Файл: Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 2963

Скачиваний: 101

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тұлғаның дамуы – педагогика мен психологияда басты категорияның бірі. Даму заңдылықтарын психология психиканың да-муы деп түсіндірсе, педагогтарадамның дамуына мақсатты түрде бас-шылық жасау деген теорияны ұсынады. Сыртқы және ішкі фактор-лардың әсерінен тұлғаның дамуы сапалық және сандық өзгеріске түседі. Тұлғаның өзгеруі оның жасының өсу кезеңдеріне, айналасын танып, тиісті дағдыларды меңгеріп қарым-қатынас жасауға араласа бастаудағы тәлім-тәрбиесі мен өнегесіне байланысты. Оның басты са-лалары мыналар: денесінің өсуі – бұлшық еттерінің жетіліп, барлық дене мүшелері өркен жайып, пішін болмысы дамиды. Психикалық дамуы – ойлау, қабылдау, зейін, ес т.б.; әлеуметтік жағынан дамуы – адамгершілік, имандылық, таным түсінікті сезіну, әлеуметтік қарым-қатынасты саралай білу т.б.

Есте сақталған пәндер мен құбылыстар, тану барысында жүзеге асқан белгілі бір іс-әрекеттің бейнесі негізінде түсінік қалыптасады. Бұл құбылыс пәндер мен құбылыстардың жалпылама белгілерінің бөлінуі мен жүйеленуін білдіреді.

Педагогикалық сөздіктерде: «Тұлғаға бағдарлану тұғыры – қа-зіргі педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері, баланың дара, шығармашылық ерекшеліктерін ашу және есепке алу» деп анықтама берілген. Тұлғаға бағдарлану тұғыры әлемдік деңгейдегі практикада қолданылып, тұлғаның рухани және зияткерлік сапаларының қалыптасуына бағытталады. Тұлғаға бағдар-лану тұғыры – баланың субъектілі тәжірибесіне, өмірлік жеке тәжі-рибесіне сүйену арқылы даралығын, шығармашылығын дамыту және тұлға ретінде өзін-өзі дамытуға жағдай жасауды білдіреді. Бүгінгі таңда педаго-гикада оқытудың түрлі үлгілері мен технологиялары жасалуда, олар-дың әрқайсысы «тұлғаның дамуы», «оқыту тұғыры», «тұлғаға бағдар-лы білім беру» ұғымдарын өздігінше түсіндіреді.

Іс-әрекет теориясы.Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдісна-малық негізі бойынша адамның қоршаған әлемге қатынасы практи-калық және абстарктілі-теориялық (танымдық) тұғырлармен байла-нысты шешіледі.

Зерттеужұмысынданегізгеалатынкелесіәдіснамалықтұғыріс-әрекеттұғырыұғымыпсихологияғылымынажиырмасыншығасыр-дың 20–30 жылдарыенген. Бұлұғымтуралыбірнешебағыттағытүсін-дірулерберілген. Іс-әрекеттұғырыдегеніміз – объектініңбіртұтасты-ғынжәнеоныңтетіктерінашу (философия, әлеуметтанутеорияларыбойынша), тұлғаныңәрекетарқылықоршағанортанытануыжәнеқайтаөзгертуі, іс-әрекетініңқұрылымын, қызметінқарастырадыдептұжырымдалады. Іс
-әрекеттұғырын – педагогикалыққұбылысқаәрекеттіңбүкілкомпоненттерініңтұтастығыдептүсіну, яғнимақсаты, мотиві, әрекеті, операциясы, реткекелтіружолы, жөндеу, жеткеннәтиженібақылаужәнеталдауғамүмкіндікбереді.

Іс-әрекеттік теория - тұлға дамуының негізі, құралы және ше-шуші факторы болып есептелінеді. Бұл сана мен әрекеттің бірлігі идея-сына негізделіп, тәрбиеде жаңа жүйені қалыптастырады. Мұндай көз-қарас педагогикалық зерттеу жұмыстары және практикалық әрекеттер барысында тұлғалық-бағдарлық ұстаныммен тығыз қарым-қатынаста болып, оның жүзеге асуына тікелей ықпал етеді. Іс-әрекеттің мақсаты - адамдардың ақиқат өмірін қайта жаңғыртуға бағытталады. Сондықтан адамның барлық деңгейдегі заттық және рухани әрекеті еңбек негізін-де пайда болып, оның негізгі ерекшелігін бойына сіңіріп, айналадағы өмірді шығармашылықпен қайта жаңғыртады.

Құндылықтар теориясы. Құндылық бағдар – адамгершілік сананың тиянақты және терең көрінісі, ол тек жекелеген іс-қимыл-дары мен себеп-салдарында ғана емес, мінез-құлық пен іс-әрекеттің бүкіл барысында көрініп, сананың жалпы бағыттылығында жеке тұл-ғаның бастапқы өнегелілік ұстанымын іске асырады. Мақсат пен мін-деттерге сәйкес барлық тәрбиелік ықпалдардан тұратын болғандықтан құндылық бағдар жеке тұлғаның тәрбиелілігінің интегралды көрсеткіші.

Психологтар “құндылық” ұғымымен қоғамға қатысты әлеумет-тік-тарихи мағынасы мен іс-әрекеттің белгілі бір құбылыстарының жеке тұлғалық мәнісін сипаттайды. Олар құндылық деп, біріншіден, өнегелілік, жеке тұлғаның (адамдар тобының, ұжымның) және оның іс-әрекетінің нәтижесін; ал екіншіден, “құндылық” санаға қатысты адамгершілік пен арман-мұраттары, жақсылық пен жамандық, әділет-тілік пен бақыт ұғымдары сияқты түсініктерді айтады.

Құндылықтар теориясы - нақтылы ғылыми-әдіснамалық таным ретінде және педагогикалық шындықты жаңғыртуда өзінің негізгі аксиологиясы - жалпы адамзаттық мәдени құндылық (заттық және рухани) жайында ілім болып табылады.

Басқару теориясы. Мектепті басқару туралы білім дер жиын-тығы мектептану деп аталады. Қазіргі заман мектебі күрделі жүйе болғандықтан, ол оқушылардың, мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің, оқу-тәрбиелік қызмет көрсететін ұстаздардың іс-әрекеттерінен, мектеп алдында тұрған жалпы міндеттерді шешуге белгілі бір жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады.

Ғылыми басқару – белгілі нәтижеге жету мақсатында жоспар-ланған жүйелерді басқару. Ғылыми басқарудың мынадай белгілері бар: жалпы таным мен обьективтік заңдылықтарды

саналы пайдалану; басқару ықпалының үздіксіздігі мен жүйелілігін қамтамасыз ету; бас-қарылатын обьектілер мен үдерістерді модельдеу; құбылыстарды бағалаудың сандық өлшемдерін қолдану.

Мектепті басқарудың басты мәні - педагогтардың педагогика-лық үдерісте жақсы нәтижеге жету мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарының іс-әрекетін мақсатты басқару.

Педагогикалық үдерісті ғылыми негізде басқару мұғалімнен басқару теориясын игеруді талап етеді, жалпы және арнайы ұйым-дастыра білу білім деңгейін көтеруді, оның барлық бөліктерін қажетті мәліметтермен қамтамасыз етуді, басқару нысанының өзіндік ерекше-ліктерін бейнелейтін басқару әдістерін игеруді қажет етеді.

Әлеуметтендіру теориясы. Тұлға – қарым-қатынас пен қызмет барысында қалыптасқан және тиісті белсенділік деңгейі мен өзіндік тануды білдіретін адамның әлеуметтік мәні. Тұлғаның дамуы – ішкі және сыртқы факторлардың әсерімен белгіленген, ағза. Психика, интеллектуалдық және рухани ортадағы сандық және сапалық өзгерістер үдерісі. Тұлғаның қалыптасуы- тұқымқуалаушылықтың әсері, орта, мақсатты тәрбиелеу мен өзіндік белсенділіктің нәтижесінде тұлѓаның қалыптасу үдерісі. Тұлғаны әлеуметтендіру - тұлғаның қоғамға, жеке топқа тиісті тәртіп үлгілерін, құндылықтар, нормалар, қағидаларды бі-луі және сол арқылы әлеуметтік байланыстар мен әлеуметтік тәжіри-бені меңгеруі.Тұлғаның даму факторлары - тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие. Тұлғаның дамуының негізгі күштері: ішкі қарама–қайшылықтар (тұлғаның мүмкіншіліктері мен қажеттіліктері арасындағы). Сыртқы қарама–қайшылықтар (тұлғаның мүмкіншіліктері мен қоғам-ның талаптары арасындағы)

Педагогикалық теория мен практиканың әрекеттестік диалектикасы.Педагогика ғылымы мен практикасы жаңа әдіснама-лық идеялардың пайда болуына орай, педагогикалық нысандарды ғылыми-педагогикалық ақпаратты жүйелендіру аясында қарастыруы мүмкін. Дамуы теориялық педагогиканың іргетасын анықтайтын негізгі педагогикалық теорияны белгілеп, зерттеушілер үшін өзінше бір әдіснамалық бағдар болатын қандай да бір теория аясында ғылыми-педагогикалық әрекетті реттеуге болады. Осы кезеңде жаңа ғылыми-педагогикалық білімді жинақтау жүзеге асады.


Мектептің кәсіби іс-әрекеті мен әрбір мұғалімнің шығарма-шылық әс-әрекетінің әдіснамалық негізінің құраушысы болатын тео-рия мен практиканың үздіксіз өзара байланысы үнемі қарастырылады. Педагогикалық теория мен практиканың өзара байланысы олардың өзара іс-әрекетінен туындайды.

«Өзара іс-әрекеттілік» ұғымы педагогикалық зерттеу нәтиже-лерін практикаға ендіруді білдіреді, теория мен практиканың өзара іс-әрекеттілігі педагогикалық іс-әрекеттің кез келген түрінде байқалады (оқу-тәрбиелік, басқарушылық, ғылыми-зерттеушілік іс-әрекет, мұға-лімдер қауымына педагогикалық ғылымның материалдарын жеткізу іс-әрекеті). Соңғы кезде, ғылым мен практиканың өзара іс-әрекеттілік мәнмәтінінде педагогикалық жаңалықты пайдалану мәселесі көбірек зерттелуде. Зерттеушілер жаңашылдық қозғалысын педагогикалық жаңалықта пайдаланумен тығыз байланыстырады.

Инновациялық тұғыр. Әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы түбірлі өзгерістер, ғылым мен мәдениеттегі ілгерілеу, педагогикалық қызмет саласындағы жаңа талаптар білім жүйесіндегі қайта құруға әкеліп соқтырды. Бұл саланы әрі қарай жетілдірудің бірден-бір мүмкін жолы – инновация, яғни педагогикалық жаңалықтарды игеру мен қолдануды басқаратын үрдістер. Бұл - білім беру мазмұнына, оқыту және тәрбиелеу әдістеріне, білім беру мекемелерін ұйымдастыру және басқару жұмыстарына байланысты.

«Инновация» ағылшын тілінен аударғанда (Innovation) «иновацияға кіріспе» дегенді білдіреді. Бұл термин мәдени антропологияда пайда болды. Ол бір мәдениет жетістіктерін сауда, тауар алмасу үрдістеріне пайдалану, аудару дегенді білдіреді. «Инновация» термині антропологиядан экономикаға, содан соң педагогикаға көшіп, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі, оқыту әдістемесіндегі білім беру ұйымдарының практикалық немесе ғылыми әрекетінде туындаған түрлі өзгерістерді зерттеді.

Педагогикалық инноватиканың ғылым ретінде дамуына К.Ангеловский, М.С. Бургин, В.И. Загвязинский, В.П. Кваша, М.В. Кларин, Н.В. Коноплина, А.В. Лоренсов, В.Я. Ляудис, Е.П. Морозов, П.И. Пидкасистый, Л.С. Подымова, М.М. Поташник, В.А. Сластенин, О.Г. Хомерики, Н.Р. Юсуфбекова және т.б. педагог ғалымдардың еңбектері маңызды үлес қосты.

Қазақстан Республикасында педагогикалық инноватиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін зерттеген К. Ажибеков, Б.Р. Айтмамбетова, К. Құдайбергенова, С.Н. Лактионова, А.Қ. Мыңбаева, Т.А. Линчевская, Р.М. Масырова, М.А. Шкутина және тағы басқа педагогтардың еңбектерін ерекше атап өту керек.


Педагогикалық білім беру жүйесінде оқытушының жеке тұлғасын қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін В.П. Беспалько, Е.В. Бондаревская, Е.В. Харламов, В.А. Сластенин, А.И. Пискунов, З.А. Исаева, Ж.Р. Баширова сияқты ғалымдар өз зерттеулерінде қарастырды.

50-ші жылдардың аяғында Германияда, АҚШ-та және тағы басқа елдерде педагогикалық жаңалықтарды жүйелеу орталығы пайда болып, білім беру саласының жаңалықтарына байланысты арнайы басылымдар шыға бастады.(мысалы, « information at innovation en education Educatioal innovation in the United States» және басқалар ).

Біздің елімізде де дәл осындай үрдістер педагогикалық тәжірибенің таратылуы, білім беру қызметкерлерінің оны пайдалануға дайындығы және ұсынылған инновациялардың жаңалығы, оларды бағалау тәсілдері туралытеориялық-қолданбалы ізденістер сипатын беру болды. Әдетте, инновация дәстүрлі мәселелерді жаңаша шешу нәтижесінде, фактілерді ұғыну және жинақтау үдерісінің ұзақтығы нәтижесінде пайда болды. Қазіргі кездегі инновацияның көбі тарихи тәжірибемен тығыз байланысты және оның өткен уақытта белгісі, ұқсасы бар. Бұл инновациялық үрдістің белгілі тұжырымдарға сәйкес келетін және белгілі бір жағдайларға өзекті және бейімделген, нақты мақсатқа бағытталған және қазіргі заманғы идеяның құрылу, орнығу, қолдану және жойылу үдерісі екенін түсінуге мүмкіндік береді.

Инновациялық білім беру үрдісінің негізінде педагогиканың екі басты мәселесі жатыр:

-педагогикалық тәжірибені зерттеу;

-психология мен педагогика ғылымының жетістіктерін тәжірибеге жеткізу.

Білім берудегі инновациялық үдерістің нәтижесі - теориялық және тәжірибелік жағынан жаңалықтарды қолдану. Білім беру жүйесінде инновация білім беру мақсатына жаңалықтар енгізу, жаңа мазмұнды тәсілдер мен тәжірибелер, білім беру формаларын қайта жасауды, жаңа педагогикалық жүйені енгізу және таратуды, мектепті басқарудың жаңа технологияларын дамытуды жобалайды.

Олардың дамуы екі факторға бөліп қарастырылады: объективті факторлар – инновациялық әрекеттің қарқынды дамуына жағдай жасау және оның нәтижелерін қабылдауды қамтамасыз ету; субъективті факторлар – инновациялық үдеріс субъектісімен тығыз байланысты. Инновациялық үдеріс субъектілеріне ғалым-педагогтар, мұғалімдер және білім беру саласында инновацияға бағытталған әрекетпен айналысатын қызметкерлер жатады.

«Инновациялық әрекет» түсінігінің мазмұны мен педагогикалық әрекеттің инновациялық бағыттылығының мәні. Әдетте, бұл - түсінік инновациялық үрдіс әрекет субъектілерінің – зерттеушілердің, әдіскерлердің, техниканы басқарушы мамандардың, инновацияның таралуына және құрылуына қолайлы жағдай жасайтын мамандардың әрекет жиынтығын білдіреді.