Файл: Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 2970

Скачиваний: 101

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


- тәжірибені жетілдіру үшін алған білімді пайдалану әдістері туралы білім.
2.2.Педагогика әдіснамасының деңгейлері. Ғылыми танымда әдіснамалық талдаудың әр түрлі деңгейлері көрсетіледі. Әдебиеттерде әдіснамалық талдау үдерісі төрт деңгейлік иерархия түрінде беріледі:

1) философиялық әдіснама, яғни, таным мен жалпы ғылымның категориялық құрылымы негізінде педагогикалық зерттеу мәнін, оның әдіснамалық іргетасын білдіретін және белгілі бір әлем сипаты тұр-ғысынан педагогикалық зерттеу нәтижелерінің танымал түсіндірмесіне қатысты жалпы қағидалар жатады;

2) жалпы ғылымилық әдіснама, жалпы ғылымилық қағидалар мен зерттеу формаларын қамтиды (жүйелілік, кибернетикалық, кешен-ді, бағдарламалы-мақсаттық секілді жалпы ғылымилық әдістер, идеал-дау, модельдеу секілді жалпы ғылыми рәсімдер мен тәсілдер және т.б қатысады). Жалпы ғылымилық әдіснама ұстанымдық-бағыттаушы қызметті атқарады. Себебі, дәл осы кезеңде зерттеудің ұстанымдық бағыты анықталады, оның стратегиясы, нысаны мен пәнін анықтаудың әдістері қарастырылады.

3) нақты ғылымилық әдіснамапедагогика ғылымының зерттеу әдістері, зерттеу қағидасы мен рәсімдерінің жиынтығынан тұрады. Ол реттеуші қызметті атқара отырып, бір бірімен нақты зерттеулердің ерекшеліктерімен сәйкес байланысатын педагогика әдістері мен аралас ғылымдарға қажетті жиынтықты құруға мүмкіндік бере отырып, соны-мен қатар, педагогикалық зерттеу барысында бір мәнді түсінуге қажет-ті психология, әлеуметтану және т.б ғылымдардың және педагогика-ның ұғымдық-түсініктік аппараттының бірегейлігін қамтамасыз етеді;

4) зерттеудің әдістемесі және техникасы (технология), яғни, бір сипатты және шынайы эмпирикалық материал жинап, оны алғаш-қы талдау үшін қажетті болатын рәсімдері жиынтығы. Оның басты қызметі – құралдық немесе құралдық–технологиялық. Аталған деңгей-дің қызметтерінің дұрыс жүзеге асырылуына сай жеке педагогикалық зерттеулердің нәтижесі мен жалпы, барлық педагогикалық ғылымдар-дың нәтижелері қалыптасады.

Философиялық білімдер педагогикалық зерттеуді әдіснамалық қамтамасыз етудің құрамына кіреді. Ол педагогикалық теория жасау үшін қажет, өйткені, теориялық зерттеу тәжірибемен, педагогикалық шынайы болмыспен жалпылама байланыста да, ал философиямен тікелей байланысты.

Ғылыми-педагогикалық зерттеуде маңызды рөлді философия-лық категориялар (мән және құбылыс; себеп пен нәтиже; қажеттілік пен кездейсоқтық; мүмкіндік пен шынайылық; мазмұн мен форма; бірегейлік, ерекшелік және жалпылық, т.б),
заңдар (қарама–қайшылықтардың күрес заңы; сандық өзгерістердің сапалыққа айналу заңы; терістеуді терістеу заңы), қағидалар (теория мен тәжірбиенің бірлігі қағидасы; зерттелуші мәселеге нақты тарихи және шығармашылық әдіс қағидасы; объективтілік қағидасы; үдеріс пен құбылыстың жан–жақтылығын зерттеу қағидасы) атқарады.
2.3.Философиялық заңдар, заңдылықтар.Қарама–қайшы-лықтардың бірлігі мен өзара әсерлілігі заңыдаму үдерістерінің ішкі қайнар көзін ашады, ескінің жойылып, жаңаның пайда болуына әсер етеді. Заттар мен құбылыстардың бойындағы қасиеттер мен ағымдар-ды өзара жоққа шығарып, өзара мақұлдап тұратын жақтар бірлігін қарама–қайшылық деп атайды. (Мысалы, ақ пен қара, жақсылық пен жамандық т.б.).Қарама-қайшылықтардың өзара әсерлілігі, қақтығы-суы, соның нәтижесінде өзара терістеу пайда болатын көріністі қай-шылық дамуы деп атайды. Ол таным диалектикасына сәйкес қозғалыс пен дамудың қайнар көзі немесе себебі міндетін атқарады «Даму» ұғымына философияда «мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы» деген анықтама бері-леді, яғни мәңгі, қажетті қозғалыс, уақыттағы өзгеріс деп түсіну қажет. Дамудың қайнар көзі болу үшін қарама–қайшылықтар бірін-бірі жоққа шығарумен шектелмей, бір-бірін қолдап отырулары керек.

Дамудың кезкелген үдерісі өзінің қозғалу барысында, кезең-дерінде сапалық жағынан бір - бірінен өзгеше болады. Ескі сапалық жағдай жойылады, ол жаңа сапалық жағдаймен терістеледі. Терістеу – дамудың қозғаушы күші. Теріске шығару ескі құбылыстың жай ғана жойылуын емес, сонымен бірге теріске шығарылған құбылыспен бел-гілі деңгейде байланыста болатын жаңаның пайда болуын білдіреді. Осылайша, диалектикалық терістеуді теріске шығару ескіні жоюға ба-ғытталған негативтік заттың қырларын, оның жекелеген элементтерін ұстап, сақтап қалуға бағытталған позитивтік өзара байланыстың екі қырын қамтиды. Жаңа ескіні терістейді.

Сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге ауысу заңы даму тетігін, ескіден жаңаға өтудің жолдары мен түрлерін ашады. Заңның мәні «сапа», «сан», «өлшем» категорияларын талдау арқылы ашылады. Заттардың анықтығын білдіретін басты мәнді қасиеттердің жиынтығы сапа деп аталады, ал қалыптасуы сапаның өзгеруі болып табылады.

Терістеуді теріске шығарузаңы

- заттың жаңа сапалық жағ-дайын нығайту, дамуға кедергі келтіретін компоненттерді жойып, ор-нына жаңалары пайда болады деген сөз. Жаңаның пайда болуы бола-шақ мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуындағы шешуші ке-зең. Ол жаңаны қабылдау арқылы өзін дамытады, бойына кәсіби құзыреттілік сапаларын жинайды.

Таным теориясы. Ғылым және оқу танымы ғылыми білімнің құрамымен, құрылымымен, танымдық қызметімен сипатталады. Ғылы-ми білімді ұғымнан теорияға дейін меңгеру білім сапасының маңызды белгісі болып есептелетін жүйеліліктің логикалық-психологиялық және дидактикалық сипаттамасы болып есептелінеді. Оқу-танымдық әрекетте таным қызметтерін меңгеру ғылыми әдісті игеруге әкеледі. Логиканы дидактикалық үдерістегі оқытудың құралы еткен тіл екені анық. Ғалым да, оқушы да құбылысты сипаттау (не?, қашан?, қайда?, қандай?, қанша?, қалай?), түсіндіру (неден?, неге?, не үшін?), болжау (не болады?, егер?) - үшін қолданыстағы кілтті сөздері бірдей. Бұл лексикалық құрылымдар оқу мәтіндерінің, оқу тапсырмаларының маз-мұнына үнемі және мақсатты түрде қосылып отырады.

Философиялық білім барлық нақты ғылымдар жүйесінде дами-ды және келесі құрылымдық бөліктерден құралады: онтология (бол-мыс туралы ілім), әдіснама (әдіс туралы ілім), гносеология (таным ту-ралы ілім), формалды, диалектикалық, арнайы логика, табиғат фило-софиясы, әлеуметтік философия, антропологиялық философия, эстети-ка, этика (мораль туралы ілім), философия тарихы.

Жүйелілік тұғыр - құбылыстардың жалпы байланыстарының бейнеленуі.

Жүйелілік зертеулерді ерекшеліктеріне сәйкес – жалпы ғылыми және философиялық зерттеулердің тоғысу саласы; жүйелілік зерттеулердің логикасы мен әдіснамасы; арнайы ғылыми-жүйелі әдістемелері; жалпы жүйе теориясын құру салалары деп жіктейді (Э.Г. Юдин, В.Н. Садовский). Жүйелік тұғыр диалектикалық материализмнің бөлінбес бөлігі. Жүйелілік тұғыр - нысанды жүйе ретінде зерттеу әдіснамасы (М.С. Каган, В.Г. Афанасьев және т.б.). Жүйелілік тұғыр «жалпы ғылымилығымен», «ғылыми білімнің көп салалығымен», «жалпы ғылымилықтың гносеологиялылығымен» сипатталады (А.Д. Урсул және т.б.). Жүйелік тұғыр - нақты гносеологиялық жағдаяттағы диа-лектикалық әдістердің көрінісі. Сондықтан, жүйелік жалпы ғылыми әдіснамалық зерттеудің бір құралы ретінде оқу-тәрбие үдерісін және бір-бірімен байланысты құбылыстарды жүйелі зерттеуге қажет сапалы ғылыми тұғыр болып табылады.


Жүйелік тұғыр – объектілерді жүйе ретінде қарастыру негізін-де, жалпы ғылыми әдіснамалық ұстанымдардың жиынтығы. Жүйе (система, грек тілінен аударғанда – біртұтас деген мағынаны білдіреді) – белгілі тұтастық, бірлікті құрайтын, бір-бірімен, ортамен өзара қаты-наста және байланыста болатын, элементтердің жиынтығын көрсететін жалпы ғылыми ұғым.

Жүйелердің типтері көпқырлы: материалды және рухани, орга-никалық емес және тірі, механикалық және органикалық, биологиялық және әлеуметтік, статикалық және динамикалық, ашық және тұйық және т.б. Кез келген жүйе құрылымы мен ұйымдасуы бар көптеген әртүрлі элементтерден тұрады. Құрылым – а) тұтастығы мен өзіне ұқ-састығын қамтамасыз ететін, объектілердің тұрақты байланыстарының жиынтығы; б) күрделі біртұтастың элементтер байланысы арақатына-сындағы тұрақты тәсілі (заңы). Жүйелі тәсілдің ерекшелігі, зерттеуді объектінің тұтастығын ашуға және оның тетіктерін қамтамасыз етуге, күрделі объектінің байланысының көптеген типтерін анықтауға, олар-ды бірыңғай теориялық картинаға жинақтауға бағыттайды.

Жүйелік тұғыры – зерттелетін педагогикалық құбылыстарды және олардың арасындағы байланыстың көптеген элементін анықтау. Зерттелуші объектіні жүйе ретінде, оның элементін, олардың ара-сындағы байланысты және оны жіктеп, құрылымын және ұйым-дастыруды, тұтастай білім беру ретінде басқару жолдарын анықтауға бағытталады. Педагогикалық жүйенің ерекшелігі, бұл іс-әрекет жүйе-лері және қатынастар шеңберінде қалыптасатын жүйелер (қайта құру-шы-белсенді, қайта жасаушы-орындаушы, тұтынушы-дара немесе әре-кет жасаушы және т.б.). Бұл жүйелер оқыту үдерісінің субъектілері арқылы құрылады және олардан бөлек болмайды, солар арқылы жүзе-ге асады. Осы контексте педагогикалық жүйе ретіндегі оқыту-тәрбие-леу үдерісінің негізгі сипаттамасы, оның біртұтастығы мен кешендігі болып табылады.
2.4.Педагогикалық теория.Ғылыми білімнің басты құрамдас бөлігі – теория. Әрине, ғылыми білім – шынайы болмысты тәжіри-белік танудың мәліметтері, зерттеу барысында алынған фактілер, анықталған эмпирикалық заңдылықтар. Бұның бәрінің ғылыми білім-нің құрамдас бөліктері ретінде теория тұтастық қасиетін қалыптас-тырады. Ғылыми теория зерделенетін шынайы болмысқа тән заңды-лықтар мен мәнді байланыстар туралы түсінік беретін білім болып табылады.

Теория білімдерді жүйелеу, зерделенетін нысанның болашағын болжау үшін де қажет. Демек, ол нысанның даму болашағын болтам-дау үшін де керек. Теориясыз түсіну жоқ, сондықтан да түсіну – теорияның стратегиялық миссиясы.


Теорияның маңызды бір қызметі – болжамдау, түсіндіру үлгісі: жалпы тұжырымдаудан кейін феноменді болжайды. Болжамдау бола-шаққа бағдарланған. Педагогикада болжамдау маңызды роль атқара-ды. Білім беру әлемін ұйымдастыру оқушылардың, мұғалімдердің, басқарушылардың іс-әрекетін болжамдаусыз мүмкін емес. Педагогика-да ғылыми педагогикалық алдын-ала болжау жүргізіледі. Білім беру-дегі алдын ала болжауда статистикалық өлшемдер пайдаланылады. Педагогикада ғылыми болжау – логикалық-әдіснамалық рәсім. Білім берудегі құбылыстың қазіргі нақты көрсеткіштері негізінде осы құбылыстың келешегін анықтайды. Педагогикадағы түсіндіру мен болжау ұқсас, тек түсіндіру өткенге, болжау болашаққа бағдарланған.

Түсінудің жалпы теориясы – герменевтика дамуда. Түсіну – әмбебап рәсім. Сипаттау, түсіндіру және болжау ғылыми теорияның қызметтері. Түсіну дегеніміз-құбылысты құндылық арқылы түсіндіру. Түсіндіру – бар нәрсені, ал болжам – не болатынын, түсіну – не болуы керек екенін білдіреді. Ғылымда, оның ішінде педагогикада түсіну ғылым зерттейтін нысандарға, құбылыс пен үдерістерге белгілі бір мән беру. Педагогикада түсіну гуманистік өлшем енгізді. Теория көбінесе жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту мен қалыптастырудың жинақталған тә-жірибесін шығармашылықпен қайта құрумен байланысты. Осылайша, ол педагогикалық тәжірибені қорытындылап, жеке тұлғаның болашақ-та қалыптасуы мен дамуының жоспарын анықтайды.

Теория өзара байланысты білімдер жиынтығы ғана емес, соны-мен қатар, ол – осы білімдердің белгілі бір зерттеу бағдарламасы тү-рінде құралуының тетігі. Теориялық білім зерттеушіге оның не нәрсені біле алатынын көрсетсе, практикалық білім оның не істеу керектігіне бағытталады. Кез-келген теорияның ақиқаттылығының белгісі – бол-мыстың практикалық өзгерісі. Практика теориялық түсінікке қарағанда әлдеқайда кең және күрделі.

Педагогикалық теория дегеніміз-педагогикалық сан алуан құ-былыстарды зерттейтін, бейнелейтін және түсіндіретін білімдер жүйе-сі. Педагогикалық теория оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесін тек прак-тикаға ғана қатысты емес, оны зерттеу нәтижесінде пайда болатын теорияны алдын-ала болжауға мүмкіндік береді. Сонымен, педаго-гикалық теория мұғалімнің педагогикалық тәжірибесін жасаудың негізі ретінде қарастырылады.

Тұлға теориясы. Адам – жер бетіндегі тірі ағзаның жоғары сатысы, қоғамдық-тарихи іс-әрекетімен мәдениет субъектісі, ол қарым-қатынас иесі. Демек, оның іс-әрекеті, сезімі, ойлау ерекшелігі өзі өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайға да тәуелді. Осыған байла-нысты тәрбие беру мақсатын анықтап, оның мазмұнын, ұйымдасты-рудың нақты мазмұны мен әдістерін белгілеу – тұлғаның қалыптасуындағы маңызды мәселе.