ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 2965
Скачиваний: 101
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Педагогикалық әрекеттің инновациялық бағыттарына Конституция мен «Білім туралы» Заңда жарияланған жаңа білім саясатындағы, білім жүйесіндегі әлеуметтік-экономикалық жаңартулардың пайда болулары әсер етеді. Бұл саясаттың түпкі мағынасы - білім беру мазмұнын гуманитарландыруға, оқу пәндері құрамының, көлемінің өзгеруіне, жаңа оқу сабақтарын енгізуге, мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарды қабылдауына қатынасын өзгертуінде. Мектеп тәжірибесін жаңарту жолдарына жеке тәжірибенің дамуы; басқалар жасаған тәжірибені алу; ғылыми жазылымдарды меңгеру; қателер мен сынақтар әдісі; эксперимент жатады.
Инновациялық әрекет кезеңдері. Инновация идеяның пайда болу кезінен бастап тәжірибеге енгенге дейін бірнеше кезеңдерден өтеді: білім беру және тәрбиелеу міндеттерін шешу туралы негізделген ұсыныс, әлгі әдістеменің кең қолданылуы, толық игерілуі. Инновацияның жасалуы және дамуы мәселелерді шешуге керек жаңа қағидаларға жеткенше жүргізіледі. Осындай ыңғай ұсынылған идеялар мен ұсыныстардың дамуын сақтауға, тәжірибелік әсерін талдауға, жаңалықтар енгізу көлемін сақтауға жағдай жасайды. Жұмыстың жаңа формаларын игеру үшін белгілі бір уақыт, соған сәйкес жабдықтау, мұғалімдерді дайындау, жаңаша жағдайларда ұжымдардың жұмысқа дайындаулары қажет.
Әртүрлі жағдайларда жаңалықтарды қолдану сипаты мұғалімдердің мамандық деңгейіне, мектеп оқушыларының қабылдау дәрежесіне, өмір сүру салтына байланысты. Психологиялық және педагогикалық мақсаттың бірегейлігі идеяларды іске асыру үшін әртүрлі әдістер мен қосымша зерттеулерді талап етеді.
Инновациялардың жіктелуі. Қолдану ерекшелігі мен орнына байланысты жаңалық енгізудің бірнеше түрлері бар: технологиялық, әдістемелік, ұйымдастырушылық, басқарушылық, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық. Инновацияның тәжірибеге және ғылымға қосатын үлесінің сипатын теориялық және тәжірибелік деп айыруға болады.
Теориялық инновациялар. Теориялық инновацияларға тұжырымдамаларды, болжамдарды, ыңғайларды, әдістерді, заңдылықтарды, бағыттарды, жіктеулерді, білім мен тәрбиедегі зерттеу нәтижесінде алынған ұстанымдарды жатқызады.
Тәжірибелік инновациялар. Жаңа әдістер, ережелер, бағдарламалар, дидактика саласындағы ұсыныстар, тәрбиелеу теориясы, мектептану, білім берудің техникалық құралдары, приборлар мен нұсқалар, табиғи объектілер, тәжірибелік инновацияларға жатады.
Білім беру және тәрбиелеу саласында жаңалықтар енгізуден жаңа білімді ажырата білу керек. Бір жағдайда жаңа идея, жаңа білімнің құрылуы іске асса, екіншісінде оны қолдану орын алады.
Инновациялар уақыттық және сапалық параметрлеріне қарай ажаратылады. Жаңалықтар енгізу уақытқа тәуелсіз бағалануы қажет. Бұл көзқарас бойынша, белгілі жағдайды іске асырған педагогтарды жаңашылдар деп есептеген жөн. Ғылыми жұмыста іс басқа. Бұндай басымдылыққа ғылымда жаңа білімді алғаш кім алса, сол мәселеге қоғамның назарын аударса, сол ие болады. Белгілі бір дәрежеде техникаға тән түсініктер оқыту немесе тәрбиелеу әдістемесіндегі жаңалықтарды сипаттауға қолданылуы мүмкін. Идея әр оқу ұйымдарында белгілі болып, әр аймаққа таралып өз әсерін тигізгенімен, бірақ арнайы жаңа жағдайларда қаралмайтын болады. Білім беру саласында жаңалықтар енгізуді бағалау үшін сапалы талдау керек. Ол алынған білімнің белгілі білім қатарындағы орнын және сабақтастығын көрсетеді.
Нақтылау деңгейі. Бұл деңгейде инновация білім алу тәрбиеге байланысты жеке теориялық немесе тәжірибелік қағидаларды нақтылайды. Педагогика ғылымында бұл деңгейді жаңашылдықтың модификациялық тұрпаты деп атайды (М.М. Поташник). Оның мазмұнына ұқсас нәрсені тиімді ету, түр өзгерту (бағдарлама, әдістеме, құрамы) жатады. Өзгертуді белгілі әдістемені жаңа пәнді оқытуға көшіру деп те түсінеді. Оған мысал, П.М. Эрдниевтің математикалық материал негізінде жасаған дидиктикалық бірліктерді ірілендіру әдісін тарих және басқа да оқу пәндеріне көшіру мысал бола алады.
Толықтыру деңгейі. Инновация білім алуда және тәрбиеде белгілі теориялық және тәжірибелік жағдайды кеңейтеді. Бұрын әйгілі болмаған білімнің жаңа қырларын ашады. Оны толық өзгертпей, жаңа толықтырулар енгізеді. Оған мысал ретінде, Мәскеу қаласының №109 орта мектебінің бастауыш сыныптар мұғалімі Е.Н. Потапованың алты-жеті жасар балаларды жазуға үйрету әдістемесін жасау тәжірибесін келтіруге болады (Қараңыз: Потапова Е.Н. Радость познания.-М.,1990).
Қайта құрылу деңгейі. Ол бұрын теорияда болмаған білім беру және тәрбие саласында жаңа идеямен, ыңғаймен сипатталады.. Бұған дидактикада оқытуды тұтас қарастыру тәсілі жатады.
И.П. Волков, Г.И. Гончарова, И.П. Иванов, Е.А. Ямбург және тағы басқа атақты педагогтардың жаңашылдық және зерттеу тәжірибесінде Ресей мектептерінің жаңартылған үлгілерін көрсетті. Олардың педагогикалық жаңалықтарымен, нәтижелері бүкіл ел мұғалімінің игілігіне айналды.
Педагогикалық инновациялардың ілгерілеу өлшемдері әр түрлі нәтижелерде көрінуі мүмкін. Мысалы, белгілі бір мәселені толық немесе жартылай шешетін әдістемелердің жаңа баламалары жасалынады. Жаңа тұжырымдамалар, идеялар, жіктемелер, тәрбие мен оқыту саласындағы түрлі құбылыстар мен фактілерді түсіндіреді. Болашақ тәрбие жүйелерін жасауға мүмкіндік беретін болжамдар жасау және нақтылаудың әлеуеті зор. Жаңа идеялар мен технологиялар келешек ізденістердің жолдары мен бағыттарын ашады. Тиімді ұсыныстар даярлайды, өзекті зерттеу жобалары мен бағдарламаларын жасауға мүмкіндік береді. Ұсынылған жаңалықтар теориялық немесе эмпирикалық деңгейде негіделуі керек. Оларды бағалау өлшемдеріне жататындар:
-күтілген нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың күшін оңтайлы жұмсау;
-мұғалімдер әрекетіндегі нәтижелердің тұрақтылығын көрсететін табыстылық;
-жаппай тәжірибеде инновацияларды шығармашылықпен пайдалану мүмкіндігі.
Аталған өлшемдер педагогикалық шығармашылықтың негізін құрайды.
Адамзат дамуының жаңа кезеңіне инновациялық білім беру жүйесі, оқыту жүйесі, білім беру философиясы жәнебілім үлгісі сай келуі тиіс. Бұл үшін білім беру үлгісінің мүмкін болатын даму бағыттары жөніндегі білім керек.
Соңғыжылдарыдемократиялықөзгерістерпедагогикалықшығармашылыққа, шығармашылыққұндылыққаерікберіп, педагогикалықинноватикаөздәрежесіндееркіндами бастады. Инновация теориясымен, әдіснамасымен ТМД елдерінде, Қазақстан көлемінде айналысып жүрген ғалымдардың еңбектері инновациялық үдерісті зерттеу жұмыстарын тереңдетуге мүмкіндік туғызып отыр. Өткен ғасырдың 80-жылдарының екінші жартысында мұғалімнің қызметін жаңаша ұйымдастыру мәселесін дамытуға бағытталған, педагогикалық инновация мен педагогикалық қызметтің жаңа қырын зерттейтін шығармашылық үдеріс ретінде пайда болған зерттеулер Ф.Н. Гоноболин, В.И. Загвязинский, В.А. Кан-Калик, Н.В. Кузьмина, Н.Д. Никандров, Я.А. Пономарев, В.А. Сластенин, Г.С. Сухобская, Л.М. Фридман, және басқалардың еңбектерінде көрініс тапты. Бұл жаңа зерттеулерде мұғалімнің шығармашылық қызметі мен педагогикалық жаңалыққа ұмтылысы, қатынасы, жаңаны бағалау өлшемі, жаңа жүйенің өзіндік ерекшеліктері т.б. қарастырылады.
Ғалымдардың (Н.Р.Юсуфбекова және т.б.) еңбегіне сүйеніп, инновациялық-әдістемелік қызмет тәсілдерін былайша жүзеге асыруға болады: әдістемелік ізденіс→әдістемелік жаңалық→дидактикалық жаңалық.
Инновациялық білім беруге үйрету жоғары оқу орнында қалыптасатындықтан елімізде жоғары білім беру ісін жаңартудың сапасын арттырудың маңызы ерекше.Ғалым Я.С. Турбовскойдың пікірінше, жаңашылдық - озат педагогикалық тәжірибені пайдалану барысында оқу-тәрбие үлерісінің сапалы жаңа өзгерісі болып табылады.
Дәстүрлі оқу үдерісін өзгертетін, оның зерттеушілік сипатын қамтамасыз ететін, зерттеушілік оқу-танымдық әрекеттерге бағытталған инновация. Оқытуға деген ізденіс тәсілі, ең алдымен, оқушылардың жаңа білімді өзіндік меңгеру тәжірибесін қалыптастыруға, оларды шығармашылық қызмет тәжірибесіне барабар құндылықтармен ұштастырып, байытуға бағытталған тәсіл.
Елімізде соңғы жылдар ішінде инновациялық үдерістер мәселесі арнайы зерттеле бастады. Педагогикалық білімнің жаңа бір саласы педагогикалық инноватика білім берудің жаңа практикасын ұйымдастырумен байланысты білім беру ұйымдарының даму үдерісін зерттейді. Инновациялық үдерісті теория ретінде қалыптастыру - білім беру жүйесіндегі инновациялық үдеріске толық талдау жасауды талап етеді. Сонымен, педагогикалық инноватика-жаңалықтарды ашу, бағалау, педагогикалық қауымдастықтың меңгеруі және практика жүзіне пайдалана білуі жөніндегі ғылым. Инновациялық білім беруді енгізуде бірқатар маңызды мәселелерді тиянақтау керек: инновациялық бағытты дұрыс таңдай білу; инновациялық іс-әрекеттің тұжырымдамасы мен бағдарламасын жасау; инновациялық жобаны жүзеге асырудың тиімді жолдарын анықтапу; инновациялық іс-әрекетті дұрыс жүргізу үшін қажетті құжаттарды кәсіби сауатты дайындап алу.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Педагогикадағы синергетикалық тұғырдың әлеуетін сипаттаңыз.
2. Педагогикалық жүйелер үшін синергетикалық тұғырды қолдану тетігін негіздеңіз.
3. Инновациялық әрекет кезеңдерін нақтылаңыз.
4. Инновациялық тұғыр туралы әдебиеттерге шолу даярлаңыз.
2.5.Педагогика әдіснамасының мәнін зерделеу бағыттары.Әдіснамалық ізденудің бағытына тән педагогикалық әдіснаманың тек гносеология ғана емес, сонымен қатар, онтологияныңқызметін қатар атқаратын таным кеңістігінің әрекеті жүйесін ерекшелеу, шынды-ғында, нақтыланған болатын. Жекелей алғанда, бұл ғылыми-педаго-гикалық фактілерді сипаттап, педагогикалық нысандардың мәнін аша-тын, олардың бұдан әрі өзгеруі мен дамуының табиғаты мен шарт-тарын түсіндіретін сала ретінде педагогика ғылымының пәнінің аясында қарастырылады.
Белсенді даму үстіндегі педагогика әдіснамасы аясындағы гно-сеологиялық тұғырмен қатар, педагогика ғылымы, оның объектісі мен пәні шегінен тыс өмір сүретін философиялық ережелер жүйесі қарал-ған тағы бір ұстаным анықталды.
Педагогика ғылымын дамыту әдіснамасы ретінде, философия-лық деп аталатын екінші тұғырдың авторлары, түрлі педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді тануға және зерттеуге қолданылатын диа-лектиканың заңдарын, философиялық идеяларын қарастырады. Екінші ұстанымның жақтаушылары педагогика әдіснамасының «бастапқы ережелері мен қағидалары, түсініктердің мәні мен жүйесі, ең алдымен, философиялық тұғырнамамен анықталады және аталмыш ғылыми білім саласының құрамдас бөлігі болып табылмайды» деп тұжырым-дайды. Философиялық талдау педагогикалық талдаумен қатар қолда-ныла алады, бірақ оның орнына қолданылмауға тиіс.
Педагогика әдіснамасын дамыту тарихында кеңес кезеңіндегі педагогика ғылымы мен практиканың өзін дамытуға елеулі ықпал еткен үшінші идеологиялық тұғыр болғанын айтуға болады.
Ғылым әдіснамасы мәселелерін басты назарға алған философтар әдіснаманы жеке ғылым және оның даму құралдарын ғылыми қызмет-тің құрылымы, пішіні мен тәсілдері және үлгісі жөніндегі қағидалар ретінде қарастырады. Осының ықпалымен педагогиканың әдіснамасын түсінуге деген көзқарас біртіндеп өзгеріп, гносеологиялық, филосо-фиялық және педагогикалық тұғырлар барған сайын жиі сынға ұшырай бастады.
Нәтижесінде, төртінші тұғыр – ғылымтанушылық болыпанық-талды, ол әдіснамалық, тарихи және теориялық ілімдерді ажырататын және біріктіретін ғылыми-педагогикалық білімдердің құрылымдарын жаңартып, педагогтардың әдіснамалық зерттеулерінің пәндік өрісі ше-карасын анықтайтын, педагогика әдіснамасын ғылымтану құрылы-мындағы ғылыми білімдердің айрықша саласы ретінде түсіндірумен екрекшеленеді. Бұл тұғырдың ұстанымы бойынша педагогика әдісна-масы өз аясында ғылыми жүйе ретінде педагогика ғылымын дамыту қағидаларының, құралдарының, әдістері мен үлгілерінің ерекшелік-терін, объектісі жүйе ретінде педагогика ғылымы және оның даму үдерісі болып табылатын, табиғаты жағынан ғылыми зерттеудің әдіснамалық рәсімдері мен жеке әдістерін зерттеп, айқындайтын ғы-лыми сала болып табылады.
Қазіргі уақытта педагогика мен психология әлемдік философиялық ойдың жетістіктеріне сүйене отырып, тәжірибе жинақтады, өз заңдылықтары мен қағидаларын негіздеді. Бұның бәрі психологиялық-педагогикалық ізденістердің әдіснамалық негізділігінің бұрынғыдан да күшеюін талап етуде. Әдіснама ғылыми танымның теориялық мәселелерін, зерттеу заңдылықтарын зерделейді.