Файл: ыса мерзімді жоспар1.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 108

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қысқа мерзімді жоспар-14

     

Бөлім:

6.1VI - IX ғасырлардағы Қазақстан

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Түркі әлемі қалыптасуының басталуы.

Зерттеу сұрағы: Түрік тілдес халықтардың миграциясы Еуразия тарихына қаншалықты әсерін тигізді?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.3.2.1тарихи оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы түркі тілдес тайпалардың миграциясын түсіндіру;

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

Ортағасырлардағы түркі тілдес халықтардың миграциясының саяси себептерін сипаттайды;

Бағалау критерийлері



  • «Миграция» ұғымының мағынасын түсіндіру;

  • Еуразия халықтарының алғашқы қоныстануының саяси себептерін анықтау;

Басқа аймақтарға қоныстанған түркі тайпаларын атау;

Тілдік мақсаттар


Тарихи дереккөздермен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы).

Топтардың презентацияларын тыңдайды және толықтырады(тыңдалым дағдысы);

«Түрік тілдес халықтардың миграциясы Еуразия тарихына қаншалықты әсерін тигізді (саяси тұрғыдан)?»тақырыбына шағын эссе жазады(жазылым дағдысы);

Ақпараттық мәтіндер мен тарихи деректерді зерттеу жұмысын жүргізу барысында топта жұмыс жасайды, және де сонымен бірге, сынып алдында ауызша түрде өз жұмысының нәтижесін (оқылым дағдысы, айтылым, тыңдалым және жазылым дағдысы).

Пәндік лексика мен терминология:

Миграция, Ұлы қоныс аудару, қоныстану, эммиграция, иммиграция.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Миграция – бұл ...

Миграцияның саяси себептері ретінде ... қарастыруға болады.

Халықтардың қоныстануы нәтижесінде келесі өзгерістер орын алды ...

Халықтардың ұлы қоныс аударуы дегеніміз – ...

Құндылықтарды

дарыту

Құрметтеу: топтық жұмыс кезінде жұптық қарым-қатынастарды дамытуды қамтиды.Академиялық адалдық: академиялық адалдық принциптерін сақтауға негізделген басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу.

Пәнаралық байланыстар

Халықтардың Ұлы қоныс аударуы мен миграцияның саяси себептерін талдаған кезде оқушылар Дүние тарихы пәнінен игерген білімдерін пайдаланады;

Түркі халықтарының қоныстану жолдары мен аймақтарын сипаттаған кезде және де Қазақстан территориясындағы түркі тайпаларының географиялық орналасуын анықтаған кезде оқушылар география пәнінен меңгерген білімдерін қолданады.

Бастапқы білім

Оқушылар өткен сабақтарда VI-IXғғ. түркі мемлекеттерін қарастырған болатын. Олар түркі қағанаттарының географиялық орналасуын, этникалық және әлеуметтік құрамын, ішкі және сыртқы саясатын зерттеген.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі


Бастапқы ынталандырушы материал ретінде «миграция», «қоныстану» ұғымдарын сипаттайтын суреттер топтамасын келтіріңіз. Келтірілген суреттер бойынша сыныптық талқылау ұйымдастырыңыз:

  • Суреттерден не көріптұрсыздар?

  • Қалайойлайсыздарберілгенсуреттердібайланыстыратынортақ ой қандай?

  • Миграциядегеніміз не?Не себептіадамдарбірелдімекенненекіншіөңіргеқоныстанады?

  • Миграция үшінқандайсебептерболады?

Презентацияның көмегімен оқушыларды жаңа тақырыппен, оқу мақсаттарымен және бағалау критерилерімен таныстырыңыз.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушылар өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


«Миграция», «қоныстану» ұғымдарын сипаттайтын суреттер

Тақырыптық суреттер

Жаңа сабақ

ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ

1-тапсырма.

Ортағасырлардағы түркі тілдес халықтардың қоныстануын түсіну мақсатында оқушыларға тарихтағы алғашқы жаппай қоныс аударуға арналған материалдың қысқаша талдауын қарастыруды ұсыныңыз

1-Ғұндардың қоныстану территориясын сипаттаңыз.

2- Ғұндардың қоныс аудару себептерін анықтаңыз.

3-Көшпелілердің миграциясы Батыс пен Шығыс елдеріне қалай әсер еткенін түсіндіріңіз.

2-тапсырма.

Халықтардың алғашқы жаппай қоныстануын анықтаған соң ортағасырлардағы миграция үрдісін зерттеуге кірісіңіз. Оқушылардан Қазақстан территориясында өмір сүрген ертеортағасырлық мемлекеттерді атауды өтініңіз.

Оқушыларға түркі халықтарының миграциясын зерттеп, талдауды ұсыныңыз.

1-Түрік қағанатының қоныстануының себептері мен барысын талдайды;

2-Оғыз бен қимақтардың қоныстану жолдарын анықтайды;

3-Қыпшақтардың кеңею территориясын және Дешті Қыпшақ державасының пайда болуын сипаттайды..

Алған білімді төмендегі сұрақтардың көмегімен бекітіңіз:

1. Миграциялық үрдістің нәтижесінде қандай өзгерістер орын алды?

2.Қандай себептердің әсерінен миграция орын алады? Оқушыларды сабақтың басында жұмыс дәптерлеріне жазылған болжамды миграция себептерін салыстыруды ұсыныңыз. Қандай себептер сәйкес келді? Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?

Интерпретация

Миграция себептерін бекіту мақсатында тақтаға немесе қабырғаға А1 форматындағы ватманды іліп, оған миграция себептері көрсетілген кестені сызып қойыңыз.

Миграцияның саяси себептері

Миграцияның әлеуметтік-экономикалық себептері

Миграцияның мәдени себептері

Басқа себептер

























Оқушылар Еуразиядағы түркі халықтарының миграциясының екі саяси себебін талқылап, анықтауды ұсыныңыз. Оқушылар саяси себепті жазып, кестеге орналастыруды өтініңіз. Оқушыларға бұл сабақта сіздер тек миграцияның саяси себептерін ғана қарастырғанын түсіндіріңіз. Сәйкесінше келесі сабақта осы кестемен жұмыс жалғастырылады. Келесі сабақта оқушылар миграцияның әлемуеттік-экономикалық, мәдени және т.б. себептерін анықтайды.

Оқушылар ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушылар өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды.

Оқушылар бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

Тапсырманы орындауға арналған критерилер:

1. Миграция себептерін анықтаңыз;

2. Қоныстанудың нәтижесінде саяси өзгерістерді сипаттаңыз;

3. Миграциядан кейінгі халықтардың қоныстану аймағының кеңейген территориясын анықтаңыз.


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

«Ең үздік жауап»

«Алақан-жұдырық»


«Жұлдызшалар»



Ақпараттық мәтін
Үлестірмелі қағаздар

Суреттер

Тірек-сызбалар

Кесте
Карта


ҚБ парағы

Қорытынды

Кері байланыс

« Білімді стикер». Мына сұрақтар бойынша жауап береді.

- Не білдім?

- Не білемін?

- Не білгім келеді?


Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады

Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект


Үй тапсырмасы

«Түрік тілдес халықтардың миграциясы Еуразия тарихына қаншалықты әсерін тигізді (саяси тұрғыдан)?» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.









1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Қысқа мерзімді жоспар-14

     

Бөлім:

6.1VI - IX ғасырлардағы Қазақстан

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Түркі әлемі қалыптасуының басталуы.

Зерттеу сұрағы: Түрік тілдес халықтардың миграциясы Еуразия тарихына қаншалықты әсерін тигізді?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.1.1.1 түркі тілдес тайпаларды атап, картадан олардың аумақтық орналасуын көрсету

Сабақтың мақсаты

Барлығы: әр түрлі тарихи оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы түркі тілдес тайпалардың миграция үдерістеріне ықпалын түсіндіреді;

Түркі тілдес тайпаларды атап, олардың территориялық орналасуын картада көрсетеді

Көпшілігі: саяси картада түркі тілдес тайпалардың миграция бағыттарын кӛрсетеді

Кейбірі: түркі тілдес тайпалардың миграция себептерін жіктейді

Бағалау критерийлері


түркі тілдес тайпаларды атап, олардың картада территориялық

орналасуын көрсету

Тілдік мақсаттар


Оқушылар: Түрік тілдес халықтардың миграциясы Еуразия

тарихына қаншалықты әсерін талдайды

Пәнге қатысты лексика мен терминология: миграция, этнос

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

...деректің негізінде келесі қорытындыларды шығаруға болады... Келесі себептер/факторлар әлеуметтік/экономикалық/саяси/мәдени болып табылады.

Келесі себептер/ факторлар қысқа мерзімді/ орта мерзімді/ ұзақ мерзімді болып келеді.

Бірқатар факторлар келесі факторларға әсер етті, мысалы...

Ең басты өзгерістер / жетістіктер болды… оған қарағанда, маңыз- дырақ болды, ӛйткені…

Бұл оқиға /ӛзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, ӛйткені…

Талқыланатын сұрақтар:

Ғұн тайпаларының миграциясы Түркі тайпаларының миграциясы

Оғыз-қимақ тайпаларының миграциясы Қыпшақ тайпаларының миграциясы

Жазылымға арналған тапсырмалар: «Сәйкестік аймағы» үлгісі

Құндылықтарды

дарыту

Бірлескен жұмыс, өзара құрмет, ашықтық

Пәнаралық байланыстар

География, дүние жүзі тарихы

Бастапқы білім

Алғашқы мемлекеттік бірлестіктер, ондағы көші-қон бағыттары

жайлы бастапқы білімдері бар

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі


Бастапқы ынталандырушы материал

«Сәйкестік аймағы» әдісі Оқушыларға алдын-ала дайындалған миграция себептері жазылған карточкаларды таратылады (географиялық, әлеуметтік, саяси, табиғи, экономикалық, кездейсоқ).

«Орнына қой» Оқушылар себептерді сәйкестік деңгейіне сай орналастырады, ӛздерінің таңдауларын дәлелдейді.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушылар өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


Тақырыптық суреттер

Жаңа сабақ

Мәтінмен жұмыс

Оқушылар арасында сұрақ-жауап түрінде талқылау ұйымдастырыңыз. Талқылау кезінде оқушылар өткен сабақта меңгерген білімін пайдалануына итермелеңіз.

Оқушыларға картамен жұмыс жасауды ұсыныңыз. Интербелсенді тақтаға екі картаны келтіріңіз: ортағасырлардағы түркі тілдес халықтардың территориясы және қазіргі заманғы түркі республикаларының таралу картасы.

Картаменжұмысқаарналғансұрақтар:

1. Еуразиякартасындақандайөзгерістердібайдаыңыздар?

2. Түркі тілдес мемлекеттерге ортағасырларда және ХХІ ғасырда қандай елдер жатқызылады?

3. Ортағасырлық және қазіргі заманғы түркі халыұтарының ортақ сабақтастығы неде?

Тапсырма Тайпалардың орналасуын, көші-қон бағыттарын стикер қолдана отырып, картада белгілеңіз.

  • ғұн тайпаларының миграциясы;

  • түркі тайпаларының миграциясы;

  • оғыз-қимақ тайпаларының миграциясы;

қыпшақ тайпалары тайпаларының миграциясы



Тапсырма Картаменжұмысқаарналғансұрақтар:

1. Еуразия картасында қандай өзгерістерді байдаыңыздар?

2. Түркі тілдес мемлекеттерге ортағасырларда және ХХІ ғасырда қандай елдер жатқызылады?

3. Ортағасырлық және қазіргі заманғы түркі халыұтарының ортақ сабақтастығы неде?


Оқушылар ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушылар өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушылар бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.
Дескриптор

  • ғұн тайпаларының миграциясын картадан көрсетеді;

  • түркі тайпаларының миграциясын картадан көрсетеді;

оғыз-қимақ тайпаларының миграциясын картадан көрсетеді;

қыпшақ тайпаларының миграциясын картадан көрсетеді;

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

«Ең үздік жауап»

«Алақан-жұдырық»


Ақпараттық мәтін
Үлестірмелі қағаздар

Суреттер

Тірек-сызбалар

Кесте
Карта



ҚБ парағы

Қорытынды

Кері байланыс

«Бұл сабақты оқып, мен…»

Білмеймін .......

Білемін .....

Түсінемін .....

Түсінемін және қолдана аламын ....

Басқа біреуді үйрете аламын .....

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект


Үй тапсырмасы

«Түрік тілдес халықтардың миграциясы Еуразия тарихына қаншалықты әсерін тигізді?» Зертте