ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 62
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
5
«Ауа райы және климаттық өзгерістер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийі | Оқу жетістігі деңгейі | ||
Төмен | Орташа | Жоғары | |
Проблемалық сұрақтарға деректер арқылы дәлелді жауап береді. | Негізгі тірек сөздерді анықтауда, проблемалық сұрақ құрастыруда, сұрақтарға деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беруде қиналады. | Негізгі тірек сөздерді анықтауда, проблемалық сұрақ құрастыруда, сұрақтарға деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беруде қателеседі. | Негізгі тірек сөздерді анықтайды, проблемалық сұрақтар құрастырады, сұрақтарға деректер келтіре отырып, дәлелді жауап береді. |
Өзгелердің жауабымен салыстырады. | Өзгенің жауабын өз жауабымен салыстыру, келісу, келіспеу себептерін талқылау қиындық туғызады. | Өзгенің жауабын өз жауабымен салыстыру, келісу, келіспеу себептерін талқылауда қателіктер жібереді. | Өзгенің жауабын өз жауабымен салыстырады, келісу, келіспеу себептерін талқылайды. |
6
«Көшпенділер мәдениеті», «Денсаулық - зор байлық» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
7.О2. Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану 7.Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай
көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу
Білім алушы
Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін ажыратады
Тілдік құралдарды ажыратады
Шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады
Көркемдегіш құралдарды мәтіннің стильдік ерекшелігіне сай қолданады
Білу және түсіну Қолдану
15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, төменде берілген кестені үлгі ретінде пайдаланып, өзіндік талдау жасаңыз.
Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер мәдениеті мен өнері Біздің заманымызға дейінгі бір мыңыншы жылдары бүкіл Еуразия даласында скиф-
сақ тайпалар одағы өмір сүрді. Ұшы-қиыры жоқ кең даланы игеріп, әртүрлі патшалықтар бірлестіктерін құрып, күшті жауынгер елге айналды. Оларды батыстағылар (гректер) скифтер десе, парсылықтар (Иран, парсы патшалықтары) сақтар деп атады. Бірақ та осы екі атау да Еуразия даласын жайлаған халықтардың ортақ аты еді. Скиф, сақ тарихын тілге тиек етіп, тереңірек үңілетін болсақ, оларды құрайтын бірнеше тайпалар көне жазба шежірелерде жиі кездесетінін көреміз, сарматтар, дайлар, аландар, массагеттер, үйсіндер. Кезінде осы тайпалар бірлестіктері Қазақстан территориясын жайлаған, қазақ халқының арғы ата-бабалары болып табылады. Бұлардың ішінде, әсіресе, массагеттер, аландар, үйсіндер туралы тарихи деректер көбінесе Иран, парсы, грек жазбаларында біршама кездеседі. Ал аландар туралы көне қытай жылнамаларында дәйекті де айшықты жазылған. Ең бір көне деректер ежелгі парсылардың діни кітабы – Авестада көрініс береді.
Сонымен бірге дайлармен бірге Иранның шығысында орын тепкен көшпелі тайпа «тұрларды» да атап өтеді. Ал осы «тұрларды» ежелгі гректер массагеттер деп атағанын айтсақ, кітаптан түркі тектес халықтардың, дәлірек негіздесек, қазақ халқының арғы ата-бабаларының географиялық жайлап жатқан аймағын танып білеміз. Массагеттер мен тұрлардың (түріктердің) туысқан бір тайпа бірлестіктерінен тұратынын тарихтың атасы атанған Геродот та жазып кеткен.
Ежелгі дәуірде Орта Азия мен Қазақстан жерінде тайпа бірлестіктерінің ең күштісі массагеттер, аландар болды. Олар әрдайым көрші патшалықтармен қарым-қатынаста болып, жауласқанмен жағаласып, тойласқанымен табысып отырды. Көшпенді де еркін, ержүрек халықты табанына таптау үшін талай рет парсы, грек, қытай патшалары жорық жасаған. Жаулардың ешқайсысына да берілмей, қайта өздеріне айықпас соққы беріп отырған. Скифтердің әйелдері де батыр, қайсарлықтарымен тарихта өз аттарын
7
қалдырып отырды.
Соның бірі, әйгілі әйел патша – Томирис. Массагеттер патшасы Томирис өз кезегінде ешкім тоқтата алмаған парсы патшасы Кирге қатты соққы беріп, әскерін талқандап, өзін қолға түсіріп басын алады. Уақиға туралы Геродот өзінің әйгілі «Тарих» шығармасында (б.э.д. 440-430ж.ж.) мынадай дәйекті келтіреді: «Парсыларды жеңгеннен кейін массагеттер падишасы Томирис торсыққа толтырып қан құйғызып: «Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансын!» - деп, оған Кирдің басын салдырған.
kitaphana.kz
Тақырыбы |
Мәтін не туралы екенін жазыңыз. |
Көзделген аудитория |
Мектеп оқушылары Жалпы оқырмандар |
Мақсаты |
Автор бұл мәтінді жазғанда қандай мақсатты көздеп отыр? |
Стилі |
Ресми тілді қолданып отыр, демек .... |
Тілі |
Лексика ғылыми, ресми лексикасы — терминдер кейбір жерде бағалау Ұсыныстары күрделі сөйлемдердің басымдылығы жазбаша тілдің сипаттамасы ретінде есімшелі тіркестері Мәтін анық құрылымы бар мәтін мәтін бөлімдерге бөлінген, әрбір бөлім өз идеясын дамытады мәтін логикамен құрылған, бірақ, кіріспесі болмауы мүмкін |
«Адамның денсаулығы – қоғам байлығы» тақырыбында кеңес бере отырып, шағын мақала жазыңыз. Сөз саны 50-60.
8
Бағалау критерийі | № тапсырма | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін ажыратады. | 1 | мәтіннің тақырыбын, көзделген аудиториясын, мақсатын жазады; мәтіннің стилін анықтап, дәлелдейді; | 1 1 1 1 |
Тілдік құралдарды ажыратады. | мәтіндегі сандық мәліметтерді табады; | 1 | |
жалпы, жалқы есімдерді ажыратады; | 1 | ||
ресми лексиканы табады; | 1 | ||
Шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады. | 2 | оқырманға кеңес береді; шағын мақала жазады; | 1 1 |
Көркемдегіш құралдарды мәтіннің стильдік ерекшелігіне сай қолданады. | 3 көркемдегіш құралдарды қолданады. | 1 | |
Барлығы | 10 |