ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 2957
Скачиваний: 101
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мұғалімнің конструктивтік (кұрастыра білу) іскерліктерін өздігінен тәрбиелеуі. Мұғалімнің конструктивтік іскерлігін өздігінен тәрбиелеу үшін ол педагогикалық үдерістен күтілетін нәтижені бағамдай алуы керек. Әр істі алдын ала болжай алу кез келген адамға беріле бермейтін қасиет, сондықтан өзін-өзі тәрбиелеу арқылы мұғалім осы ойлау ерекшеліктерін дамыту негізінде сабақтары мен сабақтан тыс іс-шаралардың мазмұнын, оларды өткізудегі тиімді құралдар, әдіс-тәсіл-дерді дұрыс таңдай білетін болады. Педагогикалық іс-шарадан күтіле-тін соңғы нәтижеге жетудің тиімді жоспарын құрастыра алу мұғалім-нің конструктивтік іскерлігінің даму деңгейіне тәуелді. Бұл іскерлікті дамыту үшін өз ынтасы бойынша ашық сабақтар, ашық тәрбие сағат-тарын өткізіп көруге болады.
Мұғалімнің коммуникативтік (қарым-қатынас) іскерлікте-рін өздігінен тәрбиелеуі. Мұғалімнің қарым-қатынасты орната алу іскерлігі маңызды іскерліктердің бірі. Бұл іскерлікті үздіксіз дамы-тып отыру қажет, онсыз педагогикалық үдерістің нәтижесі тиімді болуы екіталай.Коммуникативтік іскерлікті өздігінен дамытуда өткізген са-бағын немесе тәрбиелік іс-шараны видеотүсірілімін талдап көруге бо-лады. Өзіне сырт көзбен қарай отырып, мұғалім өзінің сөйлеу мәнерін, дауысын, эмоционалдық көңіл-күйін, кинесикасын толық бағалай алу-ға мүмкіндік алады. Не болмаса сабақ түсіндіру барысында дикто-фонды қосып қойып, кейіннен өзі қайта тыңдап көрген жағдайда да мұғалім өзінің кемшіліктерін анықтап алуына болады. Сонымен қатар тәжірибелі, шығармашыл ұстаздардың сабақтарына қатысып, теледидардан дикторлардың, шешендердің сөйлеу шеберліктерін үй-ренуге талпынулары арқылы да мұғалім өзінің коммуникативтік іскер-ліктерінің тұстарын жетілдіре алады.
Мұғалімнің хабарлау (информациялық) іскерліктерін өздігі-нен тәрбиелеуі. Бар ақпаратты оқушыға жеткізудің түрлі тәсілдері бо-лады, бірақ мұғалімнің хабарлау іскерлігінің ерекшелігі - осы ақпарат-тарды хабарлауда әр сынып үшін ең тиімді әдістерді ұштастыра алуы. Мысалы, ақпаратты жеткізудегі сөйлеу жылдамдығын, кейбір дыбыс-тардың анық айтылуын, дикциясын жақсартуды, сөздің эмоциялық әсерін дамытуды өздігінен үйрену үшін арнайы жаттығулар болады: дауыстап өлең оқу, ән айту, жаңылтпаштар айту, тыныс алу жаттығу-ларын жасап отыру қажет. Информациялық іскерлікті өздігінен тәр-биелеуде мұғалімнің мимика, жест, кинесика тәсілдерін дұрыс мең-геруі аудитория алдында сөйлеу өнерінде маңызды рөл атқарады. Ең бастысы мұғалім оқытып тұрған сабағымен қатар өз бойында қан-дай ақпараттық іскерлікті немесе нақты бір қасиетті дамытуды көздеп тұрғанын үйлесімді ұштастыра білуін маңызды.
Мұғалімнің ұйымдастырушылық іскерліктерін өздігінен тәр-биелеуі. Мұғалім өз іс-әрекеттерімен қатар оқушылардың да іс-әрекет-терін ұйымдастыратын тұлға. Мұғалімнің ұйымдастырушылық іскер-лігінің мәні - оқушыларға жасататын іс-әрекеттердің олар үшін қан-шалықты маңызды екендігін түсіндіре алу, сол іс-әрекет түріне ынта-ландыра білу. Оқушыларды ынталандыра білу үшін мұғалімнің өзінің ынтасы жоғары болуы керек. Ынтаны оятудан кейін сол іс-әрекет маз-мұнын қызықты етіп көрсете алу, күрделілгін бағалау, оқушылар үшін жақын арадағы даму аймағын аша білу маңызды. Сонымен қатар іс-әрекет нәтижесі бойынша кері байланыс жүргізу, барлық оқушыларды ортақ мақсатқа жұмылдыруға үйрену арнайы дайындықты қажет етеді. Бұл іскерлікті өздігінен дамыту үшін әріптестерінің өткізетін іс-шараларына қатысу, өткізуге көмектесу, тренингтер мен коучингтерге қатысу, оқушылардың арасында қызықты ойындар мен жарыстар, көр-мелер, дебаттар ұйымдастыру жоспарлап, соларды өткізу арқылы мұ-ғалім ұйымдастырушылық іскеріліктерін дамыта алады.
-
Педагогикалық рефлексия - өзін-өзі тәрбиелеу негізі.Әр болашақ маманның кәсіби дамуында оның өзіндік ой-толғаныстары, өмірлік мақсаттарын болжай алуы сияқты сапалар маңызды рөл ат-қарады. Адамның «Мен қандаймын?», «Мені басқалары қалай қабыл-дайды?», «Мен өз қабілеттерімді толық аша алдым ба?» деген сұрақ-тарға жауап іздеуі рефлексиялық үдеріс болып табылады. Рефлексия(лат. сөзінен аударғанда reflexio – өткенге сүйену, артқа көз жүгірту) – толғану, өзін-өзі байқау, өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау. Сондықтан адамның өзін-өзі түсінуі, өзін басқалардың қалай қабылдайтыны жай-лы өзін талдап бағалауы рефлексия деп аталады.
Рефлексия - адамды, оның шеберлігін, ішкі қабілеттерін дамы-тудың маңызды шарттарының бірі. Рефлексияның мәні – адамның өзі-нің білімін, біліктілігін, қабілеттерін, қарым-қатынас дағдыларын анықтап, бағалай алуы. Әр болашақ маманның саналы түрде өзінің кәсіби маңызды қасиеттерін, білім, біліктерін қорытындылауы рефлек-сия нәтижесінде ғана жүзеге асады.
Осының бәрі бір күндік іс-әрекет емес, оған көп уақыт, үздіксіз жүйелі ізденіс қажет. Сондықтан қазіргі таңда әр маманның кәсіби тұрғыдан өзін-өзі тануында рефлексиялық мәдениеттің қалыптасуы өзектене түсуде.
Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан маман өзінің тұлғалық және кәсіби қасиеттерін шығармашылықпен өзгерте алады. Рефлексия өзіндік сана, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі бағалау сияқты кәсіби мәнді сапалармен сипатталады. Рефлексиялық дағдылар адамның өзіндік басқару қабілеттерін дамытуға, өз әрекеттерінің (та-нымдық, білімдік, қарым-қатынастық) нәтижелі болуына, олардың өз жауапкершілігін арттыруға бағытталады.
Рефлексияның атқаратын қызметтері төмендегідей жіктеледі:
-
тұлғаның эмоциялық көңіл-күй жағдайын рефлексиялауы; -
тұлғаның оқу материалы мазмұнын рефлексиялауы; -
тұлғаның коммуникативтік байланыстардың себеп-салдарын рефлексиялауы; -
тұлғаның ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттерін рефлексиялауы.
Уақыт тұрғысынан қарастырғанда рефлексияның интроспе-ктивті, ретроспективті, проспективті түрлері ажыратылады.
-
Ретроспективті рефлексия – адамның өткен шақтағы іс-әре-кеттерінің, тәжірибесінің әдіс-тәсілдерін қайта айқындауы, бағалауы. -
Проспективті рефлексия – болашақта жүргізілетін іс-әре-кеттің мүмкін болатын құралы мен болжамын анықтауы. -
Интроспективті рефлексия - іс-әрекетті жүзеге асыру бары-сында ойлау үдерістерін қиындату, бақылау және түзету.
Мұғалімнің өз тәжірибесін зерттеуі және оны рефлексиялауы Д.Познердің пікірі бойынша кәсіби шеберлікті дамытудың кілті бо-лып есептеледі. Әрине, даму үшін ең алдымен адам өзінің неге қол жеткізгенін, бұрынғы өткен тәжірибесін зерттеп, нені дұрыс, нені бұрыс істегенін анықтап, алға жаңа мақсат пен даму міндеттерін қоя алады. Егер рефлексияның нысаны педагогикалық мәселелер болатын болса, онда бұл педагогикалық рефлексия болып табылады. Педагогикалық рефлексия – мұғалімнің өз іс-әрекет мазмұны мен құрылымын жетілдіру үшін өз тәжірибесін тереңдете зерттеп талдауы.
Педагогикалық рефлексияның психологиялық ерекшеліктерін А.А.Бизяева жан-жақты зерделей келе оны мұғалімнің өз іс-әрекетін жетілдіру үдерісін зерттей алу қабілеті деп анықтап, рефлексияны дамыту тәсілдерін, рефлексиялық практикумдарын ұсынады.
Рефлексияның маңыздылығын Абайдың қара сөздерімен үндес-тігінен көре аламыз. «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал!» - деген ақын сөздері әр адам үшін өз әрекеттері туралы ойланудың, өзін ойша зерттеудің, өзін-өздері бағалаудың ма-ңыздылығын түсіндіреді.
Әр адамның өз өмір жолына көз жүгіртіп, өткен-кеткенді ой елегінен өткізіп, болашағына үңіліп көрген сәттері болған шығар. Өмі-ріндегі кейбір сәтсіздіктердің себебін анықтауға байланысты ойларға терең бойлап, өз мінез-құлқын, көзқарастарын өзгертуге ұмтылу әр адамның өмірінде кездесетін жайттар.
Мұғалімнің педагогикалық рефлексия негіздерін меңгеруі оның кәсіби іс-әрекеттерінің мақсат және міндеттерімен байланысты өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге негізделеді. «
Адам өзін-өзі терең түсін-генде ғана оның ақыл-парасаты кемелдене түсетін болады» - деп Қаюм Насыри ескерткендей, педагогикалық шеберлік те адамның ең алдымен өзін өзгертуден басталмақ.
Сонымен, рефлексиялық үдерісте сыртқы талаптардың адамның өзіне қоятын ішкі талаптарға айналуы қажет екен, себебі өзін-өзі ба-ғалау адам дамуының ішкі факторына жатады. Өзін-өзі бағалау қажет-тілігі – жеке тұлға дамуының негізгі формасы болып табылады.
Адамның ішкі қабілеттерінің, күш-жігерінің мүмкіндігі өте зор. Кейбір мұғалімдерде мектепті нашар бітірген балалар жоғары оқу орындарында да орташа студенттер қатарынан аса алмайды деген теріс көзқарас қалыптасқан. Болашағын алдын ала болжап жастарға мұндай тұжырым айту, әрине, асығыстық, себебі нашар оқыған оқушылар да жеке басын жан-жақты өрістете алады. Жаңашыл-педагог Ш.А.Амонашвилидің «балалардан ештеңе шықпайды» дегеніміз оның жар-қын болашағын «тірідей жерлегеніміз» деген сөздерін есте сақтаған жөн. Адамның ішкі әлеуетінің, мүмкіндіктерінің ауқымы өте кең, өмір-де өзіне лайықты жұмыс таппайтын адам бар дегенге сенудің өзі қиын. Қоғамда қаншама кәсіп, өнер, еңбек, іс-әрекет түрлері бар болғанымен, солардың ішінен өзіне лайықты, жарасымды орныңды таба білу тіпті де оңай іс емес. Сондықтан «та-лантсыз адам жоқ, өз орнын таппайтын адамдар кездеседі» деген дұ-рысырақ болар.
Жас маман санасында өз өміріне басқалардың емес, өзінің жауапты екенін түсінуі, ар-ұят, намыс, адамгершілік сезімдерінің ба-сым болуы, өмірлік мақсатына жетудегі табандылығы мен құлшынысы оның өзін-өзі тәрбиелеуіне демеу болатын негізгі тетіктер.
-
. Өздігінен білім алу - қазіргі заман жағдайында мұғалім-нің кәсіби іс-әрекетінің нормасы.Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі - өскелең ұрпақты қазіргі ғылыми білімдермен қаруландыру, дамыған шығармашыл тұлға ретінде қалыптастырып шығару. Осындай жауапты міндеттерді сапалы деңгейде атқару үшін әр мұғалім өзінің білімін жетілдіріп отыруы қажет. Мұғалімнің кәсіби дайындығы кезін-де жинақтаған білімдері бір қалыпта сақталып тұрмайды. Қоғамның дамуына байланысты мұғалімнің білімдері де жаңарып, толықтыры-лып отыруы керек, себебі қоғамның экономикалық дамуына байланыс-ты жас ұрпақты әлеуметтендірудің жаңа талаптары туындап отырады.
Мұғалімнің кәсіби жетілуі үздіксіз үдеріске айналуы тиіс. Оның кәсіби жетілуінің негізгі факторларының бірі - өздігінен білім алу
үрдісі. Өздігінен білім алу – мұғалімнің тұлғалық өсуінің негізі. Қазіргі кездегі үздіксіз білім беру мәселесі де адамның бір алған білімімен қанағаттанбай, оны заманына сай толықтырып, жаңартып отыруын көздейді. Адам біліммен тек бір оқу мекемесінде ғана қаруланбайды, білім - үлкен құндылық, оны өмір бойы толықтырып отыру қажет. Егер адам білімін үнемі толықтырып, жаңартып отырмаса, ол кәсіби іс-әрекетке де жарамсыз болып қалады.
Өздігінен білім алу үдерісінің өзектену себептері:
-
ақпараттық қоғамның әр тұлғаның дүниетанымына үлкен әсер етуі; -
қазіргі қоғамда коммуникациялық қатынастардың, ақпарат-тармен алмасу үрдісінің жылдамдығы; -
табиғи ресурстарға қарағанда білім ресурсының шексізденуі; -
ауқымды ақпарат ағымында негізгі білімді жүйелей алу қажеттілігі, -
ақпараттық технологиялар арқылы on-line оқыту түрлерінің жедел дамуы; -
ақпараттардың жылдам өзгеруіне байланысты білімнің тез ескіріп қалуы т.с.с.
Өздігінен білім алу – тұлғаның өзіндік мәдени, танымдық, ғылыми, кәсіби, білімдік деңгейін жоғарылатуға және өз ішкі әлеуетін толық ашуға, әлеуметтену қажеттіліктерін жүзеге асыруға бағытталған еркін таңдауы бойынша жүргізілетін іс-әрекеті.
Өздігінен білім алу – адамның білім беру мекемелеріндегі жүйелі оқытудан тыс өздік жұмысы арқылы білім алу үдерісі. Мұғалімдердің өздігінен білім алулары олардың кәсіби біліктіліктерін жоғарлатудың негізгі формасы. Бұл бағытта мұғалімдер озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, мектептегі немесе тұрғылықты жердегі басқа кітапханалардағы әдістемелік әдебиеттермен танысып, өз жоспарлары бойынша жұмыс істейді. Өздігінен білімді жетілдірудің ұжымдық түрлері ретінде мұғалімдердің біліктіліктерін жетілдіру инс-титуттарын, әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарын атауға болады. Өздігінен білім алу барысында жас мұғалімдер жаңа педагогикалық технологияларды, білім берудің негізгі бағыттарын зерттеп олардың практикалық маңыздылығымен танысады.
Өздігінен білім алудың атқаратын негізгіқызметтері ретінде М.Князеваның мынандай топтамасын келтіруге болады (Князева М., 1990):
-
экстенсивтік – жаңа білімдерді іздестіру, жинақтау. -
бағдарлық – мәдениет және қоғам ішінде өз орнын анықтау. -
компенсаторлық – мектептік білімнің олқылықтарын толықтыру, өз біліміндегі кемшіліктерді жою. -
дамытушылық - өзіндік сананы, есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін, шығармашылық сапаларын дамыту. -
әдістемелік – кәсіби біліктілігін, білімдерін жетілдіру, дүниенің түтастығын түсіне алу. -
коммуникативтік – түрлі кәсіптер, ғылымдар, адамдар арасындағы байланыстарды орната алу. -
шығармашылық – шығармашылық жұмысқа үйрену. -
жаңашылдық – қалыптасып қалған пікірлерге жаңаша көзқарастардың туындауы, ескілікті жою, таптаурындарынан арылу. -
психологиялық – зиялы адамдар қатарынан екенін сезіну, өзін зиялылар қауымының бір бөлігі ретінде сезіну. -
геронтологиялық – жасы ұлғайған адамдардың өздігінен білімдерін жетілдірулері арқылы заманауи жаңалықтардан хабардар болып отыруы.