Файл: Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 2959

Скачиваний: 101

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазіргі ақпараттық қоғамда адам өздігінен білімін жетілдіріп отыруы арқылы бәсекеге қабілетті, еркін дамыған тұлға бола алады. Өздігінен білім алу үдерісінің құнды жақтарының бірі ретінде тұлғаның жеке танымдық белсенді іс-әрекетпен шұғылдануын атауға болады. Бұл үдерісте адам мақсат-міндеттерді өзі анықтайды, өзі білім алу құралдарын іздестіреді, өзі-өзіне мұғалім болып, өзін-өзі білімге жетелейді.

Өздігінен білім алудың негіздері мектеп жасынан бас-талып, кейіннен орта және жоғарғы кәсіби білім алу барысында жал-ғасын табады. Ал жоғары оқу орнындағы болашақ мұғалімдер үшін өздігінен білім алудың негізгі көздері ретінде мынандай жағдайларды қарастыруға болады:

  1. кәсіби білім беру саласында педагогикалық практика болашақ мамандардың өздері таңдаған кәсіптерін практика жүзінде, тереңірек танысып көруіне негізделіп ұйымдастырылады. Жоғары оқу орындарындағы өткізілетін педагогикалық практикалар болашақ ұстаздардың теориялық білімдерін шынайы педагогикалық үдеріс жағдайында шығармашылықпен іске асырып, өздерін педагог ретінде сынап көрулеріне, болашақ кәсіптерінің қыр-сырымен тереңірек танысуларына бағытталған.

Педагогикалық практика болашақ мұғалімдердің кәсіби іскер-ліктері мен кәсіби құзіреттіліктерін дамытудағы және қалыптастыру-дағы жоғары оқу орнындағы педагогикалық үдерістің ажырамас бір бөлігі. Болашақмұғалімдердің кәсіби даярлықтарының сапасын жоғарылатуға бағытталған педагогикалық практиканың білім берушілік, тәрбиелік, дамытушылық қызметтерінің мүмкіншіліктері өте жоғары.

  1. кітапханадағы электрондық кітап қоры, Интернет жүйе-сін пайдалану. Студент жастарға кітапхананың бай қорымен танысып қалу мүмкіндігін жіберіп алмау керек, себебі онда академиялық кітап-тардан басқа мерзімді басылымдар арқылы заманауи жаңалықтармен танысып отыруға болады. Интернет арқылы қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша түрлі білімді жетілдіру курстарына қатысу мүмкіндігі де мол. Бұл үрдістің ұтымды жағы болып адамның өзіне үйреншікті жағдайда отырып сан алуан білім беру бағдарламаларымен танысып, өзінің қалауы бойынша біреуін таңдап электрондық пошта арқылы хат алмасып, білімін толықтыруы болып табылады.

  2. желілік кәсіби қоғамдастықтарға мүше болу. Кәсіби-педа-гогикалық қоғамдастық аясында талқыланатын тақырыптар бойынша пікір алмастыру өте маңызды. Болашақ маман ретінде қоғамдастықта өз пікірін ортаға салу арқылы болашақ ұстаз басқа адамдардың пікір-лерімен таныса отырып, өзінің кәсіби даму деңгейін және кәсіби та-ным шеңберін бағамдап, кеңейтуіне болады.

  3. студенттердің ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеттері. Кәсіби-педагогикалық дайындық барысында студенттер курс жұмысы, дипломдық жұмыс (бакалавриатурада), зерттеу жұмысының нәтижеле-рін мақала ретінде жариялау, магистрлік диссертация (магистратурада) жазумен айналысады. Бұл жұмыс барысында болашақ мамандар бір ғылыми мәселені шешуде өзіндік көзқарастарын қалыптастырады, зерттеудің эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық әдістерімен таныса-ды, бір тақырып аясында өздерінің білімдерін тереңдетеді.

  4. білімді, іскерліктерді жан-жақты жетілдіру курстарына қатысу. Студенттік шақ адам бойындағы қабілеттерді дамытуға өте қолайлы кезеңдедің бірі. Арнайы білімдермен қатар жас маман тұл-ғасына оның іскерліктеріне байланысты көп талаптар қойылады. Сон-дықтан сөйлеу шеберлігін дамытуға арналған психологиялық тренинг-терге, шет тілдерін үйрену курстарына қатысып жоғары білім туралы дипломмен қатар бір неше сертификаттар алып шықса, оның жұмысқа орналасқан кезінде өз күшіне деген сенімділік нығая түспек. Бұндай мамандар өздерінің құзыреттілігімен беделді де абыройлы бола алады.

  5. кәсіби іс-әрекет бағытында жұмыс істеп көру. Қазіргі нарық заманында көптеген студент жастар оқуларымен қатар қосымша жұмыс істеуге тырысады. Әрине, бұл сабақтарына кедергі болмаса өте құптайтын жайт. Мысалы, репетиторлық жұмыстар, мектепте сабақтан тыс спорттық үйірме, факультативтік жұмыстарын жүргізу, лингвисти-калық аудармашылық жұмыстар, компьютерлік қызмет көрсету жұ-мыстары, балалардың демалыс лагерлерінде жетекшілік атқару, бала бақшаларында тәрбиеші болу т.с.с. жұмыстар жастардың болашақ кәсібімен жақынырақ танысуларына, ұжым ішінде тұлғааралық қарым-қатынасты орнатуға уйренуіне, тәжірибе жинақтауына, өз мүмкіндік-терін бағалауға көп септігін тигізді.

  6. қоршаған ортадан алынған ақпараттарды білім алу көзіне айналдыру. Айналамыздағы бізді қоршаған таныс және бейтаныс адам-дармен дұрыс қарым-қатынас орнатудың өзі болашақ мұғалім үшін кәсіби тәжірибе жинақтаудың көзі бола алады, себебі ертең мұғалімдік қызметте жасы үлкен әріптестерімен, балалардың ата-аналарымен сөйлесе алу қажет. Сонымен қатар әрбір тәжірибелі ұстаздардың дәріс-теріне қатысу арқылы олардың аудитория назарын қалай аударатынын, сабақ үстінде тәртіпті сақтай алу іскерліктерін, ынтымақтастық қарым-қатынас орната білу шеберліктерін үйренуге болады.

  7. теледидардан көретін бағдарламалардың мамандыққа қа-тысты жаңалықтары болса, оларды педагогикалық рефлексиялық күн-делікке түртіп жазып алуды дағдыға айналдырған дұрыс. Теледидар-дың қоғамдық санаға әсері өте жоғары. Әр бағдарламаларға талдау жасап, әріптестеріңізбен бөлісе алу болашақ педагогтың коммуника-тивтік қабілетін дамытуға жақсы негіз бола алады.

  8. Өзін-өзі жетілдіруде көп кітап оқудың да рөлі өте маңыз-ды. Кітап оқу арқылы өте қызықты тұлғалармен танысып, соларға қа-рап жақсы болуға тырысып, өзін әдепті ұстауға, қарым-қатынасты дұ-рыс ұйымдастыруға үйренуге болады. Қазіргі бұқаралық ақпарат құ-ралдары да адамның жалпыадамзаттық мәдениетке енуіне ықпал жа-сауда. Кітап дүкендеріне, кітап көрмелеріне баруды әдетке айнал-дырған абзал, себебі онда жаңа кітаптар сарынымен танысып отыруға мүмкіндік жоғары. Кітаптармен таныса жүріп, өзіңіздің үй-дегі педагогикалық кітапханаңызды ашуыңызға болады. Кітап – мұға-лімнің ең сенімді серігі, кеңесшісі, рухани азығы.

  9. өздігінен білім алудың көзі ретінде әр адамның әуестену-шілігін, хоббиін қарастыруға болады. Кез келген адамда өзіне тән бір ерекшеліктері болады. Мысалы біреу жақсы ән айта алады, екіншісі жақсы билей алады, үшіншілерінде ақындық қабілеттері дамыған, кейбіреулері музыкалық аспаптарда жақсы ойнай алады, басқасында спорттық қабілеттері басым болып келеді.

  10. Деректі және көркем фильмдер, ұлы адамдар өмірбаяндары, түрлі кездесулер, шығармашылық кештер, спектакльдер, мәдени-та-нымдық бағдарламалар т.б. іс-шаралардың барлығы адамның өз тұлға-сын дұрыс қалыптастыруына бағыт-бағдар беру негізі.

  11. Тәлімгер таңдау. Білім беру саласында, жоғары оқу орын-дарында ресми бекітілген педагогикалық қызметтермен (лектор, кура-тор, эдвайзер, тьютор) қатар тәлмгер қызметі де жақсы даму үстінде. Көптеген оқу орындарында ресми түрде бекітілген адамдар өз қызмет-терін жоспарлы түрде орындап отырады. Ал тәлімгерлік үдерісінде тәлімгерді жас маман өзіне өзі таңдайды. Кімді үлгі тұтады, кімді кәсіби іс-әрекеті үшін құрметтейді, сол адамммен пікір алмасып, не үйренгісі келетінін айтып, өз қажеттілігіне байланысты даму жоспар-ларын құруға болады. Барлық ұлы адамдардың тәлімгерлері болған. Мысалы Аристотель болмағанда, Македонский болар ма еді?


Өздігінен білім алу негіздерін жақсы меңгерген маман кәсіби іс-әрекетте үнемі әріптестерінің алды, ұжымның абыройлы тұлғасы, өзінің құзыреттілігімен, бәсекеге қабілеттілігімен гуманистік бағытты-лығы негізінде басқаларға үлгі-өнеге болып оларға қолдау көрсете алатын болады.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

          1. Үздіксіз білім берудің өзектілігін қандай факторлар айқындайды?

          2. Педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуінің әдістері қандай?

          3. Педагогикалық рефлексияның атқаратын қызметтері қалай жіктеледі?

          4. Неліктен үздіксіз педагогикалық білім алу мұғалімнің кәсіби-тұлғалық дамуының негізі болып есептеледі?

          5. Болашақ педагогтың өздігінен білім алуының қандай тетіктерін сипаттай аласыз?


2-бөлім. ПЕДАГОГИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1-тақырып. ПЕДАГОГИКА АДАМ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР ЖҮЙЕСІНДЕ
1.1. Педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы. Педаго-гика жалпыадамзат баласын тәрбиелейтін ғылымның негізгі саласы. Педагогика гректің «пайдос» - бала, «аго» - жетелеу деген сөзден құра-лады. «Баланы жетелеу» - деген мағынаны береді. «Пайдогогос» - ба-ланы жетелеп жүруші дегенді білдіреді. Қоғамның даму үдерісіне сәй-кес педагогика да балаға тек тәрбие беріп қоймай, білім, білік, дағды-ларын, шынайы болмысты қалыптастыратын, рухани құндылықтарын дамытатын, қолданбалы ғылымның саласы. Педагогика білім және тәрбие беру туралы бірден-бір арнайы ғы-лым болып табылады.Ғылымды кеңірек мағынада шындық өмір ту-ралы объективті білімдерді жасау және теориялық жинақтау іске аса-тын адами әрекеттің бір саласыдеп қарастырады. Ғылым - ғылымның құралдары мен әдістері пайдаланылатын және зерттелетін нысандары туралы білімдердің қалыптасуымен аяқталатын объектіні жүйелі және мақсатқа бағытталған түрде зерделейтін таным үдерісінің ерекше түрі. Ғалым сол ғылымда жинақталған білімнен, жалпы адами тәжірибеден алынған ақпаратқа сүйенеді, ол ғылыми мәселелерді шешуге бағыт-талған және ғылымда белгілі бір олқылықтардың орнын толтырады. Зерттеу барысында танымның арнайы құралдары қолданылады: мо-дельдеу, болжам жасау, эксперимент жүргізу және т.б.

Ғылымды ұйымдастыру мен талдаудың бірлігіне «пән» ұғымы алынды. Педагогика-педагогикалық пәндердің тұтас жүйесі. Педагоги-ка практикада өз орнын тапты, яғни орнықты. Зерттеу технологиясы жетілдірілді, педагогикалық теория жоғары деңгейге көтерілді. Соңғы жиырма жылдықта педагогика қолданбалы мамандықтарға қажет пән деп танылды.

Педагогика - қазіргі адамтанудың саласы.
XX-XXI ғасырлар тоғысында кез келген елдің тұрақты өркендеуін қамтамасыз ететін ең басты фактор – адам. Өркениетте адам рөлінің күшеюі, адами капитал-дың қоғам дамуының негізгі ресурсына айналуы адам туралы ғылым-дардың ішінде ең алдымен білім беру туралы арнайы ғылым педаго-гиканың маңызын арттырды.

Ғылым – қоғамдық сананың бір түрі.

Педагогика ғылым ретінде.Бұл ретте ғылыми пән оның құры-лымының жүйе құрушы элементі түрінде педагогиканың өзін-өзі реф-лексиялауы мен дамытуын, зерттеудің өміршеңдігін қарастырады. Ғы-лыми пәннің талдау бірлігі ретінде алынуы педагогиканың құрылы-мын сипаттауда қолданылатын жалпы ғылымилық категориялардың ұғымдық аппаратын реттеуге мүмкіндік береді. Ғылымның дамуы ғы-лыми білімнің саралануы мен кірігуінің өзара байланысты үдерісімен сипатталатыны бәрімізге мәлім. Ғылымдардың жақындасу үдерісі, ке-шенді тәсілді қолдану көптеген жеке ғылымдарға тән бола тұра, фи-лософиялық ұғымдардан ажыратылатын түсініктердің пайда болуына ықпал етті. Бұндай интегративті сипаттағы ғылыми негіздеме бірнеше пәндердің әлеуетін біріктіретін түсініктер педагогикада да кеңінен қол-данылуда. Осы уақытта іргелі зерттеу жүргізу«жүйе», «құрылым», «әрекет», «әлеуметтік», «оңтайлылық», «жағдай», «ұйымдастыру», «болжам», «деңгей» және басқа да жалпы ғылымилық түсініктерсіз мүмкін емес.

Жалпы ғылымилық түсініктерді педагогиканың пәніне қатысты ойластырғанда, педагогиканың терминологиясы «педагогикалық бол-мыс», «педагогикалық жүйе», «білім беру үдерісі», «педагогикалық өзара әрекеттестік» сияқты сөз тіркестерімен толықтырылады.

Жүйе дегеніміз - бірі өзгеріске ұшыраса, басқалары да өзгеретін өзара байланысты элементтердің тұтас кешені.Зерделенетін жүйенің ең қажетті сипаттамасы: құрамы (оған енетін элементтер жиынтығы), құ-рылымы (олардың арасындағы байланыс) және әрбір элементтің қыз-меті, оның жүйедегі рөлі мен маңызы. Өз кезегінде жүйенің элементі басқа бір кең жүйеге оның бөлігі ретінде енуі мүмкін.

Философиялық тұрғыдан әрекет мазмұны әлемді өзгерту мен қайта құру болып табылатын адамның өзін қоршаған әлемге белсінді қарым-қатынасы. Адам әрекетінің жеке түрлері - өндірістік, экономи-калық, ғылыми-этикалық, педагогикалық әрекеттер кеңірек жүйенің, мысалы, қоғамды тұтас алсақ, соның бір кіші жүйесі болып табылады. Сонымен, жүйелілік және әрекеттік тұғырлар бірігеді де, қоғамдық әрекетке, жеке алғанда ғылыми және педагогикалық әрекетке жүйе-лілік-әрекеттік тұғыр қолданылады. Тұтас педагогикалық әрекет жүйе-сін құрайтын әрекеттің келесі түрлері былайша ажыратылады:
прак-тик-педагогтардың жұмысы; әкімшілік әрекет; білім беру үдерісін ұйымдастыру әрекеті; ғылыми-зерттеу әрекеті; педагогика ғылымы нәтижелерін практикаға енгізу әрекеті. Жүйе және әрекет туралы айтылғандардың бәрін есепке алсақ, педагогикалық әдебиеттерде жиі қолданылатын «педагогикалық жүйе» терминін түсінуге мүмкіндік туады. Бұндай жүйе өзінің құрамына, яғни оның элементтерінің маз-мұнына байланысты нақты толықтырылады: оқытудың ұйымдастыру формалары немесе әдістері, білім мазмұнының құрылымдық жүйесі, әдістемелік жүйе, тәрбие жүйесі және т.б. Бұл жүйені жасаушыға не-месе оның зерттеушісіне қойылатын басты талап - оны жүйелілік тұ-ғыр тұрғысынан сипаттай білу, құрамын, құрылымын және қызмет-терін нақты белгілеу.

Педагогика кез келген ғылым сияқты шынайы болмысты бейне-лейді. Сондықтан, педагогикалық болмысты педагогикалық әрекетті ғылыми қарастыруға алынған болмыс деп анықтауға болады.

Жүйе және әрекет туралы түсініктер мен «білім беру үдерісі» түсінігі арақатынасын қарастыру керек. Үдеріс - жүйенің хал-ақуа-лының ауысуы,демек, білім беру үдерісі - әрекет ретінде білім беру жүйесінің күй-жайының ауысуы. Сондықтан, педагогикалық әрекет және педагогикалық үдеріс - екеуі бір нәрсе емес. Педагогикалық үде-ріс – қозғалыстағы, дамудағы әрекет. Тек оны ойша ғана тоқтатып, пе-дагогикалық әрекеттің бөліктерін талдауға болады. Енді бір маңызды ұғым -«педагогикалық өзара әрекеттестік»,практикалық педагоги-калық әрекеттің мәнді белгісі – оның екі жақты сипатын бейнелейді. Бұл қасиет арқылы педагогикада мақсат қоюмен және басшылық ету-мен байланыстының бәрін сипаттайды. Педагогикалық зерттеулерде іргелес ғылымнан алынған ұғымдарды бөліп көрсетуге болады. Пси-хологиядан («қабылдау», «меңгеру», «ақыл-ойдың дамуы», «еске сақ-тау», «іскерліктер», «дағдылар»), кибернетикадан («кері байланыс», «динамикалық жүйе») алынған көптеген ұғымдарды педагогикада кеңінен қолданыс табуда.

Педагогиканың объектісі, пәні және қызметтері.Объект – осы ғылым зерттейтін шынайы болмыстың саласы. Пәні – объектіні осы ғылым тұрғысынан көре білу тәсілі. Нысан дегеніміз – зерттеу-шінің танымдық әрекеті бағытталған шынайы болмыс, ал пән дегеніміз - зерттеудің нысанын (объектісін) ғылыми тұрғыдан көру тәсілін бей-нелейтін зерттеу субъектісі мен объектісі арасындағы буын.

Ғылымның пәнін анықтау оның тәрбиелік мәртебесіне бағы-нышты. Егер педагогикада теориялық деңгей бар екені мойындалса, онда оның пәнін былайша көрсетуге болады: педагогика ғылымының объектісі болып табылатын әрекеттегі қарым-қатынастар жүйесі. Мысалы, педагогикалық ғылыми пәннің бірі – дидактикада оқытудағы қатынастар жүйесінде оқушыны оқытудың объектісі мен білім алудың субъектісі деп қарастырады.