын білдіру кезінде интонация, кідіріс, екпінге ықпал жасауда қателеседі.
Жоғары
Көңіл күйге байланысты сөздерді анықтай алады. Көркемдегіш құралдарды қолданады.
Тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдерді анықтайды, тұрақты тіркестерді анықтайды.
Көтерілген мәселе бойынша сұрақ қояды, өз көзқарасын дәлелдейді, қорытынды шығарады.
Интонация, кідіріс, екпіннің мәнін түсінеді.
Ойын білдіру кезінде интонация, кідіріс, екпінге ықпал жасайды.
23
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
Т/А2.Әлеуметтік-қоғамдық, оқу –еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау
Білім алушы
Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды Автордың көзқарасына өз пікірін білдіреді Диалогке қатысады
Жоғары деңгей дағдылары
15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі мәселені анықтаңыз. Автордың көзқарасын ажыратып, өз пікіріңізді диалогке қатысу арқылы білдіріңіз.
Бал ашамын деп бәлеге қалған…
Дастарқан басында соғыс жайында әңгіме қозғалды. Әркім әртүрлі естіген оқиғаларын айтып жатты. Кенет төрде отырған бір ақсақал:
– Мен сендерге бір әңгіме айтайын, – деді. Бәріміз әлгі кісіге қарап елең еттік. – Бұл өзі бұрын-соңды айта қоймаған сырым еді, – деп жалғады ол сөзін. – Қазір соғыстың аяқталғанына да пәленбай жыл өтті ғой. Сондықтан бізді ешкім тергеп, қудалай қоймас…
…Бұрынғы Ворошилов колхозынан бес жігіт бірге әскерге аттандық. Алдымен ауданға, сонан соң облысқа апарды. Облыс орталығынан эшелонға отырғызып батыс жаққа алып бара жатты. Бүгінгідей бөлек-бөлек жатар орны бар вагон қайда?! Кинода көрсетіп жүргендей ағаш вагон. Пойыз да жай жүреді. Әр станцияға тоқтап, су аламыз. Берген тамағын талғажау қыламыз. Екі-үш күннен кейін пойыздан кісі жалығады екен. Арамызда бізден ересектеу, әр нәрседен хабары бар, қағылез Әбдібек деген жігіт болды. Ішіміз пысқаны сондай бір кезде әлгі Әбдібекке:
– Сен бал ашшы, совет жеңе ме екен, неміс жеңе ме екен? – дедік. Әбдібек құмалақты шашып кеп жіберіп:
– Жаудың беті қатты. Күші басым. Біздің жеңуіміз қиын болады-ау! – деді.
Кешке бәрімізді вагон-штабқа шақырды. Болған оқиғаны айна-қатесіз біреу жеткізіпті. «Мұны сендерге кім үйретті? Неге совет әскерінің жеңетініне күдік келтіресіңдер? Араларыңда жаудың тыңшысы бар шығар?» - деп, ал тергеудің астына алсын келіп. Орысша да жөнді білмейміз ғой. Сұрақтың бірін түсінсек бірін түсінбейміз. «Солай құмалақ аштырғанымыз рас», - деп мойындаудан басқа амал қалмады. Содан не керек, «Совет елінің неміс фашистерін жеңетініне күмән келтіріп, жауынгерлердің арасына іріткі салып жүр», - деген айып тағып, Әбдібекті вагоннан түсіріп алып қалды. Қалғандарымыз да майданға жеткенше көзге түрткі болып, қатаң бақылауға алындық. Артынан естідік, Әбдібек байғұсты әскери трибуналдың үкімімен соттап жіберіпті. Сол күйі қайтпады.
https://i-news.kz/news/2013/06/26/7069227
24
Бағалау критерийі | № тапсырма | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды. | 1 | мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды; | 1 |
Автордың көзқарасына өз пікірін білдіреді. | автордың көзқарасын ажыратады; өз пікірін білдіреді; | 1 1 | |
Диалогке қатысады. | диалогке еркін қатысады. | 1 | |
Барлығы | 4 |
25
«Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні _____________________________________
Бағалау критерийі | Оқу жетістігі деңгейі | |||
Төмен | Орта | Жоғары | ||
Мәтіндердің стилін, тақырыбын анықтайды. | Мәтіндердің стилін анықтауда, тақырыбын түсінуде қиналады. | Мәтіндердің стилін анықтауда, тақырыбын түсінуде қателеседі. | Мәтіндердің стилін анықтайды, тақырыбын түсінеді. | |
Құрылымы мен аудиториясын ажыратады. | Мәтіннің құрылымын, аудиториясын анықтауда қиналады. | Мәтіннің құрылымын, аудиториясын анықтауда | Мәтіннің құрылымын біледі, аудиториясын анықтайды. | |
қателеседі. | | |||
| ||||
Тілдік ерекшелігін салыстырады. | Көркемдегі құралдарды ажыратуда, ресми стиль ерекшеліктерін анықтауда, экспрессивті-эмоционалды сөздер мен сөз тіркестерін ажыратуда қиналады. | Көркемдегі құралдарды ажыратуда, ресми стиль ерекшеліктерін анықтауда, экспрессивті-эмоционалды сөздер мен сөз тіркестерін ажыратуда қателеседі. | Көркемдегі құралдарды ажыратады, ресми стиль ерекшеліктерін анықтайды, экспрессивті-эмоционалды сөздер мен сөз тіркестерін ажыратады. |