Файл: Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 2973

Скачиваний: 101

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Психологиялық және педагогикалық зерттеу кезеңдері:

бірінші кезең- дайындық (белгілі бір мәселені шешу қажеттігі, оны сезінуі, зерттеу міндеттерін, нысанын, пәнін, анықтау, болжа-мын жасау, әдістерді таңдау және әдістердің әдіснамалық ұстаным-дарға сәйкестігін, жеке әдістерді басқаларымен тексеру мүмкіндіктерін ескеру);

екінші кезең- зерттеушілік (фактілік мәліметтерді түрлі әдіс-тер көмегімен жинастыру, зерттеулер кезеңдері, сериялары);

үшінші кезең– зерттеудің мәліметтерін өңдеу (зерттеу мәлі-меттерін сандық және сапалық талдау: әрбір тіркелген фактіні талдау, факті мен болжамның байланыстарын орнату, қайталанатын факті-лерді бөліп көрсету, статистикалық өңдеу, кестелер, графиктер және т.б. құрастыру);

төртінші кезең - мәліметтерді түсіндіру және тұжырымдар жасау (зерттеу болжамының дұрыстығын немесе бұрыстығын анықтау).

Педагогика мен психологияның пәнаралық байланысы мына-дай мәселелердің қойылуы арқылы ашылады:

– психологиялық шынайылық және оның қасиеттері, педаго-гикалық шынайылық және оның қасиеттері;

– педагогика, педагогикалық психология, психологиялық педа-гогика, жеке тұлға дамуының психологиясы, кәсіби даму психоло-гиясы, жеке тұлға дамуының педагогикасы, кәсіби даму педагогикасы;

– гуманитарлық білім жүйесіндегі психология және педагогика;,

–педагогиканы «психологияландыру» және психологияны «педагогикаландырудың» жолдары мен тәсілдері;

– психология мен педагогикадағы монизм мен плюрализм;

–педагогикалық және психологиялық ұғымдарды (тәрбие, оқыту, білім, жеке тұлғалық кемелдік, жеке тұлға даму, жүйелеу, құндылықтар жүйесі, өзін-өзі бағалау және мұғалімнің бағасы т.б.)

– психологиялық және педагогикалық зерттеулердің ерекше-ліктері, Қазақстандағыжәне шетелдегі психологиялық-педагогикалық бағыттылықтарды, пәнаралық және кешенді зерттеулер құрылымы;

– осы заманғы зерттеулердегі психологиялық және педагогикалық диагностиканың арақатысы мен маңызы.

Психология, педагогика және білім беру практикасының ара-қатынасы аясында мынадай мәселелерді бөліп атауға болады:

– білім беру реформасының психологиялық қырлары;

– жалпы, орта және жоғары білім берудің психологиялық мәселелері

– педагогикалық әрекетті дамытудың психологиялық заңдылықтарын қалай есепке алу;


– өзін-өзі тану үдерісіндегі (педагогтің, оқушының, ата-ананың, басшылардың және т.б.) психологиялық және педагогикалық білімнің орны;

– мұғалімнің, тәрбиешінің білім беру ұйымына басшысының, оқушының, ата–ананың және т.б. психологиялық портреті;

– педагогикалық үдерістегі (мұғалімнің, оқушының) шығарма-шылық әлеуметін ашады ма;

– педагогикалық үдерісті психологиялық қамтамасыз ету мәселелері;

–психологиялық мазмұн мәселесі және педагогикалық үдерістегі жуықтағы даму аймағы;

– мұғалімдер мен оқушылардың қарым–қатынасы «тілінің» мәселесі;

– тәрбие мен оқытуды қамтамасыз ету және білім беру үдерісін қолдау мәселелері;

– мұғалімнің психологиялық құзыреттілігі және мәдениеті т.б.

Психологиялық білім педагогикада теориялық модельдер құрудың бір көзі болып табылды. Оқыту туралы идеалды пайымдау мен істің нақты жайының арасындағы алшақтықтың себептерін анықтау үшін психологиялық талдау қажет. Мұғалімдер нақты ұсыныстар жасау үшін топтағы оқушылардың жасына қарай психологиялық сипаттамасын білуі керек.

Қазақтың психологиялық мұрасы өте бай. Әл-Фарабидің, Ж. Аймауытов пен М. Жұмабаевтың психологиялық көзқарастары – әлі толық зерделене қоймаған тылсым дүние. Шоқан Уәлиханов еңбектерінде халықтық рух мәселесі жиі қозғалған. Танымал псхолог-ғалым Қ.Б. Жарықбаевтың пайымдауынша, халықтық рух дегеніміз – ұлттық сана-сезімді ояту, қазіргі ғылым тілімен айтқанда – этнопсихология, қазақи тілмен айтсақ – ұлттық психология ғылымы деп атайды. Кейін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедов, Міржақып Дулатовтардың ұлттық сана-сезімді ояту мәселесіне айрықша мән бергені, Ж. Аймауытовтың психологиядан бірнеше кітап жазғаны белгілі. XX ғасырда Төлеген Тәжібаев, Мәжит Мұқанов ұлттық психологияны дамытып, оны жастар тәрбиесіне қолдану мәселесін ғылыми тұрғыда қарастырған. 1926 жылы Ж. Аймауытовтың іргелі кітабы «Психология» жарық көрсе, бұл саланы 1950-1960 жылдары академик Төлеген Тәжібаев ғылыми жүйелеп, ретке келтірді. Кейін бұлардың ісін қазақтың танымал психологтары М. Мұқанов, Қ.Б. Жарықбаев, В.К. Шабельников, Н.А. Логинова, Ж.Ы. Намазбаева, С.М. Жақыпов, С. Бердібаева, Н. Тоқсанбаева, Ф. Тәшімова, А. Ким, О. Аймағамбетова, Н. Ақтаева, Д. Дүйсенбеков, Қ.Т. Шериязданова, А. Ақажанова, О. Саңғылбаев және т.б. зерттеулер жүргізіп, іргелі жұмыстар жасап, жас ғалымдарды тәрбиелеуде.

Қазіргі уақытта отандық психологтар шетелдік теориялар мен тұжырымдарды да (айталық, тұлға теориясын жасаушы ғалымдар:

З.Фрейд, Г.С. Салливан, О. Ранк, Э. Фромм,А. Адлер, К. Роджерс, А. Маслоу, Д. Келли, Г.Оллпорт, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, К.К. Платонов) саралап, олардың ғылымға қажеттілерін ұтымды пайдалануда.

Ғылыми жұмыстың практикалық тиімділігі дәрежесі осы нәтижелердің педагогикалық болмысты талдау негізінде немесе ғылымдардың қағидаларды дәлелдеу жолдарымен жасалғандығына тікелей байланысты. Практикалық жұмыстың маңыздылығы педагогика ғылымының басқа ғылыми пәндер жүйесіндегі ерекшелігін, мәнін және орнын түсінуге және оның нәтижелерін қолдану тәсілдеріне бағынышты.

Педагогиканың философиялық, жалпы ғылымилық, дидактикалық және психологиялық бағдарлары негізінде Педагогиканың философиясы мен әдіснамасы пәнінің мағынасын нақтылау қажет.


Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Педагогика мен психологияның зерттеу пәндері арасындағы айырмашылықты сипаттаңыз.

  2. Әл-Фарабидің, Ж. Аймауытов пен М. Жұмабаевтың шығармаларындағы психологиялық зерттеу әдістері және оларды педагогикадағы ғылыми зерттеу мен білім беру практикасында пайдалану логикасы.

  3. А. Маслоудың тұлға теориясы және оны педагогикалық зерттеудегі қолдану мүмкіндіктері.

  4. Қазақтың танымал психологтары М. Мұқанов, Қ.Б. Жарықбаевтың және т.б. еңбектеріндегі зерттеу әдіснамасы туралы білімдерді жүйелеңіз.

  5. “Неге психологиялық білім педагогикада теориялық модельдер құрудың бір көзі болып табылады» деп ойлайсыз?



2-тақырып.ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ
2.1. Педагогика ғылымының әдіснамасы. Кез келген ғылымның даму жетістігі оның әдіснамасы мен теориясының деңгейімен анық-талады. Ғылыми-зерттеу жұмысында әдіснама, әдіс пен теория әрқа-шан бір-бірімен тығыз байланысты. Әдіснама «грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді. Сондықтан әдіснама – зерттеу үдерісі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Теория – педаго-гикалық құбылыстардың, кез-келген әдіснаманың негізі болады және сол әдіснаманың көмегімен табылған фактілер негізінде кеңейеді. Тео-рия – таным үдерісінің нәтижесі, ал әдіснама болса, осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл – теориялық және прак-тикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастыру-дың негізі мен тәсілдер жүйесі. Таным теориясы тұтас танымдық іс-әрекетті және оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.

Педагогика әдіснамасының мазмұнын анықтаудың қалыптасқан бағыттарына тоқталайық. М.А. Даниловтің педагогика әдіснамасы жайлы ғылыми мақалалары осы саладағы еңбектердің іргетасына жатады. М.А. Данилов педагогика әдіснамасының келесідей анық-тамасын ұсынды: «Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық шынайы болмысты бейнелейтін педагогикалық теорияның құрылымы мен не-гіздері, білімдер жасауға қажет тұғырлар мен тәсілдердің қағидалары туралы білімдер жүйесі болып табылады».

В.В. Краевский, М.А.Данилов ұсынған педагогика әдіснамасы-ның анықтамасын қабылдай отырып, «педагогиканың әдіснамасы педа-гогикалық шынайы болмысты бейнелейтін педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздері, білімдер жасауға қажет тұғырлар мен тәсіл-дердің қағидалары туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ, арнайы ғылы-ми-педагогикалық зерттеулердің бағдарламаларын, логикасын және әдістерін, сапасын бағалау туралы білімдерді алу бағытындағы әрекет жүйесі»,- деп тұжырымдайды


Заманауи анықтамаларға жақынырақ әдіснама мазмұнының анықтамасын В.И. Загвязинский берді: «Педагогиканың әдіснамасы – бұл педагогикалық білім туралы, оны меңгеру үдерісі, түсіндіру әдіс-тері және оқыту мен тәрбиелеу жүйесін түрлендіру немесе жетілдіру үшін практикалық қолдану шарттары туралы білім».

Педагогиканың әдіснамасы түрлі мағыналарда, мәндерінде және түрлі қырларында түсінілуі мүмкін. Педагогика әдіснамасы – педагог-тардың ғылыми-танымның тиімділігі мен нәтижелігіне жетуді қамта-масыз етудегі әрекетінің құрылымы, логикалық ұйымдастыруы, әдіс-тері мен тәсілдері, олардың мақсаттары мен қызметтері туралы ілім.

Сонымен, педагогика әдіснамасыкең мағынада теория, оның пәні зерттеудің жалпы ғылымилық және арнайы әдістерін біріктіретін жәнетар мағынада – жаңа ғылыми-педагогикалық ақпарат алу, оны талдау мен түсіндірудің әдістері туралы білімдер жүйесі.

Педагогтың әдіснамалық мәдениеті.Педагогтің әдіснамалық мәдениетінің құрамы мыналарды қамтиды: әдіснамалық рефлексия (өзінің ғылыми әрекетін талдау қабілеті), ғылыми негіздеуге қабілеті, сыни талқылауға және нақты тұжырымдамаларды, танымның, басқа-рудың, құрастырудың формалары мен әдістерін шығармашылықпен пайдалануға қабілеттілік.

Әдіснамалық мәдениеттің жетекші компонентіәдіснамалықрефлексияболыптабылады, олзерттеушіге өзінің ғылыми жұмысын талдап, жетілдіруге, ал ЖОО оқытушысына болашақ зерттеушілерді даярлауды заманауи ғылым деңгейінде жүзеге асыруға мүмкіндік бе-реді. Педагогикалық зерттеулердің сапасын арттыру үшін екі бағытта әрекет қажет: әдіснамалық білім бар ғылым саласын жетілдіру және осындай білімдерді педагог-зерттеушілерді даярлаудың мазмұнына ен-гізу. Зерттеушінің әдіснамалық рефлексиясының мазмұны зерт-теу сапасын бағалауға мүмкіндік беретін педагогикалық зерттеудің ке-лесідей сипаттарында көрінеді: мәселе, тақырып, өзектілік, зерттеу нысаны, оның пәні, мақсаты, міндеттері, болжам, жаңалық, ғылым үшін маңыздылығы, тәжірибе үшін маңыздылығы.

Әдіснамалық мәдениет – бұл жалпы ғылыми іргелі білімділік, әдіснамалық білімді меңгерген, оқу–зерттеу әрекетіндегі шығармашы-лық, өзін-өзі дамытуға құндылық бағдарлар жүйесі, тұлғаның тұтас, біріккен сипаттамасы. Педагогтың әдіснамалық мәдениетінің мазмұнынапедагогикалық құрылымы мен әрекеттері туралы білім енеді.

- жалпы ғылымилық мазмұндағы негізгі, іргелі педагогикалық теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар; педагогикалық зерттеулердің әдістері мен логикасы туралы білім;