ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 65

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


19

«Ғаламтор және әлеуметтік желілер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтіндік және графиктік ақпаратты ажыратады.

Берілген сызбаны түсінуде, сызбаға тақырып қоюда, нақты мәліметтерді іріктеуде қиналады.

Берілген сызбаны түсінуде, сызбаға тақырып қоюда, нақты мәліметтерді іріктеуде қателеседі.

Берілген сызбаны түсінеді, сызбаға тақырып қояды, нақты 3-4 мәліметті іріктейді.

Ақпараттар бойынша өзіндік тұжырым жасайды.

Ақпараттарды қорытындылауда қиналады.

Ақпараттарды қорытындылауда қателеседі.

Ақпараттарды қорытындылайды.

Мәтін құрылымын сақтайды.

Мәтін құру, кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін жазу, сөз санын сақтау қиындық туғызады.

Мәтін құруда, кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін жазуда, сөз санын сақтауда қателеседі.

Мәтін құрады, кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін жазады, сөз санын сақтайды.

Графиктік мәтінді сипаттап жазады.

Сызбаны толық сипаттау қиындық туғызады.

Сызбаны толық сипаттауда қателеседі.

Сызбаны толық сипаттайды.



20

«Қазақстандағы ұлттар достастығы», «Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты

Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу

ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану

Білім алушы

Көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді, мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді қолданады

Пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдайды Сөйлеу тілінде интонация, кідіріс, логикалық

екпіннің мәнін ашады

Тілдік қолданыста интонация, кідіріс, логикалық екпін орындарын анықтайды

Білу және түсіну Қолдану

15-20 минут



1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді табыңыз.

Ұлттық тағам халықтар достығына жол

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенділері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне орай ұлттық жәрмеңке өткізді.

Қазақстан аумағында тұратын белгілі бір ұлттың асханасы мен мәдениетіне арқау болатын жәрмеңке әр екі апта сайын өтетін болады. Ал бүгінгі фестивальдің ашылуы қазақ ұлтының мәдениеті мен ұлттық асханасын, дәстүрі мен өнерін паш етуге арналды.

Қонақтар жастар ісі жөніндегі комитет белсенділерінің өз қолдарымен даярлаған қазақ ұлтының тағамдары мен тәттілерінен ауыз тиді. Мереке халық әндерін тамылжыта орындаған әншілердің, мың бұралған бишілердің өнерлерімен жалғасын тапты.

Әрбір ұлттың өзінің ерекшелігі бар, – дейді Жастар ісі жөніндекгоімитеттің төрайымы Ақбота Сарыбай. Тәуелсіз еліміз ізгі дәстүрлер мен ерекше ұлттық тағамдарға бай. Менің ойымша, ұлттық тағамдар халықтар достығына апарар жол бола алады.

https://my.mail.ru/mail/psu_ciu/multipost/E8120000C8BB4805.html

Мақал-мәтелдер

Тұрақты тіркестер








21


2-тапсырма

Көтерілген басты мәселені анықтау мақсатында жұбыңызға сұрақ қойыңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. Ойыңызды білдіру кезінде интонация, кідіріс, екпінге ықпал жасаңыз.


Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді қолданады

1

көңіл күйге байланысты сөздерді анықтайды;

көркемдегіш құралдарды қолданады;

1

1

Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданады

тақырыпқа қатысты мақаләтелдерді анықтайды;

тұрақты тіркестерді анықтайды.

1

1

Пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдайды

2

көтерілген мәселе бойынша сұрақ қояды;

өз көзқарасын дәлелдейді; қорытынды шығарады;

1 1 1

Сөйлеу тілінде интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін ашады

интонация, кідіріс, екпіннің мәтін ашады;

1

Тілдік қолданыста интонация, кідіріс, логикалық екпін орындарын анықтайды

ойын білдіру кезінде интонация; кідіріс, екпінге ықпал жасайды.

1 1

Барлығы

10