Файл: Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 2948

Скачиваний: 101

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Әлемдік деңгейде өмір бойы үздіксіз білім беру (Lifelong Edu-cation) үдерісі өзектене түсті, себебі тек үздіксіз білім алу арқылы ғана адамның кәсіби іс-әрекеті табысты бола алады. Үздіксіз білім берудің мәні ғылымның, техниканың, экономиканың дамуына байланысты адам білімінің үздіксіз және жүйелі түрде жетілдіріліп отыруымен анықталады. Үздіксіз білім беру идеясыәр адам үшін өзінің және қо-ғамның қажеттіліктері мен сұраныстарына байланысты әр жастық ша-ғында білім алуға мүмкіндігі бар екенін көрсетеді. Демек, адамның бі-лім алуы уақыт интервалдарымен шектелмейді, ол өз қалауы бойынша өмір бойы өзінің білім деңгейін жетілдіре алады.

Үздіксіз білім беру – тұлғаның шығармашылық әлеуетін және рухани әлемін жан-жақты үздіксіз жетілдіруге бағытталған көпсатылы үдеріс. Үздіксіз білім беру - тұлғаның жалпы жә-не арнайы оқу-тәрбие мекемелерінде, сондай-ақ, өздігінен алған білім, білік, дағдыларын жетілдірудің жүйелі танымдық іс-әрекеті.

Үздіксіз білім беру жүйесіне түрлі оқу-тәрбие мекемелерінің типтері (бала бақша, жалпы білім беру мектептері), кәсіптік-техникалық колледждер, жоғары оқу орындары (бакалавриат, магистратура, докторантура, адъюнктура), біліктілікті жетілдіру курстары, тағылымдамалар, түрлі қызығушылықтарға байланысты құрылған қоғамдастықтар, on-line курстары, семинарлар, тренингтер, қашықтықтан оқыту түрлері т.с.с. жатады.

Білім берудің үздіксіз сипатқа ие болуы оның құндылығының артуының дәлелі. Әр мемлекеттің дамуы оның экономикасының дамуымен ғана емес, сонымен қатар, адами капиталының даму деңгейімен, адами құндылықтар сапасымен өлшенуі тиіс. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасында барлық мемлекеттердің рейтингісі барынша жүйелі анықталып отырады. Ол рейтингте негізгі салыстырмалы үш өлшемі:

  • адамдардың денсаулығы, өмір жасының ұзақтығы;

  • адамдардың сауаттылық деңгейі, біліммен қамтылу сапасы;

  • адамдардың өмір сүру деңгейі.

Осы өлшемдерден көріп отырғандай, білім құндылығы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының адами даму рейтингісінің негізгі үш субъективті факторының бірі ретінде қарастырылуда. Осы рейтингке қатысқан мемлекеттер адами даму индекстері бойынша төрт үлкен категориялар бойынша жіктеледі: адами даму индекстері өте жоғары, жоғары, орташа, төмен мемлекеттер.

Қоғамның барлық саласы қарқынды түрде әлеуметтік-мәдени өзгерістерге ұшырап жатқан жағдайда
үздіксіз білім беру мәселесі мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін сақтау кепілі ретінде өзектене түс-кені айқын байқалуда. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы-ның қазіргі даму кезеңінде, үздіксіз білім берудің сапасын қамтамасыз ету стратегиялық бағыттардың бірі болып табылады, себебі болашақ-тағы экономика, білім беру, мәдениеттің дамуы мамандардың сапалы дайындығына тәуелді.

Үздіксіз білім берудің себептері:

  • қызметкерлердің кәсіби біліктіліктерін үнемі жетілдіріп отыру қажеттілігі;

  • білімнің қоғамдық капиталға айналу үдерісі;

  • қоғамдағы тек білімді ғана емес, сонымен қатар жоғары білікті, құзіретті мамандарға деген сұраныстың көбеюі;

  • ақпараттық технологиялардың жылдам дамуына байланысты бұрынғы біімдердің тез ескіріп қалуы;

  • жаһандану әсерінен ақпараттармен алмасу жылдамдығының күшеюі.

Үздіксіз білім беру идеясы төмендегідейқағидаларға негізделіп жүзеге асырылады:

- гуманизм принципі; білім алудың қолжетімділігі;

- білім берудің ашықтығы;

- білім берудің жан-жақтылығы т.б.

Білім беру саласында үздіксіз өзгерістер енгізу қажеттігін біз соңғы жылдары Қазақстан мектептерінің білім сапасын анықтайтын және білім нәтижелерінің тиімділігін көрсететін түрлі халықаралық деңгейдегі PISA, TIMSS, PIRLS зерттеулерінің нәтижелерінен байқап отырмыз. Осындай зерттеулер нәтижесі көрсетіп отырғандай, білім беру сапасын жоғарылату үшін әуелі мұғалімдердің кәсіби шеберлік-терін үздіксіз жетілдіріп отыру қажет.

Жаһандық өзгерістер аясындағы жаңартылған білім беру маз-мұнының талаптарына сәйкес мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін үздік-сіз дамыту ерекшеліктері жан-жақты қарастырылуда. Осыған байла-нысты үздіксіз педагогикалық білім беру үдерісі ерекше өзекті мәселеге айналып, Қазақстан Республикасының жаңа форматты педагогына үз-діксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы әзірленген. Бұл тұ-жырымдаманың негізгі мақсаты – өмір бойы өздігінен білім алуға және өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған жаңа форматты мұғалім тұл-ғасын қалыптастыру жүйесін анқытау.

Үздіксіз педагогикалық білім беру деп педагогтың жалпы және арнайы ісерліктері мен кәсіби-танымдық, рухани қажеттіліктерін өмір бойы үздіксіз дамыту үрдісін атайды. Ең алдымен педагог мамандардың дайындық сапасын жетілдіру қажет, онсыз отандық білім беру жүйесінде жүргізілетін білім беру реформаларының тиімділігінің тө-мен болып шығуы ықтимал.

ХХІ ғасыр ақпарат пен білім ғасыры болғандықтан Қазақстан-дық білім беру жүйесін халықаралық стандарттар деңгейіне жеткізу мақсатында білім сапасын жоғарылату, адами капиталға инвестициялар жасау мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізіне айналуда. Осы мақсатта Қазақстанда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педа-гогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің Білім беру факультеті бірлесе отырып дайындаған Бағдарламаларда әлемдік білім беру саласындағы үздік тәжірибелер жинақталып, мектеп мұ-ғалімдері мен басшылары, сонымен қатар әдіскерлер біліктілікті арт-тыру курстарынан өткізіліп, мектеп өмірінде қарқынды өзгерістер орын алып келеді.



Болашақ мұғалімнің педагогикалық шеберлігі оның өзін іске асыра алу біліктілігіне, өзін жетілдіріп дамыта алу іскерлігіне байла-нысты болады. Қазіргі заманда педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаз ғана бәсекеге қабілетті ұстаз бола алады. Ал бәсеке қабілетті ұстаз - жаңа ғылыми білімдерді іздестіруге, меңгеруге дайын, тез және дұрыс шешім қабылдай алатын, өзінің кәсіби қабілеттеріне сенімді, шығармашыл, кәсіби құзіретті тұлға ретінде сипатталады.


    1. Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу - қазіргі мұғалім тұлғасын да-мыту факторы.Адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі адамзат тари-хындағы өзекті тақырыптардың бірі. Бұл мәселе атақты грек фило-софы Сократтың, шығыстың атақты ғұлама ғалымдары Әбу Насыр әл-Фарабидің ұлан-ғайыр еңбектерінен, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ибн Сина, Әбу-райхан әл-Бируни, Фирдауси, Низами, Қожа Ахмет Яссауи сынды көрнекті ойшылдарымыздың тәлімдік тағылымдары мен даналық ой-пікірлерінен бастау алып, бүгінгі күні әлеуметтік, тәлім-тәрбиелік, пси-хологиялық-педагогикалық идеялардың барлығының негізне айналуда. Өзін-өзі тәрбиелеудің толып жатқан әдіс-тәсілдерінің көпшілгі Абайдың қара сөздерінде де жан-жақты қарастырылатыны баршамызға мәлім.

Өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі әр жастағы, әр салада жұмыс істей-тін адамдардың өздігінен дамулары үшін өте маңызды үрдіс. Солар-дың ішінде мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі елеулі орынды иеленеді, себебі оқушыларға жақсы тәрбие беру үшін мұғалімнің өзі-нің тәрбиелік деңгейі өте жоғары болуы керек.

Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі - оның педагог ретінде өзіндік жеке қабілеттерін педагогикалық қызмет талаптарына бейімдеуі, кәсіби құзыреттілігін үздіксіз жоғарылатуы және рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту бойынша өз тұлғасын жетілдірудегі саналы іс-әрекеті.

Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі дамыту үрдісінің нәтижесі – оның жеке тұлғалық қасиеттері мен кәсіби-педагогикалық қызмет талапта-рының сәйкестілігінің жоғарғы дәрежедегі көрсеткіші. Педагогтың өзін-өзі тәрбиелеу үдерісінің негізгі қозғаушы күші – өзін-өзі өзгерту мен жетілдіруге деген қажеттілік.

Психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде өзін-өзі тәр-биелеу әдістері әр түрлі топтастырылып келеді. Педагогика ғылы-мында Б.Б. Айсмонтас өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін және тәсілдерін ажыратып қарастырады және оларды үлкен үш топқа бөліп жіктейді: өзін-өзі тану, өзін-өзі меңгеру, өзін-өзі ынталандыру әдістері
.

Л.С.Выготскийдің: «кез келген тәрбие ең соңында өзін-өзі тәр-биелеуге ұласады» - деген ойы педагогикадағы өзін-өзі тәрбиелеу мә-селесінің өзектілігін дәлелдейді. Сондықтан педагогикалық тәжірибеде қажет болып табылатын өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі әдістеріне тоқталып өтейік. Өзін-өзі тәрбиелеудегі бастапқы әдістердің бірі адам-ның өзін-өзі бағалауы. Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдар-мен салыстыруынан басталады. Өзіне дұрыс берілген баға өзін тәрбие-леудің мақсаттарын дұрыс қоюға көмектеседі. Егер адам өзін басқа-лармен салыстыра келе өзін өте төмен бағаласа, өзіне деген сенімін жоғалтады, басқалармен қарым қатынас жасау қиынға соғып, көп-теген сәтсіздіктерге кездесуі мүмкін.

Өзін-өзі қадағалау әдісі басқа адамдармен қарым-қатынас жасағанда, өзін сабырлы ұстай білуге, басқалардың кемшіліктеріне кешірімді, қателіктеріне шыдамды болуға көмектеседі. Мысалы, кейбір адамдар балалардың шулағанын көтермей ашуланады, бірақ оданда қатты дыбыс шығаратын күннің күркіреуі ол адамды сондай ашуландырмайды. Яғни мәселе адамның сол ызалалықты тудыратын объектіге өзінің қандай қатынаста болуына байланысты екен. Өзін-өзі қадағалау әдісі қиын жағдайларда ыза мен ашуға жол бермей ұстамды болуға көмектеседі. Адам үшін өз сезімдерін басқарып, оны уақытында тежей алу арнайы жаттығуды қажет ететін күрделі психикалық үдеріс. Адамдармен қарым-қатынас барысында өзін-өзі қадағалап тұра алуынан, ұстаздардың ұстамдылығынан, шыдамдылығынан, төзімділігінен, толеранттылығынанкөрінеді.

Өзіне-өзі бұйырық беру әдісі адамды жақсы жаққа жетелеп отырады. Бұл әдіс көбінесе адам бір нәрсеге өзін-өзі сендіріп, бір нәрсені істеу қажет екенін түсінгеннен кейін қолданылады. Бұл әдіс адамның өзіне-өзі қатал, табанды түрде талап қоя алуына байланысты кездеседі. Адам өзіне бұйрық беріп оны бір рет орындай алса, келесі жолы сон-дай бұйрықты орындау жеңілірек болып, көп қайталана бере әдетке айналады. Адам бұйырқты өзіне іштей береді, ол көмектеспесе оны дауысын шығарып қайталауы керек. Өзіне-өзі бұйрық беру арқылы адам ерік-жігерін шыңдай түседі. Ал ерік-жігері күшті адам әрқашан да көздеген мақсатына, үлкен жетістіктерге жете алады.

Өзін-өзі иландыру адамның өзіне қажетті бір қасиеттерді қа-лыптастыруда жақсы көмектеседі. Адам қатты ауырғанда көңілін басқа нәрсеге бұрып, басқа іспен айналысып кетсе ауырғанын уақытша бол-сын ұмытады. Сенека айтқандай, «ауруды ойлай берсең, ол ұлғая береді». Н.Островский, И.Кант, Б.Паскаль т.б. белгілі тұлғалар өз ауруларына көп көңіл бөлмей, тек өздерінің сүйікті шығармашылық істері-мен айналысып, адамзат тарихында өшпес іздерін қалдырған. Өзін-өзі иландыруға қарағанда өзіне-өзі бұйырық беру өзіне сын тұрғысынан қарауға бөгет жасамайды, керісінше, өзін жан-жақты бағалауға ықпал етеді.


Өзін-өзі құптау. Көптеген жағдайларда адам өзінің өміріне сырттай көз салып жеткен жетістіктерін еске түсіргені жөн. Адамның өмірде қол жеткізген жетістіктері оның өз қабілеттерін бағалауға негіз болып, өз күшіне деген сенімін арттырады. Өзін-өзі кемсіте бермей, өз қабілеттеріне деген көзқарастарын өзгертіп, жақсы жақтарын асырып отыру адамды ынталандыра түседі. Адам таңертеңнен бастап өзіне ой-ша жағымды жаттығулар жасауына болады. Дейл Карнеги айтқандай «Дәл бүгін», «Дәл осы сәттен бастап» - деп адам өзіне жақсы мақсат-тарды қойып соны орындауы керек. Мысалы, «дәл бүгін мен өзімнің денсаулығыма көңіл бөлемін, дәл бүгін мен біреуге бір жақсылық жа-саймын, дәл бүгіннен бастап мен өзімді қолға аламын, өзімді тәрбие-леймін», «бұл менің қолымнан келеді» деп өзіне уәде беріп серттессе, ондай адамның іс-әрекеті оң нәтижесін береді.

Мектеп ісін реформалауда мұғалімнің жеке тұлғасын жетілдіру әрқашан да көкейкесті мәселелердің бірі болған. Сондықтан әрбір мұғалім кәсіби құзыреттілікті, іскерліктер мен дағдыларын дамытуда өзін-өзі тәрбиелеу әдістеріне негізделулері тиіс. Неміс педагогы А.Дистервег «Өзін-өзі тәрбиелеу мұғалімнің барлық өмірінің негізгі міндеті» - деген. Әр адам өзіне не қажетті екенін өзі ғана біледі, ол өзіне өзі ғана жақсы көмек көрсете алады.

Өзін-өзі тәрбиелеу үшін рефлексиялық күнделіктер бастап жа-зып, өздерінің бойындағы өзгерістерді бақылап, жан-жақты талдау жасап отыру пайдалы. Қазіргі кезде адамның өзімен-өзі жұмыс істеуіне көмектесетін Интернетте, ғылыми-педагогикалық журналдар-да көптеген сауалнамалар, тесттер жеткілікті.

Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің ауқымы өте кең болғандықтан, мұ-ғалім қай іскерліктерін жетілдіруді қажет ететінін айқындап алып, соны дамыту бағдарламасын жасай алуы маңызды. Мұғалімге қажетті негізгі іскерліктерін өзіндік жетілдіру ерекшеліктеріне тоқталып өтейік.

Мұғалімнің танымдық (гностикалық) іскерліктерін өздігінен тәрбиелеуі. Бұл іскерлікті өздігінен тәрбиелеу үшін мұғалім өзінің оқытатын пәні мен педагогикалық білімдерін жетілдіру мақсатында ой әрекеттерін дамытуға, қабылдау, есте сақтау, зейін қоя білу, түсіну үдерістерін жетілдіруге бағытталған арнайы психологиялық-педагоги-калық әдебиеттердегі әдістемелермен танысуы қажет. Әсіресе педаго-гикалық жағдаяттарды түсініп, оларды талдап, салыстырып және жалпылай алу дағдыларын дамыта алу өте маңызды. Сонымен қатар мұғалімнің танымдық іскерлігін дамытуда педагогикалық бақылағыш-тық қасиеті үлкен рөл атқарады. Мысалы, сабақ үстінде оқушылардың мінез-құлықтарын бақылай отырып, мұғалім олардың танымдық бел-сенділіктерін, қызығушылықтарын және өзінің қаншалықты ынталан-дыра алатынын танып, оыту әдістемесінің қай қырларын дамыту қа-жеттілігін айқындайды.