Файл: ЫСамерзімді жоспарсаба.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 1204

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


291






  1. «Э» дыбысының таңбасы – оның әрпімен таныстыру.

  2. Түймелерден «э» әрпін жасау.




  1. «Э» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.

  2. Түймелерден «э» әрпінің сұлбасын жасайды.



  1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

  2. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.

  3. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.

  4. Мұғалімнің қолдауымен «Менің алғашқы сөздігім» кітабынан

«экология», «экскаватор»,

«элеватор», «эскимос» сөздерінің түсіндірмесін тауып оқиды.

1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы «э» әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша

сөздер мен сөйлемдерді жазады.

Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.



Түймелер. Әріптің баспа түрі

(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.

(МК, Ұ, Ө) Оқылым.

  1. Оқулықтың 88-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге түсініп оқуы.

  2. «Э» дыбысының сөздегі орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.

  3. «Менің алғашқы сөздігім» кітабынан

«экология», «экскаватор», «элеватор», «эскимос» сөздерінің түсіндірмесін тауып оқуына қолдау көрсету.

  1. «Негештен» эскимостар туралы ақпаратты оқып, сыныпта талдауына қолдау көрсету.


Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.


Оқушыларға қолдау көрсету.


Сызба, оқулық

«Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралы




Мақтау, қолдау


«Негеш» кітабы

(МК, Ө) Жазылым

  1. Оқулықтағы «э» әрпінің таңбалануына назар аудару.

  2. «Э» әрпін тақтаға жазып көрсету.

  3. «Э» әрпін ауада жазып көрсету.

  4. Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.




Оқулық Жазу дәптері



292









2. Әр сабақ соңында өз іс- әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін- өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек- шартты белгілерді бояйды:

«жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс – «Жарайсың!», «қызыл» түс –

«Ойлан!».







Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау
Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:

  1. деңгей:

Суреттен электр қуатымен істейтін затты тап. Дыбыстық талдау жаса.

  1. деңгей:

«Э» дыбысы сөздің қай жерінде келетінін анықта.

  1. деңгей:

Электр шәйнек, электр шамы сөздерінің бірімен сөйлем құра.

Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.


  1. деңгейдегі оқушылар электр қуатымен істейтін заттарды тауып, дыбыстық талдау жасайды: электр шәйнек, шаңсорғыш.

  2. деңгейдегі оқушылар «э» дыбысы сөздің қай жерінде (ортасында, алдында, соңында) келетінін анықтайды. Сөйлем құрап айтады.

  3. деңгейдегі оқушылар электр шәйнек, электр шамы сөздерінің бірімен сөйлем құрайды.





Саралау тапсырмалары




«Сөз тану» тыңдау материалымен жұмыс Мұғалімнің жұмбақтың мағынасын түсінуді QR немесе үнтаспадан тыңдату арқылы ұйымдастыруы. Бүгінгі сабақтың тәрбиелік мәні ашылатындай мазмұнда сұрақтар қойып, жауап алу. Сабақты «Электр жарығын үнемдеу қажет»

деген қорытынды пікірмен аяқтау.

  1. Оқушылар жұмбақты тыңдайды, жауабын табады.

  2. Электр қуатын үнемдеуге тырысады.


Әліппе. Үнтаспа.

«Атамұра», 2020




Рефлексия

Оқушылар «Интервью» әдісі бойынша сабақтан алған әсерлерін

жазып береді.

Бірін-бірі бағалайды.

«Интервью» әдісінің сызбасы



293



















  1. сабақ



Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты-

жөні:

Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ё қосарлы дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.

Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.

Тәрбиелік: басқалардың еңбегін бағалауға, табиғи ресурстарды үнемдеуге үйренеді.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.

«Өзіңмен өзің» ойыны.

Балалар көздерін жұмып, айналаны қараңғы етіп



Мұғалім айтып отырғанда оқушылар елесте отырып, ым-

ишарамен көрсетеді.


Қолдау

Жағымды әуен



294






елестетеді. Қараңғыда өздерін қалай сезінгендерін іс-қимыл, мимикамен көрсетеді. Ал енді айнала жарық болып кетті. Өзімізді

еркін сезініп, кең тыныс аламыз.










Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Ë» қосарлы дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.

«Ё ё» қосарлы дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.

«Ё ё» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.
(МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.

  1. Сурет бойынша әңгіме құрау.



  1. Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.

  2. Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.

  3. Өтілетін жаңа дыбысы бар «монтёр» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

  4. Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.


Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.



  1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Мынау – монтер. Ол күні-түні жұмыс істейді. Халықты электр жарығымен қамтамасыз етеді».

  2. Әңгімені сөйлемдерге талдайды: Құраған әңгімелерің неше сөйлемнен тұрады? (3).

  3. Осы сөйлемдердің ішіндегі бір сөйлемді ( Мынау – монтер.) сөздерге талдайды: Бұл сөйлемде 2 сөз бар.

  4. Өтілетін жаңа дыбысы бар

«монтёр» сөзіне дыбыстық талдау жасайды: «мон-тёр» деп буынға бөліп көреді. Созып айтады.

  1. «-тёр» екінші буынын анықтап айтады.


Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.


Суреттер, оқулық


Сызба


295






  1. «Ё» қосарлы дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру.

  2. «Ё» қосарлы дыбысының таңбасы – оның әрпімен таныстыру.

  3. Ермексаздан «ё» әрпін жасау.



(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.

(МК, Ұ, Ө) Оқылым.

  1. Оқулықтың 89-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге түсініп оқуы.

  2. «Ё» қосарлы дыбысының сөздің ортасында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.

  3. «Менің алғашқы сөздігім» кітабынан

«дирижёр» сөзінің түсіндірмесін тауып оқуына қолдау көрсету.

  1. Мәтінді оқып, мазмұнын баяндау.

  2. Жұмбақты оқып, шешуін табу.

  1. «Ё» қосарлы дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады:

«й+о» естілгенімен, «ё» әрпі ғана жазылады.

  1. Ермексаздан «ё» әрпінің сұлбасын жасайды.


  1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

  2. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.

  3. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.

  4. Мұғалімнің қолдауымен «Менің алғашқы сөздігім» кітабынан

«дирижёр» сөзінің түсіндірмесін тауып оқиды.

Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.

Оқушыларға қолдау көрсету.

Ермексаз
Оқулық. Әріптің баспа түрі


«Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралы

Жазылым

  1. Оқулықтағы «Ё» әрпінің таңбалануына назар аудару.

  2. «Ё» әрпін тақтаға жазып көрсету.

  3. «Ё» әрпін ауада жазып көрсету.

  4. Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.




  1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы

«ё» әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.

  1. Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек- шартты белгілерді бояйды: «жасыл»

түс – «Бәрекелді!», «көк» түс –

Мақтау, қолдау

Жазу дәптері



296









«Жарайсың!», «қызыл» түс –

«Ойлан!».







Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау
Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:

  1. деңгей:

Жұмбақты оқып, шешуін тап.

  1. деңгей:

«Ё» қосарлы дыбысы сөздің қай жерінде келетінін анықта.

  1. деңгей:

«Дирижёр» туралы ақпаратты сөздіктен тауып оқы.

Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.


  1. деңгейдегі оқушылар жұмбақты шешеді: дирижёр.

  2. деңгейдегі оқушылар «ё» қосарлы дыбысы сөздің қай жерінде (ортасында, алдында, соңында) келетінін анықтайды. Сөйлем құрайды.

  3. деңгейдегі оқушылар «дирижёр» жайында тапқан ақпаратты оқиды.


Оқушыларға қолдау көрсету.
Мақтау, қолдау



Саралау тапсырмалары




«Сөз тану» тыңдау материалымен жұмыс Мұғалімнің жұмбақтың мағынасын түсінуді QR немесе үнтаспадан тыңдату арқылы ұйымдастыруы. Бүгінгі сабақтың тәрбиелік мәні ашылатындай мазмұнда сұрақтар қойып, жауап

алу.

  1. Оқушылар жұмбақты тыңдайды.

  2. Жұмбақтың шешуіндегі мамандық иесінің еңбегі туралы айтады.

  3. «Ё» дыбысы сөздің басында кездесетін сөздер туралы айтады.



Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.

Әліппе. Үнтаспа.

«Атамұра», 2020




Рефлексия

Толықтыру тесті. Оқушылар бүгінгі «Ё» әрпі бойынша алған білімдерін толықтырып жазып шығады.

«Ё» әрпідыбыс.

«Монтёр» сөзінде_ әріп, _ дыбыс бар.

Тест тапсырмасын толықтырып жазып шығады.




Тестілік тапсырма




  1. сабақ



Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты- жөні:

Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ц дыбысы және әрпі