ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 2966
Скачиваний: 101
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Педагогика әрекеттің ерекше түрін зерделейді. Бұл әрекет – педагог өз алдына белгілі бір мақсат қоятын болғандықтан, мақсатты бағытталған әрекет: белгілі бір нәрсеге (үйренуге) үйрету және тұлға-ның адами қасиеттерін тәрбиелеу, кейде мұны «мәдениет трансля-циясы» деп те атайды. Жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені мең-геруіне және өзін-өзі дамытуына бағытталған әрекеттің осы түрі педа-гогика ғылымының өз пәні болып табылады.
Бұл білім беруді өзінің құрамдас бөліктерімен бірлікте қарастырып зерттейтін, өзінің зерттеу объектісі ретінде санайтын ғылыми пән.
Білім берудің негізгі мақсаттарына: оқушыға қоршаған дүниені тануға үйренуге, оқушыға еңбек етуге, жұмыс жасауға үйренуге, оқу-шыны адамдармен бірге өмір сүруге үйренугекөмектесу, оқушының өзіне деген үйлесімді қарым-қатынасын қалыптастыру.
Педагогика ғылымдарының қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі міндеттері. Педагогика ғылымының атқаратын міндеттері:
-
тәрбие заңдылықтарын танып білу; -
озат педагогикалық тәжірибені талдау, жинақтау; -
іргелі, қолданбалы және практикаға бағытталған зерттеулерді ұйымдастыру; -
педагогика ғылымының ұғымдық-категориялықаппаратын анықтау және дамыту; -
оқыту мен тәрбиенің мазмұнын, ұйымдастыру формаларын және әдістерін жетілдіру; -
жаңа тиімді педагогикалық технологияларды құрастыру; -
дипломнан кейінгі кәсіптік білім беру мәселелерімен айналасу; -
білім беру жүйесінде жоспарлау және экономика мәселелерін жетілдіру; -
білім беру жүйесіндегі реформалаудың тұжырымдамалық негіздерін анықтау.
Педагогика басқа ғылымдармен тығыз ынтымақтастықта дамы-ды. Ол үнемі өзінің ғылыми құрал-жабдықтарын, ғылыми логикасын басқа ғылымдардағы ғылыми аппаратпен, әдіс-тәсілдермен салысты-руға мүмкіндігі болды. Педагогика нақты теориялық және қолданбалы жасалымдарға қажет жалпы ғылымилық негіздерді өңдеп, терең зер-делеп отырды. Педагогиканың жалпы ғылымилық негіздері оның көп ғасырлық болмысында мәнді өзгерістерге ұшырады.
Педагогика – бұл білім және тәрбие беру әрекетінің түрлі жақ-тарын зерттейтін басқа ғылымдар қатарындағы білім және тәрбие бе-ру туралы арнайы ғылым. Бұл білім беруді өзінің құрамдас бөлік-терімен бірлікте қарастырып зерттейтін, өзінің зерттеу объектісі ретін-де санайтын бірден – бір ғылыми пән. Сонымен, педагогика білім және тәрбие беру туралы бірден-бір арнайы, кең ауқымды ғылымдар жүйе-сінің қатарына кіреді. Педагогиканың негізгі салалары: пе-дагогика тарихы, этнопедагогика,
отбасы педа-гогикасы, әлеуметтік педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектеп-ке дейінгі педагогика, тәрбие теориясы мен әдістемесі, мектеп педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, кәсіптік педагогика, қосымша білім беру педагогикасы, түзету педагогикасы, әскери педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі, арнайы педагогика т.б. Арнайы педагогиканың өзі адамдардың денсаулықтарының кемістігіне байланысты бірнеше салаға бөлінеді: сурдопедагогика - саңырау, мылқау, керең адамдарға, тифлопедагогика - көру қабілеті нашар, соқыр адамдарға, олигофренопедагогика – ақыл есі кем адамдарға, логопедия – тілінің кемісі бар адамдарға тәрбие және білім берумен айналысады.
Білім беру үдерісінің заңдылықтарын анықтау педагогиканың тағы да бір міндетімен –педагогикалық жүйелерді негіздеумен байланысты. Бұл істе педагогиканың ғылыми теориялық қызметі оның құрастырушылық-техникалық қызметіне қарағанда басым және жүйе құрушылық бағытта болады. Оқыту мен тәрбиенің ғылыми негізделген жүйесін құру, жаңа әдістер мен оқу материалдарын жасау теориялық зерттеулер барысындағы педагогикалық құбылыстардың мәнін табу негізінде ғана мүмкін болады.
Педагогика ғылымының тағы бір міндеті жаңа білім мазмұнын және оған сәйкес оқытудың, тәрбиелеудің, білім беруді басқарудың мазмұнын, формаларын, жүйелерін жасау болып табылады. Әуелі бі-лім мазмұны және оқыту мән тәрбиелеудің әдістері жасалады, сонан соң ғана практикада тұжырымдамалық нұсқауларды іске асыру құрал-дары даярланады.
1.2. Педагогиканың негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, бі-лім беру, педагогикалық үдеріс), олардың өзара байланысы. Тәрбие категориясы ең алғашқы педагогикалық категориялардың бірі. Тәрбие екі мағынада қарастырылады: кең мағынадағы тәрбие және тар мағы-надағы тәрбие.
Кең мағынадағы тәрбие-ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жеткізу; тар мағынадағы тәрбие-
субъект-субъектілі қарым-қатынасқа негізделген ұстаздан шәкіртіне, ата-анадан балаға берілетін тәрбие.
Тәрбие дегеніміз-құнды әлеуметтік тәжірибені, мәдени құнды-лықтарды меңгерте отырып, тұлғаның өзін-өзі дамытуға, қоғаммен үйлесімді қатынаста болуына бағытталған үдеріс.
Оқыту – тәжірибелі ұстаз бен оқушының арасындағы нәтижесінде белгілі білімдер, іскерліктер, дағдыларды, тәжірибені және өз мінез-құлқын, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын бір мақсатқа бағытталған белсенді өзара әрекет үдерісі. Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, оқу, оқыту ұстанымдары, оқыту үдерісі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, нәтижесі.
Білім – адам, қоғам, табиғат, заттар мен құбылыстар жайлы ғылымда жинақталған білім жүйесі; адамзаттың жинақтаған мол тә-жірибесі; ұғымдардың, заңдылықтардың, тұжырымдардың, қағида-лардың, деректердің, пайымдардың жиынтығы т.б.
Білім беру – қоғамдық, әлеуметтік, мәдени құбылыс; қоғам мен мемлекеттің өзінің азаматына қатысты қызметі; тұлғаның мәде-ниеті, мәдени құндылық; білім, білік, дағды-машықтардың және ойлау құралының жүйесі; ғылыми көзқарастар, шығармашылық қабілеттер мен мүмкіндіктерді дамыту үдерісі; терең сапалы білім негізінде жеке тұлғаның еркін бағдарлай білу, өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі дамыту үдерісі; білім, білік, дағды мен іс-әрекеттердің жиынтығы және оны жүзеге асырудағы адамның іс-тәжірибесі; білім берудің тұтастығы, нәтижелілігі т.б. білім берудің қоғамдық қызметтері тұрғысынан ол – әлеуметтік тәжіриені жеткізудің құралы.
Оқыту – дидактиканың маңызды категорияларының бірі; оқы-тушы мен оқушының өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатына-сы, іс-әрекеті; білім беру, біліктері мен дағдылары, іс-әрекеттерді мең-герту үдерісі; белсенді шығармашылық әрекетті басқарудың негізгі жолы; сапалы білім беру, тәрбие, дамыту мақсаттарына сай оқушы-лардың шығармашылығын дамытуға бағытталған арнайы ұйымдасқан іс-әрекет т.б.
Құзыреттілік - оқушылардың әр-түрлі іс-әрекеттер түрлерін меңгеруімен анықталатын білім беру нәтижесі.
Педагогикалық категориялардың өзара бірлігі мен байланысын қамтып тұрған базалық категория - педагогикалық үдеріс категориясы. Педагогикалық үдеріс - бұл қозғалыстағы, дамудағы әрекет. Педаго-гикалық үдеріс - субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын қарым-қатынастардың жиынтығы.
1.3. Педагогикалық ғылымдарда пәнаралық ұғымдар.
Педагогикалық ғылымдардағы пәнаралық ұғымдар тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, әлеуметтену, қалыптастыру т.б. ұғымдары бір-бірімен тығыз байланыста болады.
«Тұлға» ұғымы заманауи педагогика мен психологияда кеңінен қолданылады. Адамның ішкі болмысына терең бойлап ену үшін бұл ұғымның үлкен маңыздылығы бар екені даусыз. Дегенмен, ғылыми әдебиеттердегі адам тұлғасы мәселенің зерделенуі оның, яғни тұлғаны түсінудің ғылыми қауымдастықта ма-құлданған түсініктемесі әзірге жоқ екенін дәлелдеді. Бұл, әрине, адам тұлғасының ғылыми зерделеу пәні ретінде өте күрделі екендігінің айғағы.
Жеке тұлға – адамның анатомиялық-физиологиялық пісіп-жетілуі, оның жүйке және психикалық жүйесінің жетілуі, сонымен бірге танымдық және шығармашылық іс-әрекетті, дүниетанымдық, қоғамдық-саяси көзқарастарды, наным-сенімдерді байытудағы сандық және сапалық өзгерістердің өзара байланысу үдерісі.
Даму дегеніміз, ең алдымен адам ағзасындағы физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер.Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуін және тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді. Әлеумет-тендіру – адамның өмір бойы айналадағы ортамен әрекеттесу үдері-сіндегі әлеуметтік қалыптар мен мәдени құндылықтарды жасауы ар-қылы өзбетінше дамуы және мүмкіндіктерін өзбетінше қоғамда жүзеге асыруы.
Әрбір ғылымның пайдаланатын ұғымдары мен түсініктерінде жинақталған білім көрініс табады. Барлық ғылыми ұғымдар негізінен екі топқа бөлінеді: философиялық және жеке ғылымилық, яғни ерекше сол ғылымға ғана тән. Одан басқа да ұғымдардың ерекше тобы – жал-пы ғылымилық ұғымдарды бөліп қарастырылады. Педагогика барлық осы топтарға жататын ұғымдарды қолданады.
Педагогикада тұлға ұғымы көбінесе оқушы немесе білім алушы-ның жеке басы, іс-әрекет ұғымы тәрбие жұмысы, қарым-қатынас ұғы-мы араласу, оқушы мен мұғалімнің бірлескен қимылы, дамыту ұғымы жаңа сапаға көшу, әлеуметтену ұғымы адамның өмірге бейімделуі, қа-лыптастыру ұғымы адам бойында белгілі бір сапалардың орнығуы де-ген мағыналарда қолданылады және соларға ұқсас мәнінде пайдала-нылып жүр. Демек, бұл ұғымдар әлеуметке түсінікті болу қағидасына сәйкес тұрмыста қолданылатын қарапайым мағынасына жақын түрінде түсініледі.
1.4. Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогика немесе педа-гогика ғылымы (екеуі де бір мағынада) туралы тұтас айтқанда өзара байланысты бөліктердің немесе салалардың қайсыбір жиынтығы ой-ластырылады. «Педагогика - ғылым» терминімен сипатталатын маз-мұндық бірліктегі педагогикалық пәндер жүйесін қарастырады. Бұл пәндердің барлығына ортақ объектісі – білім беру болып табылады. Бұлардың әрқайсысы өз пәндерін бөліп алып, білім берудің түрлі жақтарын қарастырады. Бір жағынан, педагогика ғылым-дарын, басқа жағынан білім беру үдерісінің осы немесе басқа қырларына қызығушылық танытатын пәндерден ажырату керек. Мысалы, педагогикалық психология – бұл психологияның бір бөлігі, ол педагогика емес, өйткені психолог оқыту мен тәрбиелеу жағдайын-да адамның психикасын зерттегенде өз пәнінің аясында қалып оты-рады. Педагогикалық пәндерді әр түрлі негізде жіктегендіктен белгілі бір қиындықтар туындайды. Негізгі білім беру әрекеттеріне – тәрбие мен оқытуға сәйкес оларды оқып үйренетін тәрбие теориясы, оқыту-дың педагогикалық теориясы – мазмұнын, әдістерін және ұйымдас-тыру формаларын ғылыми негіздейтін – дидактика бөлініп шықты.
Педагогиканың философия, психология, әлеуметтану, физио-логия және басқа ғылымдармен байланысының түрлері.
Белгілі бір мағынада педагогика жеке пән бола тұра, ол зерттеу жұмысының логикасына байланысты басқа ғылымдарға да, сондай-ақ ғылыми танымның жалпы күйіне бағынышты. Педагогиканың басқа ғылыми пәндермен байланысының тетігін тек дайын педагогикалық білімдерді іргелес ғылымдардағы сол сияқты білімдермен жай салыс-тыру арқылы ғана ашуға болмайды. Бұны тәрбие теориясынан, дидак-тикадан, әдістемеден, мектептанудан және т.б. зерттеу үдерісінің түр-лі типіндегі ғылымдар нәтижелерін алудың мақсаттары мен тәсілдерін талдау негізінде ғана жасауға болады. Бұндай байланыс төрт түрге бө-лінеді. Ең маңыздысы басқа ғылымдардың тұжырымдарын жинақ-тайтын негізгі идеяларды, теориялық қағидаларды пайдалану болып табылады. Екінші түрі – ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерін қолдану. Үшінші түрі – кейбір ғылымдардың мәліметтерін, олардың зерттеулерінің нақты нәтижелерін пайдалану. Төртінші түрі – кешенді зерттеулер.
Тегінде, педагогикаға кез-келген ғылыми білімдер жарайды, ол кез-келген ғылыми пәнмен әрекеттесе алады. Бірақ солардың ішінде екі ғылым саласымен қарым-қатынасы ерекше. Бұл философия мен психология. Философия – барлық ғылымның шығу тегі, ал психология дәстүрі және мәні бойынша педагогика ғылымының міндетті және тұрақты серігі. Бұл ғылымның екі саласының педагогикамен ара қатынасы арнайы қарастыруды талап етеді. Педагогиканың филосо-фиямен байланысы – педагогикалық ойлардың дамуының біртұтас шарты. Философиялық білімдер педагогикалық зерттеуді әдіснамалық қамтамасыз етудің құрамына кіреді. Олар теориялық зерттеу – тәжіри-бемен тікелей, педагогикалық болмыспен – жанама, ал философиямен тікелей байланыста болатындықтан, педагогикалық теорияны құру үшін керек.