ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 61
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)
7-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 7-сынып білім алушыларына «Қазақ тіліі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ
тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
2
Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР...................... 4 «Ауа райы және климаттық өзгерістер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау................................... 4 «Көшпенділер мәдениет
і», «Денсаулық - зор байлық» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау..... 7
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР.................... 11 «Сүйіспеншілік пен достық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ................................................... 11 «Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау................. 14
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР.................... 18 «Ғаламтор және әлеуметтік желілер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау..................................... 18 «Қазақстандағы ұлттар достастығы», «Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау................................................................................................ 21
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР.................... 24 «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау......................................... 24 «Ғылыми фантастика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.............................................................. 27
3
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Ауа райы және климаттық өзгерістер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
7.Т/А5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау
Білім алушы
Проблемалық сұрақтарға деректер арқылы дәлелді жауап береді
Өз жауабын өзгелердің жауабымен салыстырып, талқылайды
Жоғары деңгей дағдылары
15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі тірек сөздерді анықтаңыз. Тірек сөздерді қатыстыра отырып, 2 проблемалық сұрақ құрастырыңыз. Сұрақтарыңызды жұбыңызбен алмастырыңыз. Жұбыңыздың сұрақтарына деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беріңіз. Өзгенің жауабын өз болжам жауабыңызбен салыстырыңыз. Келісу, келіспеу себептерін талқылаңыз.
Табиғат. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу - Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы, найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді. Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайқалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып су алуы – осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер. Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады. Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика, негізінен, механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.
Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады. Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар – күн мен түннің ауысуын және Күннің тұтылуын қарастырайық. Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады. Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық
4
болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады.
lektsii.com/12-34114.htm
Бағалау критерийі | № тапсырма | Дескриптор | Балл | |
Білім алушы | | |||
Проблемалық сұрақтарға деректер арқылы дәлелді жауап береді. | 1 | негізгі тірек сөздерді анықтайды; екі проблемалық сұрақ құрастырады; сұрақтарына деректер келтіре отырып, дәлелді жауап береді. | 1 1 1 | |
Өзгелердің жауабымен салыстырады. | өзгенің жауабын өз жауабымен салыстырады; келісу, келіспеу себептерін талқылайды. | 1 1 | ||
Барлығы | 5 |